Әлеуметтік - экономикалық статистиканың ғылыми негіздері
Презентация қосу
Тақырып: Әлеуметтік-
экономикалық
статистиканың ғылыми
негіздері
Әлеуметтік – экономикалық статистика – қоғамдағы болып
жатқан – бұқаралық әлеуметтік – экономикалық құбылыстар мен
процестердің сапалық қажеттерін ескере отырып, оларды сан
жағынан сипаттауға қажетті теорияны қалыптастырады және оны іс
жүзінде қолдану, ел экономикасының жағдайын, даму заңдылығын
жан – жақты зерттейтін ғылым.
Статистиканың - қоғамдық дербес ғылым ретіндегі мақсаты –
Қазақстан Республикасының жағдайын дамудың кешенді сандық
сипаттамасын қамтамасыз ету, нарықтық жағдайды бақылау,
мемлекеттің саяси жүйесін баяндау .
Зерттеу объектісі барлық деңгейлерде орын
алған жаппай әлеуметтік экономикалық
құбылыстар мен процестер:
микродеңгей – шаруашылық субъектісі,
үй шаруашылығы;
- мезодеңгей – экономика саласы, секторы,
өңірі;
- макродеңгей – жалпы елдің
экономикасы.
Әлеуметтік – экономикалық статистика статистикасының теориялық
негізі экономикалық теория және философия болып табылады.
Әлеуметтік – экономикалық статистика статистиканың жалпы
теориясының әдістері мен негізгі ережелеріне негізделеді.
Статистикалық зерттеу үш сатыдан
тұрады:
1. Статистикалық бақылау ( алғашқы
статистикалық ақпараттарды жинау)
2. Бақылау нәтижелерін белгілі бір жиынға
жинақтау және жалпылау.
3. Ақпараттарды талдау.
Әлеуметтік экономикалық статистика ұлттық экономиканың жай күйі мен
оның дамуын көрететін статистикалық көрсеткіштер жүйесінің қалыптасуын
зерттейді
Әлеуметтік статистикалық
көрсеткіштерге мыналар жатады:
еңбек және ұлттық
халық туралы байлық
көрсеткіштер; көрсеткіштері;
шығын және өндіріс
Көрсеткіштер жүйесі:
- зерттелетін әлеуметтік экономикалық құбылыстың деңгейін, құрылымы мен
динамикасын;
- еңбек, материалдық, қаржы ресурстарының факторлары мен олардың тиімді
пайдаланылуын;
өндіріс пен тұтыну арасындағы, тұтыну мен жинақтаудың әр түрлі меншік нысанындағы
кәсіпорындар арасындағы, экономикалық секторлардың арасындағы пропорциялар;
- жалпы ұдайы өндіріс процесі мен оның жекелеген сатыларының заңдылықтары
мен байланыстары;
экономиканың барлық салаларындағы байланыстарды жеке қарастырып,
статистикалық баға беру.
Әлеуметтік – экономикалық статистика салалық
статистикалармен де байланысты, бухгалтерлік есеп пен статистика
бойынша халықаралық стандартқа, Ұлттық шоттар жүйесінің
методологиясына негізделеді. Халықаралық практикада Біріккен
Ұлттар Ұйымының ұлттық шоттар жүйесі, яғни нарықтық
экономикканың макростатистикалық моделі пайдаланылады.
Қазақстанда 1993 жылы қабылданған Ұлттық шоттар жүйесінің
статистика тәжірибесіне енгізілуі Статистикалық ақпараттарға
деген қажеттілікті қанағаттандыруға және халықаралық деңгейін
макроэкономикалық көрсеткіштердің салыстырмалығын
қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Әлеуметтік- экономикалық статистиканың негізгі міндеттері:
- Ұлттық Шоттар Жүйесі бойынша статистикалық көрсеткіштер
жүйесін жетілдіру, ғылыми зерттеу және әзірлеу;
- Қазақстан Респуликасының әлеуметтік- экономикалық жағдайы
туралы мәліметтерді жинау және жан-жақты көрсету;
- мемлекеттік және аймақтық деңгейлерде талдау жасау үшін
және басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін сапалы және ақиқат
мәліметтермен барлық респонденттерді уақытылы қамтамасыз ету;
- ұлттық байлықтың резервтерін анықтау үшін, жұмыссыздықтың
және жұмыс істейтін халықты толық пайдаланбаудың әсерінен
пайда болған өнім шығынын есептеу үшін статистикалық әдістерді
қолдану және жетілдіру және т.б мәндеттер бар.
Ұлттық шоттар жүйесінің принциптеріне сәйкес,
экономикалық бірліктер екі тип бойынша жіктеледі: -
секторлар; салалар.
Ұлттық шоттар жүйесінде негізгі жіктеуге –
экономикалық секторлар бойынша жіктеу жатады.
Секторлар алтыға бөлінеді, оның ішінде бесеуі – ішкі
экономиканың секторлары, резиденттер, ал алтыншысы
сыртқы сектор.
Ұлттық шоттар жүйесінде табыс әкелетін кез келген
қызмет зерттеледі: тауарлар мен қызметтердің
өндірісінен бастайтын табыстарды құру және қаржылық
нәтижесінің алынуы. Ұлттық есептеу мемлекеттің
пассивтер және активтер, экономикалық операциялар
барлық шаруашылық субьектілері туралы мәліметтерді
бақылайды және жинайды.
Әлеуметтік – экономикалық статистикада қолданылатын Ұлттық
шоттар жүйесінің
категориялары, жіктеулері, түсініктері.
Ұлттық шоттар жүйесінде табыс әкелетін кез келген қызмет зерттеледі:
тауарлар мен қызметтердің өндірісінен бастайтын табыстарды құру және
қаржылық нәтижесінің алынуы. Ұлттық есептеу мемлекеттің пассивтер
және активтер, экономикалық операциялар барлық шаруашылық
субьектілері туралы мәліметтерді бақылайды және жинайды.
Ұлттық шоттар жүйесінің принциптеріне сәйкес, экономикалық
бірліктер екі тип бойынша жіктеледі: - секторлар; салалар.
Ұлттық шоттар жүйесінде негізгі жіктеуге – экономикалық секторлар
бойынша жіктеу жатады. Секторлар алтыға бөлінеді, оның ішінде бесеуі –
ішкі экономиканың секторлары, резиденттер, ал алтыншысы сыртқы сектор.
Бірінші сектор – «Қаржылық емес корпорациялар” - алынған табыс пен
шыққан шығындардың орнын толтыратын, баға бойынша тауарлар өндіру
мен қаржылық қызметтерден басқа қызметтерді көрсететін
институционалды бірліктер. Бұл секторға кәсіпорындар, казино және т.б
жатады.
Екінші сектор – «Қаржылық корпорациялар” қаржылық қызметтер
көрсететін институционалды бірліктердің жиынтығын қамтиды.
Үшінші сектор – «мемлекеттік басқару органдарың - мемлекет
бақылауында тұратын және халыққа мемлекеттік басқару
нарықтық қызметін атқаратын институционалды бірліктер.
Төртінші сектор – «Үй шаруашылықтары» - жеке адамдар,
бірге тұратын отбасылар, заңды статусы жоқ кәсіпкерлер.
Бесінші сектор – Үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін
коммерциялық емес ұйымдар үй шаруашылықтарына тауар мен
қызметті тегін немесе төмен бағамен төлеген жарнасына, берген
жәрдеміне жеткізіп береді. Коммерциялық емес ұйымдардың
түрлері: жарна есебінен қаржыландыратын кәсіподақтар,
партиялар, діни ұйымдар, ерікті спорттық қоғамдар,
қайырылымдық қоғамдары мен қорлар, ведомствалық үйлер,
ауруханалар.
Алтыншы сектор – «Қалған әлем - Қазақстан Республикасына
қатысты басқа да шетелдерді біріктіретін экономикалық бірліктер.
Ұлттық экономиканы салалар бойынша жіктеу – экономикалық
айналым элементтері, яғни объект, субъект, экономикалық
операциялармен топтастырады.
Ұлттық есеп жүйесінің негізгі ұғымдары:
Экономика секторы – экономикалық қызметпен айналысатын
институционалды бірліктердің жиынтығы, яғни өз активтерді
біріктіріп, міндеттемелерді қабылдап, экономикалық қызмет пен
операцияларды жүзеге асыратын субьектілердің жиынтығы.
Институционалды бірлік – активтерді иемденетін,
міндеттеме қабылдауға қабілетті, шаруашылық субьектілері
мен ақпараттарын және экономикалық операцияларды,
активтер мен пассивтерді жинақтайтын экономикалық дербес
тұлға.
Резидент – берілген елдің экономикалық аумағында
орналасқан және бір жылдың ішінде немесе одан көп уақытта
осы елдің, экономикалық аумағындағы экономикалық қызметке
қатысқан институционалды бірлік.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz