Қор сыйымдылығы - негізгі қорлардың пайдаланылуы тиімділігінің маңызды көрсеткіші


Slide 1

Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

“Есеп, аудит және қаржы” кафедрасы

Тақырып:Тауарлы және ақшалай айналыс статистикасы

“Әлеуметтік-экономикалық статистика” пәні

Slide 2

Тауар - сату, сатып алу арқылы айырбас жасалатын еңбек өнімі.

Тауар - қоғамда айырбастау, сатып алу-сату жолымен бөлінетін, құны бар еңбек өнімі, яғни материалдық-заттық пішіндегі өндірістік-экономикалық қызметтің кез келген өнімі, қажеттілікті қанағаттандыратын және базарға жұрттың назарын аудару, сатып алу, пайдалану не тұтыну мақсатымен ұсынылатын нәрселер, яғни сатып алу-сату, сатушы мен сатып алушы арасындағы нарықтық қатынастар нысаны.

Slide 3

Тауар айналымының категориялары:

жалпы

көтерме

таза

бөлшек

Slide 4

жалпы - тауар қозғалысы жолында өндірушіден тұтынушыға дейінгі барлық сатулардың шотын қайта қосқандығы сомалары;

таза - қайта қосылған шотты алмағанда (қоспағанда), жалпы тауар айналымы;

Slide 5

көтерме - тауардың ірі топтамасын өндірушілердің және сауда делдалдарының басқа делделдарға керегін қайта сату үшін өндірістік, көпшілік тұтынушыларға сатуы;

бөлшек - кәсіпорындардың, жеке тұлғалардың халыққа түпкілікті тұтыну үшін тауарды сатуы.

Slide 6

Тауар қозғалысы дегеніміз - тауардың өндірушіден тұтынушыға жеткенге дейінгі аралық және кезеңдегі іс-қимылдар жиынтығы. Тауар қозғалысы барысында қоймада орналастыру, сақтау, буып-түю, саралау, бүлінгендерін алмастыру, тиеу, тасымалдау, жеткізу т. б тәрізді тұтынушының сатып алуына пайдалануына жеңілдік беретін бірқатар жұмыстар атқарылады.

Slide 7

Тауар айналымы:

белгілі бір уақыт кезеңінде ақшалай түрде сатылған және сатып алынған тауар көлемі, яғни өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарын өткізудің (сатудың) жиынтық құнын бейнелейтін экономикалық көрсеткіш;

айналыс аясындағы тауар қозғалысы, тауардың өндірушіден тұтынушыға ауысу үдерісі, яғни тауардың ақшаға айырбасталуымен және өндірістен тұтынуға өтуімен байланысты үдеріс. Ол көтерме сауда және бөлшек сауда айналымы түрінде болуы мүмкін.

Slide 8

Буындылықтың коэффициенті - бұл қайта сату сандарының көрсеткіштері. Ол жалпы тауар айналымына қатынасы ретінде есептеледі.

Тауар қоры -тауар, қор және валюта биржаларында биржа операцияларына, сондай-ақ тауарлардың қорларына жұмсау үшін жарналар түрінде немесе жарналық үлестерді (акцияларды) сату арқылы инвесторлардың, әдетте ұсақ инвесторлардың капиталдарын біріктіру. Тауар қоры ұсақ инвесторлардың капиталдарды шоғырландыру және оны жұмсау аясы мен уақытын таңдау арқылы рынокта өзінің бәсекелестік қабілетін арттыруына мүмкіндік береді.

Slide 9

Тауар айналымының және тауар қорларының көрсеткіштері қалай есептеледі?

Қор сыйымдылығы - өндірістік негізгі қорлардың (негізгі капиталдың) өндірілген өнім бірлігіне шаққандағы құны. Қор сыйымдылығы орташа жылдық есептеуде де, жылдың аяғындағы жағдайы бойынша да өндірістік негізгі қорлардың баланстық құны бойынша есептеледі. Бұл орайда макродеңгейде жалпы ішкі өнім және өндірілген ұлттық табыс туралы деректер, ал салалар деңгейінде жалпы, тауар және таза өнім туралы деректер пайдаланылады. Өнімнің қор сыйымдылығы тікелей және толық сыйымдылық түрлеріне бөлінеді. Қор сыйымдылығы- негізгі қорлардың пайдаланылуы тиімділігінің маңызды көрсеткіші.

Slide 10

Тауар айналымының көрсеткіштері:

а) тауар айналымының жылмадығы (айналымның саны - С) :

тауар айналымының көлемі (Q)

С= ;

тауарлардың орташа қоры (Қ)

ә) тауарлардың бір айналымының уақыты (күн бойынша) :

тауарлардың орташа қоры (Қ)

С= ;

бір күндік тауар айналымы (А)

Slide 11

Ақша бірқатар қызметтер атқарады. Классикалық саяси экономия бес қызметін көрсетті: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қорлану құралы, әлемдік ақша. Осы заманғы экономикалық ғылым негізгі екі топқа көңіл бөледі: құн өлшемі мен айырбас құралы.

Slide 12

Ақшаның құн өлшемі ретіндегі қызметі ақшаның барлық тауарлардың құнын өлшеу қабілетінен тұрады. Басында ақшаның бұл қызметті атқаруы үшін өзінің құны болу керек болды. Бұл қызмет алтынға бекітілді. Алтынның құнында көрсетілген тауардың құны баға деп аталады. Тауар құны неғұрлым көп болса, соғырлым ол алтынның көп мөлшеріне теңестіріледі.

Slide 13

Ақша- айналыс құралы қызметін Т-А-Т формуласы бойынша тауарларды айырбастауда делдалдық рөлін орындаған кезде атқарады. Бұл формула екі актіге бөлінеді: сату Т-А және сатып алу А-Т.

Slide 14

Ақша базасы (Б) - ҚР ның Ұлттық банкімен белгіленген ақшалар. Ақша базасы құрамына қолма- қол ақшалар (Ұлттық банктік емес) және Ұлттық банктік міндетті резервтері (депозиттер) кіреді.

Ақшалай базаның құрамына Ұлттық банктен тыс қолма қол ақша, екінші деңгейдегі банктердің депозиттері және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің басқа ұйымдарының депозиттері жатады.

Ақша массасы - қолма-қол және қолма-қол емес формадағы барлық ақша құралдарының жиынтығы. Ақша массасы ақша сұранысы мен ұсынсына тәуелді болады.

Slide 15

Ақша ұсынысы - бұл осы мезгілде экономикада айналыста жүрген төлем құралдарының жиынтығы. Айналысқа ақшаны мемлекеттік қазыналық және эмиссиялық банк шығарады. Ақша ұсынысы ақша агрегаттары (М1, М2, М3, . . . . . . . L ) арқылы белгіленеді.

ҚР - сының Ұлттық банкі бөлімінің Қазақстанның Акционерлік халықтық жинақ банкі ұсынған деректері бойынша қалыптасқан ақша массасы: М0; M1; M2; M3 ақша агрегаттарынан тұрады:

МО = қолма - қол ақша ; М1 =МО+халықтын және банктік емес занды тұлғалардын тенгедегі аударылатын депозиттері;

М2 = М1+халық және банктік емес занды тұлғалардын басқа деплзиттері+халықтын және банктік емес занды тұлғалардын шетел валютасындағы аударылатын депозиттері;

М3 = М2+халықтын және банктік емес занды тұлғалардын шетел валютасындағы басқа депозиттері,

Slide 16

Ақша айналымын сипаттау үшін қолданылатын статистикалық көрсеткіштер жүйесі

Slide 17

Ақша айналымы дегеніміз - ақшаның бір заңды немесе жеке тұлғадан екіншісіне үздіксіз қозғалысы.

Ақша айналымы төлем айналымының бір белгісі болып табылады. Төлем айналымының құрамына ақша айналымынан басқа төлем құралдарының айналымы кіреді.

Ақша айналымының құрылысы бірнеше белгілермен сипатталады, оның ішінде ең маңыздысы осы айналымның қызмет көрсететін қарым-қатынастарының түрі. Осы белгі бойынша айналымы 3-ке бөлінеді.

Slide 18 Slide 19

Ақша айналымы оған қатынасатын субъектілерге байланысты келесі түрлерге бөлінеді:

1. Банкаралық айналым

2. Тек жеке тұлғалар арасындағы айналым.

3. Тек заңды тұлғалар арасындағы айналым.

4. Заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың арасындағы айналым

5. Банктер. заңды тұлғалар және жеке тұлғалар арасындағы айналым

Slide 20

Ақша айналысының кұрылымы

колма-қол ақшалар айналысы

қолма-колсыз ақшалар айналысы

Slide 21

Қолма-қол ақшалар айналысы - бұл нақты ақшалар қозғалысын білдіреді. Оған банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етеді. Дамыған елдерде нақты ақшалар айналысының едәуір белігін орталық банктерден шығарылған банктік билеттер құрайды. Ақша шығарудың кішкене белігі (10-ға жуығы) қазыналық билеттерді шығарушы қазынашылықтың үлесіне тиеді.

Slide 22

Қолма-қолсыз ақшалар айналысы - қолма-қолсыз ақшалар айналымы ақшаларының қозғалысы.

Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар - чектер, пластикалық карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардагы сақтаған ақшалары (депозиттер) .

Slide 23

. Ақша мультипликаторы - коммерциялық банктердің экономикаға салатын несиенің көлемін талдау және ақша массасының өсіңкілігін бақылау үшін қолданылады: Ақша мультипликаторы (m) ді - ақша массасының (М), ақша базасына (Б) қатынасы ретінде есептелінетін коэффициент :

Айналымдағы ақшаның көлемі жалпы ішкі өнімнің массасына, ақша массасының айналым жылдамдығы мен баға деңгейіне байланысты.

Slide 24
Ұқсас жұмыстар
Негізгі капиталдың мәні және оның құрлымы
ӨНДІРІСТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ
Кәсіпорын. Кәсіпорынның өндірістік қорлары
Кәсіпорынның өндірістік қорлары жайлы
ӨНДІРІСТІК РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУЫН ТАЛДАУ
Энергия беру Өнім шығару энергия шығындары
Кәсіпорын және оның өндірістік қорлары
Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау
Сервис кәсіпорынының негізгі қорлары
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қоры
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz