Болашақ мамандарға қойылатын талаптар


Slide 1

Болашақ мамандардың кәсіби әлеуетін қалыптастыру

Орындаған: Жолдасхан А

Қабылдаған: Боранбаева А

Тобы: 1901-43

Slide 2

Қазіргі кезеңдегі болашақ маманның тұлғасын қалыптастырудың өзекті бағыттар

Slide 3

Жоспар:

Болашақ маманды дайындаудың психологиялық-педагогикалық аспектілері.

Субъекті қалыптасуының алғашқы этаптары мен тұлғаның өзін-өзі дамытудың тұжырымдамалық көзқарастары.

Болашақ мамандарға қойылатын талаптар.

Slide 4

Болашақтың ұстазын қалай дайындауға бола­ды?

Жан Жак Руссо ұстазды шынайы ұстаз жасайтын, балалардың оған деген өткір қажеттілігін сезіндіретін «таза білімділігі» ғана емес, басқа да маңызды және елеулі қасиеттерді атап көрсеткен. Ұстаз тек психолог емес, Адам болуға тиісті, ол үшін оқытушы мен мектепті мәдениеттен шеттетуді жеңу қажет.

Slide 5

Ұстаздың кәсіби тәрбиесінің жиынтығын құрайтын үш маңызды компонентке көңіл аударайық:

когнитивтік

эмоционалдық

іскерлік-тәжірибелік

Slide 6

Қазіргі заман талабына сай ойшыл, ғылыми-әдістемелік біліммен терең қаруланған, педагогика мен психологияны жетік меңгерген шебер мұғалім қажет.

Білім беру саласының критерийлері:

мұғалімнің кәсіби шеберлігі

мұғалімнің білімділігі

мұғалімнің тәжірбиесі

мұғалімнің бәсекеге қабілеттілігі

білім беру сапалылығы

еңбектің тиімділігі

әдістемелік жұмыстағы шеберлігі Нарық жағдайының қалыптасуына қарай әрбір мұғалім кәсіби шеберлігін жетілдіруде өзінің стратегиясын құра білуі қажет.

Slide 7

Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби:

«Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек»

Slide 8

Нарық жағдайындағы мұғалімдерге қойылатын талаптар:

мұғалімдердің бәсекеге қабілеттілігі

білім беру жүйесінің сапалылығы

мұғалімнің кәсіби шеберлігі

Болашақ маманның кәсіби мобильдігі мен біліктері дегеніміз практикалық және ғылыми іс-әрекетте, қоғамдық тәжірибеде үнемі туындайтын өзгерістерге жылдам жауап беру қабілеттілігі болып табылады.

Slide 9

студенттерді дайындау барысында кәсіби-тұлғалық мәдениет қалыптасуының құрылымдылық компоненттерін анықтаймыз:

Мотивациялық - болашақ мамандардың жоғары оқу орындарының білім беру үрдісіне кіруді қамтамасыз ететін қажеттіліктерді, мотивтерді, қызығушылықтарды қамтиды;

Бағдарлаушылық - іс-әрекеттің танымдылық және өзінің адамгершілік - интеллектуалдық жетілуінің жоспарлау мен жобалаудың мақсатын анықтауды қамтиды;

Бағалаушылық - іс-әрекет нәтижелерін кәсіби-тұлғалық мәдениетті қалыптастыру шенберіндегі, орындалатын міндетпен салғастыру негізіндегі әрекеттердің орындалуының барысы туралы кері ақпаратын жүйелі алу мазмұнын қамтиды;

Мазмұндық-операционалдық - екі өзарабайланысты бөлімдерден тұрады: жетекші білімдер жүйесі (теория, заңдылықтар, фактілер, көзқарастар) және оқудың тәсілдері (ақпарат алудың құралдары мен білімдерді қолдану) ;

Еріктілік, зейінді - ерікті түрде назар аудару тұрғысынан мәдени құндылықтарды игеру бойынша әрекеттердің эмоционалдық жағын қамтиды.

Slide 10

Педагогикалық әрекеттің шыңына апаратын баспалдақ - кәсібилік

Қоғамның жаңаруы мен дамуы барлық саладағы оның азаматтарының кәсібилілігіне байланысты. Осы мәселені терең зерттеген А. К. Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің мына төмендегі психологиялық критерийлерін анықтаған:

1. Объективті критерийлерге: мұғалімнің өз мамандығына сәйкестігі, сан және сападағы жоғарғы еңбек көрсеткіші 2. Субъективті критерийлерге: адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес 3. Нәтижелі критерийлер: мұғалім өз ісінде қоғам талап етіп отырған нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселе тұрғысынан қарастырылады. 4. Шығармашылықтың критерийлеріне: мұғалімнің өз кәсібінің шекарасынан шыға алу, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегіне өзгерте алуы жатады.

Slide 11

Біліктілікті арттыру - өз қызметін нәтижелі атқару үшін және кәсібилік пен құзырлылық деңгейін көтеру мақсатында арнайы білімдік бағдармалар арқылы оқыту, кәсіби дамыту, іс-шараларына қатыстыру және оның өз білімін көтеруі болып табылады.

Кез келген мамандықта биікке көтеретін күш - оның кәсіби

Slide 12

XXI ғасырда кәсіби еңбектің интеллектуализациялау тенденциясы белгіленіп, университеттік білім берудің маңыздылығы көтерілді. Өйткені қазіргі кезде әлеуметтік-экономикалық құрылымдағы, іскерлік, экономикалық, әлеуметтік қатынастары жүйесінде қоғам болашақ маманды дайындаудың сапасына жоғары талап қоюда. Осыған орай жаңаша ойлайтын маманды қалыптастыруға бағытталған университеттік дайындаудың жаңа парадигмасы өзекті болып келеді де, яғни қоғамның осы кездегі қалыптасуының талаптарына жауап беретіндей жоғары оқу орындарындағы білім беру студент тұлғасы дамуының жоғарғы деңгейін жеткілікті түрде қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды.

Slide 13

Студенттердің тұлғаға-бағдарлаушылық дамудың міндеті бірқатар еңбектерде негізделеді (В. В. Сериковтің, А. В. Петровскийдің, А. К. Маркованың және т. б. ) . Педагогты дайындау олармен алдағы педагогикалық жұмыстың субъект іс-әрекеті барысында қалыптасатын тұлғалық-бағдарлаушылық мән-мағыналардың және субъект іс-әрекетімен айқындалатын күрделі үрдісі ретінде қарастырылады.

…Ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек.

Абай Құнанбайұлы

Тұлғаға бағытталған көзқарастың білім беруге деген мақсаты сырттай берілген қасиеттерді «қалыптастыру» деп қаралмайды, оның негізгі мәні тұлғалық мүмкіншілікті ашу және демеу, тұлғаның рухани және моральдық мүмкіншіліктерін анықтау, оларды өзін-өзі дамытуға кіріктіру деп түсінеміз. Сондықтан да педагогикалық және психологиялық тұрғысынан болашақ маманның өзін-өзі дамыту іс-әрекеті мен оның өзіндік санасының ерекшеліктерін тұлғаның кіріктірілген компоненті ретінде зерттеу маңызды болады.

Slide 14

Көптеген зерттеушілердің еңбектерінде болашақ маманның кәсіби дайындығы мәселелерінің аспектілері қарастырылады:

1. Мұғалімдердің жалпы педагогикалық дайындығы (Н. К. Крупская [42], Н. В. Кухарев[46], В. А. Сластенин[66], Н. Д. Хмель [56], М. И. Кудабаева[43] және т. б. ) ; 2. Мұғалімдерді дайындау барысындағы кәсіби біліктерді қалыптастыру мәселелері (Б. И. Степашин[67], Н. А. Томин, Н. Ф. Белокур[71] және т. б. ) 3. Педагогикалық тәжірибе барысында студенттер дайындығын жақсартудың аспектілері (О. А. Абдулина [2], Г. А. Кит[38], Т. Камзабаев, К. Капбаев, В. Клочко және т. б. ) ; 4. Мұғалімдер дайындығы мен біліктілігін көтеруді жетілдіру аспектілері (Н. В. Александров [8], Г. А. Победоносцев [58] және т. б. ) ; 5. Педагогикалық мәдениет мәселесі (М. Х. Балтабаев[12], Т. В. Иванова [35], Н. З. Чавчавадзе [75], Е. Н. Шиянов [76] ) ; 6. Болашақ мамандардың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеудің мәселелері (С. Б. Елканов[30], Б. П. Зязин[33], А. И. Щербаков және т. б. ) .

Slide 15

Біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы.

Екіншіден, пəнді жетік білуі, ойын оқушыларға жеткізу үшін жан жақты, терең дайындықпен баруы, оқушылар бойына əдеп, əдет, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіруі, моральдық нормаларды білуі.

Үшіншіден, оқыту мен тəрбиелеудің əдіс- тəсілдерін табысты қолдана білуі.

Мұғалімнің кəсіби шеберлігінің негізі:

Slide 16

XXI ғасыр мектеп мұғалімнің

азаматтық тұлғасы

Қазақ елінің жəне өз мектебінің елжанды патриоты;

өзінің қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен қарайтын, адамгершілік деңгейі жоғары тұлға;

мектепте моральдық ахуалды жасап, командалық, серіктестік рухты қолдаушы;

салауатты өмір салтын ұстанушы.

Slide 17

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі -нәтижелі білім берудің негізі, оның жан-жақты білімімен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен өлшенеді. Педагог қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ.

Slide 18 Slide 19

Кәсіби құзыреттіліктің төрт түрі

Slide 20

Қазіргі мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі

Оқыту мен тәрбиелеу нəтижелерін жүзеге асырудағы кәсіби біліктілігі;

ұстаздық шеберлікті шығармашылықпен меңгеруі ;

ғылыми əлеуеті мен бəсекеге қабілеттілігін дамытуға деген ұмтылысының болуы ;

объективтілік, дербес əрекетшілдік жəне мақсаттылық, өзара сынды қабылдай алуы;

өзін интеллектуалды және жасампаз маман ретінде көрсете білуі.

Slide 21

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің негізгі шарттары:

1. Тұлғааралық және еңбектегі байланыс.

2. Қызметтің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі.

3. Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы.

4. Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті

5. Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктіліг

6. Тиімді шешім қабылдау қабілеті.

Slide 22

ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар

Біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет. Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім жалтақ болмайды. Өз ісін жетік біліп, сабағын креативті жүргізетін мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе алады.


Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кезеңдегі болашақ маманның тұлғасын қалыптастырудың өзекті бағыттар
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА
Дуалды оқыту жүйесінің білім саласындағы өзектілігі
Жас ұстаздар мектебі
Әрбір мұғалімнің кәсіби. Мұғалім имиджі
Қазақстан Республикасында білімді дамыту стратегиясы, міндеттері мен мақсаттары
Дәрілер технологиясының міндеттері
Малды өңдейтін кәсіпорындар мен оларға қойылатын ветеринарлықсанитарлық талаптар
ҚР және ТМД елдеріндегі дәлелді медицина орталықтары
ISO - ХАЛЫҚАРАЛЫҚСТАНДАРТТАУ ҰЙЫМЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz