Мүшелердің және мүшелер жүйелерінің туа біткен ақаулықтары




Презентация қосу
Адам эмбриологиясы.
Дамудың қатерлі кезеңдері.
ЖОСПАРЫ
І.КІРІСПЕ
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Онтогонез
Гаметогенез

Эмбриогенез

Эмбриональдық даму кезеңдері

Эмбриогенездің бірінші және екінші сатысы

Гаструляция

Ұрықтық дамудағы қауіпті кезеңдер

ІІІ.Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ

Сүтқоректілер мен адамның эмбриональдық дамуын
зерттеу, бұлардағы жалпы ұқсастықтарды байқауға , сонымен
қатар адам ұрығының даму ерекшеліктерін анықтауға жол
ашады .
Адам денсаулығы ол туылмай тұрып түзіледі.
Ұрықтандырудан бастап жұмыртқа клеткасында анықталған.
Генетикалық жоспар бойынша қиын процестер құрылу және
барлық мүшелер дамуы және келешек органдардың жүйесінің
дамуы.
Ұрықтану, бөлшектену, имплантация, гаструляция
процестерін сондай-ақ плацентаның, ұрықтан тыс мүшелердің
және ұрықтың, ішкі мүшелерінің даму ерекшеліктерін
білудің медицинада маңызы зор.
ДАРА ДАМУЫ. ОНТОГЕНЕЗ ҰРЫҚ БОЛЫП ТҮЗІЛУІНЕН БАСТАП, ТІРШІЛІГІНІҢ
СОҢЫНА ДЕЙІНГІ БАРЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ ЖИЫНТЫҒЫ. ОНТОГЕНЕЗ ТЕРМИНІН
НЕМІС БИОЛОГЫ Э.ГЕККЕЛЬ ҰСЫНҒАН 1866Ж.БҰЛ БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША
ОНТОГЕНЕЗ БАРЫСЫНДА ҰРЫҚТЫҢ ӘРБІР
ЖАСУШАСЫНДАҒЫ ЯДРО МЕН ЦИТОПЛАЗМАНЫҢ ӘСЕРЛЕСУІ; СОНДАЙ-АҚ,
ҰРЫҚТЫҢ ӘР ТҮРЛІ ЖАСУШАЛАРЫ МЕН ЖАСУША КЕШЕНДЕРІНІҢ ӨЗАРА
ӘРЕКЕТТЕСУЛЕРІ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ. ТҰҚЫМ ҚУАЛАУ АППАРАТЫ ӨЗІНДІК БЕЛОК
МОЛЕКУЛАЛАРЫНЫҢ СИНТЕЗДЕЛУІН КОДТАУ АРҚЫЛЫ МОРФОГЕНЕТИКАЛЫҚ
ПРОЦЕСТЕРДІҢ ЖАЛПЫ БАҒЫТЫН ҒАНА АНЫҚТАЙДЫ.

ОНТОГЕНЕЗ

ЭМБРИОНАЛДЫ КЕЗЕҢ ПОСТЭМБРИОНАЛЬДЫ КЕЗЕҢ
ГАМЕТАЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
СПЕРМАТОГЕНЕЗ (ГРЕК, SPERMA — ШӘУЕТ, GENESIS — ШЫҒУ ТЕК)
— ЕРКЕК ЖАНУАРЛАРДЫҢ ЖЫНЫС БЕЗІНДЕ ЖҮРЕДІ. БҰЛ ПРОЦЕСС
КЕЗЕГІМЕН ӨТЕТІН ТӨРТ КЕЗЕҢНЕН: КӨБЕЮ, ӨСУ, ЖЕТІЛУ ЖӘНЕ
ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІНЕН ТҰРАДЫ

Овогенез (ovogenesis, лат. ovum — жұмыртқа, genesis — шығу
тегі) — жұмыртқа жасушасының даму процесі. Овогенез көбею, өсу
және жетілу кезеңдерінен тұрады. Көбею
кезеңінде сарыуыз қапшығы энтодермасынан аналық жыныс безі
бастамасына қан арқылы келіп орналасқан алғашқы жас жыныс
жасушалары — гоноциттер митоз арқылы
көбейіп, овогонияларға айналады.
ЭМБРИОГЕНЕЗ (АҒЫЛШ. EMBRYOGENESIS, ГР. EMBRYON —
ҰРЫҚ, GENESIS — ШЫҒУ ТЕГІ) — ҰРЫҚТАНҒАННАН БАСТАП
ЖҰМЫРТҚАДАН ЖАРЫП ШЫҚҚАНҒА НЕМЕСЕ ЕНЕСІ ҚҰРСАҒЫНАН
ТУҒАНҒА ДЕЙІНГІ ҰРЫҚТЫҢ ДАМУ МЕРЗІМІ. ЭМБРИОГЕНЕЗ —
ЖАНУАРЛАР МЕН АДАМ ОРГАНИЗМДЕРІНІҢ ЖЕКЕ ДАМУ ПРОЦЕСІНІҢ
БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢІ.ЭМБРИОГЕНЕЗДЕ ҰРЫҚ: ҰРЫҚТАНУ, БӨЛШЕКТЕНУ,
ГАСТРУЛАНУ, НЕЙРУЛАНУ, ГИСТОГЕНЕЗ, ОРГАНОГЕНЕЗ,
СИСТЕМОГЕНЕЗ КЕЗЕҢДЕРІНЕН ӨТЕДІ. ҰРЫҚТАНУ — АТАЛЫҚ ЖӘНЕ
АНАЛЫҚ ЖЫНЫС ЖАСУШАЛАРЫНЫҢ ҚОСЫЛУЫНАН БІР КЛЕТКАЛЫ
ОРГАНИЗМНІҢ (ЗИГОТАНЫҢ) ТҮЗІЛУ ПРОЦЕСІ. БІРЖАСУШАЛЫ
ҰРЫҚТЫҢ БӨЛІНУ АРҚЫЛЫ КӨПЖАСУШАЛЫ ҰРЫҚҚА (БЛАСТУЛАҒА)
АЙНАЛУ КЕЗЕҢІН БӨЛШЕКТЕНУ ДЕП АТАЙДЫ.
ҰРЫҚТАНУ Ұрықтану — аталық және а
налық
жыныс клеткаларының
қосылуынан зиготаның пайд
а болуы. Ал бұл жаңа
организмнің
бастамасы болып табылады.
Ұрықтану процесінің үш
сатысы ажыратылады.
1)Гаметалардың
жақындасып дистантты
түрде әрекеттесуі.
2)Жұмыртқа жасушасының
белсендігінің артуы
3)Сперматозоидтың
жұмыртқа жасушасына енуі
ЭМБРИОНАЛЬДЫҚ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
Бөлшектену-зиготаның митоз жолымен,жүйелі түрде
бөлініп,бластомерлердің пайда болуы.Зигота митоз сатыларынан
өтіп,ең сонында 2 бластомерге айналады.Адамдарда бөлшектені
толық,тең емес,асинхронды журеді.

Имплантация-ұрықтың жатырдың кілегейлі қабығына
жабасып,енуі.2 сатысын
ажыратады.Адгезия(жабысу),инвазия(ену).Имплантация 40 сағатқа
созылады.
Гаструляция — гаструлану, ұрықтың іштегі дамуы
барысында бластула жасушаларының одан әрі көбеюімен, өсуімен,
жетіліп бағытты орын ауыстыруымен және сапалы айырмашылықтар
мен өзгерістердің жүруімен сипатталатын күрделі биохимиялық және
морфогенетикалық процесс.
Гаструланың дамып жетілуі бластуланың құрылысына
байланысты. Сондықтан, әртүрлі жануарларда гаструляция
процесі түрліше жүреді. Гаструляцияның төрт түрі
ажыратылады: инвагинация — қынаптану, эпиболия — қаптап
өсу,иммиграция — ішке көшу, деламинация — жасушалар
қабаттарына жарылып ажырау
Гаструляция кезеңдері:1-бластула,2-гаструла
Деляминация сатысында екі жапырақша пайда болады, сыртқы –
біріншілік эктодерма немесе эпибласт.Эпибласт құрамындағы
жасушалардан эктодерма, мезодерма және хорда дамиды.
Екінші жапырақшасы – гипобласт,құрамына ұрықтық және ұрықтан тыс
энтодерма материалдары кіреді.
Ұрықтық дамудың 8-тәулігінде эпибласттан амнион көпіршігінің
төменгі қабырғасы, гипобластан сары уыз көпіршігінің жоғарғы бөлігі
дамиды.
АДАМ ЭМБРИОНГЕНЕЗІНІҢ АҒАШҚЫ АПТАЛАРЫ
Адамның жатарішілік дамуы екі кезеңнең тұрады: эмбрионалды және феталды.
1. Эмбрионалды кезең. Ұрықтанудан бастап 2-айдың соңына дейін
созылады. Осы кезеңде нерв, қан тамыр, жүрек-қан тамыр, асқорыту, бөліп
шығару, эндокрин жүйелері және денесі, бас, бет бейнелері, аяқтары пайда
болады. Ұрық осы кезеңде зиянды факторлардың әсеріне сезімтал ұрықтың
тұңғыш "қауіпті" кезеңі имгілантациямен сәйкес келеді, 2-3-7 апталық және 9-12
апталық жүктілікте.
2. Феталды кезең. 3-айдың басынан босанғанға дейін созылады. Бұл кезеңце
ұрықтез өсіп, жүйелері мен мүшелері дамып жетіледі. Ұрықтың дамуы ана
органнзмімен тығыз байланысты.
Жүйке жүйесі өте ерте жетіледі, жатырішілік кезеңнің 1-аптасында.
Эндокриндік жүйе. Гипофиз, аналық без, бүйрек үсті безі, қалқанша безі,
ұйқыбез жатырішілік кезеңнің I-II-ші айларында пайда болады. Жүктіліктің I
жартысында (АКТГ) түзіледі. Жүктіліктің 4-айында иодтың көптігі байқалады,
ұрықтың өсіп дамуына маңызы зор. Сонымен қатар, жүктіліктің I жартысында
жыныс бездері дамып жетіледі. Олардың дамып, өсуіне эстроген
гормондарының әсері көп, ол ана организмінен ұрық қанына өтеді.
Үрық қаны. Ұрық қаны ұрық имплантациясынан кейін бірден, түңғыш рет сарғылт
куықта, 5-6 апталық жүктілікте бауырда пайда болады. Жүктіліктің үш айының соңында
сүйек миында, жүктіліктің 4 айында көк бауырда қан қорыту функциясы басталады.
Құрықтың өсіп-дамуымен бірге қанның гемоглобині, қызыл, ақ түйіршіктері жоғарылайды.
Жүктіліктің II жартысынан бастап қанның үю жүйесі қалыптаса бастайды.

Ұрықтың қан айналым жүйесі. Ұрық жатыр қуысына еніп (имплантация), ананың
тіндерімен байланысқаннан кейін, қан айналым жүйесі аркылы оттегімен коректенеді.
Жатырішілік кезеңде қан айналым жүйелері: сарғаю, аллантоидты, плацентарлы кезеңдер.

1. Сарғаю өте қыска кезең, ұрықтың екі жұмалығына дейін ғана созылады.
2. Аллантоидты қан айналым жүйесі ұрықтың екі айынан басталады, ұзақтығы сегіз жұма.
Осы кезеңде ұрықта оттегі, қоректену заттары ұлғаяды.
3. Плацентарлы қан айналым жүйесі ұрықтың үш тәрт айынан басталады, жұктіліктің
соңыңда толық дамиды
Нәресте құрсақ ішінде өсуінде суда болып, сырткы демалысы болмайды. О2 онын
ұлпасы мен клеткаларына О2 көп ана қанымен келеді. Газ алмасу тек плацентарлық
қанайналысымы арқылы болады. Плацента нәрестеге «өкпе» ретінде кызмет аткарады. Ана
құрсақ ішіндегі балаға сыртқы орта болады физиологиялық ағыстағы жүктілікте дені сау
әйелдің организмінде нәрестенің газ айналысына қолайлы жағдай жасалынады. Нәресте
өскен сайын жалпы зат алмасу, оның ішінде плацента арқылы газ алмасу ана мен бала
арасында өседі.
Бала организміне негізгі бір заңдылықпен ұдайы жүріп
отыратын, өсу және даму құбылысы тән болып келеді. Бала
туылғаннан кейін жасына байланысты тиісті кезеңдерден
өтеді.
Күнделікті жұмыста қолдану үшін, барлық балалық шақ
төмендегідей болып бөлінетін, Н.П. Гундобин ұсынған жоба
ыңғайлы болып келеді.
Құрсақ ішінде (жатыр ішінде) даму кезеңі 2 сатыдан тұрады:
Эмбриондық даму сатысы (алғашқы 2-3 ай).
Плацентарлық даму сатысы (3 айдан туғанға дейін).
ЭМБРИОНДЫҚ ДАМУ КЕЗІНДЕГІ ӨЗГЕШЕЛІКТЕР
Дамудың қатерлі кезеңдері - деп ұрықтың қоршаған
ортаның әртүрлі зиянды факторларына өте сезімтал
кезендерін айтамыз. Бұл кезеңдерде зиянды
факторлар әсерінен онтогенездің қалыпты жүруі
бұзылып, ұрық не өліп қалады не міндетті түрде әр
түрлі ақаулықтар қалыптасады.
Дамудың қатерлі кезеңдері терминін 1897 жылы
Браун енгізген.
Дамудың қатерлі кезеңдерінде:
ұрықта метаболизм, тыныс алу құбылыстары күшейеді,
РНҚ қасиеттері, иммундық мәртебесі өзгереді,
өсу қарқыны төмендейді
Туа біткен даму ақаулықтары этиология бойынша:
1)тұқымқуалаушы
2) экзогенді
3) мультифакторлы деп бөлінеді.
Тұқымқуалайтын туа біткен даму ақаулықтары мутация
нәтижесінде пайда болады, олар ата−анасының біреуінен немесе
екеуінен де берілуі мүмкін.

Экзогенді ақаулықтар ұрықтың не құрсақтағы баланың
тератогендік факторлармен тікелей зақымдануы нәтижесінде
қалыптасады, яғни эбриональдық кезеңде тератогенді
факторлардың органогенезге әсерінің салдары болып табылады.
Мультифакторлық туа біткен даму ақаулықтарында тұқым
қуалайтын және экзогенді факторлардың бірігуінің әсерінен пайда
болады, осы факторлардың жеке біреуі ақаулықтың себебі болмайды.
Жалпы ақаулықтардың 20-30% тұқым қуалайтын ақаулықтар, 2-5%
экзогенді, 30-40% −мультифакторлы, 25-50% − себебі әлсіз
ақаулықтар құрайды
Агенезия − мүшенің мүлдем дамымауы, болмауы;
Аплазия − мүшенің өте нашар дамыған бастамасы ғана болуы мүмкін;
Туа біткен гипоплазия − мүшенің толық жетілмеуі;
Туа біткен гипертрофия − мүше салмағының салыстырмалы түрде
ұлғайып өсуі;
Туа біткен гипотрофия − нәрестенің не құрсақтағы баланың дене
салмағының аз болуы;
Макросомия − нәресте денесінің ұзын болуы;
Гетеротропия − кейбір мүшелерде өздеріне тән емес жасушалардың,
ұлпалардың немесе басқа бір мүшенің түгелдей бір бөлігінің кездесуі;
Гетероплазия − кейбір ұлпалардың жіктелуінің бұзылуы;
Эктопия − мүше орнының ығысуы яғни оның өзіне тән емес жерлерде
орналасуы;
Атрезия − қуыс мүше арнасының не табиғи тесікшесінің мүлдем
болмауы;
Стеноз − қуыс мүше арнасының не тесігінің тарылуы;
Бітісу − екі монозиготалы егіздердің бір−бірімен бітісуі;
Дисхрония − ағза мүшелерінің даму қарқыннының бұзылуы;
Симметриялық не ассимметриялық егіздер
ақаулығы(толық не толық емес ажырыған егіздер)
Мүшелердің және мүшелер жүйелерінің туа біткен
ақаулықтары
Орталық жүйке жүйесінің, сезу мүшелерінің ақаулықтары;
Мойын және бет ақаулықтары;
Жүрек−қантамыр жүйесінің ақаулықтары;
Тыныс алу жүйесінің ақаулықтары;
Ас қорыту жүйесінің ақаулықтары;
Тірек−қимыл жүйесінің ақаулықтары;
Зәр шығару жүйесінің ақаулықтары;
Жыныс мүшелеріінң ақаулықтары;
Ішкі секреция бездерінің ақаулықтары;
Тері және оның туындыларының ақаулықтары;
Плацента ақаулықтары;
Тератогендік факторларды 3 топқа бөледі:
Эндогендік факторлар:
а) мутациялар;
б) ішкі секреция бездерінің қызметінің
бұзылуы;
в) жыныс жасушаларының пісіп кетуі;
г) ата−аналар жасы.
Экзогендік факторлар:
а) физикалық факторлар;
б) иондаушы радиация;
в) механикалық факторлар;
г) химиялық факторлар;
Биологиялық факторлар:
а) вирустар
б) микоплазмалар т.с.с.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жүктілік физиологиясы Жүктілік кезіндегі әйел организміндегі
өзгерістер. Қауіп факторларын анықтау. ДДСҰ ұсыныстарына сәйкес
қауіпсіз жүктілікті қамтамасыз ету.
Жүктілік кезіндегі тексеру әдістері. Жүктілікті ерте және кеш
мерзімінде диагностикалау. Жүкті әйелді сыртқы және ішкі
акушериялық тексеру. Акушериядағы тексерудің заманауи қосымша
әдістері. Ұрық жағдайын антенатальды бағалаудың негізгі әдістері.
Жүктілік патологиясы. Жүктілерде перинатальды және ана өлімі қауіп
факторларын бағалау. Жүктіліктің типті асқынулары (жүктілік
кезіндегі қан кетулер, жүктілікке байланысты гипертензиялар). Ерте
токсикоздар. Жүктілікпен байланысты гипертензиялар. Жүктілікке
байланысты гипертензиялардың этиологиясы мен пато­генезі туралы
заманауи көзқарастар. Жүктілікпен байланысты гипертензиялардың
жіктемесі. Жүктілікпен байланысты гипертензиялардың ауырлық
дәрежесін бағалау.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Гисталогия ,Цитология и Эмбриология.
О.В.Волкова,Ю,К Елецкий. М, Медицина,1996г
Эмбриология негіздері Т.Ж. Умбетов, Т.Ж Бірімов,

Ақтобе,1996 ж
Основы гисталогии полости рта и зубов Р.И.Юй

Алматы 1996г
Основы частной гисталогии О.Д.Мяделяц. Москва

2002г
Атлас по гистологии и

эмбриологии .И.В.Алмазов,Л.С Сутулов Москва 1978
г . Изд Медицина

Ұқсас жұмыстар
Адамдағы тірек-қаңқа жүйесінің ақаулықтары
Өңеш атрезиясы
ТЫНЫС АЛУ АҒЗАЛАРЫНЫ
ТУА БІТКЕН АУРУЛАР
Балалардың денсаулық топтары және оларды анықтаудың критерийлері
Хромосомалық ауруға түсініктеме
ХРОМОСОМАЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕНДІК АУРУЛАР
Шерешевский - Тернер синдромы
ЖҮЙКЕ ҰЛПАСЫ
Моногендік аурулар
Пәндер