Қаржылық емес активтер




Презентация қосу
3- тақырып. Ұлттық байлық
статистикасы
Ұлттық байлықтың құрамы, мәні
Еліміздің ұлттық байлығы – белгілі бір
уақытта мемлекетте қаралған экономикалық
активтердің жиынтығы: қаржылық емес және
таза қаржылық активтер, тауарларды өндіруге,
қызметті көрсетуге және адамдардың өмірін
қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Экономикалық актив – бұл меншік
құқығымен таратылатын және қожайындарға
иелік ету арқылы экономикалық табыс әкелетін
экономикалық объект. Ұлттық Шоттар Жүйесі
әдісі бойынша экономикалық активтердің
құрамы 3.1-кестеде көрсетілген.
ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚТЫҢ
ҚҰРАМЫНДАҒЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ АКТИВТЕРДІ
ҰЛТТЫҚ ШОТТАР ЖҮЙЕСІ
ӘДІСТЕМЕСІ БОЙЫНША
СЫНЫПТАУ
Қаржылық емес активтер 1. Қаржылық
Активтер
1.Өндірілген 2.Өндірілмеген

1.1 Материалдық 2.1 Материалдық

1.1.1 Негізгі капитал 2.1.1 Жер 2. Монетарлық алтын

1.1.2 Материалдық айналым 2.1.2 Жер астындағы байлық 3. Қарызға алудың арнайы құқығы
құралдары (капитал қоры)
1.1.3 Құндылықтар 2.1.3 Өнделмейтін (адам өсірмейтін) 4. Қолма – қол ақша
биологиялық ресурстар
2.1.4 Жер асты ресурстары 5. Депозиттер

1.2 Материалдық емес (негізгі 2.2 Материалдық емес 6. Акциядан басқа бағалы қағаздар
капитал)
1.3.1 Геодологиялық барлау 2.2.1 Патенттелінген экономикалық 7. Қарыздар
жұмыстарына жұмсалған шығындар объектілер (ссудалар)
8. Акциялар және капиталдағы
үлестік қатыстың басқа да түрлері
1.3.3 Электрондық есептеу 2.2.2 Қаржылық емес активтерге
машиналарын компьютерлік және басқа да келісімшарттарға
бағдарламаларымен жалға беру құқығы, сатып алынған 9. Сақтандырудың техникалық
қамтамасыздандыруға жұмсалған іскерлік қатынастар байланысы, резервтері
шығындар гудвилдер және т.б.
1.3.4 Әдеби және көркем 10. Дебиторлар мен
шығармалардың түпнұсқасы несие берушілердің басқа да шоттары
Экономикалық активтер
қаржылық және қаржылық емес
активтерге бөлінеді.
Қаржылық активтер институционалды
бірліктер арасындағы белгіленген
дебиторлық – кредиторлық шартты қатынас
негізіндегі қаржылық міндеттемелерден
пайда болады. Қаржылық активтердің
қаржылық емес активтерден
айырмашылығы – көпшілігінің басқа
институционалды бірліктерге талаптарын
ұсынады, яғни оларға басқа меншік иесінен
қаржылық міндеттемелерді қарсы қояды.
Қаржылық активтер қаржылық
міндеттемелерден, келісімді дебитті –
кредитті қатынастардан туындайды.
Ұлттық Шоттар Жүйесі бойынша қаржылық
активтердің жіктелуі, негізінде, екі критерий
бойынша туындайды::
1. құқықтық сипаттамалар, яғни несие беруші
мен қарыз алушының өзара қатынасын
сипаттау;
2. өтімділікті – бұл активтердің ақшалай
қаражатқа айналатын берілу мүмкіндігі, өтімді
түрде немесе оңай айналуы. Ең көп өтімділікті
иеленетіндер – монеталық алтын, қолма – қол
ақша, аудармалы депозиттер.
Ең аз ликвидтікті сақтандырудың
техникалық резервтері мен басқа да шоттары
иемденеді.
1. Монетарлық алтын – қаржы-несие мекемелерінде
халықаралық резерв немесе қаржылық актив ретінде сақталатын
алтын. Құндылықтарға жататын, өндірістік пайдалануға негізделген
алтын енбейді. Монетарлық алтын тұтынушылардың сатып алу
мүмкіншілігінің резервін құру мақсатында және монета, құйма
формасында болады, құрамы – 995/1000 грамнан. Оған кепілдік
сертификаты беріледі. ҰШЖ-да монетарлық алтын қаржылық
қызметін орталық үкіметке немесе орталық банкқа ғана көрсете
алады деп есептеледі. Монетарлық алтын халықаралық төлем
құралы ретінде танылмаса да және ниституционалды қарыздары
болмаса да, оның иегері үшін қаржылық активтердің барлық
қасиетін иемденеді.
2. Қарыз алудың арнайы құқы (Specіal Dravіng Rіghts
(SDR) ) халықаралық резервтік активтер болып табылады. SDR
халықаралық валюта қорында құрылып, резервтік активтердің
орнын толтыру үшін оның мүшелері арасында бөлінеді. SDR
операциясы қаржылық ұйымдардың жіне басқа елдердің қаржы
шотында жазылады. Олардың халықаралық валюта қорының
мүшелері есептейді. Арнайы ұйымдар, әдетте Халықаралық валюта
қоры мүшелерінің елдеріндегі орталық банктар қарыз алудың
арнайы құқын иеленушілер болып табылады. Қарыз алудың арнайы
құқы әрбір иеленушіге басқа да резервтік активтерді, атап айтқанда
шетелдік валютаны алуына кепілдеме және құқық береді,
сондықтан осы құқықтар қаржылық активтер ретінде қаралады.
3. Қолма – қол ақшалар төлем қаржысы ретінде
пайдаланылатын, айналымда жүрген банкноттар
мен монеталардан тұрады. Шетелдік ретінде
шығарылған ақшалар қолма-қол ақшаға
жатпайды, себебі ол айналымға түспейді. Қолма-
қол ақшалар ұлттық және шетелдік валюталарда
актив ретінде барлық секторларда қолданылады.
Резиденттер мен резидент еместердің
міндеттемелері болып табылатын, ұлттық және
шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақшаларды
ажырата білу керек. Айналымға шығарылған
қолма-қол ақша оларды шығарушы
секторлардың, яғни қаржылық мекемелердің
немесе мемлекеттік басқарудың міндеттемелері
болып табылады.
4. Депозиттер – бұлар халықтың, мекемелердің,
ұйымдардың, кәсіпорындардың салымдары.
Депозиттер аудармалы және аударылмайтын
депозиттер болып бөлінеді.
5. Бағалы қағаздар – қандай да бір мүлікке немесе ақша сомасына иелік
құқын беретін, аталған заттарды, тиісті құжатты көрсетпейінше,
сатуға немесе басқа бір адамға беруге болмайтынын дәлелдейтін,
арнайы дайындалған ақшалай құжаттар.
ҰШЖ-да бағалы қағаздардың барлығы әр түрлі екі
экономикалық категорияға жіктеледі:
Акциялар және басқа да үлестік міндеттемелер жеке ерекше 7
категория болып көрсетіледі;
Борыштық міндеттемелер – несие берушіге алушының қарызға
берілген қаражатты алуы кезінде берілетін құжат. Бұл құжатта
алынған қарыздың сомасы мен шарттары туралы мәліметтер
көрсетіледі. Борыштық міндеттемелердің ерекше қайтарымдылығына
(яғни салынған капитал белгілі бір мерзімде иесіне қайтарылады) және
тұрақты табыспен қамтамасыз етілуінде. Борыштық
міндеттемелерге облигацияның әр түрлері, индекстелген бағалы
қағаздар, вексельдер, депозит, сертификаттар, жекешеліндірілген
чектер жатады.
6. Қарыз – несие беруші қарыз алушыға қаржыларын пайдалануға берген
кезде жасалатын қаржылық құралдар. Тәртіп бойынша, бұлар біреуге
берілмейді және құжаттармен расталады. Бұл категорияға төлеуге
және алуға жататын сауда несиесі мен аванстарынан басқа,
кәсіпкерлерге пайдалануға берілген қарыздар мен аванстар жатады.
Бұлар тұтыну несиесі, сатып алуға және бөліп төлеуге берілетін
несие коммерциялық несиені қаржыландыруға берілетін қарыз,
қаржылық лизинг туралы келісім жатады. Қаржылық лизинг туралы
келісім жатады. Қаржылық лизинг туралы келісімде қарыз алушы
несие берушіге қарызын қайтарғанша өзінің қаржыларына сатып
алған негізгі капиталдың меншік иесі болып табылады. Ал қарыз
мерзімдік жалгерлік төлем арқылы қайтарылады.
7. Акциялар және капиталдағы үлестік қатысудың басқа да түрлері (пайлар).
Акция – бұл акционерлік қоғамның меншігінен өз үлесін алуға құқығы
барын растайтын және оған пайданың бір бөлігін дивиденттер түрінде алуға
құқық беретін бағалы қағаз. Акциялар борыштық міндеттеме болып
табылмайды.
8. Сақтандырудың техникалық резервтері мекемелердің келесі 2 түрін
иемденеді:
8.1 Өмірді сақтандыру мен сақтандырудың басқа түрі бойынша құрылған
компаниялар: қайғылы оқиғадан сақтандыру, табысты қолдау үшін
сақтандыру, көлікті сақтандыру денсаулықты сақтандыру және т.б.
Сақтандыру мекемелері қаржылық операцилардың екі түріне
қаржылық келісушілер ретінде қатысады:
Сақтандыру мекемелері сақтандыру полисін ұстаушылардың
уақытша бос қаржыларын қайта бөледі және олар белгілі бір анықталған
қайғылы оқиғалар кезінде сақтандырудың орнын толтыру төлемін төлеу
міндеттемесін өз мойнына алады;
Осы негізде олар сақтандыру резервтерін құрайды;
Сақтандыру мекемелері меншіктен түскен табысты алу
мақсатымен сақтандыру мекемелерінің қаржыларын немесе олардың
нарықтық бағасының артуы нәтижесінде активтер құнының есебінен
алынған табысты қаржыландырады.
8.2 Зейнетақы қоры қызметкерлер мен жұмыскерлерді зейнетақымен
қамтамасыз ету үшін құрылған резервтерден тұрады.
9. Дебиторлардың, несие берушілердің басқа да шоттары.Бұл категорияға
мыналар жатады:
Сауда (коммерция) несиесі.
Жұмыс үшін аванс төлеу.
Дебиторлардың (несие берушілердің) басқа да қарыздары.
Сауда несиесі тікелей кәсіпорындармен,
мекемелермен, үй шаруашылығымен және басқа
әлеммен, несиеге ұсынылған тауар мен қызмет
құнының мөлшерімен есептеледі. Жұмыс үшін
төленетін аванс орындаудағы жұмысқа,
материалдық айналым капиталының қорындағы
бітпеген өндіріс ретінде саналатын немесе енді
орындалатын жұмысқа төленеді. Қаржылық
активтерге жатпайтын, қалған барлық
экономикалық активтер қаржылық емес активтерді
құрайды.
Өзінің шығу тегіне байланысты, қаржылық емес
активтер өндірілген және өндірілмеген болып
бөлінеді. Өндірілген қаржылық емес активтер
өндіріс процесінде жасалады.Өндірілмеген
қаржылық емес активтер, өндіріс үшін аса қажет
болса да, оның өнімі болып табылмайды. Барлық
өндірілмеген материалдық табиғи тегі бар.
Өндірілмеген материалдық активтерге
табиғи активтер жатады:
Жер (ғимараттар мен құрылыстар орналасқан
жер; өңделіп қопсытылатын жер; жермен
байланысты жер үсті су қоймалары);
Жер асты байлықтары (көмірдің, мұнайдың,
табиғи газдың қорлары, металға жатпайтын
пайдалы қазбалар қоры);
өңделіп қопсытылмайтын биологиялық
ресурстар – табиғи ормандар, жабайы аңдар;
Өз кезегінде өндірілген материалдық
қаржылық емес активтер негізгі капиталға,
материалдық айналым капиталын
қорларына, құндылыққа бөлінеді.
Құндылықтар – бұл өндіріске және аралық
тұтынуға арналмаған (шикізат пен
материалдардан өзге), өнеркәсіптің үй
шаруашылықтарының, коммерциялық
ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердің
алтын құймалар, мұражай экспонаттары,
зергерлік бұйымдар түріндегі сақтау
құралы сақталатын экономикалық
активтер. Құндылықтарды нақты құны
уақыттың өтуімен кемімейді.
Олар құнды сақтау құралы ретінде сақталады және
сатып алынады. Құндылықтар мына топтардан
тұрады:

◦ қымбат металдар мен қымбат тастар.
◦ антиквариат, өзге де өнер құралдары,
коллекциялар зергерлік бұйымдар.
Материалдық емес активтер – негізінен нақты табиғи нысаны
жоқ, бірақ «сезілмейтін құндылықң берілген және ұзақ мерзім
бойы немесе тұрақты түрде қосымша табыс әкелетін
активтер.
Өндірілген материалдық емес, қаржылық емес активтер олар
адам еңбегімен өндірілгеннің барлығына қол жетпес ақпарат
және белгілі бір салымшыға кіргізілген экономикалық
объектілер. Олардың бағасы ондағы мәліметтерге
байланысты анықталады. Бұл объектілерге ерекше
қызғылықты әдебиеттер мен көркем шығармаларға,
бағдарламалық компьютерлерге геологиялық бақылаулар мен
тау-кен жұмыстарына кететін шығындар жатады.
Өндірілмеген материалдық емес активтер – бұлар өндіріс
процесіне байланысты құрылған және бір институционалды
бірліктен екіншісіне біртіндеп өтіп отыратын заңды форма.
Өндірілмеген қаржылық емес экономикалық активтер де
материалдық және материалдық емес болып бөлінеді.
Өндірілмеген материалдық емес, қаржылық емес активтер
периодты түрде бір институционалдық бірліктен екіншісіне
өтетін және өндіріс процесінен тыс заңды форманы құрайды.
Олар патент түрінде жүзеге асады: арендаға және басқа да
берілетін келісімдерге құқық түрінде, «гудвиллдердіңң сатып
алынған жұмыстық байланыстары және авторлық құқық
түрінде жүреді.
ҰШЖ бойынша ұлттық байлықтың көлемі
қандай ақпараттар негізінде есептеледі?
Ұлттық байлық мөлшерін анықтау үшін
мағлұматтың қайнар көздері болып баланстық
кестелер саналады. Бұлар капиталмен
байланысты операциялар туралы шот, қаржылық
шот, активтер мен пассивтер көлемдері
арасындағы басқа өзгерістердің шоты, қайта
бағалау шоттары деп аталады. Олардың негізінде
активтер мен пассивтер балансы өңделеді.
Ұлттық байлықтың құрамдас элементтері жыл
басында немесе жыл аяғында активтер немесе
пассивтер болып көрсетіледі.
Жыл аяғындағы активтер мен
пассивтер балансы
Активтер Міндеттемелер және
1.Қаржылық емес меншік капиталы
2.Қаржылық 2.1. Қаржылық
2.2. Меншік
капиталының таза
құны
(1.1+1.2-2.1)
Активтер мен пассивтер балансы
көрсеткіші бойынша экономика
секторының «меншік капиталының
таза құның есептеледі. Қаржылық
активтер мен қаржылық
міндеттемелер ішкі экономика
секторлары арасындағы өзара
өтеледі. Сонымен, ҰШЖ барлық
экономика секторларының меншік
капиталының таза құнының жиынтығы
еліміздің ұлттық байлығын немесе
ұлттық капиталын құрайды.
Елдің ұлттық немесе меншік
капиталының таза құны = Осы елдің
резиденттерінің қаржылық емес
активтерінің құны + Қалған елдердің
талаптарына қаржылық арналған таза
құн

Таза құн – бұл меншік капиталының
жинақталған тозу сомасын шегергендегі
ағымдағы құн.
Қалған елдердің талаптарына
арналған қаржылық таза құн = Осы елдің
резиденттерінің шетелдік қаржылық
активтерінің құны - Осы елдің
резиденттерінің қалған әлемге арналған
шетелдік қаржылық міндеттемелерінің
шетелдік құны
Қазақстан Республикасының статистикасы жөніндегі
агенттігі ұлттық байлықты, бұрынғы (советтік, Халық
Шаруашылық Баланс) әдіс бойынша, қоғам еңбегімен
жасалған, жинақталған материалдық игіліктер ретінде санайды.
ҚР-дың Ұлттық байлық элементтері экономикалық мақсатқа
сәйкес мынадай топтарға бөлінеді: негізгі капитал,
материалдық емес активтер, тауар материалдық қосалқы
қорлар (жер қойнауының құнын ескермей есептеу). Табиғи
ресурстар есебі натуралды (физикалық) өлшем түрінде
өткізіледі, әлі күнге дейін ақшалай бағалау, яғни қаржылық
емес материалдық активтерді өндіру жоқ. Табиғат ресурстарды
ақшалай бағалаудың жоқ болуы ұлттық байлықты құн
мөлшерінің толық есептелмеуінің басты себебі болып
табылады. Сондықтан ұлттық байлық бойынша статистиканың
ең маңызды міндеті халықаралық стандарттау әдістемесі
бойынша ұлттық байлықты анықтап есептеу болып табылады.
Ағымдағы бағада жиналған мемлекеттің
ұлттық байлығы материалдық, табиғи ресурстарға
жыл аяғында келген институционалдық бірліктердің
ақша шығынын көрсетеді. Құрылымның үлес
салмағы жалпы қорытындыдағы ұлттық байлықтың
бөлігі ретінде есептеледі және ұлттық байлықтың
құрамын көрсетеді. Ұлттық байлықтың құрылымдық
теңдігі базистік және есептеу кезеңдеріндегі өтіп
жатқан өзгерістерді көрсетеді. Ұлттық байлықтың
динамикасының нақты көлемін суреттеу үшін
тұрақты бағада оның элементтерінің бағалануы
қолданылады немесе қайта санау жүргізіледі,
индекстің көмегімен есептеледі:
І q = E P0q1 /E P0q0 = E Pіqі/іp / E P0q0
Мұндағы,
І q – ұлттық байлықтың физикалық көлемінің
индексі;
E P0q1 - есептеу кезеңіндегі тұрақты (базалық)
бағада есептегенде, реалды (шартты) ұлттық
байлықтың көлемі;
E P0q0 – базистік кезеңдегі ұлттық байлық;
E Pіqі – есептік кезеңдегі ұлттық байлық;
іp - ұлттық байлықты құрайтын элементтердің
жеке индекстері: негізгі капиталдың
материалды айналым қорының және т.б.
түрлері.
КӨҢІЛ
АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!!

Ұқсас жұмыстар
Ұлттық байлық статистикасы
Шоғырландырылған және бөлек қаржылық есептілік
Инвестициялық нысан
Кәсіпорын мүлкінің құрамы, негізгі өндірістік қорлар, олардың экономикалық құрамы, құрылымы Мақса
Қаржы есептілігі
Актив Қысқа мерзімді
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік
Ұзақ мерзімді активтердің есебі
Кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтері
Негізгі капитал және айналымнан тыс активтер бір ұғым
Пәндер