ЖОСПАРЫ ЛАНДШАФТТАНУ




Презентация қосу
ЛАНДШАФТТАНУ ПӘНІНІҢ
МАЗМҰНЫ МЕН
МІНДЕТТЕРІ

Орындаған: Файзрахманова Е.Р.
ЖОСПАРЫ:
1.ЛАНДШАФТТАНУ
ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
2. МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Жер бетіндегі жаратылыс жағдайы әр түрлі
территориялық табиғат кешендерінің
ерекшеліктерін, олардың құрамын, байланысын,
бір-біріне тигізер әсерін, құрамдас бөліктерінің
өзара орналасу заңдылықтарын ландшафттану
ғылымы зерттейді.
Неміс тілінен аударғанда ландшафт – жердің
сыртқы көрінісі деген мағына береді.
Ландшафт дегеніміз өзін өзі реттеу арқылы тірі
және тірі емес материалдардың қарым қатынаста
болатын жүйе.
Ландшафт география ғылымының бір саласы
болып табылады. Осы ғылымның қалыптасуына
алғашқылардың бірі болып орыс ғалымы Василий
Васильевич Докучаев айтарлықтай үлес қосты. Ол
аймақтарды табиғат жағдайларын зерттеуге
кешенді принцип қолданды, яғни табиғи
процестерді меңгеру үшін табиғаттың жеке
бөлігін емес тұтас бір бөлігін тани білу керек деп
көрсетті. Докучаев табиғаттың геогендік және
биогендік құрамдас бөліктерінің арақатынасы мен
өзара әрекеттесу заңдылықтарын ашатын
ғылымның керектігін ұғынды және табиғат
зоналары туралы 1898–1900 жылдары жазған
көптеген мақалалары осы ғылымға негіз қалады
деп айтуға болады.
«Ландшафт» ұғымына неміс ғалымы Л.С.Берг
кең мағына береді. Ол географиялық кешендердің
белгілі бір аймақта қайталана беретін типтерін де
(батпақ, құмды жер, шыршалы орман, т.б.) немесе
нақты бір аймақпен шектелетін аймақтарын да
(Сарыарқа, Бетпақдала, т.б.) ландшафт деп ұқты.
Сөйтіп ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап
ландшафтыны типологиялық және аймақтық
мағынада ұғыну география ғылымына берік енді.
Ландшафт компоненттері территорияның біркелкілігі
арқылы және бір бірімен байланысты антропогендік
әрекеттер арқылы пайда болды. Бір құрамдас бөліктің
өзгерісі екіншісінің, бір кешеннің өзгерісі басқанын өзгеріске
ұшырауына әкеп соқтырады. Мысалы, өз елімізде болып
жатқан экологиялық мәселелерге тоқтала кетейік. Солардың
бірі Арал проблемасы. Оның негізгі себебі табиғаттағы тепе
теңдіктің бұзылуы, Арал теңізін сақтап тұрған Сырдария
өзеңінен келетін судын азаюы. Соның нәтижесінде тепе
теңдік бұзылды. Оның негізгі себебі жоғары жақта 3
мемлекеттің территориясында 6 су қоймасы салынған. Сол
жерде таудан еріп аққан судын барлығын ұстап қалып, тек
жазда егіншілікке (күріш пен мақтаға) беріледі. Ертеректе
Аралға берілетін су қаралмаған. Соның нәтижесінде 80-ші
жылдардан бастап біздің аймақта экологиялық проблемалар
пайда болды. Арал теңізінде су азайып, құрғаған табаңынан
тұздар ұшып, жер бетіндегі ландшафтыны бүлдіре бастады.
Екінші мәселе, күріш егісіне су ресурстарын дұрыс пайдаланбау
әсерінен егістік жерлеріміз екінші рет тұзданып, істен шыға бастады.
Суды күрішке шамадан тыс көп беру арқылы жер асты сулары
көтеріліп кетті. Бұл да бір экологиялық тепе теңдіктің бұзылуы.
Біздің аймақта басқа да экологиялық проблемалар баршылық.
Соның бірі Байқоңыр кеніш аймағының қоршаған ортаға кері әсері,
сонымен қатар мұнай кең орындарында да табиғат ресурстарын
дұрыс пайдаланбау әсерінен болып жатқан (мұнайдың төгілуі, газдың
жануы) жағдайлар табиғатқа кері әсерін тигізіп жатыр.Осындай
экологиялық мәселелерді терең зерттеу арқылы ғана қоршаған
ортаны, оның ішінде ландшафтыны қалпына келтіруге болады және
одан шығу жолдарын көрсетуге болады.
Ландшафтты зерттеу арқылы табиғатта болып жатқан техногендік
өзгерістердін көлемін бағалап, олардың өзгеру динамикасы арқылы
табиғатқа кері әсерін анықтауға болады. Қазіргі кезеңдегі
ландшафтты зерттеу арқылы ол жердің адамзатқа пайдасын
арттыруға болады, яғни кешенді табиғи техногендік пайдалы
территориялар жасауға болады.
Ландшафттану пәнінің негізгі мақсаты –
табиғи объектілер туралы білімімізді жетілдіру.
Ландшафттану пәнінің қажеттілігі біріншіден
табиғат ресурстарын дұрыс пайдалануға үйретеді.
Бүгінгі ландшафттану ілімінің негізгі мақсаты әр
түрлі пәндердің жиынтығы арқылы алынған
материалдарды бір жүйеге келтіру. Ландшафттану
пәінің негізгі бір бағыты табиғат пайдаланудағы
әлемдік экологиялық мәселелерді зерттеп одан
шығу жолдарын көрсету.
Ландшафттану міндеттеріне ландшафтылардың
түзілу заңдылықтарын, құрылымын, дамуын,
эволюциясын, аймақтың дифференциацияын және
ландшафт интеграциясын анықтау кіреді, сонымен қатар
олардың компоненттері мен бөліктері арасындағы өзара
ішкі байланысты, зат пен энергия алмасуды, табиғи
факторлармен адам әрекеті әсерінен пайда болатын
ландшафт қасиеттерінің өзгерістерін анықтау кіреді.
Ландшафттану басқа да ғылымдармен біріге отырып
ландшафтылардың технологиялық, экологиялық және
әлеуметтік бағаларын береді. Ол өз тарапынан табиғи
ресурстарды пайдаланудың ғылыми негізделген,
неғұрлым ұтымды және тиімді әдістерін жасауға
мүмкіндік береді, сонымен бірге үлкен техникалық
жобалардың салдарын болжауға мүмкіндік береді.
Сонымен ландшафттану – кешенді физикалық
географияның тез дамып келе жатқан саласы, оның
зерттеу объектілеріне күрделі табиғи және табиғи
антропогендік географиялық жүйелер –
ландшафтылар жатады. Ландшафттану басқа да
жаратылыс ғылымдарымен байланысты. Оның
ішінде жерге орналастырудың да маңызы зор.
Жобалау шаралары арқылы жерді бөлу,
территориялық ұйымдастыру, жер ресурстарын
тиімді пайдалану және жерді қорғау шараларымен
айналысатын жерге орналастыру ғылымында
ландшафттық ұғым және оның теориялық моделі
кеңінен қолданылады.
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Ландшафттану ғылымы
Географиялық қабық және табиғат кешендері
Ландшафт туралы түсінік
Топырақтың түрлері
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ЖОСПАРЛАУ
Үйде оқытуға жауапты мамандарда және пән мұғалімдерінде болу тиіс құжаттар
Құрылыс алаңы
Түзулер мен жазықтықтардың перпендикулярлығы
Өндіріс есебі
Бизнес жоспардың міндеттері
Пәндер