ҚАЙ МЕМЛЕКЕТ


Slide 1

Қай мемлекет?

. . . Бірінші дүниежүзілік соғыстан жеңіліс тапты. Ел экономикасы өте әлсіреді. Соғыстың әскери-саяси нәтижелері одан да ауыр болды: империя құлады, еуропалық әскерлер елді басып алуға кірісті. Батыс Еуропа бөлініп, мемлекет ретінде өмір сүруіне нүкте қоюға тырысты. Бұл жобаны жүзеге асыру Англия, Франция және Грекияға жүктелді.

Slide 2

Тақырыбы: Мұстафа Кемал Ататүрік -Түрік Республикасының негізін қалаушы

Жоспар:

1. Мұстафа Кемалдың өмір жолы.

2. Мұстафа Кемалдың жүргізген саяси, әлеуметтік-экономикалық реформалары.

Әдебиеттер:

1. Дүние жүзі тарихы. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық. 2-бөлім. / Р. Р. Қайырбекова, А. С. Ибраева, Г. Н. Аязбаева. - Алматы: Мектеп, 2020. §34-35. 40-46 б.

Қосымша әдебиеттер

2. Мұстафа Кемал Ататүрік - Түрік Республикасының негізін қалаушы. https://www. youtube. com/watch?v=2hgPvjg9B50

3. Ататүрік:Түркия ғажайыбы! https://www. youtube. com/watch?v=1T3-waEUF20

4. Ұлы көсем: Мұстафа Кемал Ататүрік. https://www. youtube. com/watch?v=-paPfrI_epE

Slide 3

Мұстафа Кемал Ататүрік - Түркия мемлекетінің реформаторы, революциялық саясаткер, әскери қолбасшысы, мемлекет қайраткері, Түркия Республикасының негізін қалаушы және оның тұңғыш президенті.

Slide 4

Мұстафа Кемал Ататүрік Грекияның Салоники қаласында, кеден қызметкерінің отбасында дүниеге келген. Ол бастауыш білімді медреседен алады да 12 жасында әскери мектепке оқуға түседі. Сабақты үздік оқығаны үшін оған математика пәнінің мұғалімі Кемал деген (кемелденген) ат беріп, бұл оның өмірлік тегіне айналды.

1902 жылы ол Стамбулдағы Бас штабтың Оттоман академиясына оқуға түсіп, 1905 жылы оны бітіріп шығады.

М. Кемал сол уақытта прогресшіл бағыттағы «Бірлік пен прогресс» (жас түріктер) партиясының қатарына қабылданады. Академияны аяқтайтын уақытта Кемалға «сұлтанға қарсы» деген айып тағылып, тұтқынға алынып, Сирияның Дамаск қаласына жер аударылады. Бұл жерде ол «Ватан» атты (түрікше «Отан») партия құрады.

1908-1909 жылдары М. Кемал ІІ Абдул-Хамид сұлтанның шексіз билігін құлатқан Жас түріктер төңкерісіне қатысады. Алайда жас түріктердің мемлекеттегі жағдайды түбегейлі өзгерту үшін қажетті реформаларды қолға алмауына М. Кемал наразы болды.

Slide 5

Бірінші дүниежүзілік соғысы кезінде ол Дарданелл қорғанысында, Дарданелл бұғазын ағылшын-француз әскерлерінен қорғауда ерлік көрсетеді.

1918 жылы күзде Осман империясы тізе бүгіп, Антанта әскери одағының мемлекетті бөліп алу қаупі туындаған кезде Мұстафа Кемал Түркиядағы ұлт-азаттық қозғалысын басқаруды өз қолына алады.

1919 жылдың мамыр айында шетел басқыншылары мен сұлтандық билікке қарсы соғысты бастайды. Ұлттық күштерді біріктіру үшін «Құқық қорғау» ұйымын құрып, Түркияның азаттығы үшін халықты күреске шақырады.

Slide 6

М. Кемалдың бастамасымен Түркияның жаңа астанасы болып жарияланған Анкарада 1920 жылы жаңа парламент - Түркия Ұлы Ұлттық мәжілісінің отырысы өтеді. Түркия Ұлы Ұлттық мәжілісі «Негізгі ұйымдар туралы» Заңды қабылдады, бұл Түркияның уақытша конституциясы саналды.

Түркия Ұлы Ұлттық мәжілісі М. Кемалды парламент төрағасы және үкімет басшысы етіп сайлады. 1920 жылдың 10 тамызында елді бөлшектеу туралы Антанта мемлекеттері мен Түркияның сұлтандық билігі қол қойған Севр бейбіт келісімін заңсыз деп жариялады.

1922 жылдың тамыз айында түрік әскерлері Антанта күштеріне ойсырата соққы беріп, оларды ел аумағынан шығуға мәжбүр етті. Бұл жеңіс М. Кемал мен оның жақтастарының позициясын күшейтті.

Slide 7

Мемлекеттің азаттығына қол жеткізген М. Кемал саяси, әлеуметтік-әлеуметтік реформаларды қолға алды.

М. Кемалдың саясатының басты ұстанымы этатизм, яғни қоғам өмірінің барлық саласында (саяси, экономикалық, әлеуметтік т. б) белсенді мемлекеттік саясатты жүргізу болды.

Slide 8

М. Кемалдың ұстанымы бойынша Түркия еуропалық жолды таңдап, заманауи, демократиялық және зайырлы ұлттық мемлекет болуы керек болды.

1922 жылы 1 қарашада парламент сұлтандықты жою туралы заң қабылдады. 1923 жылдың сәуірінде «Құқық қорғау» қоғамының орнына жаңа саяси ұйым - Халықтық партия құрылды, кейіннен ол Халықтық-республикалық партияға айналды. Оның тұрақты төрағасы болып М. Кемал сайланды.

Slide 9

1923 жылы 29 қазанда Түркия республика болып жарияланып, М. Кемал елдің тұңғыш президенті болып сайланды.

1924 жылы халиф басқаратын феодалдық мұсылмандық діни билік - халифат тоқтатылды. Діни басқармадан сот істері алынды, енді сотта шариғат заңдарын қолдануға тыйым салынды.

Феодалдық-теократиялық монархия - сұлтандық пен халифаттың жойылып, республиканың жариялануы ел өміріндегі жаңа заманауи өзгерістерге жол ашты.

Slide 10

1922-1924 жылдардағы реформалар алғашқы республикалық конституцияның дайындалуына негіз қалады. 1924 жылы 20 сәуірде қабылданған бұл құжат сол кезеңдегі еуропалық құндылықтарға сай жазылды.

Заманауи ұлттық зайырлы мемлекеттің құрылуы діни ұйымдар жерлерінің мемлекет қарамағына алынуымен, діннің мемлекеттен және мектептің діннен бөлінуімен, қылмыстық және азаматтық кодекстерде еуропалық үлгіні қабылдаумен байланысты болды.

Slide 11

Көп әйел алуға тыйым салынды, әйелдер неке және ажырасу мәселелерінде ерлермен бірдей құқықтарға ие болды. 1934 жылы 5 желтоқсанда Түркияда ерлер мен әйелдердің толық теңдігі ресми түрде орнады. Әйелдер сайлауда дауыс беруге және жергілікті билік орындары мен парламентке сайлануға құқық алды.

Сауатсыздықты жою М. Кемалдың мәдени реформасының басты негізі болды. Латын алфавитіне өту шарасы басталды. Уақыт санаудың еуропалық нұсқасы енгізілді, еуропалық баскиімдер мен киімдерді киюді міндеттейтін заң шықты.

Slide 12

Тәуелсіздік алғанға дейін Түркия экономикалық жағынан әлсіз дамыған, аграрлы мемлекет болатын. Банк ісі мен сақтандыру компанияларында, тау-кен кәсіпорындарында шетелдік капиталдар үстемдік еткен еді. Теміржолдың басым бөлігі де шетелдіктердің қолында болды.

М. Кемал мемлекетті индустриализациялауды жеделдетуді, өндірістегі мемлекеттік секторды құру бағытын кеңейтуді қолға алды. Мемлекеттік қаржы ұлттық өндірісті, теміржолды т. б. салуға жұмсалды.

1928 жылы жаңа өндіріс орындарын қуат көздерімен қамтамасыз ету үшін ауқымды электрстансылар салу басталды. Өндірісті қолдау туралы заң қабылданып, кәсіпкерлерге жер телімін беру және ғимарат, жер, табыс салығынан босату қолға алынды. Мемлекет шетелдіктерге тиеслі барлық өндіріс орындарын және теміржолдарды сатып алды.

Slide 13

1924 жылы М. Кемалдың қолдауымен Іскерлік банк, 1930 жылы Түркияның Орталық банкі құрылды. Нәтижесінде шетелдік капитал мемлекеттің қаржылық саласында маңызды рөл атқаруын тоқтатты.

Этатизм саясаты шетелдік капиталдың қызмет аясының тарылуына, түрік ұлттық буржуазиясының позициясының артуына ықпал етті.

Slide 14

1929-1933 жылдары орын алған әлемдік экономикалық дағдарыс Түркия экономикасына ауыр әсер етті. Үкімет ұлттық экономиканы қолдау мақсатында өндірістік және инфрақұрылымдық құрылыстарды қазынадан қаржыландыруды немесе мемлекет бақылауына алуды қолға алды.

1930 жылдардың ортасында кемалистік реформа өз нәтижелерін бере бастап, елдің саяси және экономикалық жағдайы нығайды. Түрік буржуазиялық ұлтшылдығының бір ағымы - кемализм идеологиясы қалыптасты.

Slide 15

Кемализм принциптері: республикашылдық (басқарудың республикалық формасын ұстану), ұлтшылдық (түрік ұлтын асқақтату), этатизм, лаицизм (дінді мемлекеттік істерден, білім саласынан бөлу), халықшылдық (түрік халқының бірлігі, таптық бөліністі жоққа шығару), төңкерісшілік (кемализм идеясы мен реформаларына, азаттық күрес принциптеріне адал болу) .

1934 жылы ескі лауазымдарды жою және жаңа ататегін жазуға байланысты Түркия Ұлы Ұлттық мәжілісінің шешімімен Мұстафа Кемал «Ататүрік» тегін («Түріктердің әкесі» немесе «Ұлы түрік») иеленді.

Slide 16

Мұстафа Кемалдың реформасы 1922-1934 жылдарды қамтып, қоғамның дәстүрлі құрылымы мен мәдениетін түбегейлі өзгеріске ұшыратты.

Мұстафа Кемал Ататүрік Осман империясының орнына Түркия атты жаңа мемлекетті қалыптастырған тұлға ретінде ХХ ғасырдың аса көрнекті реформатор-саясаткеріне айналды.

Мұстафа Кемал Ататүрік 1938 жылы 10 қарашада 57 жасында Доламбахше сарайында қайтыс болды.

Slide 17

Бақылау сұрақтары:

1. М. Кемалдың Түркияда жүргізген реформасының басты негізі?


Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың барлығы сабаққа қатысуын
Қазақстанда мемлекеттердің пайда болуы және дамуы
Әлемді география арқылы таны
КЕЗЕҢ БӘЙГЕ
Францияның оңтүстігінде орналасқан тау
Потто Кімді қазақтардың қазақ музыкасын зерттеуші
Экономикалық қай балаларының жағдайы
Теңгерімді бюджет
"Жас географ" сайыс сабағы
Жұлдыздар әлемі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz