Үсудің кезеңдері
Презентация қосу
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Травматология және жалпы хирургия кафедрасы
Тақырыбы: Үсік шалу
Орындаған: Серікбай Б.Т.
3-033 ЖМФ
Қабылдаған:Қамбарханов Б.Қ.
Қарағанды-2016
Жоспары:
І. Кіріспе
Үсік туралы жалпы түсінік
ІІ.Негізгі бөлім
• Үсудің пайда болу себептері
• Үсудің кезеңдері
• Үсудің дәрежесі
• Үсу кезіндегі алғашқы
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Үсу
Үсу дегеніміз – төменгі температураның ұзақ әсер етуі
нәтижесінде тіндердің зақымдануы.
Үсу ауа райының аязды күні ғана емес, сондай-ақ
температура нөлге жуық кезде де (ылғалдылық жоғары
болып, күн ұзақ уақыт суытқанда) болуы мүмкін. Үсуге
суық жел, ауаның ылғалдылығы, су болған әрі тар киім, аяқ
киім, қолғап немесе мастық, организмнің жалпы әлсіздігі
әсер етеді. Үсікке көбінесе саусақ,
башпайлар, мұрын, құлақ шалдығады. Үсік шалған жерді
суық жерде тұрып қармен ысқылауға және суық суға
түсіруге болмайды. Үсіген организм көп уақытқа дейін
суыққа сезімтал келеді.
Үсудің пайда болу себептері
суықтың;
желдің;
жоғары ылғалдылықтың;
тар және дымқыл аяқ киімнің;
науқастың жалпы жағдайының нашар болуы
(қандай да бір ауруға шалдығу, алкогольдік масаю,
көп қан жоғалту) және т.б. себептер әсер етеді.
Жиі үсуге бейім бөлімдер – аяқ жақтың дисталды
бөліктері, құлақ және мұрын. Яғни дененің шеткі,
қанмен нашар қамтамассыз етілетін ағзалар.
Үсудің төрт кезеңі бар
1 – ші кезең.Тері бетінде қайтымды қанайналым бұзылыстары
анықталады. Үсікке шалдықан тері беттері бозарған, біраз
ісінген, сезімталдығы төмендеген немесе мүлдем жойылған.
Теріні жылытқаннан кейін терінің түсі көк-қызыл түске
айналып, ісіну және ауырсыну сезімі пайда болады. Үсіген
жердің қабынуы бірнеше күнге созылады және бұл аймақтар
суыққа өте сезімтал болып келеді.
2 – ші кезең. Тері беттерінің жансыздануымен, мөлдір
сұйықтыққа толы көпіршіктердің пайда болуымен сипаталады..
Зақымдалған жердің қанайналымы баяу қалпына
келеді. Науқастың жалпы жағдайы нашарлайды, дене
температурасы жоғарылайды, тәбеті нашарлайды, ұйқысы
бұзылады. Зақымдалған аймақ 15-30 күнде жазыла бастайды.
Тері сезімталдығы өте төмен болады.
3 – ші кезең. Үсіген аймақтың канайналымы бұзылған,
терінең барлық қабаттарының сезімталдығы мүлдем
жойылған, бірақ науқаста қатты ауырсыну сезімі болады. 3-5
күннен кейін үсіген аймақта дымқыл гангрена дами бастайды.
4 – ші кезең. Тіндердің барлық қабаттарының, сүйектің
сезімталдығы толығымен жойылған.мұндай терең
зақымдануда жылыту ешбір нәтиже бермейді. Тері лезде іші
қара түсті сұйықтыққа толы көпіршікпен жабылады. 10-17
күннен кейін некрозданған ошақ айқын көріне бастайды және
қарайып, кебе бастайды(муфицирлену). Бұл кезеңде
науқастың жалпы жағдайы күрт төмендеген, органдарда
дистрофиялық өзгерістер байқалады. Науқас кез келген ауруға
сезімтал және бейім болады.
Үсінудің төрт дәрежесі болады.
І дәрежелі үсіну (аса жеңілі)
аз уақыт суық әсер етуінен
болады. Терінің жаны
кетпейді. Ондай үсінуге
шалдығудың бірінші белгісі
– зақымданған жерлердің
жансыздануына әкеп
соқтыратын күюді, шаншуды
сезіну. Содан соң тері
қышиды және ауырады, олар
аса мәнді және аса көрнекті
болмауы мүмкін.
ІІ дәрежелі үсіну ұзақ
уақыт суық әсер етуінен
болады. Оған аса тән белгі
– зақымданудан кейінгі
бірінші күні түссіз
сұйықтық толған
көпіршіктің пайда болуы.
ІІ дәрежелі үсінуден соң
ауруды І дәрежелі үсінуге
қарағанда ұзағырақ және
тереңірек сезінеді, тері
қышиды және ауырады.
ІІІ дәрежелі үсіну кезінде
температураның төмендеуі және
ұлпаға суық әсерінің ұзақтығы
артады. Бастапқы кезде пайда
болған көпіршіктердің іші қанға
аралас, түбі қоңыр-көк болады
және тітіркендіргіштерді сезбейді.
Терінің барлық элементтері өледі
де соңында бітеледі және
тыртықтар өрістейді. Түсіп қалған
тырнақтар қайтадан өспейді
немесе пішіні бұзылып өседі.
Өлген ұлпалардың түсуі 2,3-аптада
аяқталады, одан кейін
тыртықтанады, ол 1 айға дейін
созылады.Ауруды сезінудің
қарқыны мен ұзақтығы ІІ дәрежелі
үсінуден жоғарырақ.
IV дәрежелі
үсіну температураның
аса төмендеуінен және
ұлпаға ұзақ уақыт
суық әсерінен туады.
Ол көбінесе ІІІ және ІІ
дәрежелі үсікке
шалдығумен үйлеседі.
Жұмсақ ұлпаның
барлық қабаттары
өледі, жиі сүйек пен
буын зақымданады.
Терінің температурасы оны
қоршаған үсікке шалдыққан
ұлпа участогінен біраз төмен.
Көпіршіктер үсікке төмендеу
шалдыққан учаскелерде, ІІІ –
ІІ дәрежелі үсінген жерелерде
дамиды. Ісік біраз ұлғайған
жерінде көпіршіктің болмауы,
сезімталдығының жоғалтуы
IV дәрежелі үсуге
шалдығудың куәсі болып
табылады.
Үсік шалудың алдын алу мақсатында:
аязда көп жүрмеу;
тар киім кимеу;
алкоголь қолданбау;
бет пен қолға дымқылдандыратын крем
жақпау қажет!
Үсуге шалдығу кезінде алғашқы көмек.
Алғашқы көмек тоңуды тоқтатудан, аяқ-қолды жылытудан, суыққа
шалдыққан ұлпаларда қан айналымын қалпына келтіру мен инфекцияның
алдын алудан тұрады. Үсуге шалдығу белгілерін байқаған кезде бірінші
– зардап шегушіні жақын маңайдағы жылы жерге апару, қатып қалған
аяқ киімді, шұлықты, қолғапты шешу керек. Алғашқы көмек іс-шараларын
өткізумен бір уақытта дәрігерлік көмек көрсету үшін тез дәрігерді, жедел
жәрдемді шақыру қажет.
І дәрежелі үсікке шалдығу кезінде тоңған жерлерді қызарғанға дейін
жылы қолмен, жеңіл уқалаумен, жүн матамен ысқылаумен, деммен жылыту
керек, содан кейін мақта-дәкемен орау керек.
ІІ - IV дәрежелі үсікке шалдығуда тез жылыту, уқалау мен ысқылаудың
қажеті жоқ. Зақымданған жерді жылу өткізбейтін таңғышпен ораңыз (дәке
қабатын, қалың мақта қабатын, тағы дәке қабатын, үстіне клеенка немесе су
жібермейтін мата). Зақымданған аяқ-қолдар қол асты құралдарының
көмегімен бекітіледі (тақтайша, фанера сынығы, тығыз картон), оларды
таңғыштың үстіне салып дәкемен орайды.
Алғашқы көмек көрсеткенде үсіген адамды бірден жылы
жерге кіргізіп, жылытып, ыстық шай не кофе беру керек.
Жансызданған жерін жылы суға (температура 37 — 40°C)
малып, денесі қызарып, жылынып, сырттан тиген қолды
сезетін болғанша жайлап ысқылайды, содан соң таңып
тастайды. ҚҚ — ҚV дәрежелі үсікке шалдыққан адамды
алғашқы көмек көрсетіліп болғаннан кейін жылы орап,
ауруханаға апару қажет. Үсік шалған жерді суық жерде
тұрып қармен ысқылауға және суық суға түсіруге болмайды.
Үсіген организм көп уақытқа дейін суыққа сезімтал келеді.
Қорытынды
Үсікке шалдығу төмен температураның әсерінен дене мүшесінің кей
бөлігінің зақымдануы. Көбінесе үсінуге шалдығу қыстың суық мезгілінде
қоршаған орта температурасы –10oС - –20o С төмен кезде болады. Көктемде
және күзде ауа температурасы нөлден төмен кезінде далада көп уақыт,
әсіресе ауа өте ылғалды және күшті жел болғанда да үсінуге шалдығуға
болады.
Аязда тар және дымқыл киім мен аяқ киім кию, қатты шаршау, ашығу, ұзақ
уақыт қозғалыссыз және ыңғайсыз болу, алдыңғы суықтан алған жарақаттың
болуы, аурудың нәтижесінде болған ағзаның әлсіреуі, аяқтың тершеңдігі,
аяқ-қол буындарының және жүрек-тамыр жүйесінің созбалы аурулары, қан
жоғалтумен болған ауыр механикалық зақымданулар, темекі шегу үсуге
шалдығуға әкеп соқтырады.
Статистика бойынша адамдардың қаза болуына және аяқ-қолын кесуге әкеп
соқтыратын барлық ауыр үсінуге шалдығулар күшті алкогольдік мас болу
салдарынан болатындығы көрінеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
• http://kazmedic.kz/archives/1539
• https://yandex.ru/search/site/?searchid=2195897
• https://www.google.kz/search?q
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz