Мәтінді мазмұндау


Slide 1

Жаңа технология - менің тәжірибемде

Slide 2

Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір - бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді? Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады.

Slide 3

«Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту»

Бұл технология бойынша:

- оқу үрдісінде қызығушылық артады;

- оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік беруі туады;

- оқушының ақпараттық тіл байлығы жетіледі.

Slide 4

Сабақтың тақырыбы - Мұқағали Мақатаевтың «Өмір сүрейік алмасып» өлеңі.

Технология бойынша сабақ үш кезеңнен тұрады:

- қызығушылықты ояту;

- мағынаны ашу;

- ой толғаныс.

Slide 5

Қызығушылықты ояту сатысында «Джигсо» - ұжымдық оқыту әдісі қолданылады.

Оқушылар 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына «жұмыс» тобын құрайды. Оқуға ұсынылған материалдың тақырыбы талқыланған соң, осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 бөлікке бөлінген мәтіннің (М. Мақатаевтың шығармашылығы 137-138 беттер) 1- інші бөлігін 1-лерге, 2 - нші бөлігін 2 санын алғандарға 3, 4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады.

Slide 6

Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтармен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі үйретеді, оқылатын тақырыпқа танымдық қызығушылығы, белсенділігі оянады.

Slide 7

Мағынаны тану сатысы кезеңі

Ақынның «Өмір сүрейік алмасып» өлеңін мәнерлеп оқып, сұрақтарға жауап беру «Авторға сұрақ қою» стратегиясы арқылы жүргізілді.

-Өлеңді оқушылар оқырман ретінде оқып шығады

- Топтан автор тағайындалады.

- Оған топ мүшелері сұрақтар қояды.

. ( Өлеңнің авторы кім деп ойлайсың? Өлең не туралы? Қандай сөздер арқылы білдің? Қалай ойлайсың, ақын неге «Бірде адам, бірде қайың боп, сүрейік өмір алмасып . . . », Ақын неге қайыңмен өмір алмастырғысы келеді? Қайыңның жапырағы неге ұқсайды? Қайың неше жыл өмір сүреді?

Бұл кезеңде оқушылар жаңа ақпаратпен, ойлармен танысады.

Slide 8

«Кубизм» стратегиясы.

1. Қайыңның түрін суреттеңіз. (Түсі, формасы, көлемі, айырмашылығы т. б)

2. Салыстырыңыз. (Неге ұқсас, қандай нәрсеге ұқсас, басқалардан қандай айырмашылығы бар?)

3. Ойыңызбен байланыстырыңыз. (Ойыңызға не келтіреді, ұқсас заттар ма, әлде бөлек заттар ма?Мысалы: көктемді еске салады, қайыңды тоғайда қыдыру . . . )

4. Зерттеңіз. (Шығу төркіні, қайда, қалай пайда болған екен?)

5. Қолданыңыз. (Онымен не істеуге болады, қалай, қайда қолданатынын айтыңыз)

6. Талқылаңыз. (Талқылаңыз немесе қарсы шығыңыз) .

Slide 9

«Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» стратегиясы

Бұл кезеңде оқушыларбір-біріне қарама-қарсы сұрақ қояды. (Оқушы мен оқушы, топ пен топ) .

Қарастырылған материалдармен жұмыс істеу барысында өз түсінгенін қадағалайды, белсенді әрекет етеді.

Slide 10

Ой толғаныс сатысы

а) Оқушылар М. Мақатаевтың шығармашылығы бойынша жұмыс жасайды. «Түртіп алу - + ? v (INSERT) » Оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V - “білемін”, ― - “мен үшін түсініксіз”, + - “мен үшін жаңа ақпарат”, ? - “мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT - оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал.

V білемін

мен үшін түсініксіз

жаңа ақпарат

тереңірек білгім келеді

Slide 11

Венн диаграммасы («Өмір сүрейік алмасып» өлеңі бойынша)

Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастырады, ой түйістіреді, өз үйрену жолын, кестесін жасайды, басқалардың ойын біліп үйренеді.

Адам, жанды көзбен көреді,

саналы, біреуден жаралған,

бір жүрегі бар, бір - ақ рет өмір сүреді т. б

Қайың, өмір сүреді, өсімдік, жерден нәр алады, тілі жоқ, мың жүрегі бар, ұзақ жасайды, қайта тіріледі т. б

Тіршілік иесі, өмір сүреді, күн сәулесін сүйеді, т. б.

Slide 12

Рефлексия кезеңі: Сабақтан алған әсерлері туралы ой бөлісу.

«Алма ағашы» арқылы оқушылар сабақтан алған әсерлері туралы ой бөліседі. Тақтада алма ағашының суреті салынған. Оқушыларға екі түсті алма - қызыл және жасыл түс беріледі. Балалар алманы алма ағашына жапсырады: жасыл - «мен бәрін өте жақсы жасадым деп есептеймін, менің көңіл-күйім жақсы», ал қызыл түс - «тапсырманы орындай алмадым, менің көңіл-күйім жоқ» дегенді білдіреді.

Slide 13

Рефлексия арқылы оқушының өзіндік ойы, көзқарасы қалыптасады, өз - өзіне баға бере алады, білім алуға деген қызығушылығы, ынтасы жоғарылай береді. Осыған байланысты оқушылар арасында өзара түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын критериалды бағалау болып табылады.

Slide 14

Критериалды бағалау

бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу- танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі .

Slide 15

Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:

Мектепте оқыту сапасын жоғарлату

Мектеп оқушылардың білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру

Slide 16

Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:

Алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы;

Анық, айқындылығы;

Бағаның әділдігі;

Өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі.

Slide 17

Осы критериалды бағалау мұғалімдерге не үшін керек?

Алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы;

Анық, айқындылығы;

Бағаның әділдігі;

Өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі.

Сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құрастыруға;

Өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға;

Оқу үрдісінің сапасын жақсартуға;

Әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқушы үшін оқытудың жеке траекториясын алуға;

Бағалаудың әр түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;

Оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.

Slide 18

Оқушыларға несімен маңызды?

Оқушыларға нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсіну, рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалау, нақты есептерді шешуде білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білуі, сын тұрғысынан ойлай білу үшін маңызды.

Slide 19

Ата-аналарға:

Өз баласының оқытылу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға:

Баланың оқудағы прогресін қадағалауға;

Оқу үрдісінде оқушыға қолдау көрсетуге;

Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;

Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік береді.

Slide 20

Критериалды бағалау сабақтың өн -бойында жүзеге асып отырады. Алдымен топтық жұмысты бағалауда өте тиімді. Өйткені топ жұмысын критерийлермен бағалау жұмыстың нәтижелілігіне және оқушылардың өзара бағалау арқылы өз пікірлерін ортаға салып, еркін жеткізуіне алып келеді. Өз пікірін еркін айту, өзгелердің жұмысына өзіндік бағасын беру өмірге бейімділіктерін арттыра берері сөзсіз. Бағалау парағы топқа тапсырмамен бірге ұсынылатын болғандықтан, оқушылар өзге топты бағалар алдында өз тапсырмаларын орындауда сол критерийді басшылыққа алады.

Slide 21

«Менің әуес ісім - сурет салу» тақырыбы бойынша критериалды бағалау мынадай үлгіде беріледі.

Критерий

Жетістік

Дескриптор

Критерий А

/ түсіну/

Мәтінді оқу, аудару.

Мах 6

0

1

2

3

4

5

6

Тапсырма бойынша берілген критерийлерді орындай алмады.

Мәтінді түсінбеген, аударма жұмысында дәлсіздіктер көп.

Мәтінді ауызекі сөйлеу стилінде түсінген, сөздікпен өз мәнінде жұмыс істей алмады.

Мәтін мазмұнын толық түсінбеген, аударма барысында қателер жіберілген.

Көп мағыналы сөздерді аудару барысында дәлсіздік

терге жол берген, кейбір тілдік бірліктерді толық түсінбеген.

Мәтін дұрыс аударылған, алайда кейбір сөздердің мағынасын түсінбеген.

Мәтінді өте жақсы аударған, сөйлеу әуезділігі жоғары

Slide 22

Критерий В

/ талдау/

Негізгі ойды табу, сұраққа жауап беру.

Мах 6

0

1

2

3

4

5

6

Тапсырма бойынша берілген критерийлерді орындай алмады.

Негізгі ойды дәл анықтай алмады, оқушының сөздік қоры жұтаң.

Негізгі ойды анықтай алмады, сұрақтарға жауап беруде қысқа сөйлемдер қолданған.

Мәтіндегі негізгі ойды толық түсінбеген, ой жүйесі сақталмаған.


Ұқсас жұмыстар
ОҚИҒА КЕЙІПКЕР
Біздің мектеп. Орыс тілді сынып
Сұрақтарға жауап жаз
Жусан иісі
Лездік сұрақтар
Киіктің айласы
Қоңыр қозы
Қар құрастыру
Түркістан қаласы - Салалас құрмалас сөйлем
Сұраққа жауап
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz