Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары


Slide 1

ҚР инклюзивті білім берудің дамуы

Slide 2

ИНКЛЮЗИВТІ

Инклюзивті (франц. inclusif - өзіне енгізетін, лат. include - ішіне аламын, енгіземін) немесе енгізілген білім беру - жалпы білім беру мектептерінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту үрдісін сипаттау үшін пайдаланылатын термин. Инклюзивті білім берудің негізіне балалардың кез келген кемсітушілігін болдырмайтын, барлық адамдарға тең қарым-қатынасты қамтамасыз етиетін, бірақ ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар үшін ерекше жағдай жасайтын идеология жатады.

Slide 3

Инклюзивті білім беру - мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту.

Slide 4

Инклюзивті оқыту - ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.

Slide 5

Психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі бағыттары болып табылатындар:

баланың жеке ерекшеліктері мен денсаулығының жай-күйіне сүйене отырып, білім алу маршрутын таңдауда ата-аналарына (за

туындаған проблемалар, қиындықтар, денсаулық жағдайына байланысты баланың даму процесінде білім беру маршрутын өзгерту;

- жаңа жағдайларға бейімделуде білім беру маршрутын өзгерткен балаға көмек көрсету.

Slide 6

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ

Білім беру саласындағы заңнамасында даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін білім алуға тең құқықтар қағиданы көзделген. Біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің даму туралы құқықтар ресми дерек «Қазақстан республикасының білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілген. РЕСПУБЛИКАДА 2375 БАЛА ҮШІН 166 БАЛАБАҚШАДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА, БҰЛ АНЫҚТАЛҒАН ДАМУ МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ САНЫНЫҢ 14% -ЫН ҚҰРАЙДЫ. Бұдан басқа, даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 39-арнайы балабақшамен жалпы мақсаттағы балабақшаларда 315 арнайы топ жұмыс істейді.

Slide 7

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға қолдау көрсету және бағалау моделі

БЕҚ бар балаларға қолдау көрсетумен бағалаудың клиникалық-дефектологиялық модельі

«Білім алуындағы қиындықтар мен проблемалар баланың бойында қалыптасқан және ол мына ұғымдарға негізделген : «мүгедек, қабілетсіз, ауытқұшылығы бар» . Бағалау - медициналық, ал білім беру-түзету тұрғысынан бағытталған.

БЕҚ бар балаларға қолдау көрсетумен бағалаудың әлеуметтік-білім беру модельі.

«білім алуында ерекше қажеттілікке мұқтаж бала қиындыққа бейім сондықтан да белгілі бір тоқсауылдарға тәуелді, бағалау - адамның қажеттілігі, ал білім беру- білім алуға қолдау бағытталған.

Slide 8

Сапалы білім алудың жағдайларына халықаралық қауымдастықтың шешімі:

жеке сабақтарды жүргізу үшін техникалық құралдармен, оқуәдістемелік құралдармен қамтамасыз ету;

- ерекше білім беру қажеттіліктерін барлық деңгейде (орталық, аудан, мектеп) қамтамасыздандыру процесін басқару.

- оқушылардың алауан түрлі мүмкіндіктерін қабылдай алатын мұғалім;

- білім алушының қажеттілігіне қарай білім мазмұнын бейімдеу;

- білім алушының түрлі мүмкіндіктеріне қарай оқу процесінің формасын ұйымдастыру, оқытудың көпнұсқаулығы мен амал-тәсілдерін қолдану;

- білім алушылардың жетістіктерін әртүрлі тәсілмен бағалау;

- мамандардың көмегі;

Slide 9

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ БІЛІМ АЛУ ҚҰҚЫҚТАРЫ

Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді.

Slide 10

ИНКЛЮЗИВТІ ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОЙЫНДАР

Дамуында әр түрлі кемшіліктері бар балаларды арнайы оқытуға деген сұраныс, әсіресе олардың танымдық процестерін психологиялық жағынан зерттеу қазіргі таңда өзекті мәселе болып отыр. Осы балаларды психологиялық ойындар көмегімен дене кемістігін қалпына келтіріп, сол арқылы психологиялық саулығын сақтап, бала мүгедектігінің деңгейін төмендетуге мектеп психологтары аз да болса өз үлесімізді қосып алдымызға мақсат етіп келеміз. Әр психолог даму мүмкіндігі шектеулі балаға біріншіден баланың көңіл күйіне қарап, бақылау жүргізіп отырады. Ал сынып жетекшілер баланы мектепішілік іс-шараға қатыстырады немесе көрермен ретінде көруге шақырады. Екіншіден баланың үйіне барғанда ата-анасымен сөйлеседі, пікірлеседі, кеңес беріп отырады. Тек қана баланың өзімен жұмыс жасағаннан көрі ата-анасымен қосылып, жұмыс жасаған балаға қатты ұнайды. Ол үшін даму мүмкіндігі шектеулі оқушының отбасылық әлеуметтік жағдайын, жас ерекшелігін ескере отырып, балаға ешқандай қиыншылық туғызбайтын өз іс-тәжірибемде қолданып жүрген, ата-анасымен бірлесе жүргізген, баланың өзіне арналған ойындарды ұсынамын. Әрбір мұғалім жеке балаға сабақ бергенде сабағына қолдануға болады.

Slide 11

МЕНІМЕН БОЛҒАНЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

КЕЛЕСІ руббежкада кездескенше)


Ұқсас жұмыстар
Мүмкіндіктері шектеулі балаларға әлеуметтік - педагогикалық көмек көрсету
Кореядағы инклюзивті білім беру
Конвенцияның негізгі мақсаты - максималды түрде баланың қызығушылығын сақтау
Инклюзивті білім берудің мазмұны
Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту
ИТАЛИЯДАҒЫ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ
Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту қажеттілігі
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік, медициналық - педагогикалық коррекциялық қолдау
Қазақстан Республикасының заңнамалық базасы
АРНАЙЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz