Азық - түлікті таңдау, сақтау
Презентация қосу
« АЗЫҚ ӨНІМДЕРІНІҢ
САПАСЫ МЕН
ҚАУІПСІЗДІГІН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ
ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ »
Игиликова Д.Б
Жоспар
i. Азық түлік дегеніміз не?
ii. Азық түлік сапасы
iii. Азық-түлікті таңдау, сақтау.
iv. Азық түлік өнімдерінің қауіпсіздігі және
қауіптілігі
v. Азық түлік қауіпсіз ету шаралары
vi. Қорытынды ой
Азық түлік дегеніміз не?
Азық-түлік - барлық тіршілік иелерінің өмір
сүрулерін жалғастыратын ішіп-жеуге жарайтын әрбір
қатты және сұйық зат. Тамақтың өңделген
түрі адамдар үшін - тағам, жануарлар мен құстар үшін
- азық, жем, қорек деп аталады
Азық түлік сапасы
Қазіргі кезеңде «азық-түлік қауіпсіздігі» деген ұғым екі мағынада
қолданылып жүр. Біріншісі азық – түліктің жетіспеушілігі туралы
да, екіншісі азық-түлік өнімдерінің сапасына қатысты, яғни адам
ағзасына тигізетін зиянды әсері жайлы түсінік болып табылады.
Басқаша айтқанда, біріншісі, экономикалық қорларды басқару,
реттеуге қатысты болса, екіншісі, тікелей сапа басқаруға
қатысты ұғымдар екені белгілі.
Тамақ өнімдерінің әртүрлі вирус, паразиттермен залалдануы адам
денсаулығына қауіп төндіруші негізгі факторлардың бірінен
саналады. Соңғы кездері әлемдік адамзатты алаңдатқан сиыр
құтырығы, құс тұмауы, жануарлар мен құс еттерінде сальмонелл
бактерияларының пайда болуы, өнімнің экологиялық залалдануы
қатарлы адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін көптеген
қауіпті факторлар пайда болуда.
Азық түлік сапасы
Сонымен қатар кейбір оңай олжа тапқысы келетін санасы төмен адамдардың заңсыз
әрекетінен нарықта жалған өнімдердің пайда болуын да жоққа шығаруға болмайды.
Жалған өнім жасаушылар тұтынушыларды алдап қана қоймайды, кейбір жағдайларда
сол жалған өнімдерімен адам денсаулығына аса зиян келтіріп, өміріне қауіп төндіруі де
мүмкін. Әсіресе тамақ өнімдерінің белгілі бір құрам бөліктерін арзан да сапасыз
қоспалармен алмастыру арқылы олардың санын немесе салмағын молайту, өнімнің
сыртқы орама, қапшығына оның құрамы мен тағамдық құндылығы туралы жалған
ақпараттар беру (мысалы табиғи емес өнімді табиғи етіп көрсету) т.с.с. тәсілдерді
қолдана отырып тұтынушыны алдап, жаңылыстыратын әрекеттер жиі ұшырасады.
Сондықтан мұндай әрекеттердің жолын кесу үшін үкімет пен тұтынушы қауым күш
қосып күресуі қажет.
Елімізде тамақ өнімдерінің қауіпсізідігін қамтамасыз ету мәселесі Қазақстан
Республикасының «Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы» (2004 ж.),
«Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» (1992ж.), «Техникалық реттеу
туралы» (2004ж.) т.б. заң актілерінде қарастырылған.
Азық-түлікті таңдау, сақтау.
Азық-түлікті таңдау, сақтау. Бүлінген сүт өнімдерін білу қолдан алып жүрген
сүттің сапасын анықтау үшін 200г шамасындағы 1 кесе суға 1 тамшы сүтті
тамызады да отқа қойып қайнатады. Егерде сүт таза, қоспасыз болса, судың
түбінде шөгеді, су қосылған болса, араласып көзге көрінбей кетеді.
Қоспасы жоқ, таза, майлы сүтті тырнағыңызға кішкене тамызып көріңіз, ол
шөп басындағы шықтай тұра қалады. Су қосылған сүт тамызған бойда
тырнағыңыздың үстіне жайылып кетеді. Сапалы сүттің түсі қою, аппақ, ал су
қосылған сүттің түсі көкпеңбек болады. Ес-кірмеген қаймақтың түсі ақ, немесе
сәл сарғыштау көрінеді де, өзі қою болады, дәмі қышқылдау келеді. Ескірген,
тұрып қалған қаймақ жағымды дәмінен айрылып, ашып кетеді, құйғанда,
араластырып бұлғағанда арасында байланған түйіршіктер жүреді. Бүлінбеген
ірімшік – ақ немесе сарғыш түсті, қышқыл-тым дәмді, тым құрғақ емес,
түйіртпексіз.
Азық-түлікті таңдау, сақтау
Ет сапасын анықтау
Сойылған мал неғұрлым жас болса, еті де солғұрлым жұмсақ, әрі дәмді, құнарлы келеді.
Жас, кәрі малдың еті былайша анықталады: Екі жасқа дейінгі ірі қараның, жылқының,
қойдың, т.б. түліктің еті ашық – қызғылт түсті, майы аппақ болады. 2-5 жас
аралығындағы мал етінің түсі қызғылт, әрі құнарлығы көзге көрініп тұрады. Кәрі малдың
етінің өңі қоңырқайланып, майы сарғыш тартады.
Еттің жаңадан әкелінгенін, немесе ұзақ сақталғанын анықтау үшін ол тоңазып
тұрғанында үстінен саусақпен басады. Сонда саусақпен қызғылт таңба қалса, еттің
жаңа, із қалмаса еттің көп сақталған ескі болғаны. Тұрып қалған етті микробтың
зардабынан, уланудан аулақ болу үшін абзалы асып, қайнатып қана жеген дұрыс. Тұрып
қалған етті қуырып, шоққа қақтап жемейді.
Тағы қайталап айтамыз, жас еттің түсі ақшыл қызғылт немесе күрең қызыл болады.
Ол хош иісті, тканьдері серіппелі, созылмалы, саусақпен басқанда шұқырайған
жер тез қалпына келеді. Бүлінген еттің түсі сұрғылт, жабысқақ, жылтыр, иісі ұнамсыз.
Оның серіппелі, созылмалы қасиеті жоқ.
Азық-түлікті таңдау, сақтау
Шикізаттар, жартылай фабрикаттар, дайын өнімдер сапасын айналымнан іріктеген өнім
бөлігінің сараптамасы нәтижесі бойынша бағалайды. Айналым деп кәсіпорынның
ауысымында дайындалған, бір аталуы өнімнің кез-келген мөлшері болып саналады.
Техникалық құжаттандыру (ГОСТ, ОСТ, ТУ) жасалған шикізаттар, жартылай
фабрикаттар және дайын өнімдер сынамаларының іріктемелерін құжаттардағы нұсқауға
сәйкес қораптың техникалық бірлігінің анықталған мөлшерін ала отырып және өнімнің
бөлігін ала отырып өндіреді. Қораптың жеке бірлігінен алынған сыныманы бір жолғы деп
атайды. Қораптың әрбір бірлігінен бір жолғы сынамадағы өнім мөлшері біркелкі болу тиіс.
Бір жолғы сынамаларды қосады, араластырады, техникалық құжаттандыруда
сипатталған тәсілмен орташа және жалпы сынамаларды құрады. Орташа сынаманың
құрамы барлық айналыммен сәйкесті түрде алынуы керек. Шикізатқа және жартылай
фабрикатқа орташа сынымалар іріктеу үшін стандарттармен мен техникалық
жағдайлар болмаса шағын айналымнан қораптың барлық бірлігін ашады, егер олар бестен
жоғары болса, ірілеу айналымда әрбір екіншісін немесе үшіншісін ашады, бірақ бестен
төмен болса. Орташа сынамалардан сезім мүшесімен бағалау, салмақтарын анықтау,
зертханалық талдау үшін бөліктер бөледі.
Азық түлік өнімдерінің қауіпсіздігі және қауіптілігі
i. чипсы мен картоп, тұздалған жаңғақтар, крекер
ii. гамбургерлер мен хот-догтар
iii. шұжық, ысталған ет және консервілер
iv. тез дайындалатын сорпалар, кеспе және пюре
v. тұздықтар, майонез және кетчуп
vi. шоколад кәмпиттер, кәмпиттер және шайнайтын
кәмпиттер
vii. тәтті газдалған сусындар алкоголь
viii. төмен калориялы және майсыз тағамдар, еріген
ірімшіктер.
Азық түлік өнімдерінің қауіпсіздігі және қауіптілігі
i. Алма, құлпынай, банан
ii. Балық
iii. Сарымсақ
iv. Жасыл чай
v. Авокадо
vi. Саңырауқұлақ
vii. Сыр және т.б
Азық түлік қауіпсіз ету шаралары
Қазақстан үшін өңірлік азық-түлік қауіпсіздігінің резерві дағдарыс кезінде
көмектесіп қана қоймай, ішкі нарықтағы баға тұрақтылығын сақтауға да
ықпал етеді. Азық-түлік бағасының ауытқуы, әсіресе халықтың осал
топтары үшін елеулі әлеуметтік-экономикалық соққы болмақ. Үкімет қиын
жағдайда тығырықтан шығудың жолын қарастырып, 2021–2025 Ұлт
жобасын әзірледі. Осылайша, импортты азайтып, өзімізде өндірілетін
азық-түлік өнімдерінің өсімін арттыруды жоспарлап отыр. Расында,
Үкіметтің алдында тұрған үлкен міндеттің бірі – ауыл шаруашылығы
азық-түлігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, инвестиция тартып,
жұмыссыздықты қысқарту.
Азық түлік қауіпсіз ету шаралары
Мемлекет басшысы ағымдағы сын-қатерлер мен
тәуекелдерді ескере отырып, азық-түлік қауіпсіздігін
қамтамасыз етудің маңыздылығын бірнеше рет атап
көрсетті. Осыған байланысты тиісті Жоспар
әзірленген болатын. Қазіргі жағдайда бұл құжаттың
маңыздылығы одан сайын арта түскенін көріп отыр
мыз», – деді Ә.Смайылов аталмыш жиында.
Азық түлік қауіпсіз ету шаралары
4-бап. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен
қағидаттары
i. .Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары:
ii.қамтамасыз ету:
iii. адам өмірі мен денсаулығы мен қоршаған орта үшін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі;
iv. тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғау; экологиялық қауіпсіздік; ұлттық қауіпсіздік;
v. кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу;
vi. Қазақстан Республикасының заңнамасын адам өмірі мен денсаулығын, тұтынушылардың заңды
мүдделерін қорғау үшін халықаралық нормалар мен Қағидалармен үйлестіру;
vii. отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
viii. халықаралық сауданы дамыту үшін жағдайлар жасау.
ix. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеу мынадай қағидаттар негізінде
жүзеге асырылады:
Азық түлік қауіпсіз ету шаралары
Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан
Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2022 – 2024 жылдарға арналған жоспары
(бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Жоспарды орындауға жауапты Қазақстан Республикасының орталық
және жергілікті атқарушы органдары, өзге де ұйымдары (келісу бойынша):
1) Жоспардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей
ҚазақстанҚазақстан
Республикасының Ауыл шаруашылығыӘ. Смайылов
министрлігіне Жоспардың
іске Республикасының
асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жарты
Премьер-Министрі
жылда бір рет, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін Қазақстан
Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалуы туралы жиынтық
ақпарат беріп тұрсын.
4. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қорытынды ой
Біз азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
арнайы шаралар қолдануымыз қажет. Арнайы
заңдар, сапасын тексеру үшін арнайы топ
құрылған дұрыс есептеймін себебі адамға ең
қажеті денсаулық ол денсаулық болу үшін сапалы,
қауіпсіз тағамдар қажет деп ойламын.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz