Мұрагерлік құқықтарын рәсімдеу




Презентация қосу
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МҰРАГЕРЛІК ҚҰҚЫҚТЫҢ
АСПЕКТЕЛЕРІ, ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК МАҢЫЗЫ»

ЖЕТЕКШІ: МАҚСАТОВ Н. Р.

АЛМАТЫ 2018
Жоспар
● Қазақ әдет-ғұрып тарихындағы мұрагерліктің бастаулары мен
қайнар көздері тарихы
● Мұра және мұрагерліктің қайнар көздері
● Мұрагерлік ұғымы, түсінігі
● Мұрагерлік құқықтарын рәсімдеу
● Мұрагерліктің түрлері: заң бойынша және өсиет бойынша
мұрагерлік
● Заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерлік
● Мұраны алу
● Халықаралық құқық нормаларына сәйкес мұрагерлік
● Қазақстан Республикасының заңдары бойынша мұрагерлік құқық
жөніндегі тәжірибе
● Соттардың мұрагерлік құқық нормаларын қолдану жөніндегі сот
тәжірибесі
● Мұрагерлік құқыққа қатысты даулар бойынша сот практикасын
талдау
МҰРАГЕРЛІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТЫҢ
ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Мұрагерлік құқықтық
Мұрагерлік құқықтық қатынастың объектісі
қатынастың субъектісі мұрагерлік құқтың
мұрагерлік құқықтық негізіне сәйкес, мұра
қатынасқа қатысушы қалдырушының
тұлғалар, яғни мұра мүліктік
қалдырушы мен мұрагер жиынтықтарының
болып біріңғай тұтас нәрсе
табылады Мұрагерлік құқықтық ретінде мұрагерлеріне
қатынас құрамының ауысуы болып
үшінші элементі мазмұн табылады
болып табылады.
Мұрагерлік құқықтық
қатынастың мазмұны ҚР-
ның АК-дебелгіленген
мұрагерлік құқыққа
қатысушы тараптардың
құқығы мен міндетінің
жиынтығы
Мұрагер - өзінен бұрынғы кісінің орнын басушы, артында қалған дүниесіне ие
болушы, мирасқор, ал мұрагерлік - атадан қалған дүниеге ие болушылық, мирасқорлық
деп түсінік береді. Яғни араб, парсы тілдеріндегі мирас сөзінен, мирасқор деп қазақ
тіліне еніп кейін кеңінен қолданылып жүргендігін зерттеуші ғалымдар еңбегінен
көреміз. Яғни, қазіргі қолданьш жүрген «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» «мұра -
әке-шешеден балаға қалған дүние мүлік, бұйым т.б. заттар десе, мұрагер - өзінен
бұрынғы кісінің орнын басушы, артында қалған дүниесіне ие болушы, мирасқор, ал
мұрагерлік - атадан қалған дүниеге ие болушылық, мирасқорлық», - деп түсінік береді.
Мұра, мұрагер деген ұғымдар қазіргі неке және отбасы заңында, Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодекстерінде кеңінен қолданылып, сол бұрынғы мәнін
әлі күнге дейін жоймағандығын көреміз.
1.2 Мұра мен мұрагерліктің
қайнар көздері
Мұра мен мұрагерліктің қалыптасуына өз үлесін қосқан ежелгі Қазақстан
аумағын мекендеген тайпалардың пайдаланған әдет заңдары, кейін хандық
дәуірде соның негізінде құрастырылған жол-жора, жарғы, яғни, құқықтық
ескерткіштері, билер билігі, ережелер, шариат заңдарын айтуға болады.
Қазақстан аумағын мекендеген ежелгі ғұндар, үйсіндер меншікті
көшпелілердің дала өміріндегі мәңгілік мүдде деп есептеп оған ие болу
жолдарына да ерекше көңіл бөлген. Оған жеке отбасынан ел билігіне дейінгі
әлеуметтік өзгерісті туындататын тетік ретінде қарап, одан туған
түсініспестік, өзгеріс және зиян, берісі отбасындағы ауызбіршілікті кетіріп,
арысы рулар арасында, ұлыстарда дау-дамай тудырады, дауластырады деп
есептеген. Сондықтан көшпенділер меншік қатынастарында оған ие
болудың бірден бір жолы мұрагерлік болатындығын бұрыннан жалғасып
келе жатқан әдет заңдарымен үйлестіріп келді. Оларда жайылымның руға
тиесілі болуы - ата қоныс есебінде сол рудың болашақ ұрпағына мирас
есебінде қалып отырды. Ал малды жеке меншік ретінде иелік етіп өз
ұрпағына қалдырудың бірнеше жолдары болды: өсиет арқылы қалдыру,
кішіұлдыц шаңырақ иесі есебінде мал-мүлікке ие болып қалуы т.б.
Азаматтық Кодексте мұраны алуға арнайы 60-шы тарауды
түгелдей бөлген, яғни, мұрагер мұрадан бас тартпаса, мұрагерлік
құқықтан айырылмаса, өсиеттің өкімі жарамсыз деп танылу
салдарынан мұрагерлік құқығын жоғалтпаса мұра ашылған
уақыттан бастап өзіне тиесілі мұраға немесе оның бір бөлігіне
(үлесіне) құқық алады. Мұрагерлік ашылған жер бойынша, алты ай
өткен соң нотариус куәлік беруге тиіс. Мұрагер осы алты ай ішінде
мұрадан бас тартуға құқылы, ол үшін мұраның ашылатын жерінде
нотариусқа арыз беруге тиіс, мұрадан өкіл арқылы да бас тартуға
болады, бірақ оның күшін кейін қайтарып алуға болмайды. Мұрагер
өзіне тиесілі мұрадағы үлесті басқа адамның пайдасына беруге
құқылы, ол адам өсиет қалдырушы мұрадан тиісті емес және
мұраның бір бөлігінен немесе шарт қойып бас тартуға жол
берілмейді. «Мұраны бөлу мұрагерлердің келісімі бойынша оларға
тиесілі үлестерге сәйкес, ал келісімге қол жетпеген кезде сот
тәртібімен жүргізіледі».
2. Мұрагерлік ұғымы, түсінігі

Мұрагерлік – қайтыс болған адамның (мұра иесінің) мүлкінің мұрагерлерге көшуі.
Мұрагерлік құқық қатнастың субъектілері болып мұра қалдырушы және
мұрагерлер қатысқан заң бойынша мұрагерлікте мұра қалдырушы және мұрагерлер
болып тек жеке тұлғалар болса, өсиет бойынша мұрагерлікте азаматтық құқық
қатынасқа қатысушылар жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, мемлекет қатысқан.
Мұра азаматтық қайтыс болысымен ашылған. Бұндағы соттың азаматты өлді деп
жариялауы осындай құқық салдарына алып келген.
Мұраның құрамына мұра қалдырушының заттары, мүліктері сондай – ақ мүліктік
құқықтары мен міндеттірі жатқан.
Мұраның құрамына жатпайтындарға жеке басына қатысты құқықтар мен
міндеттер, тікелей айтқанда алиментке құқықтары, зиянды өтеуге байланысты
міндеттер кірмеген. АК және басқа да заңдарға сәйкес, сондай– ақ мұра құрамына жеке
мүліктік емес құқықтар мен материялдық емес игіліктер кірмеген.
Мұраның ашылу күні болып азаматтың қайтыс болған күні есептелінген. Бұндағы
мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде,
егер сот шешімінде басқа күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау
туралы сот шешімі күшіне енген күн мұраның ашылу уақыты болып табылған.
Мұраның ашылу орны
Мұра қалдырушының соңғы тұрған жерi, ал егер ол
белгiсiз болса - мүлiктiң немесе оның негiзгi бөлiгiнiң
орналасқан жерi мұраның ашылу орны болып
табылады.
Мұрагерлер
1. Мұра ашылған кезде тiрi жүрген, сондай-ақ мұра
қалдырушының тiрi кезiнде iште қалған және мұра
ашылғаннан кейiн тiрi туған азаматтар өсиет және заң
бойынша мұрагер бола алады.
2. Мұра ашылғанға дейiн құрылған және мұраның
ашылу уақытында болған заңды тұлғалар, сондай-ақ
мемлекет өсиет бойынша мұрагерлер болуы мүмкiн.
Мұраның ашылуы
Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс
болды деп жариялау салдарынан ашылады.
Мұра қалдырушының қайтыс болған күнi, ал оны
қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот
шешімінде басқа күн көрсетiлмесе, азаматты қайтыс
болды деп жариялау туралы сот шешiмi күшiне енген
күн мұраның ашылу уақыты болып табылады.
Егер бiрiнен кейiн бiрi мұрагер болуға құқылы
адамдар бiр күнде қайтыс болса, олар бiр мезгiлде
қайтыс болған деп танылады және олардың
әрқайсысынан кейін мұрагерлік ашылады да олардың
әрқайсысының мұрагерлері мұрагерлiкке шақырылады.
СЫЗБАЛАР

Мұрагерлік

Заң бойынша Өсиет бойынша
Мұрагерлік құқық
субъектілері

Мұрагерлер

Азаматтар Заңды тұлға Мемлекет
- мұрагерлер жоқ болса
- мұрагерлер мұрадан
- туысқандар; бас тартса;
- туыстар емес; - мұрагерлерді шеттетсе;
- әрекет қабілеттілер; - өсиет бойнша мемле-
- әрекет қабілетсіздер кетке қалдырылса;
Сызбалар
Лайықсыз
мұрагерлер

Ата-ана құқығынан Мұра қалдырушыны
айрылған ата-аналар қасақана өлтірген
немесе оның өміріне
қастандық жасаған
адамдар

Мұраның ашылу уақыты

Мұра қалдырушының қайтыс
болған күні
Бұл кезде:
Мұрагерлер;
Заңдылық;
мүлік құрамдары
анықталады
2.2 Мұрагерлік құқықтарын рәсімдеу

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1072-бабына сәйкес
мұралық мүлікті иелену үшін мұрагер оны қабылдауы тиіс. Бұрын,
ҚазКСР-ның Азаматтық кодексі қолданыста болған кезде (1999 жылғы 1
шілдеге дейін) мұралық құқықтарды мұра қалдырушы адам қайтыс
болғаннан кейін алты ай өткеннен кейін кез келген уақытта ресімдеу
мүмкіндігі болатын. Қазір де тұрғындар осы тәртіп қолданылады деп
ойлайды. Бірақ мына жағдайларды түсіндіріп өту қажет. Егер мұра
қалдырушы адам 1999 жылғы 1 шілде мен 2007 жылғы 3 ақпан
аралығында қайтыс болса, алты айдың ішінде нотариусқа мұраны
қабылдау туралы арыз беру міндетті емес. Ол арызды мұра ашылғаннан
соң алты ай өткеннен кейін де, бірнеше жыл өткеннен кейін де беруге
болатын, тіпті қазір де беруге болады. Өйткені, осы кезеңде ешқандай
мерзімдер белгіленген жоқ болатын. Егер мұра 2007 жылғы 3 ақпаннан
кейін ашылса, жағдай басқаша. Қолданыстағы Азаматтық кодекстің
талаптарына сәйкес мұра қалдырушы қайтыс болғаннан кейін алты ай
ішінде мұрагерлер міндетті түрде нотариалдық кеңсеге мұраны қабылдау
немесе мұраны қабылдаудан бас тарту туралы арыз берулері керек
1999 жылғы 1 шілге дейін немесе 2007 жылғы 3 ақпаннан кейін ашылған мұраны
азамат белгіленген алты айлық мерзімде қабылдап үлгермесе, ол мерзімді сот арқылы
қалпына келтіруге тура келеді. Және сот бұл мерзімді кез келген жағдайда қалпына
келтіре бермейді. Ол үшін мұрагер себепті жағдайлар салдарынан мұраны уақытында
қабылдай алмағанын (мысалы, науқастанып қалу, ұзақ мерзімді іс сапар және т.б.)
дәлелдеуі қажет. Сонымен бірге, мұрагер сотқа мұраны қабылдауға кедергі болған
себепті жағдайлар жойылғаннан кейін алты айдың ішінде жүгінуі тиіс.
ҚР Азаматтық кодексінің 1051- бабының 1-3-тармақтарына сәйкес нотариалды
түрде куәландырылған өсиеттi өсиет қалдырушы өзі немесе өсиет қалдырушының
айтуымен куәнің қатысуы арқылы нотариус жазуы тиiс. Өсиет қалдырушының айтуы
бойынша нотариус жазған өсиеттi өсиетке қол қойылғанға дейiн нотариус пен куәнің
қатысуы арқылы өсиет қалдырушы толық оқып шығуы тиіс. Егер өсиет қалдырушы
дене кемiстiктерiне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиеттi өзi
оқи алмайтын болса, ол үшiн оның мәтiнiн нотариустың қатысуымен куә оқып бередi,
ол туралы өсиет қалдырушының өсиеттi өзi оқи алмауының себептерi көрсетiлiп,
өсиетте тиiстi жазба жасалады. Егер нотариалды түрде куәландырған өсиет куәнің
қатысуымен жасалса, өсиетте куәнің тегi, аты және тұрақты тұратын жерi көрсетiлуге
тиiс. Осындай мәлiметтер өсиетке өсиет қалдырушының орнына қол қойған адамға
қатысты да енгiзілуi тиiс.
3 Мұрагерліктің түрлері: заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерлік

Мұрагерлік – қайтыс болған адамның (мұра қалдырушының) мүлкінің мұрагерлерге
көшуі деп жоғарыда келтіргенбіз. Ол өсиет негізінде (егер мұра қалдырушының жазған
өсиеті болса) немесе заң бойынша жүзеге асырылған.
Заң бойынша мұрагер болу дегеніміз заң арқылы тағайындалған адамдардың
мұрагерлікке алынуы. Заң бойынша мұрагерлік кезінде, бір жағынан, асырап алынған
және оның ұрпақтары және екінші жағынан, асырап алушы мен оның туыстары қандас
туыстарға теңестірілген. Асырап алынғандар мен олардың ұрпақтары асырап
алынушының туған ата-анасы, оның басқа да қандас туыстары қайтыс болғаннан кейін
заң бойынша мұрагер болмаған. Асырап алынушылардың ата-анасы мен оның басқа да
қандас туыстары асырап алынушы және оның ұрпақтары қайтыс болғаннан кейін заң
бойынша мұрагер деп есептелінбеген.
Өсиет нысанына тоқталсақ, өсиет оның жасалған жері мен уақыты көрсетіле
отырып, жазбаша нысанда жасалып, нотариатта куәландырылуға тиіс болған және олар:
1) ноториатта куәландырылған өсиеттер. 2) нотариатта куәландырылғандарға
теңестірілетін өсиеттер тиісінше рәсімделген болып танылған. Өсиетке, өсиет
қалдырушының өзі қол коюы қажет болған. Егер өсиет қалдырушы дене кемістіктеріне,
науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетке өзі қол қоя алмаса, оның
өтініші бойынша оған нотариустың немесе өсиетті куәландырушы басқа адамның
қатысуымен өсиет қалдырушының өсиетке өзі қол қоя алмауының себебін көрсете
отырып, басқа азаматтың қол қоюы мүмкін болған.
Егер өсиет болмаса
Мүліктің бір бөлігі өсиетсіз қалса
Заң бойынша мұрагерлік жағдайы
Мұрагерлер мұрадан бас тартса
Өсиет қалдырушы мұрагерлерді мұрадан айырса
Өсиет жарамсыз болып есептелсе
тең үле спен мұра қалдырушының балалары, соның соның ішінде ол
І қайтыс болғаннан кейін тірі туған балалары, сондай-ақ мұра
Кезек қалдырушының жұбайы мен ата-анасы алған

тең үле спен мұра қалдырушының ата-анасы бір, ата-анасы бөлек аға-
інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), сондай-ақ оның әке сі жағынан
ІІ
да, анасы жағынан да атасы мен әже сі алған
Кезек

ІІІ тең үле спен мұра қалдырушының туған немере ағалары мен апалары
Кезек алған
Заң бойынша мұрагер мұра қалдырушының алтыншы ат аға дейінгілерін қо сқанда басқа
болу кезектері туыстары алған. Туыстық дәреже сінің жақындығы ата-бабасынан туу
ІV саны негізінде анықталған. Әрбір дүниеге келу бір ата (бір туыстық)
Кезек дәреже сі деп аталған

егер мұра қалдырушымен бір отбасыда кемінде он жыл бірге тұрс а, тең
V үле спен оның туыстас аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары),
кезек өгей әке сі мен өгей шеше сі алған

тең үле спен мұра қалдырушының асырауындағы еңбекке жарамсыз
VІ адамдар алған
кезек
Өсиет мазмұны

Субституция Легат (өсиеттік Жүктеу
(мұрагерлерді бас тарту)
қосымша
тағайындау)

Өсиетті
орындау

Өсиетті
Мұрагерлер
орындаушы
4 Халықаралық құқық нормаларына сәйкес мұрагерлік

Халықаралық мұрагерлік құқық бойынша қатынастар, мұра қалдырушы өсиетінде өзі
азаматы болып табылатын елдің құқығын таңдамаған болса, бұндай жағдайда мұра
қалдырушының соңғы тұрақты тұрғылықты жері болған елдің құқығы бойынша анықталған.
Сондай-ақ адамның өсиет жасауға және оның күшін жою актісінің нысаны, мұра қалдырушы
өсиетінде өзі азаматы болып табылатын елдің құқығын таңдамаса, мұра қалдырушының акт
жасаған кезде тұрақты тұрғылықты жері болған елдің құқығы бойынша анықталған. Алайда
өсиет немесе оның күшін жою, егер соңғысы акт жасалған жердің талаптарын немесе Қазақстан
Республикасы құқығының талаптарын қанағаттандырса, нысанды сақтамауы салдарынан
жарамсыз деп таныла алмаған.
Қозғалмайтын мүлікті мұраға қалдыру осы мүлік тұрған жердегі елдің құқығы бойынша,
ал Қазақстан Республикасында мемлекеттік тізілімге енгізілген мүлік - Қазақстан
Республикасының құқығы бойынша анықталған. Адамдардың өсиет жасауға немесе оның күшін
жоюға қабілеттілігі, сондай-ақ соңғысының нысаны, егер аталған мүлік өсиет етіп қалдырылса,
нақ сол құқықпен анықталған.
Мұрагерлік қатнастарда әр түрлі коллезиялар туындайды, ал ол әртүрлі мемелекеттердің
мұаргерлік қатнастары саласындағы заңдардың әр түрлі болуына байланысты. Мысалы: заң
бойынша мұрагер болуына кезектер Қазақстанда алтау болса, өзге мемелекеттерде одан көп
немесе аз болуы мүмкін.
Өсиет бойынша мұрагер болуда әр мемелекеттің заңдары әр түрлі болады. Ол өсиетке қойылған
нысанасына байланысты. Көп мемелекеттерде өсиет жазбаша натариялды түрде жасалады, бұл
талаптар орындалмаса ол жарамсыз болып табылады.
Кейбір мемелекеттерде алографиялық нысанда жасалатын өсиеттер болады, яғни өсиет
қалдырушының өзінің қолымен жасалған.
5 Қазақстан Республикасының заңдары бойынша мұрагерлік құқық
жөніндегі тәжірибе
Мұрагерлік құқықтық қатынастарға байланысты істерді қараудың сот
практикасына жүргізілген қорыту республика соттарының мұрагерлік құқық
нормаларын негізінен дұрыс қолданатынын көрсетті.
Сонымен қатар, сот практикасын зерделеу барысында белгілі бір мәселені
шешу кезінде материалдық құқық нормаларының әр түрлі қолданылатыны да
анықталды.
Азаматтық кодекстің (бұдан әрі - АК) 1043-бабына сәйкес, мұра
қалдырушының соңғы тұрған жерi, ал егер ол белгiсiз болса, мүлiктiң немесе
оның негiзгi бөлiгiнiң орналасқан жерi мұраның ашылу орны болып табылады.
Мұра қалдырушының тұрған жерін анықтау кейіннен мұрагерлердің мұраға
құқығы туралы куәлігін алу үшін қажет.
Кей жағдайда азамат өзінің тұрақты тұратын мекенінен жырақта, мысалы,
емдеу орнында, ауруханада немесе басқа жерде қайтыс болуы мүмкін.
Мұрагердiң мұра қалдырушыны қасақана өлтiруі мұрагердi мұрагерлiктен
шеттету үшін жеткіліксіз болады, бұл туралы соттың шешімі қажет.
5.1 Мұрагерлік құқыққа қатысты даулар бойынша сот практикасын
талдау
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1042-бабына
сəйкес (бұдан əрі-АК), мұра қалдырушының қайтыс болған күнi, ал оны
қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн
көрсетiлмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi
күшiне енген күн мұраның ашылу уақыты болып табылады.
Мұраның ашылу уақытына қарай мұрагерлік істерді қарау кезінде соттар
мұраны ашу сəтінде қолданылып жүрген заңнаманы қолдануы тиіс.
Мұраны қабылдау үшін мерзімді қалпына келтіруге мынадай шарттар
қажет:
- мерзімді дəлелді себептермен өткізіп алу;
- мұрагердің осы мерзімді өткізіп алу себептері жойылғаннан кейін алты
айдың ішінде талап арызбен сотқа жүгінуі.

Ұқсас жұмыстар
Мұрагерлік құқық субъектілері
Ата-ана мен баланың құқықтары
Отбасы құқығы. Неке
Тәуке хан - Қазақ хандығының ханы, Салқам Жәңгір ханның баласы
Отбасы құқығы
Авторлық құқықтың ауысуы
Авторлық құқық
Қазақстан және Ресей елдерıнıң нотариалдық палаталары
Неке шарты
Мәміле түрлері
Пәндер