Перметрин кремімен өңдеу




Презентация қосу
Тақырыбы: Қотыр
Жоспар:
• Анықтамасы
• Жіктемесі
• Қауіп-қатерлі факторлар
• Диагностика критерилері
• Атипиялық формасы
• Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
• Емдеу тактикасы
• Госпитализациялауға көрсетімдер
• ПРОФИЛАКТИКА
АНЫҚТАМАСЫ ЖІКТЕМЕСІ
• 1. Қарапайым.
• Қотыр – адамның теріішілік
• 2. Норвегиялық (əлсізденген
паразиті болып табылатын адамдарда).
Sarcoptes scabiei hominis • 3. Жалған қотыр (жануарлар мен
қышымалық кене құстардың қотыры).
туындатқан терінің • 4. Дəндік (матрастық, ячмендік).
паразитарлық ауруы.
• 5. «Тазалардың» қотыры –
азсимптомды
ҚАУІП-ҚАТЕРЛІ ФАКТОРЛАР
• сау адамның ауру адаммен тікелей
жанасуы (науқас пайдаланған
тұрмыстық заттар арқылы; жыныстық
қатынастар), тұрғындардың топтануы,
қанағаттанарлықсыз санитарлық-
гигиеналық жағдайлар, тұрғындардың
жеткіліксіз гигиеналық дағдылары,
тұрғындардың жоғары миграциясы.
ДИАГНОСТИКА
Шағымдар мен анамнез
•1. Тиянақты жиналған жанұялық
эпидемиологиялық анамнез.
•2. Əсіресе кешке жəне түнде өршитін
айқын терінің қышуы.
Физикалық тексеру:

1. Қотырлық жолдар – аздап көтерілген тура жəне
иілген, лас-сұр 1мм ден бірнеше сантиметрге дейін
тізбектер. Алдыңғы соңда (соқыр) жиі жағдайда
көпіршіктер көрінеді (бұл жерде қара нүкте түрінде
көрінетін кененің ұрғашысы бар). Қотырлық жолдар
білезік қол буындарының шеткі беттерінде, ерлердің
сыртқы жыныс мүшелерінде, əйелдерде емшекте
орналасады.
• 2. Аяқ пен қолдың бүгу
беттеріндегі саусақ ұштарында,
денеде (көп жағдайда кеуде
клеткасының алдыңғы бетінде),
іш, белде байқалатын, ұсақ
папулалар, везикулалар,
нүктелік жəне тізбектік
экскориациялар.
• 3. Қотырлық кенелер мен
олардың личинкаларын
қырындыны микроскоптық
зерттеу кезінде табу.
Атипиялық формасы:

•1. Қышудың болмауы, чешуй-қыртыстық қабаттардың
болуы, суланған жалақ жаралар, алақан мен өкше
кератодермиясы (норвегиялық қотыр кезінде).
•2. Уртикарлық элементтердің везикуламен ортада
болуы, мойын мен денеде орналасу (дəнді қотырда).
•3. Қотырлық жолдарсыз аса ашық папула-
везикулдардың болуы (қышыма қотыр).
Негізгі диагностикалық
шаралар тізімі:
• 1. Микрореакция.
• 2. Қанның жалпы анализі.
• 3. Зəрдің жалпы анализі.
• Қосымша диагностикалық шаралар
тізімі: қотырлық кенені лабораторлық
табу.
Емдеу тактикасы
• Ем мақсаты: науқасты қышынудан
құтқару, аурудың қайта қайталануының
жəне таралуын алдын алу, тері
бөртпелерінің регрессі, тығыз
тұрмыстық жанасуды профилактикалық
емдеу.
Дəрі-дəрмектік ем:
• Ыстық ваннадан соң, «перметрин» кремімен өңдеу
жүргізуге болмайды. Əр мəжбүрлі қол жуудан кейін,
қайта өңдеу қажет.
• 1. Бүкіл денені, бас, бет, мойын жəне құлақ терілерін 5%
«Перметрин» кремімен өңдеу. Перметриннің көз, мұрын,
ауыз қуысы сілемейлі қабығына түсуінен аулақ болу
қажет. Заттың сілемейлі қабыққа түскен жағдайында
оларды ағынды сумен шаю қажет. 8-12 сағаттан кейін
препаратты шайып тастау керек. 7 күннен кейін қайталау
(жиірек педикулезді емдеу кезінде қолданылады).
• 2. Бензилбензоаттың су-сабынды эмульсиясы (20%-ересектер үшін жəне 10%-
балалар үшін) жақсылап шайқағаннан соң, теріге мақта дəкелі тампонмен емнің 1-ші
жəне 4-күндері 10 минуттан күніне 2 рет сүртеді. 2-ші жəне 3-ші спецификалық ем
жүргізілмейді.

• Төсек жамылғыларын ауыстыру екі рет жүргізіледі: препаратты бірінші жəне екінші
сүрткеннен кейін. Науқас келесі үш күн ішінде жуынбайды, бірақ қол ұштарына
препаратты əр қол жуғаннан кейін жағады. Науқас 3 күннен кейін ыстық сумен
жуынады жəне төсекті тағы ауыстырады. Емшек жасындағы балаларға тері
жамылғысын түртпей, аталған ерітіндімен сулайды, ем курсын 3-4 күннен кейін
қайталайды.
• Бензилбензоатпен емдеу жүктілік пен сүттену кезінде қарсы көрсетілген.

• 3. 33% (ересектер үшін) жəне 20% (балалар үшін) күкірт мазі. Ем алдында науқас
сабынмен жуынады. Мазьді күн сайын 5-7 күн бойы жағады, əсіресе қотыр кенесінің
орналасу аумағына. Науқас 6-8 күннен кейін сабынмен жуынады жəне төсек
жамылғыларын ауыстырады.

• 4. Эсдепалетрин аэрозолін бет пен бастың түкті
бөлігінен басқа жердің тері жамылғыларына жағады.
Теріге дене бетінен 20-30 см қашықтықта шашады,
препаратты теріде 12 сағатқа қалдырады (қол жуған
кезде препаратпен қайта өңдейді, жаялықты
ауыстыру кезінде балалардың құйрығына шашады). 5
жасқа дейінгі балалар терісін өңдеу кезінде, олардың
аузы мен мұрнын салфеткамен жабу қажет. Егер
қотыр белгілері көрініп тұрса, ерітіндіге батырылған
мақтамен өңдеу қажет.
Негізгі жəне қосымша дəрі-
дəрмектер тізімі
• Негізгі дəрі дəрмектер тізімі:
• 1. *Су-сабындық эмульсия,
бензилбензоат жақпамайы (20% -
ересектер үшін жəне 10% - балалар
үшін).
• 2. *Күкірт жақпамайы 33% (ересектер
үшін) жəне 20% (балалар үшін) 50-100 г.
ПРОФИЛАКТИКА
ГОСПИТАЛИЗАЦИЯ • Әрі қарай жүргізу,
диспансерлеу принциптері:
• Жиһаздарды, сыртқы киім,
Госпитализациялауға көрсетімдер: кілем, матрас, балалар
•- айқын қабынулық құбылыстар ойыншықтарын
(таралған экзематоздық процесс, дезинфекциялау үшін
аллергизация); аэрозольді қораптағы
•- екіншілік инфекцияның қосылуы; инсектицидті (А-ПАР)
•- жүргізіліп жатқан терапия пайдаланады, оларды
тиімсіздігі. өңдегеннен кейін қосымша
жумауға да болады. Төсек
жабдықтарын
залалсыздандыру жай кір
жуғыш ұнтақпен 10 минут бойы
қайнату жолымен жүргізіледі.

Ұқсас жұмыстар
Киім педикулезі
Вольфартиоз. Маллофагоздар
Энтомология. Гиподерматоз және Эстроз
Маллофагоздар - сүтқоректілер мен құстардың энтомоз ауруы
Түйе цефалопинозы
Жылқының ринэстрозы
Қой эстерозы
Балықты жылумен өңдеу
Цифрлық бейнелеу технологиясын дамыту тенденциялары
Қоқыстарды қайта өңдеу
Пәндер