Ислам философиясының кезеңдері




Презентация қосу
ТАҚЫРЫБЫ:
Мұсылмандық философия және теология.
Мұсылмандық философия және теология.
■ Мұсылмандық Шығысты зерттеумен айналысқан
тарихи-философиялық және мәдениеттанымдық
еңбектерге қарағанда ислам әлемінің данышпандары
ерте ректе ғылымы,философиясымен қатар Алдыңғы
Азия,Орталық Азия және Шығыс мәдениеті мен
философиясын қабылдай отырып,философиялық
дәстүрлерді одан әрі жалғастырған.Егер
ортағасырлық Батыс Еруопада христиандық дінді
идеологияландыру,философиялық интоксикациялау
және енегіздеі үдерісі жүріс өтсе,ал мұсылман
аймағында,әсіресе VII-X ғасырларда философия мен
ғылым өзінің гүлденген кезеңін бастан кешірді.Бұл
кезеңде ғылымның мынадай салалары қарқынды.
Ислам философиясының негізін
қалаушылар
■ Әл-Киндиді ортағасырлық дәуірде
‘арабтардың философы’деп жиі атайтын.Бұл
бекеер айтылмаған сөз,себеі әл-Кинди
мұсылман әлемінің көптеген философтары
ішінде шығу тегі жөнінен араб.Әбу-Жүсіп
Якуб ибн Исхақ әл-Кинди Басра қаласынан
шыққан,жетік білім алған,тек философ
ретінде ғана
емес,дәрігер,математик,астроном ретінде
белгілі,геометря,оптика,метереология,психо
логия,музыка салалары бойынша
трактаттар жазды.Әл-Кинди еңбектерінен
біздің заманымызға дейін аз ғана бөлігі
жетті.
Қарахан қағанатының
гүлденген дәуірінде өмір
сүрген тағы бір философ
Махмұт Қашқари.Ол өзінің
1072-1083 жылдары
жазылған ‘Дивани лұғат ат-
тюрк’(Түрік тілінің сөздігі)
еңбегінде түрік рулары мен
тайпаларының тілі,әдет-
ғұрпымен қатар,олардың
тарихы мен саяси өмірінен
де мол мағлумат береді.
Суфизмнің көптеген
идеяларын мұсылман
әлемінің әл-Ғазали сияқты
ірі теологы да қостады.Әл-
Ғазалиге дейін өмір сүрген
ойшылдар да,оның
замандастары да
мемлекеттік құрылым
мәселесін айналыӘл-Ғазали
өзінің бірқатар
жұмыстарында мемлекетті
басқару мәселесінде
сұлтанға ұсыныстар
береді,сұлтанның нақты
билігін заңдастыру негізінде
оны нығайту мәселесін
көтеріп,халифты сынайды
өте алмады.
Ислам теологиясы
■ Философия мен теологияның ара жігін ажыратып,
олардың мәртебесі туралы идеяны ибн-Рушд
қосақиқаттылық туралы теориясында одан әрі
жалғастырды. Философия дамуындағы
рационалистік бағытты шығыстың Закария әл-
Рази, әл-Маари, Омар Хайям, ибн Абдаллах, ар-
Раванди сынды танымал ғалымдары мен
философтары дамытты. Ортағасырлық мұсылман
ойшылдары сопылық дүниетаным негізінде тың
тұжырымдар жасады. Нақты өмірдегі рухани
бөлектену орын алатынын ескере отырып,
сопылықтың данагөйлері рухани-адамгершілік
тұрғыда толысудың жолын ұсынды (қ. Сопылық).
Сопылық дүниетанымның көрнекті өкілдері: Қ.А.
Иасауи, А.Иүгінеки (XI ғасыр), ибн Араби (1165 –
1240ж), әл-Хуруфи (1339 – 93/94ж), Әнуар Қасими
(XIV ғасыр), Мағриби (XV ғасыр), Рузбехан Богли
(XVIII ғасыр), т.б. болды. Сопылық ілімінің өкілдері
Құдай туралы ойды дамытып қана қоймай, рухани
жетілген адам туралы, олардың өмірде әділетсіз
мемлекетке, қоғамның азғындауына үнемі қарсы
тұратыны туралы идеяларды насихаттайды.
Ислам философиясының кезеңдері
Ислам Философиясы – ислам өркениетіне тән рухани және
тәжірибелік дүниетаным жүйесі. Ислам өркениеті мен оның
философиясы дәстүрлерінің қалыптасып, дамуындағы арабтармен
қатар өзге де түрлі халықтар мәдениетінің елеулі үлесі мен
атқарған рөліне байланысты бұл құбылысқа анықтама беру кезінде
түрлі әдебиеттерде “араб тілді философия”, “араб-мұсылман
философиясы”, “араб философиясы”, “исламдық шығыс
философиясы” деген тәрізді атаулар жиі қолданылады. Ислам
өркениетінің өзіндік сипаты және айрықша ерекшелігі – ислам
дінімен тікелей байланысты. Ислам философиясы мұсылмандардың
қасиетті кітабы – Құранда тұжырымдалатын “дүниені қабылдау”
ауқымында қалыптаса келіп, ислам өркениетінің жалпы мән-
мазмұнын бейнелейді. Ислам философиясының даму кезеңі үшке
бөлінеді:
Ислам философиясының классикалық кезеңі (8 – 15 ғасырлар);
кейінгі (15 – 19 ғасырлар)
■ қазіргі заман (19 ғасыр – 20 ғасырлардың 2-жартысы).
Мешіт
■ Мұсылмандар құлшылық ететін ғимарат. Діни
аңыздарға қарағанда алғашқы мешіт 7 ғасырдың 1-
ширегінде Медине қаласаның жанындағы Құбыла
деген елді мекенде салынған.
Әбу Наср әл-Фараби мұсылман философы
■ Еуропаға табынушылық бағыттағы көзқарастар, әдетте, орта
ғасырлардағы ислам философтарының, соның ішінде әл-
Фарабидің де еңбегі мен жетістігі, көбінесе, тек қана гректер
мұрасын жеткізуінде деп қате тұжырым жасайды. Анығында,
оның еңбегінің мәнін пайғамбардан кейінгі кезеңнен бастап
өз дәуіріне дейінгі тарихи тұрғыдан жаңа, рухани шындықты
ұғынуынан, адам өмірінің шынайы ақиқатын түсінуге
ұмтылуынан іздеген жөн. Мұны философия тілінде жүзеге
асыруға мүмкіндік берген әдіс – Платонның, Аристотельдің
және олардың ізбасарларының ізденістеріндегі ойлар мен
дәлелдер жүйесін түсіндіру еді. Қазақстанда Ислам
философиясының қалыптасуы мен дамуына түркі
сопылығының ұлы өкілі Қожа Ахмет Иасауидің рухани қызметі
үлкен әсер етті. Ислам философиясының айрықша
“мәртебесі” мен дүниетанымының ерекшелігін айқындаған
филос. Және қоғамдық ойдың дамуына Иасауидің қосқан
үлесі сопылық – исламдық Алла тұжырымдамасын қазақ
халқының дәстүрлі дүниетанымына енгізу болып табылады.
Исламның дүниетанымдық, әсіресе, имандылық пен
адамгершілік аясындағы сипаттары қазақ ойшылдарының
филос. Ізденістерінен де көрініс тапты. Мысалы, Абай
философиясының дүниетанымдық мәселелерін Ислам
философиясы. Арқылы қарастыруға болады. Абайдың “Отыз
сегізінші қара сөзінде” Жаратушы мен ол жаратқан дүниенің
тұтастығы принципін сатылап көрсететін оның діни-филос.
Тұжырымдамасының түйіні тарқатылады.

Ұқсас жұмыстар
Мұсылман дінінің философиясы және теологиясы
Араб мұсылман философиясы
Орта ғасыр батыс философиясы
Ислам философиясының маңыздылығы жайлы
АРАБ ФИЛОСОФИЯСЫ
Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері
Ортағасырлық философияның негізгі сипаттамалары
Ортағасырлық мұсылман философиясы
Діннің анықтамасы
Ортағасырлық философияда
Пәндер