Спортшының психологиялық дайындығы
Презентация қосу
Спортшынын психологиялык
минездемесин жасауга
арналган багдарлама
Орндаган: Молданияз Б
Абдуллаев Б
Куралбаев М
Кемаллов К
Тексерген: Ойлыбаева Л Н
Спортшының психологиялық
дайындығы
• Адамды белгілі бір іс-әрекетке дайындау-бұл сол іс-әрекетке жемісті қатысуға
дайындықты қалыптастыру процесі деген сөз. Осы дайындық ішінде бірқатар
компонентерді атап көрсетуге болады: олар-бұлшықеттік, функционалды,
операциялы, психологиялық және т.б. Кез-келген іс-әрекетке адам психологиялық
және т.б. Кез-келген іс-әрекетке адам психологиялық жағынан дайын болуы керек.
Әсіресе, өзгермелі жағддайларға, мақсатқа жету кезеңдерінде, қажеттіліктер
секірулерде және құнды бағыт-бағдар қажет. Спортшы іс-әрекеті дәл осындай
белгілерге ие. Енді іс-әрекет нәтижесі де оған риза болу, ішкі психологиялық
жағдайы, адамның қобалжулары да оның іс-әрекет процесінде психологиялық
дайындығына ғана емес, сонымен бірге, кез-келген іс-әрекетпен жүретін оның
шарттарына: нақты күн тәртібіне, жеке тұлға бағалануына, мүмкін болатын
жазалаулар мен мадақтауларға адамдардың белгілі бір тобымен араласу
ерекшеліктріне және қуаттылығына қатысты болады.
Іс-әрекетке психологиялық
дайындық
• Іс-әрекетке психологиялық дайындық-әрқашан психологиялық дайындықтың нәтижесі
болады. Бірақ кейде ол бей-берекет, ұйымдаспаған түрде іске асатын болдандықтан,
онша көріне бермейді. Адамнан ерекше жинақтылықты, күштерін жұмылдырып, барын
салуда, жоғары шеберлікті қажет ететін іс-әрекеттің кейбір түрлерінде психологиялық
дайындық іс-әрекет барысына дейін және сол әс-әрекет кезінде ұйымдастырылады және
жоспарлы түрде іске асырылады. Осындай іс-әрекет түрлеріне спорттық іс-әрекет жатады.
Бір кездерде спорт психологиясында негізгі мәселе-дағдылар болды. Одан кейін 50-
жылдар мен 60-жылдардың басында бірінші орынға спортшы ерік-жігері қойылды. Ал
қазір міне, жиырма жылдан көп уақыттан бері, басқа көптеген мәселелерді артта
қалдырып, психологиялық дайындық мәселесі ғылыми-практикалық да, ғылыми зерттеу
жұмыстарында да алдыңғы орынға шықты. Спортшының психологиялық дайындығы-бұл
спорттағы оқу-тәрбие жұмыстарының үлкен бір бөлігі. Психологиялық дайындықтың түпкі
мақсаты деп, спортшы қарым-қатынас жүйесін өзгерте отырып, жеке тұлғада спорт үшін
маңызы бар қасиеттерді қалыптастыру және жетілдіруді айтамыз.
Жалпы психологиялық және
арнаулы психологиялық
дайындық.
• Бұл процестің негізгі мақсаты-спортшының психологиялық дайындығын
• Жасау болып табылады: 1) Ұзаққа созылатын жаттығу процесіне; 2) жалпы жарыстарға
және 3) нақты жарысқа спортшының психикалық дайындығын жасау, қалыптастыру,
болып табылады. Ұзаққа созылатын жаттығулар мен жарыстарға психологиялық
дайындық алдын-ала жүргізілетін және жалпы пстхологиялық дайындық деп аталады,
ал нақты бір жарысқа тікелей дайындық арнайы психологиялық дайындық деп
аталады.
• Осы жалпы және арнайы психологиялық дайындықтар арасында дайындықтың соңғы
кезеңіндегі спортшының психикалық жағдайын түзету мақсаты көзделген арнаулы іс-
шаралар өткізілуі мүмкін. Мұндай іс-шараларға деген қажеттілік жалпы психологиялық
дайындықты бір жүйенің жоғтығынан туындайды және де олар өткізілген жұмыстарды
нақтылайды. Психикалық жай-күйлер корекциялық бағдарламасы алдын-ала және
нақты психологиялық дайындықтың біріктірілген іс-шараларының қысқартылған
нұсқаларын білдіреді.
Тәсілдік дайындықтың психологиялық
негіздері.
• Спортшының тәсілдік дайындығы дегеніміз- жарыс кезінде кездесетін мақсаттарды тиімді шешу әдістерін жетілдіру
мен осы мақсаттардың тиімділігін анықтайтын арнайы қабілеттерді дамыту болып табылады.
• Тәсілдік дайындықтың психологиялық ерекшеліктері мен мәнін түсіну үшін мынадай ұғымдарға түсінік беру керек:
тәсіл, мақсатқа жету;
• Тәсіл-бұл жарыс жағдайына орай әдістік амалдарды қолдану құралдарының жиынтығы. Қызу жарыс кезінде
спортшы немесе бүкіл команда тәсілінде белгілі бір өзгермелі қимыл сызығы көрінеді. Мысалы, семсерлесуші
қарсыласының финттеріне назар аудармастан тұрған жерінде қатып қалуы мүмкін. Бұл оның жарысты жалғастырус
үшін өз ойлары туралыч қарсыласында қате пікірлер тудыру тәсілі.
• Сонымен, тәсілдік іс-әрекет жарысч басында спортшы алдындағы шешімдер жиынтығынан құралады. Бұдан келіп
тәсілдік дайындықтың белгілі бір жағдайларда алға қойылған мақсаттарды білдіретіндігін көреміз. Екі жағдайда да
спортшының мақсапттары әр түрлі. Мысалы, ойын кезінде өз қарсыласынан құтылу, оған тосқауыл жасау
шабылдаушыч позицияға шығу керек болады. Осы мақсаттарға орай, ол жеке өзі, арнайы шешімдер қабылдауы
керек. Жарыс кезіндегі спортшы қимылы мақсаттарды шешудің үзіліссіз шешімдер-күрделі реакциялар арасындағыч
спортшының тәсілдік ойлауының бірден-бір ерекшелігі.
• Тәлілдік ойлау барысында спортшы мақсаты мен шешу құралы арасында байланысты орнатуға тырысады. Бұл
жерде оқиғалар барысын алдын-ала түсіне білуі жағдайлардың мүмкін болатын өзгерісін алдын-ала байқау ерекше
орын алады. Қандай да бір шешім қабылдау кезінде спортшы қарсыласының әлсіз және күшті жақтарын тез
анықтап, ескерттуді, жарыс өтіп жатқан жағдайларды, сыртқы факторлардыч тез анықтауды үйрену тиіс.
Спорт іс-әрекетінің жалпы
психологиялық негіздері
• Спорттық іс-әрекеттің жалпы және дара ерекшеліктері.
• Дене шынықтыру да бұқаралық спортта да адамдардың іс-әрекеті өзіне, өздерінің физикалық және психологиялық сапаларын жетілдірруге бағытталған.
Бұл іс-әрекеттің негізгіу мақсаты-тұлғаның гармониялық дамуының ажырамас бөлігі болып табылатын физикалық өркендеу.Негізгі мақсатқа жету күнделікті
арнайы физикалық жаттығуларды талап етеді. Жаттығулардың тиімділігі мен жүйелілігі, физикалық сапалар дыбыстарының белгілі бір деңгейінде
айқындалады.
• Адамның жеке басының қасиеттері іс-әрекеттерінде, қылықтарында көрінеді: ол өзінің пайдалы немесе зиянды сапаларын көрсетеді. Н.Г.Чернишевскийдің
сөзіне қарағанда, адамның ақылы мен мінез-құлқы туралы ең анық мәліметтерді ол адамның іс-әрекеттерін зерттеу арқылы ғана білуге болады.
• Сонымен қатар адам өзінің іс-әрекетінде қалыптасады. Бұған мысал ретінде А.С.Макаренко басшылық еткен колонияның еңбек тіршілігін алуға болады.
Ақылмен ұйымдастырылған іс-әрекет, бұл колонияда тәрбиешілерге ықпал жасау мен оларды тәрбиелеу шараларынгың терең ойластырылған жүйесі
оларда адамның бағалы сапаларын қалыптастырады.
• Адамның іс-әрекеті теориялық және практикалық формада жүзеге асырылады. Теориялық іс-әрекетінің мсалы ретінде ғылымның теориялық формула,
ереже, сурет және т.с.с. құбылыстардың жалпы заңдылықтарын белгілейді. Сондай-ақ проактикалық іс-әрекеттің мысалы ретінде табиғаттағы заттар мен
құбылыстарды бақылап, эксперимент жасау арқылы зерттейтін ғалымдардың жұмысын алуға болады.
• Бірақ қандай іс-әрекетте болса да теориялық және практикалық іс-әрекеттің компоненттері бар. Іс-әрекеттің құрылымындағы мақсат қоя білу,
жоспарлауды, жұмыс әдістерін іріктеп алуды теориялық іс-әрекетке, ал қалғандарын практикалық іс-әрекетке жатқызуға болады.
• Адамның іс-әрекетінің маңызды бір формасы-адамның бір-бірімен қарым-қатынаста болуы. Бұл тек сөз сөйлеуде ғана жүзеге аспайды, сонымен қатар іс-
әрекеттің басқа формаларында да, айталық дене тәрбиелік және спорттық өнермен шұғылдануда да жүзеге асады. Олардың іс-әрекеті мыңдаған басқа
адамдарға қуаныш әкеледі., сүйсіндіреді, олар белгілі спорт қайраткерлерімен қарым-қатынаста болып, шығармашылық қабілеттерін оданр шыңдауға
кеңестер алады, елімізге жеңіс пен мәртебе сыйлайды.
• Дене шынықтыру мен спортта оқытушылардың психологиялық негіздерінің ортақ қасиеттері бар, алайда оларда біраз айырмашылықтар да кездеседі.
Спорттық және дене тәрбиесінің іс-әрекеттері психологиялық ерекшеліктері анықталады.
Жарыс пен жаттығудың психологиялық
ерекшеліктер.
• Жарысқа психологиялық дайындық жүйесі спортшының жарысқа психологиялық дайындығын қалыптастыруды шешетін
бірқатар міндеттьерді біріктіреді.
• А.Ц.Пуни жасаған жарысқа психологиялық дайындықтың жобалық жоспарында осы жүйе берілген.
• Келтірілген жобалық жоспар жүргізілген жұмыс үшін тек жалпы басшылық болуы мүмкін. Спорттың әр түріне және ешбір
спортшыға жеке қолданғанда оны нақтылау керектігі заңды құбылыс.
• Спортшының жарысқам дайындығы жүйесіне мынадай бөліктер кіреді:
• а) жарыстың шарттары туралы ақпараттар жинау;
• б) жарыс алдындағы спортшының жаттыққандық деңгейінің бағалануы мен өзін-өзі бағалау;
• в) жарысқа қатысудағы мақсаттары мен міндеттерінің қойылуы;
• г) жарыста өнер көрсету мотивтерін актуальдандыру;
• д)алдындағы ақыл-ой қызметін бағдарламалау;
• е) спортшының өз мүмкіндіктерін іске асыруға сенімділік сезімін қалыптастыру;
• ж) оптимальды эмоциональды жағдайды қалыптастыру;
• з) максимальды еріктік күштерге дайындықты көбейту және оларды жарыс жағдайында ашып көрсету дағдысы;
• и) жарыс жағдайындағы психологиялық қалыпты өзіндік реттеу тәсілдерін меңгеру.
• Бұлардың бәрі бір-бірінен бөлінбейді қайта тығыз байланыста болады, егер осы звеноның біреуі әлсіресе, онда бүкіл жүйе
ақсайды.
Психикалық қалыптар және
оның түрлері.
• Психикалық қалып-тек өкілінің іс-әрекеті мазмұны және жағдайларына, сол әрекетке болған тұлғалық қатынастарына орайласқан уақытша көрініс беретін ерекшелігі.
• Психикалық қалыптар ситуативті және тұлғалық болып бөлінеді.
• Ситуативті қалып- оқиға туындаған жағдайларға тәуелді болған психикалық іс-әрекеттің уақытша өту ерекшелігімен сипатталады. Олар тұлғаның жалпы әрекет-
қылықтық белсенділігін анықтаушы жалпы қызметтік және іс-әрекетпен мінез-құлықтың күрделі жағдайларындағы психикалық күйзелісті, сонымен қатар дау-дамайлы,
жанжалды психикалық қалыптарға бөлінеді.
• Тұлғаның тұрақты психикалық қалыптары келесідей: ұтымды және күйзелісті қалыптар, аралық қалыптар (психопатия, невроздар, ақыл-ес кемістігі); бұзылысқа түскен
сананың психикалық қалпы.
• Жалпыланған негізгі психикалық қалып-бұл ой, сана сергектігі.
• Сергектік қалып- бұл сананың жарқын да айқын ұтымды қалыпы адамның саналы іс-әрекетке қабілеттілігі.
• Шаршап-шалдығу қалпы-уақытшп жұмыс қабілетінің кемуінен физиогогиялық қызметтерде болатын қалыптан тыс өзгерістерден және жедел әрі ұзақ мерзімді іс-
әрекет салдары ізімен туындайтын шаршау сезімдері тобындағы субектив түйсінулерден пайда болатын ағза қалпы.
• Психикалық күштену (напряжение) қалпы-іс-әрекеттің күрделенген жағдайлардағы интеллектуалды және эмоциялы-еріктік құблыстар.
• Тұлғаның дағдарысты қалпы-адамның психикалықұ бұзылысқа келтіруші жағдайларға жауап қатысы, әрекеті. Бейімшіл тұлға, әдетте, өз ұстанымдарын қорғаныс
бағытында қайта жасап, өзгерістерге келтіре алады. Психикалық жарақаттан болатын жандүниелік күйзеліс, жөнсіздік қайта-түзетуге келген рет-тәртіптілікпен оң
бағытқа түседі, ал адамның ішкі жан әлеміндегі кейде орын алатын жалған тәртіптілік (псевдоупорядоченность) тұлғаның әлеуметтік ортадан алыстатылып, мұңды
қиялға батуыына, ал кейде ішімдікке, нашақорлыққа берілуіне себепші болады.
• Жабығу (депрессиялық) қалыптары-сырқатты енжарлықпен бірге көрінетін болымсыз эмоциялы-психикалық жағдай.
• Аралық қалыптар-қоғамдық норма (талап, тәртіп) және потология (ағзадағы физиологиялық ауытқу) арасындағы сыбайлас психологиялық құбылыстар: невроздар,
психикалық ауытқулар, психикалық даму тоқырауы.
• Психикалық норма сипаттары келесідей әрекет-қылық ерекшеліктеріне ие: әрекет-қылықтың сыртқы ықпалдарға сәйкестігі; себеп-салдарлылығы; тұжырымды болуы;
ұтымды тіршілік бағытына сай тәртіптілікте көріну; мақсат, мотив және әдістердің үйлесімділігі; басқа адамдармен жөн-жосықты қарым-қатынаста болуы; әлеуметтік
италаптарға сәйкес өзіндік реттеу мен түзетулер бере білуі.
•
Спортшының психологиялық
мінездемесін жасауға
арналған бағдарлама.
• Жүйке жүйесінің негізгі қасиеттерінің көрінуі: күш салмақтылық, жүйке процестерінің
қозғалмалығы, жүйелі психологиялық, педагогикалық мәліметтер бойынша.
• Жеке тұлғаның бағыттылығы: қажеттілік, қызығушылық, еңбекке, сабаққа, спортқа
дген қарым-қатиынас, спорттық қызметтің мотивтері.
• Мінездің моральді- еріктік белгілері: ұжымдық сезімі, тәртіптілік, бастамашылық,
ұжымдағы қарым-қатынас.
• Жеке тұлғаның эмоциональды көріністері: олардың интенсивтілігі, спорттағы
табыстары мен жеңілістерге қарым-қатынас, жарыстар мен жаттығулардың болатын
көңіл-күйлер.
• Негізгі дене функцияларының даму динамикасы: реакция жылдамдығы, қозғалыстың
қалпы, бұлшықеттік-қозғалыстық қабылдау, вестибулярлық аппараттық әсерлену, ес
процстерінің тұрақтылығы мен интенсивтілігі, эмоциональды реакциялар жән т.б. Бұл
көрсеткіштер спортшының психологиялық профилі түрінде көрсетіледі.
Назарыңызға
рахмет.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz