Тәрбие үдірісінің мақсаты мен міндеттері және оның әлеуметтік сипаты




Презентация қосу
Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті

БӨЖ
Тақырып: Тәрбие үдірісінің мақсаты мен міндеттері
және оның әлеуметтік сипаты

Орындаған: Мырзахметов
Убайдулла
Топ: ЖХМ 111
Қабылдаған: Поштанов С
Адамзат тарихының қай кезеңінде болмасын, тəрбиенің
тиімділігін жетілдіру ісі жүзеге асырылып келеді. Бұл істі
жүзеге асыру процесі əрбір қоғамдағы мемлекет
қажеттіліктеріне бағындырылады. Тəрбие мақсаты –
нақты тəрбие міндеттерінің жүйесі, ол педагогикалық
процесс пен қоғам қажеттілігіне қарай өзгеріп отырады.
Тəрбие мақсаты қоғамның əлеуметтік сұранысына
байланысты жəне оның табысты орындалуы ұстаздың
кəсіби даярлығына байланысты, мұраттарға қол жеткізуге
бағытталған. Тəрбие мақсаты – педагогиканың ең
маңызды мəселесі. Мақсат – тəрбиенің жалпы
мақсаттылығынан, тəрбие жүйесінің сипатын
айқындаушы ретінде көрінеді. Мақсат пен міндет бүтін
жəне бөлшек ретіндегі арақатынаста, жүйе мен оның
компоненттеріне тəуелді болады
Тəрбие мақсаты жалпы жəне жеке болып келеді.
Біріншісінде барлық азаматтардың сапалық құндылықтары
қарастырылса, екіншісінде жеке тұлғаның қалыптасуы
көзделеді. Тəрбие мақсатын тұжырымдауда табиғат, адам,
қоғамның объективті даму заңдылықтары міндетті түрде
есепке алынады. Тəрбие мақсатын анықтауда маңызды
себептердің қатарына жататындар – мақсатты құрастыру,
оны белгілі бір заңдылыққа негіздеуді есепке алу. Тəрбие
мақсатының ең алғашқы əлеуметтік негізі - əрбір
даралықтың дамуы табиғаттың адамға генетикалық
тұрғыдан берген мүмкіндіктерін дамыту, сол арқылы оның
тұлғасын қалыптастыру. Өйткені тұлғаның дамуы белгілі
бір əлеуметтік жағдайға байланысты жүзеге асады. Адам
мен қоғамның өзара тəуелділігі тəрбие мақсатының екінші
негізі болып табылады
Тəрбие мақсатының негізгі компоненттерін
философиялық категориялардың тізбегімен
сипаттауға болады: мотив – қажеттілік –
қызығушылық – мақсат. Сонымен, мақсат – іс-
əрекет нəтижесін күні бұрын ой-тұжырым арқылы
болжау болып табылады. Жалпыадамзаттық
тұрғыдан қарағанда тəрбие мақсаты – тұлғаны
жанжақты жəне жарасымды, үйлесімді етіп
тəрбиелеу. Тəрбие мақсатына байланысты
балаларға білім мен тəрбие берудің негізгі
жолдары белгіленеді, тəрбиелік іс-əрекеттердің
мазмұны анықталады, білім беру мен тəрбиелеудің
нақты əдістері қарастырылады.
Педагогика ғылымы тəрбиенің мақсаты жеке адамды
жан-жақты дамыту, əділетті қоғамды өз қолымен
құратын жəне оны қорғай алатын етіп тəрбиелеу деп
қарастырады. Тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, дамыту
деген ұғымды оқу мен жастардың практикалық
еңбегінің тікелей байланысы, дененің жəне ақылой
дамуының біртұтастығы ретінде түсіну керек. Адам
баласының жарқын болашағы толығымен жас
ұрпақты тəрбиелеу ісіне тəуелді. Мектептегі
тəрбиенің басты мндеттері – теориялық білімді
еңбекпен, өмірмен байланыстыра жүргізу, оларды
политехникалық, экономикалық, экологиялық
білімдермен қаруландыру, кəсіптік бағдар беру.
Адам іс-əрекеті, сезімі мен ойлау
ерекшеліктері оның өмір сүріп отырған
қоғамдық-тарихи жағдайларына тəуелді
болады. Қоғам дамуының белгілі
сатысында педагогикалық, философиялық
ой-пікірлер пайда болып, қалыптаса
бастады. Тəрбие беру мақсатын анықтау ең
басты мəселеге айналды. Осыған орай
балаларға білім мен тəрбие берудің негізгі
жолдары белгіленеді, тəрбиелік іс-
əрекеттердің мазмұны анықталады, білім
беру мен тəрбиені ұйымдастырудың нақты
мəселелері мен əдістері қарастырылады.
Тəрбие процесіне тəн ерекшеліктер:
- мақсатты бағыттылық (мақсаттың түсінікті болуы
нəтиже тиімділігінің кепілі);
- мақсаттар бірлігі (тəрбиеші мен тəрбиеленушінің
арасындағы қызметтестіктің көрсеткіші);
- нəтиже ұзақтығы (оқу процесіндегідей нəтиже
бірден көрінбейді); - көп жағдаяттылығы (тұлға көп
əрі сан қилы ұнамды да, ұнамсыз да ықпалдарға
кезігеді. Тəрбие барысында олар реттеледі.
Тараптардың тұлғаға болған ықпалы өзара сəйкес
келсе, тəрбие нəтижесі тиімді болады.
- ауыспалылығы (тəрбиеленуші мақсатты, көзделген
жəне кездейсоқ əсерлерге бірдей кезігіп отырады)
үздіксіздігі (ешқандай науқанды, бір мəртелік шара
қаншама жарқын болмасын, аса ыждағаттылықпен
жүйелі дайындалған тəрбие істерінің орнын баса
алмайды);
- кешенділігі (тəрбие мақсаты мен міндеттерінің ,
мазмұн, форма жəне əдістерінің бірлігі);
- баламалылығы (тəрбиеленушілер даралық
ерекшеліктері жəне əлеуметтік тəжірибесінің əр
түрлілігімен ажыралады. Тəрбие процесінде бұлар
ескерілуі шарт, себебі əсері бірдей болғанның өзінде
де тəрбиелік нəтиже əрқилы болуы ықтимал);
- екі тараптылығы (тəрбиелік ықпалды жүргізуші –
мұғалім, ол ықпалды қабылдаушы - оқушы);
- тəрбие процесі - өмірлік, ол қозғалмалы да ауыспалы;
Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз ешбір
қоғамның алға дамуы, өркендеуі мүмкін емес.
Еліміздің әлеуметтік — экономикалық
дамуын жеделдету кезеңінде адам факторы жаңа
негізде қаралып жаңа адамды қалыптастыру
барысында әрбір жас өспірімнің субъективтік
талап-тілегін, бейім-қабілетін және тіршілік өмір
сферасында белсенді саналы творчестволық
қасиетін одан әрі дамытады. Өйткені, жеке
адамның әлеуметтік белсенділігі артқан сайын,
оның терең мағыналы қоғамдық мәселелерді
шеше білуге құшына кірісіп, айналасын қоршаған
адамдармен адамгершілік-психологиялық
байланыстары күрделеніп, қоғамның саяси-
экономикалық қарым-қатынастары жүйесінде
әлеуметтік творчестволық көлемдері өрбіп, оның
мәні арта түспек.
Жас ұрпақтарға аға буынның жинақтап
берген әлеуметтік бай тәжірибесін беруде,
қайта құру идеологиясын сана — сезімдеріне
сіңіруге, мағыналы мінез-құлық нормалары
мен жүріс-тұрыс, әдет-дағдыларын
қалыптастыруда кешенді тәрбиені– қоғамдық
функция атқарады. Осы орайда, тәрбиеге
жүктелетін ең басты мақсат — қоғамға
қажетті адамгершілік қасиеті жоғары,
еңбексүйгіш, ғылыми дүниетанымы
қалыптасуы үстіндегі, эстетикалық талғам –
сезімі мен дене күші мығым, белсенді өмірлік
позициясы айқындалған жас өспірімді
дамытып қалыптастыру.
Пайдаланылған әдебиеттер
А.М. БАЙМУХАНОВА, М.А. ҚҰСАЙНОВА ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА
Қарағанды 2011
Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА Оқулық Алматы
2005
https://ulagat.com/2020/06/29/%D1%82%D3%99%D1%80%D0%B1%D0%B
8%D0%B5%D0%BD%D1%96%D2%A3-%D0%BC%D0%B0%D2%9B%D1%8
1%D0%B0%D1%82%D1%8B-%D0%BE%D0%BD%D1%8B%D2%A3-%D3%
99%D0%BB%D0%B5%D1%83%D0%BC%D0%B5%D1%82%D1%82%D1%9
6%D0%BA-%D1%82%D2%B1
/


Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық үдерістегі мақсаттардың иерархиясы
Педагогика ғылымның әдіснамасы
Ата - анамен жұмыс түрлері
Білім беру үрдісін басқаруды құжаттармен қамтамасыз ету
Психология пәнінің теориялық және методологиялық негізі, ғылыми негізі
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы
Тәрбие әлеуметтік құбылыс
Жоғары мектеп педагогикасының нысаны мен пәні, міндеттері
Тәрбие ұғымы
Тәрбиенің парадигмасы
Пәндер