Мал өсірсең, қой өсір




Презентация қосу
Тақырыбы:
“Мал өсірсең, қой өсір
Өнімі оның көл – көсір”
Аңдатпа

Қойдың пайдасын, соның ішінде құйрық майының ,қойдың сүтінің
қаншалықты дертке ем болатындығын дәлелдеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
Егерде құйрық майды, қойдың сүтін халық медицинасында кеңінен
қолдансақ, балалар мен үлкендер қазіргі кездегі ешқандай химиялық дәрі-
дәрмектерсіз тез айығып кетер еді.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
1. Бірінші кезең: оқулықтар мен жұмыс, қосымша материалдар көзін іздеу.
2. Екінші кезең : жинақталған материалдарды қорыту, жүйелеу.
3. Үшінші кезең: зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы нақты нәтижелерге
келу.
Зерттеу әдістері:
жинау,талдау,сараптау
Алынған мәліметтер негізінде автордың қорытындысы:
Қазақстанда қойдың құйрық майын,сүтін өндіру - ет және май өнімдері
өндірісін арттыруда басты бағыттардың бірі. Сол себепті, халық
шаруашылығы үшін жоғары сапалы құйрық май мен қой сүтін көп
мөлшерін өндіруге мүмкіндік беретін биязы қой шаруашылығын
дамытудың маңызы зор.
Зерттеу мақсаты:

1.Төрт түліктің бірі қой түрлерімен танысып,зерттеу.
2.Төрт түліктің бірі қой малының адамға пайдасын зерттей отырып, ұғымды кеңейту.
3.Төрт түліктің бірі қой малының маңыздылығын айту, адам өміріне қажеттілігін
көрсету.
Міндеттері :
Қойдың шығу тарихын, түрлерін анықтау.
Қойдың адам өміріне пайдасы туралы мәлімет жинау.
Қойға қатысты ұлттық ұғымдарды ұғыну.
Гипотеза:Қой түрлерімен жан-жақты танысып, адам өміріндегі маңыздылығын анықтау.
Зерттеудің жаңашылдығы.
Қой малының маңыздылығын түсіндіре отырып, мәдени,рухани
дамыту
әдісі ретінде тиімді қолдану мүмкіншілігін көрсете білу.
Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы.
Төрт түліктің бірі қой малының адамға пайдасының
маңыздылығын жете түсіне білу,мал өнімдерінен,
ұлттық ойындардан жақсы әсер алу.
«Мал тұяғы – қазына».

Әлихан Бөкейханов.
Қойдың құйрық майының,сүтінің
қаншалықты пайдасы бар?
Құйрық май (курдюк) — құйрық түбінде
дөңгеленіп жиналған май. Мұндай май
құйрық, жекелеген қылшық және ұяң жүнді
қой тұқымдарында болады. (Қ. Еділбай қойы,
Сараджын қойы, дегерес қойы, қазақтың ұяң
жүңді қойы, алай қойы, гиссар қойы). Құйрық
бір жерде жиналған қоректік қор. Қазақстан
мен Орта Азияның жергілікті қой
тұқымдарының өскен ортасының қатаң
жағдайына бейімделгенінің бір көрінісі. Қой
қысқы тебінде жайылғанда жетіспейтін
қорегін құйрықтан біртіндеп алып
толтырады. Құйрық Орта Азия мен Қазақстан
халықтарының әр түрлі ұлттық тағамдарын
дайындағанда пайдаланылады.
Құйрық май (курдюк) — құйрық түбінде
дөңгеленіп жиналған май.
Сонымен:Пісірілген құйрық майды салқындатып аламыз да жұқалап жалпағынан кесеміз.
Майдалап сарымсақ(чеснок) турап аламыз да оған қызыл, қара бұрыш және майонез қосып
жақсылап араластырамыз. Енді дайын қойыртпаны тілімделген майға жағып қайта
қатпарлаймыз. Арасына қалауыңызша шұжық қоссаңыз да болады. Соңында тоңазытқышқа
саламыз да біраз уақыт салқындатамыз. Бітті. Пышақпен кесіп ал да жей бер. Қосқан бұрыш,
сарымсақтар майдың жүрек айнытатын қасиетін азайтып тастайды. Тұмаудың алдын алуға
жақсы пайдасы бар.
Бүгінде дәрігерлер қойдың құйрық майын естісе, «шошып» кетеді. Баланың денесін қойдың
майымен сыласа, тері тесіктерін бітеп тастайды. «Қойдың еті де, майы да асқазанға ауыр», –
дейді. Егер зиян болса, ата-бабаларымыз қойдың майын пайдаланбас еді ғой. Сәби өмірге
келгенде, денесін құйрық маймен сылаған. Себебі, жел тиюден сақтайды. Тұмау тисе,
қақырық түсіреді деген. Мен құйрық майдың осы емдік қасиетіне мән бердім. Химиялық
қоспаларды өте аз мөл-шерде қостым. Ана мен балаға исі жағымды болу үшін ақ жусанның
эфир майын қостым. Егер сәби жөтелсе, осы сабынмен жуындырса, қақырық түсіруге
көмектеседі. Теріні жұмсартып, жағымды иіспен жұпарландырады. Бетінде безеу немесе
жарасы бар адамдарға да пайдалануға болады.
«Малы бардың- жаны бар», « Елдің көркі - мал»
деген халық нақыл сөздерінен - ақ қазақ халқының тұрмыс
тіршілігінде төрт түлік малдың ерекше орын алатынын
түсінуге болады.Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген.
Ас- ауқаты, киімі, көлігі, қымызы – ем, жегжат – жұрағатымен
жасайтын алыс - берісінің көзі, байлығы болғандықтан, қазақ
үшін осы төрт түлік мал аса қымбатты дүние болғаны белгілі.
Қайда болмасын, бі-рін- бірі танысын-танымасын, кездесе қалған
қазақ «мал-жан аман ба?» деп амандық - саулық сұрасқан. Есен -
саулығын «мал –жан аман ба?» деп бас тайтын қазақ үшін
төрт түліктің орны бөлек.Төрт құбыласы сай болға-нын
қалайтын әр қазақтың тұрмысы
ежелден - ақ төрт түлікпен тығыз байланысты болған.
Малдың сүтін ішіп, етін жеп, терісінен тон илеп, жүнінен
киім тоқыған қазақтарда төрт түлік туралы атаулар
жетіп артылады.
Қазақ халқының ұлттық
ойындарында да төрт
түлік малға байланысты
қызықты ойындар көптеп
кездеседі.Мысалы:
«Көкпар», «Қыз қуу»,
«Бәйге»
және тағы
басқалары.Оның өнімдерін
тіршілік құралы ретінде
пайдаланып, малдың еті,
терісі, тіпті мүйізі мен
сүйегіне дейін өз қажетіне
пайдаланып отырған.
Ем болатын аурулары:
1. Жөтелді басып, қақырықты босату үшін құйрық майды шыжғыртып, 50 г
мөлшерінде ыстықтай ішеді. Тұмаудан болған созылмалы жөтелге құйрық майды
ыстық сүтке қосып ішеді.
2. Жаңа туған бөбектерді әр жетіде бір рет тұзды суға шомылдырғаннан кейін,
суықтан сақтану және теріні жұмсарту мақсатында қой майымен сылайды.
3. Балаларға тұмау тиіп жөтелгенде, алқымды, алақанды, табанды қойдың жылы
майымен сыласа, сауығады.
4. Ішуге және денедегі тері ауруына қолдану үшін қойдың майынан дәрі жасалады.
5. Қойдың құйрық майын шыжғырып, жылы күйінде 100 грамм ішсеңіз жөтелді
басып, қақырықты түсіреді. Қойдың құйрық майын шыжғырып банкаға құйып
алсаңыз, еш азбайтын жақпа май болады.
6. Жөтелген кезде кешке жатарда майды ысытып, кеудені сылап, жылы жатса 2-3
күнде жөтел сап тиылады.
7. Кез келген жараға жағамын
8.Бәтеңке қажаған жерді де кешке жатарда кір сабынмен жуып, майды жағамын.
Пайдасы жақсы. Қазір құлақ ауырса да, жөтелсе де, жара болса да қойдың құйрық
майын жағуды әдетке айналдырғанмын. Дәрі іздемеймін. Зияны жоқ.
Ақжайы
қ Мироно
с
Қойдың түрлері
Қаракөл

Еділба
Гиссар й
Сүтте де сансыз сыр бар
Сүт - төрт түлік малдың
аттарына қарай бие сүті,
түйе сүті, қой-ешкі сүті,
сиыр сүті деп бөлінеді.
Сиыр, қой-ешкі сүттерін
пісіріп ішуге, айран, қатық
ұйытып ішуге де болады.
Ал жылқы сүтінен қымыз
ашытса, түйе сүтінен шұбат
жасайды. Сүттен құрт,

*Сүт
ірімшік, сүзбе, қаймақ
сияқты әр алуан тағам
жасалынады.
Сары май - сиырдың, қойдың, ешкінің
сүтінен алынады. Сары май ірі қараның Сары май
не серкенің терісінен тігілген саба,
торсықта не болмаса ағаш күбіде
дайындалады. Шикі сүттен ұйытатын
айранды, қатықты, кейде іріген сүт пен
шикі сүттің өзін сабаға не күбіге құйып,
жинап, әбден толған кезде піседі.
Іркіттің пісуі жеткен кезде май ыдырап
бөлек шығады. Бірден екі-үш қабат
мәрліге салып, бүктейді де қолмен
сығымдап майды сүзеді. Бұрындары
майды қыл - қыбырдан тазарту үшін
пышақпен "қылшықтаған". Сүзгіден
тазарып шыққан майды суық суға
салып, іркіттен арылтып, тозаңдатады.
Сонан кейін жайпақ ыдысқа салып,
қолмен мытып, алақанмен шапалақтап
суын шығарады. Суын шығарған соң
тұздап, ыдысқа салады. Ертеректе сары
майды қойдың, ешкінің қарнына,
бүйенге салып сақтаған.
Айран

Айран - ұйытылған сүт. Оны
қаймағы алынған сүттен де,
алынбаған сүттен де дайындауға
болады. Ол үшін сүтті 5 - 10 минут
қайнатады, қанжылым қалыпқа
түскенше суытады. Содан соң
ұйытқы (ашытқы) қосып
араластырады да, ыдысты
жақсылап бүркеп тастайды. Ол 1 -
2 сағат аралығында ұйып болады.
Ұйыған айран ашып кетпеуі үшін
бетін ашып салқын жерге қояды.
Айранды сусын ретінде де, тағам
ретінде де пайдалануға болады.
*Қатық - қойдың қаймағы алынбаған
сүтінен ұйытып әзірленеді. Шикі
сүттен де ұйытуға болады. Қатық
ұйыту үшін жылы сүтке ұйытқы
құйып, ыдыстың бетін жауып, күн
түспейтін жылы жерге 2 - 3 сағаттай
қояды. Қаймағы алынбаған сүттен
ұйытылған қатықтың бетіне қалың
қаймақ тұрады. Ал кілегейі
алынбаған шикі сүттен ұйытылған
қатықтың бетіне қалың кілегей
жиналады. Аса құнарлы сүттен
ұйытылған қатықтың қаймағы мен
кілегейі қалың болады. Піскен сүттен
ұйытылған қатықты сол күйінде ішеді *ҚАТЫҚ
не болмаса кенеп қапқа құйып сүзіп,
сары суын шығарып сүзбе жасайды.
Қаймақ

Қаймақ - қойдың пісірілген сүтінің бетіне жиналатын маңызы (майлы құрамы).
Пісірілген сүтті бетін ашып салқын жерге қойса, сүт салқындаған сайын оның бетіне
қабыршықтанып қаймақ жиналады. Қаймақ қалыңдығы сүттің құнарлығына
(нәріне) байланысты. Сонымен бірге сүттің пісірілуіне де байланысты. Қойдың сүті
қою болғандықтан, оның қаймағы да сиыр мен ешкі сүтінің қаймағынан қалың
болады. Қаймақ қалың болу үшін сүтті тасытпай, шымырлатып қана бабымен пісіру
керек. Сүт әбден суығаннан кейін қаймағын қасықпен сыпырып, қалқып алады.
Қаймақты ағаштан, қайыңнын тозынан (қабығынан), ысталған темірден жасалған
қақпағы бар ыдыста сақтайды. Бабымен пісірілген сүттің қаймағы майлы да жұмсақ
болады. Қаймақты езіп шайға қатса, шайдың дәмі келіп, өңі ашылады. Бидай мен
тарыны қаймаққа араластырып жеуге болады.
*Қойыртпақ - қатық,
айран т.б. сусындарға сүт
қосып ішетін тоқ сусын.
Оны жолаушылар
торсыққа құйып,
қанжығаларына байлап
жүрген. Қанжығадағы
қойыртпақ көп
шайқалады. Соған орай
қанша ашыса да ашуы
білінбейді. Қойыртпақ
Қорықтық (тасқорықтық) - тек қана
қой-ешкінің сүтінен қойшылар өрісте
жүргенде пісіріп ішетін тамақ. Ағаш
тостаққа не саптыаяққа сауып алған қой
сүтіне отқа әбден қыздырылған малта
тасты бір-бірлеп салып отырады. Шикі
сүт 2 - 3 минутта қайнап, піседі.
*ҚОРЫҚТЫҚ
Құрт

*Құрт - сүттен дайындалып, ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам. Сабаға
сүтті біртіндеп жинап, сүт ашығаннан кейін піседі, сүт іркітке айналып,
майы бетіне қалқып шығады. Майын бөлек алып тұздап қарынға салады
да, іркітті қазанға құйып, суы сарқылғанша қайнатады. Құрт қайнап
жатқан кезде қазанның түбін, ернеуін қырып, әлсін-әлсін араластырып
отырады. Құрт қайнап, әбден қоюланған соң қапқа құйып, керегенің
басына немесе ашаға іліп, сары суын ағызады. Құрт қапта бір тәулік
тұрған соң, суы әбден сарқылып, құрғайды. Бұдан кейін құртты қаптан
алып, ұсақтап бөліп, шиге, тақтайға қолмен әр түрлі формаға келтіре
сықпалап өреге жайып кептіреді. Оның негізгі түрлері:
Сүзбе - айраннан немесе қайналған
іркіттен дайындалады. Сондықтан ол екіге
бөлінеді:

қатық сүзбе
құрт сүзбе

Ашыған айранды, қатықты немесе
қайнаған құртты кенеп дорбаға құяды да
іліп қойып сорғытады. Содан ол өзінен-өзі
сүзіліп, сұйығы ағып кетеді де, сүзбе

*Сүзбе
түбінде қалады. Оны тұздап, малдың
қарнына салып, кептіреді. Сүзбені
жылдың кез келген маусымында езіп
сорпаға, көжеге қосуға, сондай-ақ сүт, су
қосып шалап етіп, сусын ретінде ішуге
болады.
Қой шаруашылығының халық өміріндегі рөлі

• “Мал өсірсең,қой өсір,өнімі оның
көл-көсір” деген сөздерде терең ұғым
бар.

• «Бірінші байлық - денсаулық, екінші
байлық - ақжаулық, үшінші байлық
– он саулық»

• Он саулықтың басын құрайтын
кәсіптің иесі - қойшы (шопан).

• Оның пірі - «Шопан ата» (кейде
«Қошқар ата») деп аталады.
Сондықтан Шопан атадан тілеу
тілегенде «малды берсең, қойды бер»
деп өтінген.
«Қой асығының асылдылығы»

• Асық – кәдімгі санағыштың
рөлін қоса атқарады.

• «Асық ойнау» – балалардың
дүниетанымын кеңейтетін
ойын.

• Асық ойынының түрлеріне:
«Ханталапай», «Асық ату»,
«Төрт асық», “Атпақыл”,
«Қақпақыл» ойындары жатады.
Біздер жайлы сөйлеген
Момын ,әрі пайдалы,
Біз боламыз қой деген.
Шопан ата түбіміз.
ЕТ
Жүнінен киім
шұлық және
т.б затар
тоқуға болады

СҮТ
* Қойдың терісін илеп аяқкиімдер,белбеу,белдіктер, тон,
шалбарлар тігеді.
*Қойдың етінен түрлі тағамдар
жасайды
Қой етінен жасалған-ұлттық
тағамдар
• Жаубүйрек - ұлттық
тағамның бір түрі.
• «Әсіп» - қойдың
бүйенін
айналдырып,жақсылап
жуып тазалайды.

• Бұжы
Халық ұғымында
Мойын омыртқаның (қой түлігінің) –үйдің төріне
ырымдап ілінуі.(ырым)
• Дүниеге бала келгенде
шілдехана беріледі.Шілдеханаға
сойылған қойдың мойын
омыртқасын алдымен босанған
әйел жейді,қалған әйел адамдар
ауыз тиеді. Мойын омыртқаға тіс
тимеуі, оның бөлінбеуі, етінің
қолмен үзіп желінуі қажет.
Етінен тазартылған соң мойын
омыртқаны үйдің төріне іліп
қояды. Қазақта жас баланың
мойынының қатуы осы
омыртқаға байланысты деген
ырым бар.
Қойға қатысты ырымдар
Қой қораға еркін кірсе, қыс жайлы
болады;
Қой тісін қайраса, кешікпей боран
соғады; .
Қорадағы қой пысқырынса, қозы-лақ
секеңдеп ойнаса, қошқарлар сүзіссе,
жаңбыр жауады;
Бөгде адам отар шетінде жатса,
малдың құты кетеді;
Өрістен қайтқан қойдың езуінде шөп
келсе, қыс қытымыр болады.
Балалар төрт түлік малға не жататынын
білесіңдер ме?
Балалар: Түйе, жылқы, сиыр, қой жатады.
Қойға қатыстыШопан ата: І.тыйымдар
Бәйге
Дұрыс кезеңі:Ал енді осы
айтасыңдар.
Әр топқа
Қой 3құйымшағын
сұрақтан беріледі.
жануарларға байланысты жұмбақ шешіп
тұштақай боласың деп балаға
көріңдерші
1. Ботақандар тобы: 1. Түйе жасына қарай қалай аталады?
бермейді; 1. Кішкене ғана бойы бар,
2. Түйенің сүті қалай аталады?
Айналдырып киген тоны бар.(Қой)
Қой жүнін
3. Түйенің жүнінен өртеуге болмайды;
нелерАлжасалады?
Тәрбиеші: осы жерден қойды кім тауып
Түн ішіндекөрсетеді?
1. Құлыншақтар қорадағы
тобы: 1. Жылқы малды санамайды;
жасына қарай қалай аталады
(Жұмбақ шешкен кезде балалар
Қой қоздап
2. Жылқының сүті жатқанда
қалай аталады?
жануарлардың малды
макетін сатпайды, біреуге
көрсетеді)
сыйламайды.
3. Жүйрік аттарды Малдың
қалай
Шопан Кезіктіқұты
атайды?
ата: 2. қашады;
бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.(Түйе)
3. Бұзауқандар
Қой төлдеп тобы:
жатқан
3. Басында
1. Сиырдың
екі уақытта
сүтінен жасалатын заттарды
таяғы бар, қан шығаруға
ата.
болмайды;Төрт аяғы бар.
2. Сиырдың етінен Бірақжасалатын заттарды ата.
тағы сақалы бар.(Ешкі)
Қандай
3. Жасына жақын
қарай сиырды адам
4. Екі айнасы болса
бар,
қалай да түн ішінде қорадан
атайды?
Екі найзасы бар.
мал ұстап
4. Қошақандар Төртбермейді.
тобы: 1. Қойды
жылтырмағы
Өйткені
жасына
бар,
қой
қарайжатқан
қалайқорада
атайды?
бақ тажүнінен
2. Қойдың жатады екен.дайындалады?
нелер
Бір шыбыртқысы бар.(Сиыр)
5. Екеу елеңдеп келеді,
3. Қойдың терісінен нелер дайындалады?
Төртеу төбелесіп келеді.(Жылқы)
ҚОЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР
Сәбидің тілі мезгілінде шықпаса, нағашысының үйіне апарып,
қой сойдырып, соның тоқ ішегін мойнына байлап береді. Сонда
баланың тілі шығады деп саналады;
Үй-жайды қорғайды деп қойдың кәрі жілігін босаға іліп қояды;
Күйеу жігіттің «есікашар» дәстүрі орындалған соң, қыз
ағасының үйінде өлі-тіріге арнап күйеу жігіт алып келген еркек
қой сойылып, аруақтарға арналады. Ауыл ақсақалдары
шақырылып, табақ тартылады. Бата сұралады. Өлі-тіріге
сойылған қойдың етінен қалыңдық дәм татпауға тиіс. Халық
сенімі бойынша, дәм татқан қыз ауруға шалдығады;
Қазақта қой қырқып, жүн сабаған және киіз басқан кезде жел
соқса, жүнді ұшырып кетеді деп екі тал шиді немесе шөмшекті
айқастырып, жүнмен байлап қояды. Онысы жел шамынан
сақтану болса керек;
Қозының құйрығы мен енінің кесіндісін құмырсқадай көп
болсын деп илеуіне тастаған.
Қорытынды.
Қой шаруашылығы - қазақ халқының ежелден келе жатқан тарихи дәстүрлі мал
шаруашылығының саласы. Халқымыздың тұрмыс тіршілігі, күнкөріс көзі қой
шаруашылығымен тікелей тамырласып жатыр. «Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір»
деген сөздерде терең ұғым бар. Мүшел жыл санауда қой 8-жыл. Қой да киелі түліктің бірі.
Оның пірі - «Шопан ата» (кейде «Қошқар ата») деп аталады. Сондықтан Шопан атадан тілеу
тілегенде «малды берсең, қойды бер» деп өтінген. «Бірінші байлық - денсаулық, екінші
байлық - ақжаулық, үшінші байлық - он саулық» деген ұғым қойға қатысты. Он саулықтың
басын құрайтын кәсіптің иесі - қойшы (шопан).
Қазақстанда қойдың құйрық майын өндіру - ет және май өнімдері өндірісін арттыруда басты
бағыттардың бірі. Сол себепті, халық шаруашылығы үшін жоғары сапалы құйрық май мен
қой өнімінің көп мөлшерін өндіруге мүмкіндік беретін құйрық майлы бағыттағы биязы қой
шаруашылығын дамытудың маңызы зор.
Міне , осы ғылыми жобамызда қой шаруашылығының маңыздылығын, соның ішінде құйрық
майдың ,сүттің ерекешелігін ашып айттым деп ойлаймын. Жүнінің, сүтінің, етінің тіпті
майының да емдік қасиеті жоғары қойды бағу үлкен пайда әкеледі. Келген қонағыңды
атқарады. Қомақты қаражат та болады. Бұрынғы көшпелі ата-бабаларымыз "Мал өсірсең қой
өсір, табысы оның көл-көсір" деп бекер айтпаған
Қазіргі жеке кәсіпкерлікті
Ұсынысым ашуға үндеп жатқан заманда
осы қой шаруашылығының
зор пайдасы бар екендігін
қазіргі жас ұрпаққа
дәлелдеу үшін қойдан
алынатын өнімдердің
дайындалу жолдарын еңбек
пәні оқулықтарына енгізілсе
.
.

Жаңалығым Тұздалмаған қойдың құйрық
майын шыжғырып, түскен майына
ампициллин ұнтағын араластырып,
іріңді жараларға жақса ізі қалмай
жазылып кетеді. Еш укол мен
қымбат мазьдардың керегі жоқ.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
ҚОЙ ЕТІ ЕШКІ СҮТІ
Төрт түлігім - ырысым!
Қазақ отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері
Ұяң жүнді құйрықты қолтұқымдар
Қой шаруашылығы мал шаруашылығының басты саласы
ҚОЙ ТҰҚЫМДАРЫ
Төрт түлік
Етістіктен өткенді қайталау туралы ақпарат
Етістік мағыналы фразеологизмдердің семантикасы
Сөзде қанша
Пәндер