Плевра қуысы




Презентация қосу
«Қалыпты анатомия кафедрасы»

Презентация
Тақырыбы:Плевра.Плевра қуысы.Плевра синустары.Медиастина

Орындаған: Анарова Муяссар
Нурманқызы Меруерт
Тобы: ЖМҚБ-03-22
Қабылдаған:Джубанишбаева Г.
Жоспары:

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Плевра
2. Висцеральды (өкпе) плеврасы
3.Плевра қуысы
4.Көкірекаралық
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Плевра (өкпеқап, pleura ) өкпе және кеуде қуысының қабырғасын жауып жататын, сірлі сұйықтықты
бөліп шығаратын және сіңіре алатын сірлі қабық. Екі жапырақшаға – висцералық және париеталық плевраға
бөлінеді .

Висцералық плевра ( pleura visceralis ) өкпенің барлық бетін жауып жатады:
- висцералық плевра өкпе түбірінен көкірекорталық плевраға өткен кезде үшбұрышты пішінді өкпе
жалғамасын ( lig.pulmonale ) түзейді;

- lig. pulmonale өкпе түбірінің құрылымдарын алдынан және артынан жауып жатады және диафрагма мен
көкірекорталық плевраға бағытталған.

Париеталық (қабырғалық) плевра ( pleura parietalis ) кеуде қуысының ішкі бетін жауып жатады және
әр өкпеге жеке тұйық сірлі қапшық түзеп орналасады.

Париеталық плевраның бөліктері:

-диафрагмалық бөлік ( pars diaphragmatica ) диафрагманы жауып жатқан бөлігі;

-қабыртқалық бөлік ( pars costalis ) қабырғалардың ішкі бетін жауып жатады ;

-көкірекорталық бөлік ( pars mediastinalis ) көкірекортаны бүйір жағынан шектеп жатқан, төс сүйегі және
омыртқа бағанасының аралығында сагиталді бағытта орналасқан.
Pleura costalis - қабырға плеврасының ең кең
бөлімі, ішкі жағынан қабырға мен қабырға
аралықтарын жабады. Қабырға плеврасының
астында, оның және кеуде қабырғасының
арасында жұқа талшықты қабық бар, fascia
endothoracica, ол әсіресе плевра күмбезі
аймағында айқын көрінеді. Pleura diaphragmatica
диафрагманың жоғарғы бетін жабады, перикард
диафрагмаға тікелей түсетін ортаңғы бөлікті
қоспағанда. Pleura mediastinalis Стернумның
артқы бетінен және жұлын бағанының бүйір
бетінен өкпенің тамырына дейін созылып,
медиастинальды мүшелерді бүйірден шектейтін
алдыңғы-артқы бағытта орналасқан. Омыртқаның
артқы жағында және Стернумның алдында
медиастинальды плевра тікелей қабырға
плеврасына, перикардтың түбінде диафрагмалық
плевраға, ал өкпе тамырында висцеральды
параққа өтеді.
Плеврааралық алаңдар – плеврамен жабылмаған көкірекортадағы және төс артындағы жерлер:
-плеврааралық (айыршабездік) жоғарғы алаң, area interpleurica superior (area thymica) , төс тұтқасының
артында орналасқан, үшбұрышты пішінді, оның ұшы төмен қараған; алаңда айыршабез және алдыңғы
көкірекорта шелдері орналасады;

-плеврааралық (перикардиалдық) төменгі алаң, area interpleurica inferior (area pericardiaca) немесе Войнич–
Сяноженцкийдің «қауіпсіз үшбұрышы» – төстің денесінің және семсертәрізді шеміршектің артында
орналасады; оның деңгейінде немесе солжақ V, VІ, VІІ қабыртқа шеміршегі тұсында перикардтың алдыңғы
бөлігі орналасқан; перикардтың аталған бөлімінің плеврамен жабылмауына байланысты, осы алаң деңгейінде,
плевра қуысын ашпай-ақ инемен кеуде қабырғасы арқылы тікелей перикард қуысына енуге болады
(перикардқа пункция жасайтын жер).

Плевра күмбезі – өкпенің ұшын жауып жатқан париеталық плевра:
-плевра күмбезі жалғамалармен (lig.costopleurale, lig. сostopleurovertebralis ж.т.б.) VІІ–ші мойын омыртқасының
көлденең өсінділеріне, І–ші кеуде омыртқасының денесіне және І–ші қабыртқаның артқы ұшына бекиді;
-күмбездің пішіні және орналасу деңгейі әртүрлі болады;
-тар кеуделілерде (долихоцефалді адамдарда) күмбез І–ші қабыртқадан 4см шығыңқы, кейде одан да жоғары
көтеріледі;
-жалпақ кеуделілерде (брахиоцефалдыларда) күмбез қабыртқадан 2,5см жоғары тұрады;
-сондықтан, бұғанаүсті аймағына операция жасағанда немесе жарақат алған кезде плевра күмбезінің зақымдалуы
мүмкіндігін ескерген жөн.

Плевра күмбезінің синтопиясы:
-плевра күмбезі мойын аймағында сатылы-омыртқалық үшбұрыштың төменгі қабырғасын құрайды;
-алдыңғы бетімен сатылы бұлшықеттерге және омыртқа бағанасының қантамырларына жанасады;
-бүйір жағында иық өрімі орналасқан;
-оңжақ ішкі жағы – иықбас сабауымен, солжақ іщкі беті –жалпы ұйқы артериямен жанасқан;
Париеталық плевраның бір бөлігінің екінші бөлігіне өтетін жерлерінде плевралық қойнаулар ( recessus
pleurales ) түзіледі:

-қабыртқа-диафрагмалық қойнау ( recessus costodiaphragmaticus ), ең тереңі, париеталық pleura costalis -
тың париеталық pleura diaphragmatica -ға ауысқан жерінде түзіледі, оның биіктігі қолтықтық орталық
сызық бойымен, VІІ–Х қабыртқалар аралығында, 6-8 см болады. Осы койнаудың төменгі бөлігіне терең
тыныс алғанда да өкпенің негізі жетпейді, сол себепті қабыртқалық және көкеттік париеталық
плевралар әр уақытта бір-бірімен тиісіп тұрады. Қабыртқа-диафрагмалық қойнау терең болғандықтан,
онда экссудат және транссудаттық сұйықтықтар, қан, лимфа, ірің жиналады. Осыған байланысты,
экссудативті плеврит, гемоторакс, хилоторакс, плевраның жедел қабынуы кезінде осы қабыртқа-
диафрагмалық қойнауды тесуге немесе торакоцентез жасауға болады.

-көкеттік-медиастиналық қойнау ( recessus phrenicomediastinalis ) көкеттік париеталық плевраның
көкірекорталық париеталық плевраға өткен жерінде түзіледі; бұл қойнау демалғанда әр уақытта
өкпемен толып тұрады;

-қабыртқа-медиастиналық қойнау ( recessus costomediastinalis ) алдыңғы жақта париеталық pleura
costalis -тың париеталық pleura mediastinalis -ке ауысқан жерінде түзіледі;

-омыртқа-медиастиналық қойнау ( recessus vertebromediastinalis ) артқы жақта көкірекорталық
париеталық плевраның қабыртқалық париеталық плевраға ауысқан жері мен омыртқа бағанасының
аралығында орналасқан.
Плевра қуысында сірлі сұйықтықтың болуы және париеталық плевралар арасындағы қосымша
қойнаулардың түзілуі қалыпты және терең дем алғанда өкпелердің қимылына толық мүмкіндік жасайды,
сонымен қатар, висцералық және париеталық плевралардың бір-біріне үйкелісін азайтады. Ескеретін жағдай,
гистологиялық құрылысының ұқсастығына қарамай, висцералық және париеталық плевралардың атқаратын
функцияларында айырмашылық бар (даму негіздерінің айрмашылығынан болуы мүмкін). Висцералық
плевраның қантамырлары лимфатамырларына қарағанда көп болады, негізінен сұйықтықты бөлу
(транссудация) функциясын атқарады, ал париеталық плеврада лимфатамырларының басым болуына сәйкес
сұйықтықты сіңіру (резорбция) қызметін атқарады. Қалыпты жағдайда сұйықтықты бөлу (транссудация)
және сіңіру (резорбция) бір-біріне теңесіп отырады. Осы қалыпты тепе-теңдік кеуде қуысының
ағзаларындағы патологиялық процестер кезінде бұзылады да плевра қойнауларында сұйықтық жиналып
өкпенің кеңеюіне кедергі болады (жәй отырғанда ентігу, жүргенде ентігудің күшеюі ж.т.б.).

Оң және солжақ плевра қуыстары бір-бірімен байланыспайды. Қалыпты жағдайда плевра қуысында кері
қысым болады. Кеуденің қабырғасы зақымдалып тесілсе, сырттағы ауа плевра қуысына қарай тез өтіп,
өкпені қыса бастайды да, пневмоторакс (біржақты) пайда болады, бұл жағдайда жедел дәрігерлік көмек
қажет. Плевра қуысының екі жақты тесілуі кезінде табиғи тыныс алу мүмкін болмайды
Көкірекаралық. Көкірекаралық, mediastinum, екі өкпекап
аралығында орналасқан мүшелер жиынтығы. Көкірекаралық,
mediastinum, алдынан төспен, артынан омыртқа жотасының
кеуде бөлігімен, бүйірінен-оң және сол көкірекаралық
өкпеқаппен шектеледі. Көкірекаралық жоғарыдан кеуде
торының жоғарғы апертурасына, төменнен көкетке дейін
жетеді. Қазіргі уақытта көкірекаралықты шартты түрде жоғарғы
және төменгі бөліктерге бөледі. Жоғарғы көкірекаралық,
mediastinum superius, төс сабын (алдынан) IV және V кеуде
омыртқаларымен (артынан) қосатын шартты көлденең
жазықтықтан жоғары орналасады. Жоғарғы көкірекаралықта
тимус, оң және сол иықбас веналары, жоғарғы қуыс венаның
жоғарғы бөлігі, қолқа доғасы мен одан тармақталатын
тамырлар (иықбас сабауы, сол жалпы ұйқылық артерия, сол
бұғанаастылық венасы), кеңірдек, өңештің жоғарғы бөлігі,
кеуде түтігінің сәйкес бөлігі, оң және сол симпатикалық сабау,
көкеттік нерв орналасқан. Шартты горизонталді жазықтықтан
төмен төменгі көкірекаралық, mediastinum inferius,
орналасады. Төменгі көкірекаралық өзі үшке: алдыңғы,
ортаңғы, артқы бөлімдерге бөлінеді. Алдыңғы көкірекаралық,
mediastinum anterius алдынан төс сабы мен артынан
жүрекқаптың алдыңғы қабырғасының аралығында орналасып,
құрамында ішкі кеуде тармақтары, төс маңындағы, алдыңғы
көкірекаралықтық және жүрекқапалды лимфа түйіндері
орналасады.
Ортаңғы көкірекаралықта, mediastinum medium ішінде жүрек
және ірі қан тамырлардың жүрекқап ішкі бөлімдері орналасқан
жүреккап, басты бронхылар, өкпе артериясы мен венасы,
көкеттік нервпен қосарланып жүретін көкет-жүрекқаптық
тамырлар, төменгі кеңірдек- бронхтық және латералді
жүрекқаптық лимфа түйіндері орналасады. Артқы
көкірекаралық, mediastinum posterius алдынан жүрекқаптың
қабырғасымен және артынан омыртқамен шектелген. Артқы
көкірекаралықтың мүшелеріне төмендеген қолқаның кеуделік
бөлігі, сыңар және жартылайсыңар веналар, оң және сол
симпатикалық сабаудың, ішкі мүшелік нервтердің, кезбе
нервтің, өңештің, кеуде түтігінің сәйкес бөлімдері, артқы
көкірекаралық және омыртқа алдындағы лимфа түйіндері
жатады.
Клиникалық практикада Базель анатомиялық номенклатура
бойынша көкірекаралық алдыңғы көкірекаралыққа,
mediastinum anterior, және артқы көкірекаралыққа, mediastinum
posterior, бөлінеді. Алдыңғы көкірекаралық пен артқы
көкірекаралықтың межелік шекарасы фронталді жазықтықтың
бойында орналасқан өкпе түбірі, radix pulmonis, болып
саналады.
Алдыңғы көкірекаралықта орналасқан ағзалар
Жүрек және перикард (үлпершек, жүрекқап) ( cor et pericardium );
Жүрек маңындағы ірі қантамырлар: аорта (аорта) ( aorta ); жоғарғы және төменгі қуыс
веналар ( v. cava superior et inferior ); өкпе сабауы ( truncus pulmonalis ); өкпе веналары ( vv.
рulmonales );
Айыршабез ( thymus );
Плевра-перикардтық қантамыр-нервтер будасы: перикард-диафрагмалық артериялар мен
веналар ( a. et vv. рericardiacophrenicae ), диафрагмалық нерві ( n.phrenicus );
Кеуденің ішкі артериясы мен веналары ( a. et vv. thoracicae internae );
Алдыңғы көкірекортаның лимфатүйіндері ( nodi lymphoidei mediastinales anteriores ).
Артқы көкірекаралық ағзаларын оқу үшін өкпелерді алға қарай ысырады және кеуде
омыртқаларының оңжақ және солжақ бүйір беттерінің бойымен париеталық (қабыртқалық)
плевраны кесіп, артқы көкірекорта ағзалары препаратталады. Ескеретін жағдай, аортаның кеуделік
бөлігі мен сыңар вена париеталық плевра арқылы оны кеспей ақ көрініп тұрады.

Артқы көкірекаралықта орналасқан ағзалар:

Кеңірдек пен басты бронхылар ( trachea et bronchi principalеs );
Өңеш ( esophagus ) ;
Төмендемелі аортаның кеуделік бөлігі ( pars thoracica aortae descendens );
Кеуде түтігі ( ductus thoracicus );
Сыңар және жартылай сыңар веналар ( v. azygos et v. hemiazygos );
Кезбе нерв ( nervus vagus );
Үлкен және кіші ағзалық нервтер ( nn.splanchnici major et minor );
Симпатикалық сабау ( truncus sympathic us ) ;
Артқы көкірекортаның лимфатүйіндері ( nodi lymphoidei lymphatici mediastinales posteriores );

Жүрек маңындағы ірі қантамырлар препаратталады (өрлемелі аорта, жоғарғы
және төменгі қуыс веналар, өкпе сабауы, өкпе веналары). Препараттау кезінде,
аталған қантамырлардағы перикардтың париеталық жапырақшасының
висцералық жапырақшаға өткен жерлері көрсетіледі.
Париж анатомиялық номенклатурасы (PAN, 1980 ж) бойынша:

1) Жоғарғы көкірекорта ( mediastinum superius ) ағзалары төстің тұтқасы мен омыртқа бағанасының
арасында орналасады: тимус, оңжақ және солжақ иықбас веналар, жоғарғы қуыс венаның жоғарғы
бөлігі, аорта доғасы және оның ірі тармақтары, кеңірдек, өңештің жоғарғы бөлігі, кеуде түтігінің сәйкес
бөлігі, оңжақ және солжақ симпатикалық сабау, аорта–жүректік өрім, кезбе нерв және диафрагмалық
нерві, алдыңғы көкірекорталық лимфатүйіндерінің бір бөлігі;
2) Төменгі көкірекорта (mediastinum inferius ) үш бөлікке бөлінеді:
-алдыңғы көкірекорта ( mediastinum anterius ) төстің денесі мен перикард арасында орналасқан, ондағы
ағзалар: төс маңындағы, алдыңғы көкірекорталық және перикардалдылық лимфатүйіндер және vasa
thoracica interna тармақтары;

-ортаңғы көкірекорта (mediastinum medium ) ағзалары: жүрек және перикард, кеңірдектің бифуркациясы,
екі басты бронхтар, өкпе сабауы, өкпе артериясы мен венасы, диафрагма нерві мен қосарланып жүретін
диафрагма-перикардтық қантамырлар будасы, төменгі кеңірдек-бронхтық және перикардтың бүйір
лимфатүйіндері;

-артқы көкірекорта ( mediastinum posterius ) бүйір жағынан – көкірекорталық плеврамен және артында
кеуде омыртқаларымен (Th 4 -Th 12 ) шектеседі, онда орналасатын ағзалар: аортаның кеуделік бөлігі,
сыңар және жартылай сыңар веналар, оңжақ және солжақ симпатикалық сабаулар, ішкі ағза нервілері,
кезбе нервінің, өңештің, кеуде түтігінің сәйкес жатқан бөліктері, артқы көкірекорталық және омыртқа
алдындағы лимфатүйіндер.
Көкірекортаны препараттау үшін
кеуделік жұмсақ тіндерді (тері, май
қабаты, фасция, бұлшықеттер) тілу
қажет; тілуді төстің жоғарғы қырына
параллель және оның мойындырық
тілігінен 1см төмен, сосын кеуденің
үлкен бұлшықетінің ортасы арқылы,
әрі қарай ортаңғы қолтық сызығы
бойымен мықын қырына дейін
жүргізеді. Төс сүйегі және
қабыртқалар жұмсақ тіндердің тілігі
бойымен (арамен) кесіледі.
Диафрагманы қабыртқа доғасының
бойымен кесіп ажыратады, одан кейін
бауырдың жұмыр жалғамасын оның
қақ ортасынан бөліп кеседі де,
кеуденің алдыңғы қабырғасын төмен
қарай ашып түсіреді. Бұл жағдайда
оңжақ және солжақ плевра қуысы мен
алдыңғы көкірекортаның ағзалары
ашылады.
Пневмоторакс-бұл өкпенің ішінара немесе толық
құлауына әкелетін плевра қуысында ауаның жиналуы.
Пневмоторакс жарақаттар немесе медициналық
манипуляциялар нәтижесінде өздігінен дамуы мүмкін.
Диагноз объективті тексеру және кеуде мүшелерінің
рентгенографиясы негізінде қойылады. Көп жағдайда
аспирация немесе плевра қуысының дренажы қажет.
Біріншілік стихиялық пневмоторакс өкпе ауруы жоқ
адамдарда, әдетте ұзын, арық жасөспірімдерде және
20-30 жастағы ер адамдарда кездеседі. Бұл темекі шегу
немесе тұқым қуалаушылық нәтижесінде
субплевральды апикальды көпіршіктердің немесе
бұқалардың өздігінен жойылуынан болады деп
саналады.
Екіншілік спонтанды пневмоторакс негізгі өкпе ауруы
бар науқастарда болады. Бұл көбінесе өкпенің ауыр
созылмалы обструктивті ауруы бар науқастарда
көпіршіктердің немесе буллалардың жарылуынан
болады (1 секундта мәжбүрлі дем шығару көлемі 1 л)
АИТВ инфекциясымен, муковисцидозбен немесе өкпе
паренхимасының кез келген басқа бастапқы ауруымен
байланысты
Плеврит-бұл кеуде қуысын жабатын және
өкпені жабатын плевраны немесе қабықты
қамтитын қабыну процесі. Қабыну кезінде
плевра парақтарында фибрин шөгінділері
пайда болады немесе сұйықтықтың артық
жиналуы пайда болады. Плевра эффузиясы-
бұл өткізгіштігінің жоғарылауына, лимфа
тамырларының бітелуіне немесе
капиллярлардағы қысымның өзгеруіне
байланысты плевра қуысында сұйықтық
жиналатын жағдай.
Плевритті емдеу оның формасына
байланысты: құрғақ және экссудативті.
Біріншісі көбінесе аурудың бастапқы кезеңі
болып табылады және өз кезегінде серозды,
іріңді, серозды-фибринозды, геморрагиялық
және т.б. сонымен қатар, терапия аурудың
себептерін алдын-ала егжей-тегжейлі
талдауды қамтиды.
Плевра сұйықтығының өндірісінің жоғарылауымен немесе
сіңуінің баяулауымен плевра сұйықтығы плевра қуысында
жиналуы мүмкін. Артық сұйықтық плевра эффузиясы деп
аталады.Эффузияның екі түрі бар:Транссудат-бүйрек, жүрек
және бауыр ауруларында (цирроз)пайда болатын плевра
қуысындағы қабынбайтын эффузия;Экссудат - бұл қабыну тектес
эффузия (плевриттің өзі, өкпедегі іріңді процестердегі эффузия
және дәнекер тінінің аурулары)
Қорытынды

Плевра-өкпенің сыртын каптайтын дәнекер тінді қабық. Ол көкірекорталық
пен өкпені бронхатрмен,тамырлармен және нервтермен қоршайды. Сау
плеврада қанның ағып кеткен плазмасынан түзілген аздаған серозды
сұйықтық – сарысу болады. Плевра сұйықтығы тыныс алу кезінде өкпенің
бірқалыпты қозғалуы үшін қажет.
Өкпе мен плевраға әсер ететін қабыну процестерінде плевра жазықтығында
тыныс алуды қиындататын сұйықтық жиналуы мүмкін.
Плевра перикард пен перитонеуммен бірге серозды мембраналар тобын
құрайды. Олардың барлығы белгілі бір мүшелерді жауып, белгілі бір
жерлерде осы органдар орналасқан қуыстың қабырғаларына өтеді. Бұл
жағдайда серозды қабықтың парақтары арасында (висцеральды, мүшелерді
жабатын және париетальды, қабырға тәрізді, қуысты қаптайтын) арнайы
(серозды) сұйықтықтың минималды мөлшерімен толтырылған өте тар кеңістік
пайда болады. Серозды мембраналар жақсы қанмен қамтамасыз етілген,
жүйке жүйесі дамыған, сондықтан адамның өміріне қауіп төндіретін қабыну
процестеріне (плеврит, перикардит, перитонит) белсенді қатысады. Әдетте,
олар жабатын органдардың қозғалғыштығын және бірқатар қорғаныс
механизмдерін қамтамасыз етеді.
Пайдаланылған әдебиет

1. Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 1 - кітап: оқу құралы /. -
Алматы : Эверо, 2016. -292 бет. с. 2. Кузенбаева, Ә. О. Адам
анатомиясы.
2. 2- кітап : оқу құралы . - Алматы : Эверо, 2016. -248 бет. с.
3. Рақышев, А. Р. Адам денесі. 3 томдық. Т. 1. Сүйектер туралы
ілім. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014 Қалыпты анатомия
кафедрасы 044-42/16 Силлабус 24 беттің 22 беті
4. Рақышев, А. Р. Адам денесі. 3 томдық. Т. 2. Ас қорыту жүйесі.
Тыныс алу жүйесі. Несепжыныс жүйесі. Эндокриндік бездер.
Тамырлар туралы ілім. Лимфа жүйесі- М. : ГЭОТАР - Медиа,
2014.
5. Рақышев А. Р. Адам денесі. 3 томдық. Т. 3. Жүйке жүйесі. Сезім
мүшелері: оқулық / А. Р. Рақышев. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014.
- 376 бет

Ұқсас жұмыстар
Өкпенің зат алмасуы
Плевра синусы
ПЛЕВРАНЫҢ ҚАБЫНУЫ
НОВОКАИНДЫ ТЕЖЕУ
Өкпе мен жүрекке сипаттама
Аурудың анамнезі
Шеміршектердің арасында
:Тыныс алу мүшесі
Құрғақ плеврит Экссудативті плеврит
Комбинирленген бактерияға қарсы дәрілер
Пәндер