МЫРЫШ ҚОСЫЛЫСТАРЫ


Slide 1

Мырыш, кадмий, сынап және олардың қосылыстары: химиялық және физикалық қасиеттерı (Zn, Cd, Hg)

Slide 2 Slide 3

Ауада мырыштың сырты оксидпен немесе негıздı карбонатпен қапталады. Ол қабыршақ оны әрı қарай тотығудан қорғайды. Мырыш сумен реакцияласпайды, өйткенı оның сыртын бıрден түзıлген гидроксид қорғап тұрады.

Мырыш қышқылдарда да, сıлтıлерде де еридı. Ол оның амфотерлıк қасиетıн көрсетедı. Мысалы:

Zn + 2HCl = ZnCl2 + H2↑

Slide 4 Slide 5

Өндıрıлетıн мырыштың жартысынан көбı темıрдıң бетıн қаптауға жалатуға (тотығудан қорғау үшıн) жұмсалады, ал қалғаны құймалардың құрамында, () гальваникалық элемент жасауға, мырыш қаңылтырын жасауға, металлургияда (қолданылады

Slide 6

МЫРЫШ ҚОСЫЛЫСТАРЫ

Мырыш гидроксидı Zn(OH) 2 мырыштың ерıмтал тұздары мен сıлтıлер арасындағы реакцияда түзıледı:

Zn2+ + 2OH- = ↓Zn(OH) 2

Өзı көлемдı, ақ түстı тұнба.

Бıрақ амфотерлı қасиетı болғандықтан қышқылдарда да, сıлтıлерде де еридı, мысалы: Zn(OH) 2 + H2SO4 = ZnSO4 + 2H2O Zn(OH) 2 + 2NaOH = Na2ZnO2 + 2H2O

Мырыш сульфидı - ZnS мырыш табиғатта кездеседı. Қолдан алынғаны ақ түстı болады. Суда ерıмейдı, ıс жүзıнде литопон деген ақ бояу құрамына кıредı: BaS + ZnSO4→BaSO4 + ZnS

ZnS радиотехникада қолданылады. Кристалдық ZnS- ке азғана активатор (Cu, Mn, Te т. б. ) қосса, шамалы сәуленıң әсерıнен жарқырайтын қасиетке ие болады. Осындай бояуларды сағаттың циферблатына, басқа шкалаларға жағуға пайдаланады.

Slide 7

Кадмий - ақ түстı, жылтыр, пышақпен кесıлетıн жұмсақ, созылғыш металл.

Каймийдıң көп қасиетı мырышқа ұқсас болғандықтан мырышпен аралас, мырыш кендерıнде кездеседı. Сондықтан алынған мырышта әуелгı кезде әрдайым кадмий болады.

Мырыштағы кадмийдı ажыратып алу үшıн, бұларды фракциялап айдайды, қайнау температураларының айырмашылығы (140°С) фракциялауға мүмкıншıлıк бередı. Бұл екı

металды ажыратудың тағы бıр тәсıлı - мырыш ұнтағын күкıрт қышқылында ерıтедı де, белсендıлıк қатарындағы орындарына сай кадмийдı мырышпен ағыстырып шығарады.

Slide 8

Кадмий судан сутектı ығыстырып шығарады: Cd + 2HOH ↔ Cd(OH) 2 + H2↑ Сıлтıлерде ерıмейдı, қышқылда еридı:

Cd + 2HCl = CdCl2 + H2↑

Бұл реакция ептеп қыздыруды қажет етедı, өйткенı кадмий мырыштан белсендıлıгı кемдеу элемент (мырыштың электродтық потенциалы - 0, 76 В, кадмийдıкı - 0, 40 В) . Азот және күкıрт қышқылдарымен тотыға әрекеттеседı.

Slide 9

Кадмий гидроксидı ерıмтал тұзымен сıлтı арасындағы алмасу реакциясында түзıледı, Zn(OH) 2 сияқты борпылдақ ақ тұнба, аммиак ерıтıндıсıнде аммиакат түзе еридı.

Cd(OH) 2 + 6NH3=[Cd(NH3) 6] (OH) 2

Cd(OH) 2 негıздıк қасиетı өте басым қосылыс, қышқылдық қасиетı Zn(OH) 2 -ден анағұрлым кем. Концентрленген сıлтı ерıтıндıсıмен араластырып ұзақ қайнатқанда гидроксидтı кадматтар K2[Cd(OH) 4], Ba2Cd(OH) 6] т. б. түзıледı.

Slide 10 Slide 11 Slide 12 Slide 13

Сынаптың қосылыстары. Сынап металдардың көпшıлıгıн ерıтıп амальгама түзедı. Амальгама да құйма, сонда кейбıр амальгамалар металдың сынаппен интерметалдық қосылысы болып табылады Төрт металл

Mn, Fe, Co, Ni амальгама түзбейдı.

Сынап сырт қарағанда 1 және 2 валенттı, соған сәйкес Hg2O - сынап (I) оксидı (қара түстı), HgO - сынап (II) оксидı (қызыл түстı) дейдı. Бıрақ шын анықтығына келгенде Hg2O қосылыстардағы сынаптың атомдары да екı валенттı екен, бıрақ валенттıлıгıнıң бıреуı өзара байланысуына жұмсалады.

Сынап (II) оксидı HgO - медицинада қолданыла

Slide 14

Сынапта, бıр қызығы, гидроксид жоқ, тұздарын сıлтıмен әрекеттестıрсек гидроксидтıң орнына оксидтерı түзıледı:

[Hg2] (NO3) 2 + 2NaOH = ↓[Hg2] O + 2NaNO3 + H2O Hg(NO3) 2 + 2NaOH = ↓HgO + 2NaNO3 + H2O

Бıр валенттı сынап хлоридı [Hg2] Cl2, дисынап (I) дихлоридı мұны каломель деп атайды, ақ түстı, суда ерıмейтıн ұнтақ зат, оны алу үшıн: [Hg2] (NO3) 2 + 2NaCl = [Hg2] Cl2 + 2NaNO3

дисынап (I) дихлоридı не болмаса

HgCl2 + Hg = [Hg2] Cl2

Каломель медицинада ıштı тазалайтын дәрı ретıнде қолданылады

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Бейорганикалық дәрıлıк заттар
Куміс айна реакциясы
МЫРЫШ САБАҚТЫҢ ҰСТАНЫМЫ
Хром тобына Темір тобына
Мырыш - ІІБ топ элементі
Топырақтың ауыр металдармен ластануы
Микроэлементтердің адам организміндегі рөлі
Адам өмірінде кездесетін химиялық элементтер
Электролиттік әдіс
d - элементтердің сонымен қатар Cr, Mo, W қосылыстарының медицина мен фармация қолданысындағы химиялық негіздер туралы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz