Өндіріс нәтижелерінің макроэкономикалық көрсеткіштері


Slide 1

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ

тақырып: Тауар өндіру, қызмет көрсету нәтижесі статистикасы

Slide 2

Ұлттық Шоттар Жүйесіндегі экономикалық өндіріс - жаңа тауар мен қызмет өндіру үшін еңбек капитал, тауар мен қызмет шығындарының жұмсалуымен орындалатын бір институтционалдық бірліктің іс-әрекеті. Сонымен қатар әрқашан да осы үрдіс үшін жауапкершілікті өз мойнына алатын және сатуға арнап өндірілген тауарларға иелік ететін институционалдық бірлік болу қажет немесе оған қандай да бір көрсетілген қызмет үшін өтемақы төленуі немесе берілуі керек.

Slide 3

Өндіріс нәтижелері статистикасының міндеттері :

Қазақстан Республикасының тауар мен қызмет көрсету өндірісінің микро-мезо-макроэкономикалық көрсеткіштерін анықтау және мәліметтер жинау.

Ұлттық шоттар, баланстық кестелер түрінде құрылған тауар мен қызмет өндірісінің өзара байланысты статистикалық көрсеткіштерін жасау және құру.

Статистикалық талдау тәсілдерінің көмегімен тауар және қызмет өндірісінің өсуіне әсер ететін факторларды зерттеу.

Ұлттық Шоттар Жүйесінің ұйғарымымен тауар және қызмет өндірісінің есептеу методологиясын жетілдіру.

Slide 4

Өндіріс нәтижелерінің микро-мезо-экономикалық көрсеткіштері

Тауар және қызмет өндірісінің барлық көрсеткіштерін өндіріс көлемі, агрегаттау дәрежесіне байланысты келесі топтарға бөлуге болады:

Өнім шығарымын сипаттайтын тауар мен қызметтердің микроэкономикалық көрсеткіштері:

а) өнімнің жеке түрі;

б) жалпы кәсіпорын деңгейінде.

Сала, экономика секторы, аймақ деңгейіндегі өндірістің микроэкономикалық көрсеткіштері.

ҚР-ның барлық экономикасындағы өнім шығарылымын сипаттайтын өндіріс нәтижелерінің микроэкономикалық көрсеткіштері.

Slide 5

Бірліктердің қамту дәрежесіне байланысты тауар және қызмет өндірісі нәтижелерінің барлық микроэконимкалық көрсеткіштері мынадай топтарға бөлінеді:

Тауар мен қызмет көрсетудің жекелеген түрлерін өндіру көрсеткіштері:

Ұлттық Шоттар Жүйесіндегі әдістеме бойынша кәсіпорындар мен салалардағы өндірістің ақшалай түрде есептелу көрсеткіштері

Slide 6

Өндіріс нәтижелерінің макроэкономикалық көрсеткіштері

Қазақстан экономикасын жағдайы белгілі уақыт кезеңінде «Ұлттық Шоттар» деп аталатын баланстық кестелерде сандық түрде бейнеленеді.

Макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесі нарықтық экономиканы тиімді реттеу үшін қажет. Ұлттық Шотты қалыптастыру көздеріне келесілер жатады: өндіріс, бюджет, әлеуметтік қамту, еңбек, ішкі және сыртқы сауда, күрделі құрылыс, салық және кеден статистикасының берілгендері.

Slide 7

ЖІӨ-ні есептеу әдістері:

Өндірістік әдіс («өндіріс» шоттан) .

ЖІӨ экономиканың барлық секторы мен салаларының ЖҚҚ-ның нарықтық бағадағы сомасы ретінде есептеледі.

Табыс көздері әдісі резиденттердің бастапқы табысының көзі бойынша («табысты құру» шоттан) ЖІӨ-нің қалыптасуын сипаттайды.

Түпкілікті тұтынуды пайдалану әдісі түпкілікті (соңғы) тұтынудағы ЖІӨ-нің шығындарын, жалпы капиталдың қорлануын және таза экспортты (бастапқы табысты бөлу шотынан) көрсететді.

Slide 8

Тауар мен қызмет көрсетудің жекелеген түрлерін өндіру көрсеткіштері:

а) натуралды түрде - дана, килограмм, жұп және т. б. Осы әдіс есептегі кезеңде өндірілген нақты тұтыну құнының қандай екенін көрсетеді;

ә) шартты-натуралды түрде - берілген түрдің әр-түрлі өнімдері шартты түрде қабылданған өлшем бірлік болып саналатын бір өнімнің бірлігімен сипатталады;

б) ақшалай түрде - кәсіпорындар, салалар, жалпы экономика бойынша өндірістің жалпылама сипаттамасы.

Slide 9

Өндірістің әр саласының өнім шығару мөлшерін және басқа да есептеу тәсілдерін анықтау үшін әр саланың ерекшелігін ескеру шарт. Негізгі салалар:

«Ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, аң аулау» салаларының шығарымы;

Балық шаруашылығы саласының шығарымы;

Өнеркәсіп өнімі шығарымы;

Көлік және байланыс салаларының шығарымы;

Сауда саласының шығарымы.

Slide 10

Өндіріс нәтижелерінің макроэкономикалық көрсеткіштері:

Шығару (Ш) - бұл есептегі кезенде экономикалық бірлік резиденттерінің өндірістік қызметтерінің нәтижесінде пайда болған тауар мен қызметтің жалпы құны. Шығару «өндіріс» шотында және «тауар мен қызмет» шотында жазылады.

Жалпы қосылған құн (ЖҚҚ) жалпы шығарылым және аралық тұтыну арасындағы айырма ретінде анықталады. «Жалпы» деген термин көрсеткіш құрамында негізгі капиталды тұтыну (НКТ) бар екенін көрсетеді. Жалпы қосылған құн шығарылым сияқты негізгі бағада бағаланады.

Slide 11

Таза қосылған құн (ТҚҚ) терминіндегі «таза» сөзі көрсеткіштің негізгі капиталды тұтынуды өзіне қоспайтынын көрсетеді, яғни ТҚҚ=ЖҚҚ- НКТ.


Ұқсас жұмыстар
Өндіріс тиімділігі көрсеткіштерінің жүйесі
МАКРОЭКОНОМИКА ПӘНІНЕ КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының макроэкономикалық көрсеткіштері
Макроэкономика пәні
Экономикалық өсудің жаһандық тенденциялары
Мемлекеттің құрылымдық, өнеркәсіптік және инвестициялық саясаттарын қалыптастыру мен жүзеге асыру механизмдері
Мемлекеттің құрылымдық саясаты және негізгі көрсеткіштері
Макроэкономика түсінігі
Аумақтық экономиканы зерттеу әдістері
Қор инвестициясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz