НУРСАЙНОВНА ҒАРЫШКЕРЛЕР
Презентация қосу
Орындаған: Мәнсүр Сапархан
Нұрмаханұлы
.
ТЕКСЕРГЕН: БОРБАСОВА ГУЛЬНУР
НУРСАЙНОВНА
ТАҚЫРЫБЫ: ҒАРЫШКЕРЛЕР
Ғарышкер, астронавт (Батыс елдеріндегі баламасы: астро...
және nбutēs – теңізде жүзуші).), космонавт (ТМД елдерінде
- Космонавт: грек. kosmos –ғарыш және nautes – теңіз жүзушісі)
– ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық техниканы сынақтан өткізетін
әрі оны пайдаланатын адам; адамның ғарышқа ұшуынан кейін
(1961) пайда болған мамандық. Алғашқы ғарышкерлер әскери
ұшқыштар мен ұшқыш-сынақшылар қатарынан таңдалып
алынды. Өйткені ғарышқа ұшуға қажетті қасиеттер (ұшу
шеберлігінің жоғары деңгейде болуы, апатқа ұшырау
жағдайында жылдам шешім қабылдауы, шу, діріл, үдеу, т.б. әр
түрлі факторларға төзімді болуы, бақылау жұмыстарын жүргізіп,
оны қорытындылай білуі, т.б.) осындай мамандыққа лайықты еді.
Кейінірек КСРО-да да, АҚШ-та да ғарыштық кеме экипажына
қажетті арнайы білімі бар инженерлер мен ғалымдарды қоса
бастады. Ғарышкерлерді дайындау ісі бұрынғы КСРО-да 1960 ж.,
ал АҚШ-та 1959 ж. және 1962 ж. жүргізіле басталды. Тұңғыш
ғарышкер Юрий Гагариннен (1961) бастап ғарышқа үш жүзден
астам адам ұшты. Олардың ішінде қазақ ғарышкерлері
Тоқтар Әубәкіров(1991), Талғат Мұсабаев (1994, 1998, 2001) бар.
ҒАРЫШКЕРЛЕР ЖАЙЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ АҚПАРАТ
Ғарышкерлер тамағы Мәскеу облысының Ленин ауданында орналасқан Бирюлев тәжірибе
зауытында даярланады. Бұл цехта Гагариннен бастап, күні бүгінге дейінгі ғарышкерлердің бәріне
тамақ дайындалады. Алғашқыда ғарышкерлер тамағы 165 граммдық түбекшелерде
дайындалыпты. Одан алғаш ауыз тиген Гагарин болыпты. Оған көкте 108 минут болса да,
белгіленген тәртіп бойынша тоғыз түрлі тамақ – борщ, котлет қосылған картоп, түрлі шырындар
берілген. Технологтар мен конструкторлар ғарыш кемесінде сақталатын тамақтардың көп орын
алмауына, оларды сақтау кезінде бұзылмауына және оның өте дәмді болуына бастары қатыпты.
Ерлерге күнделікті 3200 килокалория, әйел ғарышкерлерге 2800 килокалория тамақ беріліп
отырыпты.
Ғарышқа алғашқы іс-сапарлар ұзақ мерзімді қамтымағандықтан, тамақ мәзірі гомогенді сұйық және
қою түрінде түбікшеде беріліп келген. Бертін келе ұшу мерзімінің ұзартылуына байланысты арнайы
консервіленген тамақтар ойластырылған. ХХ ғасырдың 70-жылдары үй жағдайында дайындалған
сублимерленген азық-түліктер беріле бастаған. Азық-түліктер – 70 градустық суықтықта сақталып,
+70 градустық ыстықта жылытылып берілетін болған.
Ғарышкерлердің күндік тамақ мәзірі таңертеңгілік, түстік, кешкілік және қалауы бойынша тәттілер,
жеміс-жидектер қосымша берілген. Сүт тағамдары мен әйелдер үшін тәтті тоқаштар беру де
ескерілген. Тамақ мәзірлері бірін-бірі қайталамайтын болған. Ғарышқа көтерілетін ұшқышқа өзіне
ұнайтын тамақтың алдын-ала дәмін татып көруіне де мүмкіндіктер беріліп отырған. Белгісіз әлемге
сапар алдында қай адамның тәбеті бола қойсын, десек те, жерде жүргенде туралған етті ұнататын
жан ғарышта рассольникті ұнатып қалатын кездері жиі болады екен. Мұндайда ғарышкерлер
қолдарындағы тамақтарын алмастырып жататын сәттері жиі болатын көрінеді. Соңғы уақытта
мамандар ғарышқа қияр, қызанақ, апельсин, алма, көк пияз бен сарымсақты көптеп жіберетін
болыпты. Бүгінгі таңда ғарышкерлер тамағы үш жылға жарамды етіп жасалады.
1961 жылдан бері ғарышта 400-ден аса адам болыпты. Солардың ішінде МКС-те қызмет
істегендерден артық ешкім тәтті тамақ ішіп көрмепті. Халықаралық ғарыш кемесі үшін француз
аспазшылары тартылатын көрінеді. Қазір ғарыш көгінде орыс, американ және еуропалық ас
мәзірлері тұтынылады екен. Нан-бөлке тағамдарынан үгітілмейтін, ауызға шайнауға ыңғайлы
тоқаштар ұсынылады.
Ғарышты игерген 55 жыл ішінде көкке 80 тоннадан астам азық-түлік жіберіліп, 50 мың тамақ түрі
дайындалыпты. Орта есеппен әр ғарышкердің түскі асы 18 мың рубльді құрайды екен. Бұл – азық-
СОЮЗ ТМ-32 ЭКИПАЖЫ - ДЕННИС ТИТО
(DENNIS TITO), ТАЛҒАТ МҰСАБАЕВ,
ЮРИЙ БАТУРИН
ҒАРЫШҚА ҰШҚАН ЖАНУАРЛАР
Жануарлар ғарышта болған алғашқы тірі жан иелері болды. Алғашында ғалымдар
адам баласы ғарышта ұзақ уақыт бойы салмақсыздық күйінде өмір сүре алмайды деп
ойлады. Сондықтан да салмақсыздықтың тірі жаратылысқа әсерін тексерту үшін олар
алдымен жануарларды ғарышқа аттандырды.
Жеміс шіркейлері
Ең алғашқы ғарышқа ұшырыған жәндіктерге жеміс шіркейлері жатады. Оларды 1947
жылы V-2 зымыраны бортында ұшырды. Зымыран шіркейлерді жүгерісі бар қораппен
бірге алып ұшты. Бұл тәжірибенің мақсаты жоғары биіктіктегі радиацияның
шіркейлерге әсерін тексеру болды.
Альберт 1,2 және 3.
Альберт 1 мен 2 – ғарышқа ұшырылған екі макака маймыл. Альберт1 1948 жылдың
11 маусымында ұшырылды. Ол Нью-Мехикодағы Аққұмадрдан "V-2 Блоссом" зымыраны
бортында ұшырылды. Ол ұшу кезінде тірі қалып, Жерге түскенде соққы әсерінен өлді.
Альберт-4 1949 жылдың 12 желтоқсанында ұшырылды. Бұл ең алғашқы сәтті ұшу
болып, маймылға ешқандай зиян келген жоқ. Бірақ Альберт-4 соққы әсерінен өлді.
Йорик-ғарышқа ұшыру кезінде тірі қалған ең бірінші маймыл. Йорик және оған қоса
11 тышқан ғарышқа 1951 жылдың 20 қыркүйегінде ұшырлды.
Ғарыштағы өрмекші торлары
Алғашқы ғарыштағы өрмекші торлары 1973 жылы Скайлэб бортына соғылды. Бұл
торды Арабелла және Анита деген екі еуропалық бақша өрмекшілері жасаған.
ҒАРЫШТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ИТТЕР
ҒАРЫШҚА ИТТЕРДІ АЛҒАШ РЕТ КЕҢЕС ОДАҒЫ ҰШЫРДЫ. 1951 ЖЫЛ МЕН 1952
ЖЫЛДАР АРАСЫНДА ТОҒЫЗ ИТ ЖҰПТАРЫМЕН ҰШЫРЫЛДЫ. ҮШ ИТ ЕКІ РЕТТЕН
ҰШҚАН. ИТТЕР ПАРАШЮТПЕН ҚАЙТА ОРАЛАТЫН ГЕРМЕТИКПЕН БЕКІТІЛГЕН
КОНТЕЙНЕРЛЕРГДЕ БОЛДЫ.
ЛАЙКА-ОРБИТАҒА ЖЕТКЕН ЕҢ БІРІНШІ ЖАНУАР. ОНЫ 1957 ЖЫЛДЫҢ 3
ҚАРАШАСЫНДА КЕҢЕС ОДАҒЫ ӘЛЕМНІҢ ЕКІНШІ ЖАСАНДЫ СЕРІГІ – "СПУТНИК-2"-
НІҢ БОРТЫНДА ҰШЫРДЫ. ЛАЙКА КАБИНАСЫНА ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ КАМЕРАЛАР МЕН
АЙНАЛАДАҒЫ ТЕМПЕРАТУРА МЕН ҚЫСЫМДЫ ӨЛШЕЙТІН СЕНСОРЛАР ОРНАТЫЛДЫ.
СЕНСОРЛАР, СОНЫМЕН ҚАТАР ЛАЙКАНЫҢ ҚАН ҚЫСЫМЫН, ТЫНЫС АЛУ ЖИІЛІГІН
ЖӘНЕ ЖҮРЕК СОҒЫСЫН ӨЛШЕП, МИКРОГРАВИТАЦИЯ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛДЫ.
СЭМ МЕН СЭМ ХАНШАЙЫМ 1959 ЖӘНЕ 1960 ЖЫЛДАР ҰШТЫ. СЭМ МЕРКУРИЙ
БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША "КІШІ ДЖО" БОРТЫНДА ҰШЫП , 85 КМ БИІКТІККЕ
ЖЕТТІ. АЛ СЭМ ХАНШАЙЫМ "КІШІ ДЖО 1В" БОРТЫНДА ҰШЫРЫЛДЫ. ОНЫҢ ҰШУЫ
ҚЫСҚА УАҚЫТТЫҚ БОЛЫП, ТЕК 13 КМ БИІКТІККЕ ҰШТЫ.
ЭЙБЛ ЖӘНЕ БЭЙКЕР- ҒАРЫШ СНАРЯДЫ БОРТЫНДАҒЫ БИОКАПСУЛАДА
ҰШЫРЫЛҒАН ЕКІ МАЙМЫЛ. ЭЙБЛ-АМЕРИКАНДЫҚ МАКАКА БОЛСА, БЭЙКЕР ПЕРУЛІК
ТИІН ТӘРІЗДІ МАЙМЫЛ БОЛДЫ. ЭЙБЛ ЖӘНЕ БЭЙКЕР – ҒАРЫШҚА ҰШУДА ТІРІ
ҚАЛҒАН ЕҢ БІРІНШІ МАЙМЫЛДАР. ЭЙБЛ ҰШУДАН ТӨРТ КҮННЕН СОҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ
ОПЕРАҢИЯ БАРЫСЫНДА ӨЛДІ, АЛ БЭЙКЕР АЛАБАМАДАҒЫ ХАНСТВИЛЛДЕ АҚШ-ТЫҢ
ҒАРЫШ ЖӘНЕ ЗЫМЫРАН ОРТАЛЫҒЫНДА ӨМІР СҮРДІ. ОЛ 1984 ЖЫЛЫ ӨЛДІ.
ХЭМ-АСТРОНОМИЯЛЫҚ ШИМПАНЗЕ
ХЭМ ҒАРЫШҚА ҰШЫРЫЛҒАН БІРІНШІ АДАМ ТӘРІЗДІ МАЙМЫЛ БОЛДЫ. ОЛ ҰШУ ҮШІН
ҚЫСҚА ТІЗІМГЕ ЕНГІЗІЛГЕН 40 ШИМПАНЗЕ ІШІНЕН ТАҢДАЛДЫ. 1961 ЖЫЛДЫҢ 31
ҚАҢТАРЫНДА ҰШЫРЫЛДЫ. ҰШУ 16 МИНУТ 39 СЕКУНДҚА СОЗЫЛЫП, КАПСУЛА
АТЛАНТ МҰХИТЫНА ҚҰЛАДЫ. ХЭМДІ ҚҰТҚАРУ ТОБЫ СУДАН ТАБЫСТЫ ТҮРДЕ
ШЫҒАРЫП АЛДЫ. ХЭМНІҢ ҰШУЫ КЕЙІН ЕНОС ШИМПАНЗЕ ЖАЛҒАСТЫРДЫ. ЕНОС
.
ЖЕРДІ СӘТТІ АЙНАЛЫП ШЫҚТЫ.
.
ҒАРЫШҚА ҰШҚАН 5 ЖАНУАРЛАР
1. 1959 жылы ғарышқа Авель және Бейкер маймылдары ұшқан.
Олар ғарыштағы саяхатты жақсы өткерген, алайда зерттеуге
арналған тетіктерді шешу кезінде бірі өлген. 2. Маймылдардан
басқа ғарышта тасбақа, мысық, және ит ұшырылған. 3. Ең
алғаш ғарыштық зерттеулер 1949 жылы иттерге жүргізілген.
Иттердің ғарышқа ұшуы үшін бойы 32 см, салмағы 6кг болу
керек болған. Оларды ғарышқа ұшырмас бұрын алдын ала
дайындық жұмыстары жүргізілген. Иттердің алғашқы ғарышты
сапары сәтті болған. 4. Ең алғаш 1957 жылдың 3 қарашасында
жер аумағындағы орбиталық ұшуға Лайка есімді ит ұшқан. Ол
кезде космостық құрылғылардың жерге қайтып келуі екіталай
болғандықтан ит ғарышта тек 1 апта тіршілік етеді деген
болжам жасалған. Алайда, ғарыш кемесінде салмақсыздық
байқалып ит ыстықтан өлген. 5. 1960 жылы ғарышқа Белка,
Стрелка иттері мен тышқан, егеуқұйрық, шыбын ұшырылған.
Ғарыш кемесі жерге сәтті оралған. Осы ұшырылымнан кейін
ғарышқа адам барады деген тұжырым жасалған.
ҒАРЫШКЕРЛЕР
.
.
.
ТОҚТАР ОҢҒАРБАЙҰЛЫ ӘУБӘКІРОВ (27
ШІЛДЕ 1946 ЖЫЛ, ҚАРҚАРАЛЫ АУДАНЫ,
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ, ҚАЗАҚСТАН) —
ҚАЗАҚТАН ШЫҚҚАН ТҰҢҒЫШ ҒАРЫШКЕР,
ҰШҚЫШ, КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ (1988),
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ(1995), ТЕХНИКА
ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДОКТОРЫ (1998), ПРОФЕССОР
(1997), ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ
ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ПРОФЕССОРЫ
Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін (1969), Авиация институтын бітірген
(1979).
Қазақстан Республикасының маркасы
.
1962 – 1965 жылы Теміртау құйма-механика зауытында токарь болды, есімі облыстың Құрмет кітабына алтын
әріппен жазылды (1964).
1969 – 1975 жылы Кеңес Одағы Әскери-әуе күштерінің Қиыр шығыс әскери округінде ұшқыш, звено командирі,
эскадрилья командирінің орынбасары.
1975 – 1976 жылы Мәскеу ұшқыштар-сынақшылар мектебін, Мәскеу авиация институтын бітірген (1979).
1976 – 1992 жылы Мәскеудегі А.Микоян атындағы Тәжірибелік конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшысы
міндеттерін атқарды.
1988 жылы Кеңес одағында тұңғыш рет әуеде ұшаққа 2 рет жанармай құйдыру арқылы солтүстік полюске ұшу
сапарын ерлікпен орындады.
1989 жылы 1-болып, авиатасушы крейсердің алаңқайшасына «МиГ-29к» реактивті ұшағын үлкен шеберлікпен
дәл қондырды. Сондай-ақ, ол реактивті ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан өткізді.
1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды.
1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол
жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир»
орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина
салалары және Арал туған аймағы бойынша ғылыми-зертуған жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде
Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей
аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Сондай-ақ, Қазақстан аумағындағы атмосфераны
және жер бетін зерттеу, жұлдызды аспан астрофизика бақылау жұмыстары да ойдағыдай өтті. 1991 жылы 10
қазанда Жерге оралды. Ғарыштан оралған соң Қазақстандағы ғарыштық даярлығын зерттеулердің негізін
қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын
жолға қоюға белсене араласты.
1992 – 1993 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1-орынбасары
1993 – 1994 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыштық агенттігінің бас директоры – Ғылым және
жаңа технология министрінің орынбасары
1994 – 95 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты – Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің
төрағасы болды.
1996 жылдан Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
2001 жылы №44 Қызылорда сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің мәжілісіне депутат
болып сайланды. Қызылорда қаласының құрметті азаматы.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылым депутаты, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13 шақырым депутаты,
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 3-ші шақырылым депутаты болып сайланған.
ҒАРЫШҚА ҰШУЫ
1991 Ю.А. Гагарин атындағы ғарышкер дайындау орталығында
әзірлігін бастады, сынаушы ғарышкер-ұшқышы, сынаушы. «Союз
ТМ» ғарыш кемесінде және «Мир» орбиталды кешенінде
сынаушы ғарышкер-ұшқышы жылдамдатылған машықтануын
ұшу бағдарламасы бойынша өтті.
1991 жылы қазанның 2-інде Тоқтар Әубәкіров зерттеуші
ғарышкер есебінде, Александр Волков және аустрия ғарышкері
Франц Фибөк, «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға
кірісті. Апта бойы «Мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеді.
1991 жылы қазанның 10-ында Тоқтар Әубәкіров, Анатолий
Арцебарский, аустрия ғарышкері Франц Фибөк «Союз ТМ-13»
ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өткізген
мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минут.
Марапаттары
«Халық қаһарманы»атағы
«Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағы
«Отан» ордені (1995)
КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ:
«Знак Почета» (Құрмет Белгісі) ордені (1987)
«Герой Советского Союза» (Кеңес одағының батыры)
атағы (1988),
«Золотая Звезда» (Алтын Жұлдыз) медалі (1988)
«Ленин» ордені (1988),
«Заслуженный Летчик-испытатель КСРО» (КСРО-ға
еңбек сіңірген сынақшы ұшқыш) (1990)
«Летчик-космонавт КСРО» (КСРО ғарышкер-ұшқышы)
(1991)
«Октябрьская революция» (Қазан төңкерісі) ордені
(1991)
Австрия Республикасының:
«Алтын Крест» ордені 1988)
«Алтын Крест» ордені (1993)
.
БАРЛЫҒЫ ҮШІН ЖӘНЕ НАСАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ !!!!
КҮНТЕРІҢІЗ СӘТТІ ӨТСІН. ӘР ҚАШАН
КҮЛІМСІРЕП ЖҮРІҢІЗДЕР.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz