Фотосинтез: тарихы, механизмі және биологиялық маңызы


Slide 1

Фотосинтез

Фотосинтез - жасыл жапырақ органоидтері, яғни хлоропласт арқылы күн сәулесі энергиясының химиялық байланыс энергиясына айналу процесі. Фотосинтез нәтижесінде жер жүзіндегі өсімдіктер жыл сайын 100 миллиард тоннадан астам органикалық заттар түзеді

Slide 2

Фотосинтезді алғаш зерттеушілер Швейцария ғалымдары Ж. Сенебье, Н. Соссюр және неміс химигі Ю. Майер болды. 19 ғ-ң 2-жартысында К. А. Тимирязев күн сәулесі энергиясы фотосинтез процесінде хлорофилл арқылы сіңірілетінін анықтады.

20 ғ-ң басында фотосинтездің физиологиясы мен экологиясына арналған маңызды зерттеулер жүргізіледі (В. В. Сапожников, С. П. Костычев, В. Н. Любименко, А. А. Ничипорович т. б. ) . 20 ғ-ң орта кезінен бастап фотосинтезді зерттеуде жаңа әдістер дамыды.

Slide 3 Slide 4

Фотосинтез аппаратының негізі - клетка ішіндегі органелла-хлоропластар. Балдырлардың көпшілігінде фотосинтездік аппарат - клетка ішіндегі арнайы органелла-хроматофорлар, ал фотосинтездеуші бактериялар мен көк-жасыл балдырларда тилакоидтер. өсімдік фотосинтез процесінің негізі - тотығутотықсыздану. Мұнда квант энергиясы әсерінен 4 электрон мен протон су дәрежесінен (оның тотығуы) углевод дәрежесіне дейін көтеріледі. (СО2-ның тотықсыздануы)

Slide 5

Афтотрофты және гетеротрофты жасушалар

Пластикалық (анобализм) алмасу сипатына сәйкес табиғаттағы барлық жасушалар екі топқа бөлінеді. Хлорофилі бар өсімдік жасушаларының тірі табиғат үшін маңызы өте зор, себебі онда өзіне тән ерекше әрекеттер (процестер) жүріп жатады. Ол әрекеттер фотосинтез деген атпен ғылымға әйгілі. Фотосинтез дегеніміз күн сәулесі энергиясын химиялық байланыстар энергиясына айналдыратын күрделі механизмді әрекет.

Slide 6

Ағзалар тыныс алғанда қоректік заттар толық ыдырау үшін оттегі қажет екендігі баршамызға белгілі. Тынысалудың ең соңғы өнімі - көміртегі оксиді су жене бос энергия. Бұл соңғы өнімдер - фотосинтезге кажеттi негiзгi косылыстар болып табылады. Сондықтан, тынысалу фотосинтез кезiндегi энергияны жоққа шығарады.


Ұқсас жұмыстар
Фотосинтез: механизмдері, фазалары және биологиялық маңызы
Фотосинтез: тарихы, сатылары және тіршіліктегі маңызы
Фотосинтез: тарихы, механизмдері және экологиялық маңызы
Митоз: кезеңдері, механизмі және биологиялық маңызы
Стероидты гормондардың биосинтезі, әсер ету механизмі және биологиялық маңызы
Фотосинтез: механизмдері, құрылымы және биосферадағы маңызы
Дәріс 5. Фотосинтез: ұғымы, дамуы, маңызы және сыртқы факторлардың әсері
Биологиялық зат алмасу және фотосинтез: фазалар мен әсер ететін факторлар
Фотосинтез ілімінің даму тарихы: XVIII-XIX ғасырлардағы зерттеулер
Биологиялық мембраналар: құрылымы, иондық каналдар және электрогенез механизмі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz