Бизнес - жоспардың бөлімдері


Slide 1

Дәріс тақырыбы: Бизнес-жоспар- кәсіпкерлік жобаларды жүзеге асыру жоспары. Бизнес-жоспар жасаудың кезеңдері.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Бизнес- жоспары туралы түсінік

2. Бизнес- жоспардың бөлімдері

3. Бизнес-жоспарды жүзеге асыру мерзімдері

Slide 2

Бизнес жоспары туралы түсінік

Бизнес-жоспар - кәсіпорынның алдына қойған экономикалық мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен әдіс-тәсілдері баяндалған құжат. Бизнес жасау үшін нарықтық орта жан-жақты зерттеледі. Нарықтық ортаның ағымдағы жағдайы, болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны іске асырудан түсетін табыс мөлшері, т. б. нақты көрсетіледі.

Slide 3

Бизнес-жоспар, көбінесе, банктен кредит алу және оның қайтарылуын қамтамасыз ету үшін жасалады. Меншік иесінің қатысуымен кәсіпорынның стратегиялық дамуының бағыт-бағдары анықталады, осы арқылы жобаның тиімділігі мен қажеттілігі айқындалады.

Slide 4

Бизнес-жоспар болжалды қаржылық нәтижесі көрсетілген жалпы сипаттамадан және он тарауға бөлінген негізгі бөлімнен тұрады:

Slide 5

Бизнес-жоспардың құрылымы:

Ұсынылып отырған бизнес жоспар құрылымы 8 бөлім және қосымшадан тұрады.

Мұндай бизнес жоспардың құрылымы ең қарапайым, әрі оңай түрі болып табылады. Сонымен бизнес жоспардың құрылымына қысқаша тоқталатын болсақ, ол:

Slide 6

1. Түйіндеме

2. Бизнес жоспарды іске асыру мерзімі мен негізігі кезеңдері

3. Объектінің сипаттамасы

4. Маркетинг жоспары

5. Құрал-жабдықтың техника-экономикалық мәліметтері

6. Қаржы жоспары

7. Тәуекелділікті бағалау

Slide 7 Slide 8 Slide 9

ТҮЙІНДЕМЕ.

Бизнес жоспар қысқаша ақпарат беретін түйіндемеден басталады. Негізінен түйіндеме әрқашанда бизнес жоспардың негізгі бөлімдері аяқталып болған соң жазылады. Бірақта бизнес жоспардың бастапқы бөлігі болып табылады. Түйіндемені жоба (жоспар) туралы жарнама ретінде де қарастыруға болады. Өйткені бұл бөлімде бизнес жоспардың негізгі қөрсеткіштері беріледі. Сондықтанда түйіндеме мынадай ақпараттарды қамтиды: қажетті қаржы (несие) көлемі, жобаның өзін-өзі ақтау мерзімі, жобаның тиімділігі, жобадан түсетін пайда (жалпы тиімділігі) және т. б.

Slide 10

БИЗНЕС ЖОСПАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ МЕРЗІМІ МЕН НЕГІЗІГІ КЕЗЕҢДЕРІ.

Бизнес жоспардың бұл бөлімінде қарастырылатын мәселелер: жобаның басталу мерзімі, кәсіпорынды тіркеу, несие алу, бизнеске қажетті орынды (ғимаратты) іздестіру, қажетті құрал жабдықтарды сатып алу, қызметкерлерді жолдау және маркетингтік іс-шараларды өткізу.

Slide 11

ОБЪЕКТІНІҢ СИПАТТАМАСЫ

Бизнес жоспардың бұл бөлімінде фирманың (кәсіпорынның) негізгі қызметі мен өндірістік ерекшеліктерінің сипаттамасы беріледі. Сондықтанда фирма (кәсіпорын) туралы келесі мәлімет беріледі.

Фирманың (кәсіпорынның) тарихы:

фирманың (кәсіпорынның) құрылу уақыты мен мекен жайы, осы уақыттағы құқықтық мәртебесі (Жауапкершіліші шектеулі серіктестік (ТОО), Жеке кәсіпкерлік (ИП), Ақционерлік қоғам (АО) және т. б. ) ;

фирманың (кәсіпорынның) құрылтайшылары, басшылары;

фирманың (кәсіпорынның) негізгі жетістіктері, егерде бизнес жоспардағы қызметке қатысы бар болған жағдайда.

Фирма (кәсіпорын) және кәсіпкер түралы мәлімет:

фирманың (кәсіпорынның) негізгі техникалық -экономикалық және қаржы көрсеткіштері, өндірілетін өнімнің сипаттамасы, өткізу нарығы, серіктестері, тұтынушылары, мақсаттары мен даму перспективасы, лицензияларының болуы (егер қажет болған жағдайда) .

Әлеуметтік бағыттылығы мен даму мүмкіндіктері:

Жергілікті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу үшін жобаның маңызы көрсетілуі тиіс;

Даму мүмкіндіктері яғни басқа өңірлерге және шет ел нарығына шығу мүмкіндіктері көрсетілуі тиіс.

Slide 12

МАРКЕТИНГ ЖОСПАРЫ

Нарық пен маркетинг кез келген бизнес үшін шешуші фактор болып табылады. Өйткені тұтынушы болмаса өнім өндірудің де мағынасы да жоқ. Сондықтан да бизнесті бастамастан бұрын нарықты зерттеу ең басты мәселе болып табылады. Осы себептен бизнес жоспардың бұл бөлімі ең күрделі әрі көлемді бөлім болып табылады.

Бірінші кезекте нарықтың сиымдылығы мен тауардың жалпы құны туралы мәліметтерді жинап өңдеуді талап етеді. Өйткені ұсынылып отырған тауар немесе қызмет көрсетуге қатысты сұранысқа тауардың бағадан өзге әсер ететін факторлар бар. Мысалы, тұтынушылардың демографиялық, әлеуметтік, мәдени сонымен қатар экономикалық (инфляция, халықтың табысы мен тұтыну шығындарының деңгейі және т. б. ) жағдайы секілді факторлар. Екінші кезекте, сатылатын тауар немесе қызмет көрсетуден түсетін табыстар мен бизнесті ұйымдастыру және жүргізуге қатысты шығындардың өтелуі мәселесі. Сондықтан да осы және нарыққа қатысты өзгеде ақпаратты экономикалық талдау мен жоспарлау бизнесті жүргізудің анықтаушысы болып табылады.

Slide 13

ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТЫҢ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕРІ

Бұл бөлімде бизнеске қажетті құрал-жабдықтар туралы акпарат беріледі. Дәлірек айтқанда, олардың техникалық көрсеткіштері, өндірістік мүмкіншіліктері мен қуаты сипатталады. Бизнесті (өндірісті немесе қызмет көрсетуді) ұйымдастыру мен жүргізуде қолданатын барлық құралдардың саны мен құны көрсетіледі.

Slide 14

ҚАРЖЫ ЖОСПАРЫ

Бизнес жоспардың бұл бөлімінде ұйымдастырылып отырған істің қаржысы туралы мәлімет беріледі. Ол, түсетін табыс көлемінің болжамын, капиталдық және ағымдағы шығындардың көлемі, ақша ағымы туралы мәліметтерді қамтиды.

Slide 15

ТӘУЕКЕЛДІ БАҒАЛАУ


Ұқсас жұмыстар
КАНВА БИЗНЕС - МОДЕЛДЕРІ
Бизнес жоспардың негізгі бөлімдері
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕГІ
Бизнесті сипаттау
Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі бизнес- жоспарлау
Бизнесті ұйымдастыру
Маркетинг жоспары
Жобаның мәні
Бизнес жоспарлаудың құрылымы
Сапалы талдаудың міндеті тәуекелділіктің факторын анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz