Мектептің отбасымен жүргізетін жұмыстары


Slide 1

Мектептің отбасымен жүргізетін жұмыстары

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

7М01307 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Орындаған: мПиМНО-11 тобының магистранты Копжасарова Г. Б.

Тексерген: п. ғ. к, доцент Ергалиева Г. А.

Орал, 2024ж.

Slide 2

Жоспары:

Мектеп және отбасы тәрбиесін және олардың байланысын зерттеген ғалымдар;

Бала тәрбиесіндегі отбасының және мектептің рөлі;

Педагогика практикасында оқушылар ата-аналарымен мектеп пен сынып жетекшісінің жұмысының 5 түрлі қызметі;

Қорытынды

Slide 3

Қазіргі заман мектебі ата-аналарды да, балаларды да тәрбиелейтін, оларды өз тәрбие ықпалының объектісіне айналдыратын жетекшінің қызметінен бас тартуда. Баланың жеке тұлғасының дара қасиеттерін қалыптастыруда отбасы үлкен мүмкіндіктерге ие. Осы күнделікті отбасылық өмірде, отбасының дәстүрлері мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі мен тарихы, отбасы мүшелерінің ортақ қызығуы және мақсат-мүдделері арқылы іске асады. Бұл мүмкіндіктерді мектептің мүмкіндіктерімен үйлестіру-табысты тәрбиенің тағы бір негізі.

Slide 4 Slide 5 Slide 6

Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы әлеуметтік институт отбасы болып табылады. Себебі, бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Ата-аналардың және отбасындағы үлкендердің басшылығымен балалар тұңғыш рет айналасындағы дүниені танып, өмірге және еңбекке дайындалады. Олардың көзқарасы және нанымы, мінез-құлық дағдылары мен әдеттері отбасында қалыптаса бастайды. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы тәрбиешісі әрі ұстазы ата-аналар болып табылады. Отбасы мектеппен бірлесіп оқу-тәрбие үрдісінің табысты не табыссыз болуын анықтайтын тәрбиелеуші ортаның факторларының маңызды кешенін туғызады.

Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі

Slide 7

Бала тәрбиесіндегі мектептің рөлі

Мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеуде мектеп шешуші роль атқарады. Оның маман тәрбиеші кадрлары бар және ол өзінің жұмысын ең алдыңғы қатарлы педагогикалық теория негізінде жүргізеді. Мемлекет балалар тәрбиелеуде отбасыға мектеп арқылы көмектесіп, отбасылық тәрбиенің мазмұны мен ұйымдастырылуына әсер етіп отырады. Мектеп мемлекеттік мекеме есебінде отбасыны соңынан ертіп, балаларды дұрыс тәрбиелеуге жәрдемдесуге, ата-аналар арасында педагогикалық насихатты белсене жүргізуге міндетті. Отбасы оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруға өз тарапынан мектепке көмектеседі.

Slide 8

Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл атқарады. Сынып жетекшінің жұмысынан отбасы мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің мәні мен маңызын, ұстанатын бағыттарын түсінеді әрі оған қатысады. Педагогика практикасында оқушылар ата-аналарымен мектеп пен сынып жетекшісінің жұмысының 5 түрлі қызметі анықталған.

Slide 9

1-қызметі. Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны мен әдістемесімен таныстырады. Алғашқы ата-аналар жиналысында сынып жетекшісінің өзі ата-аналармен танысады және оларды өзінің педагогикалық ұстанымдарымен таныстырады, өзінің болашақта жүргізетін жұмыстарының бағдарламасымен, мақсат, міндеттерімен және тәрбие жұмысының жоспарымен таныстырады, өзекті мәселелерді бірігіп талқылайды.

Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісіне төмендегідей әрекеттер арқылы тартады:

· Балалар мен олардың ата-аналарының шығармашылық күні;

· Ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар;

· Мектеп пен сыныптың материалдық-техникалық базасын күшейту және сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастыруға көмек көрсету;

· Шефтік көмек;

· Ата-аналардың мектеп кеңесі жұмысына қатысуы.

Slide 10

2-қызметі. Ата-аналармен педагогикалық-психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру. Оны келесі әрекеттер арқылы жүзеге асырады:

· Тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата-аналарға арналған мектептік, сыныптық конференциялар ұйымдастыру;

· Ата-аналар университеттері;

· Қызығушылықтары негізінде ата-аналар лекторийлері: дарынды балалар, қиын балалар, түрлі үйірмелерге қатысатын балалардың ата-аналары үшін деп бөліп өткізуге болады;

· Сыныптық ағарту жұмыстары тәрбие міндеттеріне байланысты, оқушылар мен сынып ұжымын жүйелі зерттеу бойынша; оны түрлі формада мәселелік конференциялар, жеке және топтық кеңестер беру түрінде өткізуге болады.

· Психологиялық, педагогикалық, медициналық, заң туралы кеңестер;

· Тренингтер;

· Ата-аналарға арналған әдебиеттерге шолу көрмесін ұйымдастыру және оқырмандар конференциясын өткізу.

Slide 11

3-қызметі. Ата-аналарды балалармен бірлескен әрекетке тарту. Оның формалары:

· Сынып жетекшісі ұйымдастырған сабақтан тыс барлық әрекетке қатысу (жорық, серуен, саяхат, жөндеу жұмыстары, сенбіліктер, турнирлер) ;

· Жалпы мектептік дәстүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды қатыстыру (түлектер кештері, туристердің мектептік слеті, мектеп бітіру кештері, ардагерлермен кездесу және т. б. ) ;

· Республика және оның шегінен тыс алыс жорықтарға шығуды немесе дайындалуды ата-аналармен бірге жүргізу;

· Оқырмандар конференциясы;

· Отбасылық ойын байқаулары;

Slide 12

4-қызметі. Жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбиеге түзету жұмыстарын жүргізу. Алдымен отбасы тәрбиесін жүргізу бойынша психологиялық-педагогикалық кеңестер мен көмектер беру. Көп көңілді отбасындағы жиі кикілжің нәтижесінде психологиялық ахуал және қиын бала өсіп келе жатқан отбасына бөлу керек.

5-қызметі. Ата-аналар белсенділері мен ата-аналардың қоғамдық ұйымдарымен өзара әрекет ету.

Аталған өзара әрекеттің міндеттері:

· Ата-аналардың белсенді педагогикалық ұстанымын қалыптастыру;

· Ата-аналарды педагогикалық білім, біліктермен қаруландыру;

· Бала тәрбиесіне ата-аналарды белсенді қатыстыру;

Отбасы мен мектептің өзара әрекетін ұйымдастыру жолдары:

· Отбасының тәрбиелік мүмкіндігі мен күш қуатын айқындау мақсатында зерттеу;

· Отбасының адамгершілік бағыттылығына қарай оларды топтастыру;

· Олардың бірлескен әрекеттерінің ағымдық және соңғы нәтижелерін талдау.

Slide 13

Оқушы отбасын зерттеу педагогқа отбасының тәрбиелік мүмкіндігі мен оның әлеуетінің деңгейін анықтауға, соның негізінде бірлескен әрекеттің оңтайлы әдісін, формасын таңдауға, нәтижесінде тәрбие мәселесін табысты шешуге мол мүмкіндік туғызады. Ол үшін мұғалім дәстүрлі педагогикалық-психологиялық диагностика әдістерінің кешенін пайдаланады. Осыған орай сынып жетекшісі отбасын зерттеуде төмендегідей ережелерді сақтағаны дұрыс:

1. Ата-аналар мен балалар өздерін зерттеу нысанасы ретінде сезінбеуі тиіс;

2. Зерттеу мақсатты бағытталған, жоспарлы және жүйелі болуы қажет;

3. Зерттеу әдістері тәрбие әдістерімен өзара байланысты болуы шарт;

4. Психологиялық-педагогикалық әдістер түрленген болуы және кешенді түрде қолданылуы керек;

Slide 14

Отбасын зерттеуде педагог төмендегі мәліметтерге баса назар аударуы тиіс:

1. Отбасы мүшелері және отбасының әлеуметтік-материалдық, тұрмыстық жағдайлары мен мектеп ісіне қызығушылықтары туралы толық мәлімет.

2. Отбасындағы балалардың тәрбиелік деңгейі.

3. Отбасының тәрбиелік әлеует деңгейі.

Slide 15

Педагогикалық теория мен практикада ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың үш формасы даралық, топтық, бұқаралық -орныққан.


Ұқсас жұмыстар
Тәрбие жұмыстарында мектеп пен отбасының бірігуі
Мектеп психолыгының мектеп оқушыларымен жүргізетін жұмыстары
Сынып жетекші мен ата – ана байланысын арттыру арқылы бала тәрбиесін жетілдіру ізгілендіру жолдары
Отбасы бөлмесі
Ыбырай Алтынсарин туралы
«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!»
ЖҰМЫСШЫ НҰРСҰЛТАН
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін
Бастауыш мектептегі оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері
Жоспардың нақтылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz