Дарынды балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі


Slide 1

Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Жаратылыстану факультеті

ОБӨЖ

Тақырыбы: «Дарынды балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі. »

Қабылдаған: Данияров Т. Ә.

П. ғ. к., профессор

Орындаған

Түркістан - 2022 жыл

Slide 2

Жоспар

Кіріспе.

Дарынды балалардың ерекшеліктері;

Дарынды оқушының ақыл-ойы;

Дарынды балалармен жұмыс;

Қорытынды.

Slide 3

Кіріспе

Сыныптадарынды балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі. Дарынды оқушыларды анықтау, олардың шығармашылықпен айналысуына Қазақстан республикасының Президенті Назарбаевтың Жарлығы шықты. Қазіргі уақытта дарынды балалармен жұмыс істейтін бірнеше жұмыс формалары бар: пәндік олимпиадалар, балалардың көркем әдеби шығармашылық конкурстары, спорт ойындары. Дарынды оқушылармен жұмыс пән мұғалімдерінің ата-аналармен, психологтармен, мектеп әкімшілігімен тығыз байланыс жағдайында өткізіледі. Мектебімізде дарынды балалармен жұмыс жоспарға сәйкес жүргізіледі. Мектеп базасында дарынды балалармен жұмыс істеудің формалары:

- үйірмелер, қосымша сабақтар, секциялар;

- білім саласы бойынша әр-түрлі конференциялар, олимпиадалар, турнирлер;

- оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін интеллектуалды ойындар ұйымдастыру;

- мұғалімдердің басқаруымен жеке және топтық жұмыстар;

- «Жазғы мектеп» жұмысы;

Slide 4 Slide 5

Дарынды балалардың ерекшеліктері

Нәтижеге бағдарланған білім берудің негізі оқушының дара тұлғалық, дарындылық қабілеттерін дамытумен анықталады. Бүгінгі таңда білім беруде оқушыға тек қана білім, білік дағдыларын ғана қалыптастырып қоймай, алған білімін өмірлік қажеттілігіне жарата алып, оны шығармашылықпен іске асыру жолдарын игеруді үйрету, оқуға деген танымдық қызығушылық қабілетін арттырып, өз білімін әрқашан кеңейту қажеттілігін сезінуге жетелеу көзделеді. Бүгінгі білім беру үрдісінде мұғалім өзінің теориялық білімі арқылы оқушы бойына өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастырады. Мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Дарынды балаларға білім беруді ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу ерекше дарынды балалардың интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Дарынды оқушымен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызды орын алады.

Slide 6

Балам дейтін жұрты болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шығады?А. Байтұрсынов. ХХІ ғасыр -білімділер ғасыры. Ғасыр талабына сай зерделі, ой-өрісі жоғары азаматты қалыптастыру- мемлекетіміздің стратегиясы болып отыр. Дарындылықты дамыту білім саласына қатысты заңнамаларда жақсы көрініс тапқан. Мысалы, 1989 жылы 20 қарашада БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған «Бала құқықтары туралы» конвенцияның 29, 31 баптарында қатысушы мемлекеттер баланың «… жеке тұлға ретінде дамуына, баланың бойындағы дарынын және ақыл-есін, дене бітімдік қабілеттерін барынша толық дамытуға, …келіседі», «…Білім алу тұлғалық, дарындық, саналық және шымырлық қабілеттің барынша дамуына бағытталуы керек » делінген. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 17 шілдедегі қабылданған «Білім туралы» заңында «жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» білім беру жүйесінің міндеттері деп көрсетілген. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді. Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс. Дарындылықты анықтаудың дайын үлгісі, әдіс-тәсілдері жоқ. Дарындылық, жеке қабілеттілікті дамыту, интеллектуалдық, шығармашылық мәселесіне педагогтар, психологтар, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой-пікірлер жинақталған. Бұл мәселенің түп тамыры ғасырлар тереңінде жатыр. Адамның психологиялық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтерінің еңбектерінде кездеседі. Қабілеттілік пен дарындылық мәселесі- Орта Азия мен Қазақстан ойшылдарын да толғандырған мәселе.

Дарыны балаларлың ақыл-ойы

Slide 7

Мысалы, Әл-Фараби «Бақытқа жету трактаты» еңбегінде этикалық мәселелермен қатар, адам қабілеттілігіне білім беруде түрлі озық әдіс-тәсілдерді қолдану жолдарына көңіл бөледі. Абай «жетінші қара сөзінде» баланың ақыл-ойы, қабілеттілігі туралы мынадай пікір айтады: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі- ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар- тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, таппайды. Біреуі білсем екен деп, не көрсе соған талпынып, жалт-жұлт еткен болса, оған қызығып, аузына салып дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да тұра жүгіріп, «ол немене?» «бұл не?» деп, «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп, көз көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені». Баланың білсем екен, үйренсем деген талабын ұштайтын, жеке ерекшелік қасиет, қабілеттерін ескере отырып оларды біліммен, іскерлік, дағдымен қаруландыратын, танымдық ой-өрісін және шығармашылық әлеуетін дамытатын мұғалім-ұстаздың ерекше мақсатты қызметінің қажеттілігі жоғары. Шәкәрім Құдайбердиевте «Насихат» атты өлеңінде өмірдің тұтқасы өнер мен білімде, өнерлі озады, білімді ғаламды билейді, ғылым таусылмас кен, оны жас күніңде үйрен деп насихаттайды. Сондықтан қай уақытта да дарынды тұлғаны дамыту өзекті мәселе болып келеді. Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады.

Slide 8 Slide 9

Дарынды балалармен жұмыс.


Ұқсас жұмыстар
Сынып жетекшісінің бала тәрбиесінде ата - аналармен ынтымақтастығы
Оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетін дамыту
Дарынды және талантты баланы анықтау
Миға шабуыл жасау
Педагогтың кәсіби өзін – өзі тануы және өзіндік дамуы туралы ақпарат
Дарынды балаларды анықтау жолдары
ДАРЫНДЫ ЖӘНЕ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРҒА МҰҒАЛІМ
Балалардың дарындылығын бақылау
Шығармашылық дарындылық
Пән мұғалімдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz