Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастық: педагогикалық негіздер мен ұйымдастырушылық шарттар


Slide 1

Мектепке дейінгі мекеме мен мектептің ерекшеліктері

Slide 2

Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш сынып арасындағы сабақтастықтың негіздемесі:

балалардың білуге деген құмарлығын дамыту;

балалардың өздігінен шығармашылық жұмыс тапсырмаларын шеше білу қабілетін дамыту;

балалардың интеллектуалдық және тұлғалық дамуына бағытталған шығармашылық қиялын дамыту;

тілдік қарым-қатынасын дамыту (құрбы-құрдастарымен, ересектермен тіл табысып, сөйлесе білу)

Slide 3

Сабақтастық үрдісін 2 жақтан қарауға болады.

Мектепке дейінгі буын сатысында мектепке дейінгі балалық шақтың өзіндік құндылығы қысқартылады және балалардың жеке тұлғалық сапасының негізі қалыптасады.

Мектеп өз жұмысын жоқтан құрмайды. Мектепке дейінгі балалардың жетістігін қапсырып алып, балалардың жинақтаған әлеуетін педагогикалық практиканы ұйымдастыра отыра дамытады. Сабақтастықтың осындай түсінігі балалардың дамуы мен оқып үйренуін үздіксіз іске асырып отырады.

Slide 4

Бұл:

Мектепке дейінгі мекеме мен мектептегі білім үрдісінің мақсатын, міндетін, мазмұнын, бағыттап отырады;

әр баланың дамуына жағдай жасайды (денсаулығын сақтау, эмоционалдық саулығы)

Балабақша мен бастауыш білім сатысының сабақтастығын тек баланы мектепке дайындау деп түсінбеу керек, мұнда педагогтар мектепке дейінгі ұйымдарда білім берудің формалары, әдіс-тәсілдерімен жете танысып, 6 жас пен 7 жас аралығындағы психологиялық ерекшелікті анықтай отырып мектепке біртіндеп жеңіл бейімделуіне жағдай жасау шарт.

Slide 5

Мектепке дейінгі мекеменің міндеттері:

салауатты өмір сүру салтының құндылығына балаларды қатыстыру;

эмоционалдық аман-саулығын қамтамасыз ету, әр түрлі көркемдік іс-әрекет түріне жағдай жасау;

талабын, білуге құмарлығын, еркіндігін дамыту;

айналадағы әлем жайында білімін қалыптастыру;

Slide 6

Бастауыш мектептің міндеттері:

салауатты өмір сүру салтының құндылығын қалыптастыру және өзінің тәртібін осыған сай реттеу;

қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынас дайындығын дамыту. (эмоционалды, интеллектуалды, коммуникативті және іскери)

мектепте оқуға үйрену деген тілегін қалыптастыру;

әр түрлі әрекетте бірлесе жұмыс істей білуі мен өздігінен жұмыс істеуін дамыту;

мектепке дейінгі мекемедегі жетістігін жетілдіру, мектепке дейінгі мекемеде дамуында қалыптаспаған сапасына арнайы көмек көрсету;

Slide 7

Мектепке дейінгі мекеме мен мектептің ерекшеліктері:

Балаларды мектепке даярлау кезеңінде назардан тыс қалатын жағдайлар да болып жатады:

баланың дене бітімімен бірге, саусақ сүйектерінің дамуы мен көру қабілеті т. б.

іс-әрекетін жүйелі ұйымдастыра білуі;

құрбыларымен, үлкендермен қарым-қатынасы;

қоршаған ортасын қабылдау бейімі т. б

Slide 8

Сондықтан алты жасар балаларға жағдай туғызудың негізгі жолдарын алдын -ала жан-жақты талдап, нақты шешімдер қабылдауды қажет ететін талаптар бар. Олардың ең бастылары арнайы білім беру кеңістігін құратын орта:

оқу, ойын, жатын бөлмелері;

жас ерекшеліктеріне сай оқуға, жазу-сызуға арналған парталар;

гигиеналық талапқа сай асхана;

сынып бөлмесінде әр баланың оқу-ойын құралдары сақталатын арнайы орын;

баланың бойына ескеріліп құрылған сынып тақтасы.

Slide 9

Мектепке дейінгі білім беру мекемесі мен бастауыш мектеп сатысында мынадай жағдайлар туындайды: Бастауыш мектеп мектепалды дайындық тобында берілетін тәрбиелену, білім беру және дамыту моделінен оқытудың мектептік моделіне үздіксіз байланыста өтуін қамтамасыз ету керек. Бұл жерде білім, білік, дағдылардың сабақтастығынан да балалармен жұмыс істеудегі әдіс-тәсілдердің сабақтастығы жоғары рөл атқарады. Басты мақсат мектепалды дайындық тобынан бастауыш мектепке көшудегі балалармен жұмыс түрлерінің тығыз сабақтастығы.

Slide 10

Көбіне бастауыш мектепте мектепалды дайындық тобының әдіс-тәсілдерін, жұмыс түрлерін қолданғысы келмейді, ал даярлық тобы тәрбиешілері көбіне бастауыш мектеп моделін пайдалануға мәжбүр болады. Балаларды оқытудағы бастауыш мектеп моделі даярлық тобындағы балалардың мектеп талаптарына сай білім, білік, дағдылары қалыптасқан, ұйымдастырылған оқушыны алғысы келеді. Мұндай сабақтастықтың нәтижесінде мектепке дейінгі балалықты бағалау түсіністігі жоғалады және баланың даярлық тобына баруы мектепке дайындық ретінде ғана қарастырылады. Мектепалды дайындық тобының мұғалімдері мен тәрбиешілері «Баланы мектепке даярлау» мақсатында балаларды партаға отырғызып, мектептік типте сабақтар жүргізеді.

Slide 11

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Отбасы мен бала бақша арасындағы ұйымдастырушылық-педагогикалық өзара әрекеттестік
Мектепке дейінгі білім берудегі оқыту технологиялары мен педагогикалық зерттеу әдістері
Мектепке дейінгі балалар ойынын ұйымдастыру: теория, даму сатылары мен педагогикалық тәсілдер
Мектепке психологиялық дайындық: мектеп жасына дейінгі балалардың оқуға бейімделуі мен дамудың аспектілері
Бастауыш мектептегі педагогикалық коррекция: мектепке дайындау, психодиагностика және коррекциялық бағдарламалар
Мектеп жасына дейінгі балалардағы ойынның тәрбиелік-педагогикалық рөлі, құрылымдық элементтері мен түрлері
Мектепке дейінгі және бастауыш тәрбие мазмұны: әлемдік және ұлттық тәжірибелердің салыстырмалы талдауы
Бастауыш білім беруде оқушылардың сөйлеу тілін және ойлау қабілетін дамыту: педагогикалық шарттар мен әдістер
Александра Платоновна Усова: мектепке дейінгі тәрбие және мектепке даярлықтың теориясы мен әдістемесі
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: тарихи-теориялық негіздер және психологиялық дайындық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz