Базалық платформалар



Дәріс 3.
Базалық платформалар
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Жоспар:
1. Кең тараған платформалар
2. Мамандандырылған платформалар
Сабақ мақсаты: Білім алушыларды қолданыстағы бұлтты платформалармен таныстыру.
Негізгі түсініктер: Elastic Compute Cloud (EC2), IBM Blue Cloud, Joyent Accelerator, Mosso, Google App Engine, Aptana Cloud.

Кең тараған платформалар
Amazon компаниясының Elastic Compute Cloud (EC2) бұлтты есептеулер платформаларының бірі және әлі күнге дейін ең танымалдарының бірі болып отыр. "Сізді Amazon-мен жұмыс жасағаныңыз үшін ешқашан жұмыстан қуып жібермейді" EC2 деп айту қабылданған - бұл базалық платформаның тамаша мысалы.
EC2 - мен жұмыс істеуді бастау үшін Amazon Machine (Amazon Machine Instance, AMI) данасы қажет. AMI - қосымшалармен және т. с. с. операциялық жүйесі бар сервердің толық бейнесі. Amazon және EC2 қоғамдастығының Microsoft Windows және Linux көптеген AMI танымал үлгілері бар.
Сондай-ақ ашық бағдарламалық қамтамалардың әр түрлі жиынтықтарымен де, мысалы, Apache Web Server, MySQL және Python түсіндірушісі (интерпретатор) . Егер қолайлы AMI таба алмасаңыз, Amazon тек өзі үшін немесе өзгелермен де бөлісуге болатын, өзіндік нұсқаларға бай AMI құру құралдарын ұсынады. AMI әртүрлі өлшемді "даналарға" орнатыла алады.

компаниясының платформалары
Дананы басқару мен барлық әкімшілендіру Web-сервистер көмегімен орындалады. Web-сервистердің айналасында EC2 даналарын басқаруды жеңілдететін үлкен экожүйесі өсіп отыр. Мысалы, Firefox арқылы тікелей AMI үлгілерін жүктеу мен басқаруға болатын Elasticfox атты Firefox кеңейтілуі. EC2 - XEN атты виртуалдылық үшін ашық программалық қамтамада жұмыс істейді. AMI операциялық жүйелері ретінде Linux әр түрлі түрлері кеңінен қолданылады.
Программалаудың кез-келген тілдері қол жетімді: Java, PHP, Python және т. б. EC2 - да коммерциялық бағдарламалық қамтаманы қолдануға да болады, алайда ашық бастапқы кодты программалық қамтаманы қолдану оны пайдалануға ыңғайлы етеді: ірі даналар мен олардың көп санын қолданған уақытта лицензиялау туралы алаңдаудың қажеті жоқ. Amazon инфрақұрылым облысында EC2 үшін, деректердің сенімділігі мен резервтік көшіру мәселелерін шешуде, қызметтердің кең спектрін ұсынады. Amazon S3 қызметі деректерді резервтік көшіру үшін тамаша таңдау болып табылады. Көбінесе бұл "өзің жаса" модельіне саяды. Amazon бұлтына қол жеткізу мен басқару екі кезеңдік сәйкестендіруді (аутентификация) талап ететін тікелей Web-сервистер көмегімен орындалады.

IBM Blue Cloud
IBM Blue Cloud. Amazon бұлтты есептеулер саласына бірінші болып кірген кезде көпшілік таңқалған болатын. Ал IBM кірген кезде ешкім таңқалған жоқ. Blue Cloud шешімі 2008 жылдың соңында жарияланды және бұлтты есептеулерінің негізгі мүмкіндіктерін беруге тиіс болатын. Тұтынушылар x86 неғұрлым кең таралған құрылғысы немесе POWER® негізіндегі анағұрлым жоғары класты аппараттық қамтамасы арасынан таңдау жасай алады. Blue Cloud - IBM программалық қамтамасын Tivoli® әртүрлі мүмкіндіктері (процессор/жады/диск) бар жүйелерді автоматты түрде беру үшін пайдаланады, бұл кәсіпорындарға үлкен есептеу қуатын, ол үшін шағын қаражат қана төлей отырып, іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, IBM "жабық" бұлтты платформалар шеңберінде пионер болып табылады, өйткені ол желіаралық экранда орналасқан ішкі қосымшалар үшін бұлттық есептеулер артықшылығын пайдаланады. IBM Blue Cloud - бұл дамып келе жатқан жаңа технология, сондықтан соңғы ақпаратты мүмкіндігінше мұқият тексерген абзал: технологияның қандай үлгілері қазіргі уақытта қолданылады. IBM ашық технологияларды жақтаушылардың басты бірі болып табылады, бұл IBM платформасын ашық технологияларды кең қолданатын қосымшалар үшін жақсы таңдауы етуге негіз болмақ.

Joyent Accelerator.
Joyent Accelerator. Мүмкін, Joyent компаниясы Amazon немесе IBM сияқты кеңінен танымал емес шығар, бірақ ол бастаушы Web-компаниялары үшін бұлтты есептеулер платформасын жеткізуші рөлінде таңқаларлық беделге тез арада қол жеткізе білді.
Joyent Accelerator айтарлықтай дәрежеде дәстүрлі хостинг-провайдерлер икемділігін қамтамасыз етеді, бірақ бұлтты технологиялардың негізгі мүмкіндігіне келгенде - қуаттылықты қосымша жүктемесіне байланысты арттырады.
Оның көмегімен тез арада PHP, Java немесе Ruby on Rails - да алдын-ала күйге келтірілген және пайдалануға дайын, қосымша данасын дайындап шығаруға болады. Бұл ретте осы жүктеме талап ететін есептеу қуаттылығы пайдаланылады.

Joyent Accelerator.
Бұл шешім OpenSolaris операциялық қамтамасында жұмыс істейді, сондықтан да ресурастарды басқару мен оларға қол жеткізу үшін барлық қарапайым құралдарды қолдануға болады, оның ішінде SSH және FTP бар. Joyent бұлтты есептеу ортасы масштабтылыққа бағытталған. Тіпті бағасы бойынша ең қол жетімді ұсыныстар максималды жүктемелермен жұмыс жасай алады. Бұл Joyent-тің, көптеген ресурстарды талап етпейтін, бірақ көптеген максималды жүктемелері болатын, Facebook-қосымшалар құрушы өндірістер арасында танымалдылығын көтерді. Joyent-те OpenSolaris-мен үйлесімді кез-келген технология пайдаланылады. Бұл барлық ашық LAMP (Linux - Apache Web-Server - MySQL - PHP) технологияларына және бағдарламалау тілдеріне, сондай-ақ басқа да программалау тілдеріне, мысалы, Java және Ruby қатысты. Joyent кез-келген Linux или UNIX® құралдарын, сайтқа қызмет көрсету мен деректер қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Mosso
Mosso. Mosso - белгілі The Rackspace Cloud хостинг-провайдерінің еншілес компаниясы, бұлттық есептеулер үшін бірнеше түрлі қосымшалары бар. Mosso Cloud Sites базалық және мамандандырылған платформасын қамтиды. Cloud Site екі негізгі кескіндемесі (конфигурация) бар. Біреуінде ашық бастапқы кодты программалық қамтама қолданылады. Бұл классикалық LAMP-жүйесі. Басқа кескіндемеде IIS Web-сервері Windows Server және SQL Server деректер базасы пайдаланылады. Кескіндемені таңдау және өткізу қабілеттілігі, сақтау құрылғыларындағы орын және процессорды қажеттілік бойынша пайдалану үшін төлеу қажет. Mosso, Cloud Servers - кескіндемеге толық икемді Linux-серверлері деп аталатын жаңа өнім ұсынатындығын жариялады. Mosso Cloud Sites - көп қосымшаларға базалық құраушылар беретіндігімен танымал. Оларды базалық деңгейдің мамандандырылған платформасы ретінде сипаттауға болады. Келесі бөлімде нарықта ұсынылған мамандандырылған платформалар қарастырылады.

Мамандандырылған платформалар
"Мамандандырылған" термині біршама субъективті. Бұлтты есептеулер платформасын нақты не нәрсе мамандандырылған етеді? Бұл бөлімдегі барлық платформалар, жоғарыда көрсетілген базалық платформалар функцияларынан басқа қосымша мүмкіндіктер ұсынады. Кейде бұл әзірлеу бірегей ортасы; кейде платформаға көшірілген қосымша қызметтер; кейде жай ғана ыңғайлы функциялар. Бұл бөлімде мынадай мамандандырылған платформалар қарастырылады: Microsoft Azure, Google App Engine, Aptana Cloud, Heroku, Ning және Salesforce.

Google App Engine.
- Google App Engine. 2008 жылдың екінші тоқсанында Google компаниясымен шығарылған App Engine платформасы басқа бұлтты платформалардан айтарлықтай ерекшеленеді. Онда аппараттық қамтаманы бөлу жоқ, тіпті виртуалдылықты да бөлу жоқ; бар болғаны - қосымшаны дайындау, ол тіпті тегін жүзеге аспақ. Алайда, App Engine ресурстарын пайдалану шектеулі, қосымша процессор қуатын, сақтау ресурстарын және Интернет-арнасының өткізу қабілеттілігін қажеттілік шамасына қарай сатып алуға болады, басқа да бұлтты платформалары да осындай қағидамен жұмыс жасайды. Google App Engine бірнеше ыңғайлы функциялар бар, бірақ бұл оның мамандандырылған функциялар жиынтығының бастамасы ғана боп табылады. Google App Engine - Python қолдана алатын әзірлеудің сенімді ортасын ұсынады. Python-да осы платформа ұсынатын көптеген сервистер әзірленген. Пайдаланушылар басқаруы Google-ден алынған. Мысалы, қосымшаға кіру - Google Mail-ға кіру үшін пайдаланылатын тіркеу деректерімен жүзеге асырылады. Құрылымдалған деректерді сақтау үшін API бар. Қоймадан деректерді шығару мен сақтау - хабарламалық (реляция) деректер қорын пайдаланумен ұқсас, бірақ бұл технология толығымен Google-мен әзірленген. Оның негізінде Google GFS меншікті үлестірілген файлдық жүйе жатыр.

Aptana Cloud
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz