Тотығу - Тотықсыздану реакцияларына анықтама


Slide 1

Нүктенің және дененің қарапайым қозғалыстарының кинематикасы

С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Алматы - 2024

ТТР-ның дәрілік препараттарды талдаудағы рөлі, клиникалық зерттеулерде, дәрілік заттар метаболизмінде қолданылуы.

Slide 2

Жоспар:

2

С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ атындағы ҚазҰМУ

Тотығу-Тотықсыздану реакцияларына анықтама.

Перманганатометрия және иодометрия.

Медицинадағы маңызы.

Тотығу-тотықсыздану процестері табиғат пен ағзаларда маңызы.

Тотығу-тотықсыздану реакцияларының дәрілік заттардың уыттылығына әсері

Қорытынды.

Slide 3

Тотығу-тотықсыздану реакциялары.

3

С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ атындағы ҚазҰМУ

Заттардың құрамындағы атомдардың тотығу дәрежелері өзгере жүретін реакциялар тотығу-тотықсыздану реакциялары (ТТР) деп аталады. Мұндай реакциялар, міндетті түрде, тотығу мен тотықсыздану процестерінен құралады және тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштың қатысуымен орындалады.

Тотығу-тотықсыздану реакциялары туралы алғашқы түсініктерді орыс ғалымы Л. В. Писаржевский (1914ж) енгізген.

Реакция барысында электрондарын беретін атомдар, иондар және молекулалар тотықсыздандырғыш, ал электрондарды қосып алатын бөлшектер тотықтырғыш болып есептеледі. Реакция барысында электрондардың берілуі тотығуға, ал электрондардың қосып алынуы тотықсыздануға жатады. Сол себепті тотығу-тотықсыздану реакцияларының нәтижесінде тотықсыздандырғыш электрондарын беріп, тотығады, ал тотықтырғыш электрондарды қосып алып, тотықсызданады.

Электрондардың тотықсыздандырғыштан тотықтырғышқа тасымалдануы барысында белгілі бір атомның, молекуланың немесе ионның тотығу дәрежесі өзгереді және тотығатын заттың тотығу дәрежесі жоғарылайды, ал тотықсызданатын заттікі - төмендейді.

Slide 4

Перманганатометрия және Иодометрия.

4

С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ атындағы ҚазҰМУ

Клиникалық, санитарлы-гигиеналық және соттық сараптау тәжірибелерінде, сол сияқты фармпрепараттарды тексеру істерінде Перманганатометрия және Иодометриялық әдістер жиі қолданылады.

Перманганатометрия әдісі ионымен тотығуына негізделген. Тотығу процесін қышқылдық және сілтілік (немесе бейтарап) ортада жүргізуге болады.

Перманганометрияны келесі мақсаттарда қолданады.

1. Тотықтырғыштарды және анықтауға;

2. Тотығу-тотықсыздану қасиеттері жоқ заттарды анықтауға;

3. Органикалық қосылыстарды анықтауға.

Сілтілік немесе бейтарап ортада Mn(VII) тотықсызданғанда, түзіледі:

Перманганотометрия әдісі кальцийді, марганецті (II), темірді (II), сутегі пероксидін және нитриттерді анытау үшін, ал медициналық анализдерде сутегі пероксиді мен магнийдің, лактат пен кальций глюконатының және басқа фармпрепараттардың сапасын бақылау үшін қолданылады.

Slide 5

Перманганатометрия және Иодометрия.

5

С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ атындағы ҚазҰМУ

Иодометриялық анықтауларды да индикаторсыз жүргізуге болар еді, бірақ титрлеу соңында иодтың бояуы өте солғын болатын болғандықтан, эквиваленттік нүктені анытау қиын, сол себепті иодқа сезімтал ерітінді ретінде крахмалды қолданған өте қолайлы.

Иодометриялық әдіс пен иондарының арасында жүретін тотығу-тотықсыздану процестеріне негізделген:

Иодометрия әдісін ерітіндісімен тотықтыру және иондарымен тотықсыздандыру үшін қолдануға болады.

Иодометрия әдісі медициналық тәжірибеде несептегі, қан плазмасындағы, он екі елі ішек сұйығындағы диастаза ферментін анықтау үшін, сол сияқты көптеген фармпрепараттарға (сульфаниламидті, мышьякты, антипирин, анальгин, витаминдер, пенициллин және т. б. ) анализ жасау үшін қолданылады.

Slide 6

Медицинадағы маңызы

6

С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ атындағы ҚазҰМУ

Тотығу-тотығсыздану реакциялары тiрi организмдерде журетiн демалу және зат алмасу процестерiнiң, шiру және ашу, сол сиякты жасыл өсiмдiктердегi фотосинтез реакцияларының, адам мен жануарлардың жүйке кызметтерiнiң негiзiн калайды. Тотығу-тотығсыздану реакцияларын шикiзаттар жанғанда, металдардың коррозиясы және электролиз процестерi кезiнде де байкауға болады. Тотығу-тотығсыздану реакцияларының аркасында гальваникалық элементтер мен аккумуляторларда химиялық энергия электр энергиясына айналады.

Slide 7

Тотығу-Тотықсыздану процестері табиғат пен ағзалардағы қызметі

7

С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ атындағы ҚазҰМУ

Тотығу-тотықсыздану процестері табиғат пен ағзаларда мынадай қызметтер атқарады:

1. Жанды ағзалардағы зат және энергия алмасу.

2. Табиғаттағы шіру және ашу.

3. Жасыл өсімдіктердегі фотосинтез реакциясы.

4. Адамдар мен жануарлардың жүйке қызметі.

5. Тотығу-тотықсыздану реакциялары, әсіресе, жанды ағзалар үшін оларда жүретін зат және энергия алмасу процестерінде маңызды орын алады. Бұл алмасу екі бөліктен тұрады:

6. Күрделі органикалық заттардың қорекпен қабылданатын заттардан синтезделуі немесе пластикалық процестер (анаболикалық немесе ассимиляция) .

7. Күрделі органикалық заттардың қарапайымдау заттарға дейін ыдырауы немесе энергетикалық процестер (катаболикалық немесе диссимиляция) .

8. ТТР анаболикалық та, катаболикалық та процестердің қажетті буыны болып табылады, бірақ олар жанды ағзалар үшін энергия көзі ретінде қажет. Аэробты жағдайларда (ауа оттегісінің тотықтырғыш атмосферасында) тіршілік жасайтын ағзалар аталған энергияны жасушалар мен ұлпаларда жүретін тыныс алу процесінің барысында алады. Оның негізін мына тотығу-тотықсыздану реакциясы құрайды:

О2 + 4Н+ + 4 е → 2 Н2О

Бұл реакция биологиялық жүйелерде сатылап, ферменттердің қатысуымен жүреді.

Метаболизм барысында жанды ағзаларда пайда болатын кейбір уытты заттар ТТР-ның көмегімен ыдырайды. Атап айтқанда, ағза осындай әдіспен сутегі пероксидінің зиянды әсерінен арылады:

2Н2О2 → 2Н2О + О2

.

Slide 8

Тотығу-Тотықсыздану реакцияларының дәрілік заттардың уыттылығына әсері

8

С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ атындағы ҚазҰМУ


Ұқсас жұмыстар
Тотығу - тотықсыздану реакциялары
Гетероциклді қосылыстардың химиялық қасиеттер
Титриметрлік талдау
Дәрумендер жіктелуі
Витаминдердің адам ағзасы үшін маңызы
Коферменттердің биологиялық құрамы
Витаминдер тіршіліктің ауыстырылмайтын факторы
Тотығу - тотықсыздану процесі
Тотығу - тотықсыздану реакцияларының түрлері
Кешенді қосылыстардың аналитикалық химиядағы маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz