АУА ЖӘНЕ ТОПЫРАҚ МИКРООРГАНИЗМДЕРІ
Презентация қосу
АУА ЖӘНЕ ТОПЫРАҚ
МИКРООРГАНИЗМДЕРІ
Дайындаған: Қазақова Н
ТОПЫРАҚ МИКРОФЛОРАСЫ
Топырақ табиғатта микроорганизмдердің тіршілік етуінің шынайы ортасы және
бастапқы резервуары болып табылады (азот, көміртек, күкірт, темір және т.б.).
Олар топырақтың түзілу және өзіндік тазару процесіне белсенді қатысып,
табиғаттағы зат алмасу ға қатысады. Топырақ таулы ортадан желдің, судың тірі
организмдердің және олардың органикалық қосындылардың, яғни өсімдіктермен
жануарлардың өңімінен пайда болуынан түзіледі. Әртүрлі топырақ
микроорганизмдері сулы және коллоидты қабықтарда тіршілік етеді, және олар
топырақ бөліктерін бұзады және саңырауқұлақтардың гифтерімен қозғалғыш
бактерияларының жылжуы және көшіп жүріп жатады және олардың арасында
микроскопиялық жіңішке сулы қабаттар көрінеді. Топырақ микрофлорасының
сапалық құрамы өте әртүрлі: әртүрлі бактериялар, актиномицеттер, спирохет,
архебактериялар, микоплазм, саңырауқұлақтар, вирустар. Әртүрлі топтағы
микроорганизмдердің құрамы мен ара қатынасы топырақ түріне, оны өңдеу әдісіне,
құрамындағы органикалық заттарға, ылғалдылыққа, климаттық шарттарға және
тағы басқа себептерге байланысты болып келеді. Құмды топырақтарда аэробты
микроорганизмдер тіршілік етеді, ал сазды, ылғалды (оттегінің кіруі қиын) ол
жерде негізінен анаэроты микроорганизмдер тіршілік етеді. Топырақ
микроорганизмдер 25-450С көбейе алады, ал термофильдіктер – одан жоғары
тампературада. Микроорганизмдер күрделі биоценозда болады, олар өздерінің
араларында өсімдіктермен бірге антагонисттикалық және сембиотикалық ара
қатынаста сипатталынады. Өсімдіктердің тамыр аймағында бактерия өте көп: олар
резосфера деп аталатын интинсивті көбею зонасын және жоғарғы активтілікті
түзеді. Топырақтың ризосфералық зонасының микрофлорасы бай, әртүрлі және
әртүрдегі өсімдік үшін өзіндік ерекшелігі болады. Микроорганизмдер өсімдіктердің
тамырлық бөліну ара қатынасында дұрыс хемотаксисті болады және олар
органикалық қосылыстардың минерализация процесіне қатысады, сонымен қатар
өсімдіктерді тез қабылдайтын минералды заттармен, яғни дәрумендермен,
ауксиндермен қамтамасыз етеді.
Топырақ-Bacillis және Clostriclium туыстастығының спора түзетін таяқшаларының
тіршілік ету ортасы болып табылады.Патогенді емес бациллалар
псевдомонадалар қатар,протей және кейбір бактериялар
аммонифицирлейтін,шіріткіш бактериялар тобын құрап,органикалық заттардың
минералдануына қатысады.
Патогенді спора түзетін таяқшалар (күйдіргі,ботулизим,среспе,газды гангрена
қоздырғыштары)ұзақ уақыт сақталып,кейбіреуі топырақта көбеюге қабілетті.
Ішек бактериялары -ішке таяқшасы,іш сүзегі,сальмонеллез,дизентерия(жерше)
қоздырғыштары- нәжіспен топыраққа түсуі мүмкін.Бірақ мұнда көбеюге қолайлы
жағдай болмағандықтан,олар біртіндеп жойылады.Таза топырақта ішек
таяқшасы және протей сирек кездеседі,олардың көлемді мөлшерде анықталуы
топырақтың адамның және жануарлардың нәжісімен ластану көрсеткіші болып,
оның санитарлық-эпидемиологиялық қолайсыздығын дәлелдейді.Топырақта
көптеген саңырауқұлақтар болады.Олар топырақ түзу процесіне,азот
қосындыларының айналымдарына қатысады,биологиялық белсенді заттар
бөледі,сонымен бірге антибиотиктер және токсиндер бөледі.
Токсин түзуші саңырауқұлақтар тағамдық азықтарға түсіп,микотаксикоздар және
афтотаксикоздар сияқты уланулар шақырады.Қарапайымдар мөлшері 1 г
топырақта 500-500000-ға дейін жетеді.Бактериялармен және органикалық
қалдақтармен қоректене отырып,қарапайымдар топырақтың органикалақ
заттарының құрамын өзгертеді
Атмосфера микрофлорасы
Ауадағы микроорганизмдер клеткасының бар-жоқтығы жөніндегі
мәліметтерді алғаш рет Л.Пастер 1860ж алған. Ол теңіз деңгейінің әртүрлі
биіктігінде (Юра тауының етегінде 850м және Монблан шатқалында 2000м)
қоректік орталары бар колбаларды ашып, одан соң өсіп шыққан колониялар
санына қарай ауаның ластану дәрежесіне баға берген. Соған орай ауадағы
микроорганизмдер саны теңіз деңгейінін биіктігіне байланысты деп
тұжырымдаған. Кейін ол нитроцеллюлозды сүзгіші бар құралды жасаған, ол
құрал арқылы ауаны үрлеген кезде ондағы қалқып жүрген бөлшектер сүзгіш
бетінде ұсталып қалатынын дәлелдеген. Қазіргі кезде осындай бірнеше жаңа
түрдегі құралдар гигиеналық – санитарлық мақсаттарда қолданылады.
1920ж Молиш ауада табылатын микроорганизмдерді аэропланктондар
деген терминмен атаған. Бұл термин ауада кездесетін барлық
микрорганизмдерге қатысты айтылады: вирустар, бактериялар,
саңырауқұлақтар,мицелиалды саңырауқұлақтардың споралары, балдырлар,
қарапайымдыла. Олардың мөлшері 0,01 мкм шамасында болады.
Атмосферада микроорганизмдер негізінен тропосферада кездеседі,
мұнда тек аллохтонды микроорганизмдер болады. Олартопырақтан шаң
бөлшектері мен өсімдіктер тозаңдары арқылы, су тамшылары арқылы,
ағаш діндері мен сабақтары арқылы жел ағынымен ауаға келіп түседі.
Атмосферадағы микроорганизмдер саны жыл мезгіліне байланысты.
Мысалы, жаз мезгілінде қоңыржай климат жағдайында микроорганизмдер
концентрациясы жоғары болса, ал қыс мезгілінде олардың концентрациясы
төмен болады. Сонымен қатар микроорганизмдер саны метереологиялық
жағдайларға, жел жылдамдығы, жауын-шашынға байланысты. Егер жел
жылдамдығы 4-6м сек болса, онда микроорганизмдер саны 5-16 есе
көбейеді. Материктер мен мұхиттар, қала мен ауыл атмосферасындағы
микроорганиздер саны да әр түрлі болып келеді. Материк пен қала
атмосферасында микрорганизмдер саны жоғары болған оның себебі
транспорт санына және жасыл желектену дәрежесіне байланысты. Бөлме
атмосферасына микрорганизмдердің келіп түсуі адамның іс-әрекетіне
байланысты.
Тұрғын үйлер, ғимараттарға мынадай ортақ көрсеткіштер ұсынуға болады.
Ауаның санитарлық-микробиологиялық көрсеткіштері
(Лерина И.В. и Педенко А.К.,)
Ауаның тазалық Гемолитикалық
КТБ І м3
дәрежесі стрептококктар
Таза
2000 дейін 10 дейін
Қанағаттанарлық
2000-4000 11-40
Аз ластанған
4000-7000 40-110
Қатты ластанған
7000 жоғары 120 жоғары
Тұрғын мекеменің ауасын бағалау критериясы
1м3 – тегі бактерияның Стрептококктардың
Ауаның бағалануы
жалпы мөлшері саны
Жаз
Таза 1500 дейін 16 дейін
Ластанған 2500 дейін 36 дейін
Қыс
Таза 4500 дейін 36 дейін
Ластанған 7000 дейін 124 дейін
1м3 ауадағы микробтарды жалпы құрамын
анықтау
Бактерияның жалпы құрамын анықтау үшін 1 м3 ауадан
сынамалар алып, 2% қоректік агарға егеді. Осыдан кейін 37oС
температурада 24 сағ.бойы инкубирлейді, содан 24 сағат бойы
бөлме температурасына қалдырады және 1 м3 ауаға есептеу
жүргізіледі. Егер қоректік ортаға агарға зең
саңырауқұлағының колониясы өссе, онда оларға 1 м3 ауаға
қатысты санақ жүргізіледі. Хаттамада зең саңырауқұлағының
саны жеке көрсетіледі.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz