ТӘРТІПТІК ЖАУАПТЫЛЫҚ




Презентация қосу
«Д. Серікбаев атындағы
Шығыс Қазақстан техникалық
университеті»

Жер құқық бұзушылшықтары үшін
жауапкершілік

Орындаған: Матен Е.С.
Тобы:20-ЗКК-1
Тексерген:Жангирханова А.А.
Жер құқық бұзушылығы дегеніміз – ол заңсыз,
құқыққа қайшы және жалпы алғанда кінәлі
әрекет немесе әрекетсіздік. Ол жерді пайдалануға
қойылатын заң талаптарды орындамау немесе
бұзу және заңды жауаптылықтың туындауына
әкелдіретін негіз болып табылады.
ЖЕР ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ

азаматтар заңды тұлғалар мемлекет

лауазымды тұлғалар мемлекеттік басқару органдар

әкімшілік-аумақтық бөліністер
ЖЕР ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ

Мемлекетпен белгіленген мемлекеттің жер құқықтық
тәртібін, жерге меншік иелері мен жер пайдаланушылардың
құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және қамтамасыз
етуге бағытталған қоғамдық қатынастар кешені
Субъек Объе
т кт
ЖЕР ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ

Субъективтіқ жақ Объективтіқ жақ
1. Объектісі, жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың
заңды мүдделері және құқықтық тәртібі.
2. Объективтік жағы, жер құқық бұзушылық негізі болған
әрекет немесе әрекетсіздік.
3. Субъектісі, жеке және заңды тұлғалар.
4. Субъективтік жағы, кінәнің көрініс табуы. Кінәнің өзі екі
нысанда жасалуы мүмкін: Қасақана және абайсыздық нысанда.
ЖЕР ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ

1. ҚОҒАМҒА ҚАУІПТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ: қылмыстық әрекеттер, әкімшілік және тәртіптік
құқық бұзушылықтар

2. САНКЦИЯЛАР СИПАТЫНА ҚАРАЙ: құқықты қалпына келтіру, құқықты шектеу,
мүліктік, айыптық, жазалау

3. МАТЕРИАЛДЫҚ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАЛАЛДЫҢ БОЛУЫНА, БОЛМАУЫНА ҚАРАЙ:
экономикалық немесе экологиялық залал келтіретін немесе келтіру қаупін төндіретін

4. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ СУБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫНА ҚАРАЙ: қасақаналық, абайсыз
жасалған, кінәсіз әрекет

5. ӘСЕР ЕТУ САЛАСЫНА ҚАРАЙ: аграрлық, өнеркәсіп, елді мекен жерлерінде, ерекше
қорғалатын табиғи аумақтарда болатын
Жер заңдарын бұзғаны
үшін жауапкершілік келесі
түрлері көзделген

әкімшілік
тәртіптік
қылмыстық
азаматтық
ӘКІМШІЛІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ

Мұндай жауаптылық тек заңдарда көзделген жағдайларда және әкімшілік
құқық бұзушылықтың құрамы орын алғанда ғана туындайды.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жаза ҚР ӘҚБК ережелерімен нақты
сәйкестікте, бапта осы құқық бұзушылық үшін көзделген шекте
тағайындалады. Әкімшілік жаза әділ және құқық бұзушылықтың
сипатына, оны жасаудың жағдайларына, құқық бұзушының тұлғасына
сәйкес болуы тиіс.
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ

Қылмыстық жауаптылықтың жалғыз негізі болып қылмысты, яғни ҚР
Қылмыстық кодексімен көзделген қылмыс құрамының барлық белгілеріне
не әрекетті немесе әрекетсіздікті жасау табылады.

Қылмыстық жауаптылық ҚР Кылмыстық кодексінің қылмысты –
жазалаушы нормаларына сәйкес жер құқығы қатынастары саласындағы
қылмыстық жазаланатын қылмыстық әрекеттер үшін қолданылады.
АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ

Азаматтық-құқықтық жауаптылық ол жер қатынастары саласында
келтірілген шығындарды өтеудің ерекше тәсілі болып танылады.

Азаматтық-құқықтық жауаптылық негізінде шарттан туындайтын
міндеттемелерді орындамауына шарттан тыс зиян келтіруге байланысты
кінәлі тұлға үшін жағымсыз мүліктік салдар туындайды.

Азаматтық-құқықтық жауаптылықтың басты мақсаты - өтемақы қызметін
орындау, бұзылған қоғамдық жер қатынастарының мүліктік құрамын
қалпына келтіру болып табылады.
ТӘРТІПТІК ЖАУАПТЫЛЫҚ

Оның қолдану негізі тәртіптік құқық бұзушылық жасау, яғни еңбек
қатынастарында тұрған тұлғамен жер ресурстарын тиімді пайдалану
мен қорғау бойынша өзінің қызметтік міндеттерін бұзу немесе
орындамау болады. Өзінің тәртіптік міндеттерін орындамау ол
әрқашан тәртіптік құқық бұзушылық болып танылады.

Тәртіптік жазаны қолдану еңбек заңдарымен реттеледі.
МАТЕРИАЛДЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ

Кәсіпорынға, ұйымға, мекемеге қызметкерлермен келтірілген зиян үшін
материалдық жауаптылық еңбек заңдарында көзделеді. Өзінің реттеу
сипатамаларына қарай ол қолдану ерекшеліктері бойынша тәртіптік және
азаматтық-құқықтық жауаптылықтар арасында орналасқан.

Тәртіптік жауаптылық сияқты ол тек еңбек қатынастары шегінде
қолданылады. Ал азаматтық-құқықтық жауаптылық сияқты ол тек зиян
келтіру жағдайда қолданылады және сол сияқты өтемақылық, қалпына
келтіру функцияларын атқарады.
ЖЕР-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ

Тек ерекше жағдайларда жер заңдарын тұрақты түрде өрескел бұзғаны
үшін және оған заңда белгіленген жеткілікті негіздер болған жағдайда ең
ақырғы жауаптылық шарасы ретінде жерге деген құқықты мәжбүрлеп
тоқтату қолданылуы мүмкін. Бұл жер-құқықтық жауаптылықтың негізгі
түрі болып танылады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗ
ҒА РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік қызмет туралы заңдарды бұзғаны үшін заңдық жауапкершіліктің өзгешелігі мынада
ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ
Еңбек қорғау заңнамасын бұзған жағдайдағы жауапкершілік
Қылмыстық жауапкершілік
Әкімшілік жауапкершілік және әкімшілік құқық бұзушылық
Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық
Құқық бұзушылық түрлері
Қасақана қылмыс сатылары
Сулардың құқықтық режимі және оларды қорғау
Әкімшілік құқыққа сипаттама
Пәндер