Педагогикалық процестің жалпы заңдылықтары
Презентация қосу
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
7М01307 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
МЕКТЕПТЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ПРОЦЕСС, ОНЫҢ
ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Орындаған: мПиМНО-11 тобының магистранты
Копжасарова Г.Б.
Тексерген: п.ғ.к, доцент Ергалиева Г.А.
Орал, 2024ж.
Жоспары:
1. Педагогикалық процесстің тарихына қысқаша шолу.
2. Педагогикалық процесс-әлеуметтік жүйе.
3. Педагогикалық процесс белгілері.
4. Педагогикалық процесстің құрылымы мен заңдылықтары.
Тарихы
Оқыту мен тәрбие процесін ажырамас бірлікте қарастыру
идеясы XIX ғасырдың ортасында өмірге келді.
«Педагогикалық процес» ұғымын ғылымға алғаш рет 1904
жылы Петр Федорович Каптерев енгізді. П.Ф. Каптерев
педагогикалық процесті әтүрлі кырлар мен құралдардан
тұратын біртұтас қүбылыс ретінде түсіндіріп, оның оқыту,
білім, тәрбие беру, үйрету, дамыту, бағыт беру,
жандандыру, жазалау кезендері болатынын атап көрсетті .Ол
педагогикалық процес пен тәрбиені үйлесімдікте, яғни
педагогикалық процесті тұлғаның жан-жақты жетілу процесі
ретінде карастырды.
«Педагогикалық процес - өзінің
табиғатында өзіне-өзі әрекет
жасай алатын қоғамдық жеке
тұлғанын жан-жакты жетілуі».
Педагогикалык процестің негізгі сипаттамасы оның бір түтастығында.
Педагогикалық процестің барлық құраушылары бір мақсатқа бірігеді: білім
берушілік, дамытушылык, тәрбиелік.
Педагогикалық процестің тұтастығы жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту, дамыту
мақсаттарының бірлігі мен нақты оқу-тәрбие процесінің барысымен
сипатталады.
Педагогикалық процес - әлеуметтік жүйе.
И.П. Подласый «педагогикалық процес» - әлеуметтік
тәжірибе адамның сапасының қалыптасуына
айналатындай өзара іштей байланысқан әлеуметтік жұйе
ретінде «педагог-оқушылар» - мұғалім іс-әрекетінің
объектісі ретінде қарастырылады.
Оның барлық кұрамаларының бір мақсатқа
бағынатынын айқындайтын тұтастық, ортақтық,
бірлік - педагогикалық процестің басты сипаты.
Педагогикалық процестің белгілері мен сапа-қасиеттері:
педагогикалық процес әлеуметтік жүйе, оның өмір сүруі, қызмет істеуі оған
қатысушылардың өзара іс-әрекеттерінің алмасуымен аныкталады;
ынтымактастық (тек қана ұстаздармен ғана емес, оқушылар бір-бірімен де)
оқушы үшін әр түрлі іс-әрекеттердің тәсілдерін тезірек меңгерудің, яғни
педагогикалық процестегі іс-әрекет субъектісінің қалыптасуынын шарттарын
бейнелейді;
«ұстаздар-оқушылар» жүйесінің біртұтастығы педагогикалық процес ішіндегі
әртүрлі деңгейдегі жүйелердің өзара әрекеттесуі барысындағы мақсат пен
нәтижелердің бірлігімен анықталады;
педагогикалык процестің негізгі интегративтік қасиетін әр- түрлі тетіктердің бірлігі
деп қарап, ондағы өзара байланысқан жүйелердің оқушылар тұлғасының
калыптасуына әсері іс-әрекет субъектілерінің (ұстаздар мен оқушылардың) кайта
құру белсенділігімен сипатталады.
Тәрбие мен оқыту процестері бірте-бірте өзін-өзі тәрбиелеу және өз
бетімен білім алу процестеріне ұласады. Сондықтан тұтас педагогикалық
процесті оқыту, тәрбие, білім беру және даму процестерінің табиғи
бірлігі деп қарастырған жөн.
Педагогикалық процесте педагог – Оқушы да педагогикалық процесте –
объект және субъект. объект және субъект.
ПЕДАГОГ
Объект ретінде – тәрбиелік әсерлерге түседі және өзін жетілдіріп
отырады. Бұл үшін оған өзінің диалектикалық ойлауын дамыту, өзіне
және тәрбиеленушілерге эмоционалдық қатынас жасай білу
қабілеттілігі, өз іс-әрекетіне сынай қарай білу қабілеттілігі
қалыптасуы керек.
Субъект ретінде – арнайы педагогикалық білім алады, адам тәрбиесіне
қатысты жауапкершілікті мойнына ала алады, дүниетанымы, рухани-
құлықтық белсенді қарым-қатынасқа түсу қабілеттілігін дамытады.
ОҚУШЫ
Объект ретінде – педагогикалық мақсаттарға сәйкес түрленетін
дербестігі бар.
Субъект ретінде – табиғи қажеттіліктері, нышандары, өз
қажеттіліктерін, қабілеттіліктерін, қызығушылықтарын,
ұмтылуларын түрлендіруге, өзгертуге педагогикалық әсерлерді белсенді
меңгеруге немесе қарсы тұруға мүмкіндігі бар.
Бұл жерде ескеретін нәрсе, оқу-тәрбие процесінің негізі ретінде оқытуда
да, тәрбиелеуде де тұлғаның дамуы жүзеге асырылуы қажет.
Педагогикалық процестің құбылыс ретіндегі бірқатар маңызды белгілері
бар. Педагогикалық процестің негізгі белгілері:
1) қос жақты іс-әрекет;
2) өзара байланысты жүреді;
3) мақсатты, мазмұнды ұйымдасқан түрде жүреді;
4) мақсатқа қол жеткізу формалары мен әдістері арқылы сипатталады.
Қосжақтылық белгісі бойынша:
1- жағы: арнайы дайындалған маман жүргізетін мақсатты педагогикалық
іс-әрекет;
2- жағы: тәрбиеленушінің дамуын, өзгеруін негіздейтін белсенді іс-әрекет,
яғни оқу немесе оқу-танымдық іс-әрекет.
Педагогикалық процестің
нәтижелі болуы оның ішкі қозғаушы
күштеріне байланысты.
Қозғаушы күш деп қойылатын
талаптар мен оларды орындауда
оқушылардың мүмкіншілігі
арасындағы қайшылықты айтады.
Егер қойылатын талап
оқушылардың мүмкіншілігіне, яғни
даму дәрежесіне сай келсе, онда
қайшылық даму процесінің көзіне
айналады.
Оқыту мен тәрбие процестерін
бір-бірінен ажыратуға болмайды,
бірақ бұлардың әрқайсысының өзіне
тән ерекшеліктері бар.
Педагогикалық процестің құрылымы:
Бірінші- арнайы дайындығы, білімі бар ұстаз,
педагогикалық үдерісті жүргізетін маман.
Екінші бөлік- шәкірт. Объект және субъект ретінде
қаралады.
Үшінші бөлік- педагогикалық үдерістің мазмұны. Ол
адамның әлеуметтік қарым-қатынасынан туындайды.
Төртінші бөлік- педагогикалық үдерісті ұйымдастыру
және басқару компоненті.
Процестің заңдылықтары бұрынғы педагогикалық оқулықтардың
көпшілігінде көрсетілмеген немесе жалпылама түрінде берілген.
Тек кейінгі кездегі шыққан Ю.К. Бабанскийдің, И.Ф. Харламовтың,
Ж.Б.Қоянбаевтардың Педагогика оқулықтарында (1988 ж., 1997 ж., 1992 ж.)
педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптері берілген. Мысалы,
Б.Т.Лихачев (Педагогика. Курс лекции. — М.: Прометей, 1999.)
Ал қазақстандық ғалымдар Р.М., Ж.Б.Қоянбаевтар «Тұтас педагогикалық
процестің заңдылықтары» деп заңдылықтарға бөлек-бөлек тоқталады.
Педагогикалық процестің заңдылықтары –
педагогикалық процесс құбылыстары мен аспектілері арасында
объективті өмір сүретін, қайталанып тұратын, тұрақты, мәнді
байланыстар. Заңдылықтар: ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Педагогикалық процестің жалпы заңдылықтары:
1. Тәрбие мен әлеуметтік жүйе байланысы;
2. Оқыту мен тәрбие байланысы;
3. Тәрбие мен іс-әрекет байланысы;
4. Тәрбие мен тұлға белсенділігі байланысы;
5. Тәрбие мен қарым-қатынас байланысы.
Байланыстар негізінде принциптер анықталады. Педагогикалық
принциптер – қойылған мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін негізгі идеялар,
ережелер.
Принциптердің атқаратын қызметтері:
1. Олардың көмегімен мақсат анық, дәл тұжырымдалады;
2. Педагогикалық процестің мазмұнын, әдісін, құралдарын, формаларын анықтау
үшін қолданылады;
3. Тәрбиелік қатынастардың тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді;
4. Педагогикалық процесті дамыту заңдылықтары ретінде қолданылады.
Педагогикалық процесс принциптері:
1. Табиғатпен үйлестіру;
2. Ізгілік әрекет ұйымдастыру;
3. Тұтастықты жүзеге асыру;
4. Демократиялық негізде ұйымдастыру;
5. Мәдениетпен үйлестіру;
6. Кәсіптік мақсаттылықты жүзеге асыру;
7. Политехнизм принципі.
Қорытынды
Қорытындылай келе, педагогикалық процесс — бұл «мұғалiм-оқушылар» жүйесiнiң
үздiксiз қызметi, ол осы жүйе жағдайының алмасуынан көрiнедi. Бұндай мүмкiншiлiк
қарым-қатынастарды түсiну мен оны дұрыс шешетiн қажеттi жағдай жасауға бағытталған,
ол осы нақтылы процесстiң қозғаушы күшi болады. Педагогикалық процестiң қозғаушы
күштерiн бiлу мұғалiмге оның белгiлi бағытта дамуына қоғамның әлеуметтiк заңдылығына
байланысты жеке түлғаға қажеттi қасиеттердi қалыптастыруға әсер етедi. Орта, жоғары
оқу орындары мен мектептен тыс мекемелер жүйесінде білім беру және тәрбие мақсатын
жүзеге асыру процесін тұтас педагогикалық процес деп атайды. Білім беру мен тәрбие
міндеттерін толық шешу үшін сабақ үстінде әрбір тақырып бойынша оқуды тәрбиемен
үйлестіріп өткізу – оқу-тәрбие процесінің басты шарты. Педагогикалық процесті
ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар коллективі бір жағынан тәрбие обьектісі,
екінші жағынан тәрбие субъектісі болады. Тәрбиенің субьектілері мен обьектілері
арасында әр түрлі байланыстар пайда болады. Мысалы, тәрбиешілер мен оқушылар
арасындағы қарым-қатынас арқылы ақпарат алмасуы, ынтымақтастық немесе бірлестік іс-
әрекеті т.б. Мұндай байланыстар педагогикалық процестің табысты болуына игі әсер етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.С.Ш. Әбенбаев, А.М. Құдиярова, Ж.Ә. Әбиев «Педагогика» Астана 2003.
2.Ж. Әбиев, А.М. Құдиярова, С. Бабаев «Педагогика» Алматы 2004.
3.Бержанов К.Б., Мусин С.М., Педагогика тарихы. Алматы-2004.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz