Жүсіпбектің қаламынан туған мол мұраны


Slide 1

Жүсіпбек

Аймауытов

Slide 2

Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы туған. Аймауытов - қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылар -дың бірі.

Slide 3

Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы

Павлодар

Баян-Аул

Баян-Аул

Slide 4 Slide 5

Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады. 1911-1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді. 1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады. Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады.

Slide 6

Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919) . Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920) . Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы.

Slide 7

Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922-1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924-1926), Шымкент педагогикалық 1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған.

Slide 8

Жүсіпбектің қаламынан туған мол мұраны М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары жинастырып, ғылыми зердеден өткізіп, 1996-1999 жылдары бес том етіп жарыққа шығарды. Сөйтіп, қазақ оқырманы әйгілі суреткердің шығармаларымен арада 60 жылдан астам уақыт өткенде қайта табысты.

Slide 9

Жүсіпбек аз ғана ғұмырында әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек етіп, құнарлы шығармалар қалдырған. Бес томдық шығармалар жинағында оның өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасы, «Рабиға», «Мансап қорлар», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалары, көптеген әңгімелері мен «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, балаларға арналған ертектері, сын мақалалары мен аудармалары енген.

Slide 10

Жүсіпбек Аймауытовтың зерттелген және т. б. жарық көрген кітаптары

Slide 11

Ж. Аймауытов - көп жыл ұмыт болып, туған халқымен кеш табысқан қайраткер, сондықтан да оның есімі кейінгі толық ұрпақ үшін аса қымбат. Бүгінде Баянауылдағы бір шаруашылық, орта мектеп оның есімімен аталуы - жазушыға көрсетілген құрметтің белгісі. Павлодар облыстық қазақ драма театрының Жүсіпбек Аймауытов есімімен аталуы да өте құптарлық іс болып саналады.

Slide 12

Аймаутов қай жылы туған?

1889 жылы

Slide 13

Аймаутов қай

жерде туған?

Павлодар облысының Баянауыл

ауданына қарасты

бұрынғы «Қызыл ту»,

қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.

Slide 14

Аймаутов кім?

Аймаутов - қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушыларың бірі.

Slide 15

Қарқаралыда мектеп мұғалімі болып қай жылдары жұмыс істеді?

(1922-1924)

Slide 16

Қай жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады?

1914 жылы

Slide 17

Қай жылы ауылда мұғалім болып істейді?

1911-1914

Slide 18

«Қазақ тілі» газетінің Аймаутов кім жұмыс істеді?

редакторы

Slide 19

Жүсіпбектің қаламынан туған мол мұраны кімнің атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары жинастырды?

М. О. Әуезов

Slide 20

Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі болып қай жылы жұмыс істейді?

(1924-1926),


Ұқсас жұмыстар
Жүсіпбек Аймауытов
Жаңадан табылған шығармалары
Әдебиет теориясының негіздері еңбегі
Әдеби бағыттар
Сүйікті әншісі
Мұрагерлік құқық субъектілері
Мұрагерлік құқықтарын рәсімдеу
Жеке – топтық жұмыс формасы
Балалар жазушысы
ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz