Жарақат түрлері
Презентация қосу
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ -
түрік
университеті
СӨЖ
Тақырыбы:Десмургия.Таңудың түрлері. Жарақат.
Жаралану процесі,алғашқы көмек көрсету.
Қабылдаған: Жүнісова Ж
Орындағандар: Мамиров У
Махмудов Д
Тобы: ЖМ-409
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Десмургия жәйлі түсінік.
2. Таңу: түрлері мен әдістері.
3. Жарақаттар.
4. Жарақат түрлері.
5. Жарақаттанудың түрлері
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Десмургия -/ греч. desmosө байланыс,
таңу, ergonө жүмыс, іс/ - таңу салу
әдістерің, таңғыш материалдарының
қасиетін, түрлерін оқытып, үйрететін
хирургияның саласы.
десмургия — жара мен сынықты таңу, байлау туралы
ғылым.
Десмургия – дененің жарақаттанғған не
ауырған жеріне қозғалмайтындай жағдай
жасау. Әсіресе, қол, аяқ, омыртқа
жотасына қолданылады. Сүйек сынғанда
жасаса, сүйектің ұсақ сынықтары қан
тамырын, нерв талшықтарын т.б.
тканьдерді зақымдамайды және сүйек тез
бітеді. Сондай–ақ, жараны инфекция
түсуден қорғайды. Қол–аяқ
жарақаттанғанда (сынық, буын шығу, буын
аурулары т.б.) сырқырап ауруын басады.
Таңғыш материалдын кұрамың, дененің
зақымдалған бөлігіне салынатың затты таңу деп
айтады, оның басты мақсаты жара бөліндісің не
емдік әсерді сіңіру оған тыныштық, қысым
және қорғаныс беру. Көптеген таңулар екі
бөліктен құралады: зақымдану орынымен
сәйкесететін ішкі және оны ұстап тұратынт
сыртқы. Таңғыш материалдар алуан түрлі.
Олардың басым көпшілігіне қойылатың
талаптар:жұмсақтылығы гигроскопиялығы /ауа,
дымқыл сіңіру қасиеті/, иілгіштілігі.
Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен
органдарының зақымдануы, сыртқы
себептерден аяқ-қолдың сынуы мен
буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның
жаралануы мен дененiң сыдырылуынан,
органдардың зақымдануынан және
көптеген басқа жайттардың әсерiнен
ұлпалар мен органдар тұтастығы мен
қызметiнiң бұзылуы.
Алғашқы көмек – зардап шеккен адамның
жарақатын асқындырмай, оған әртүрлi
медициналық көмек шараларын дұрыс көрсетiп,
оның өмiрiн сақтап қалуға бағытталған iс-
әрекет. Сондықтан да жарақаттанған адамның
өмiрi мен патологиялық процестердiң одан арғы
салдары көбiнесе апат болған жердегi алғашқы
көмектiң көрсетiлген уақыты мен оның
сапасына тығыз байланысты.
Ашық зақымдалу, немесе жара, кiлегейлi
қабықша мен терi жамылғысының
тұтастығының бұзылуы — бұл сыртқы жара, ал
iшкi жара қан кетумен сипатталады (көкiрек,
құрсақ қуысы, ми сауытында).
Жарақаттардың түрлері:
1. Тері бүтіндігінің бұзылуы бойынша жарақаттар бөлінеді:
ашық және жабық жарақаттар. Ашық жарақатқа ұлпа мен
ағзалардың анатомиялық тұтастығының бұзылуы жатады:
жара, сынық, күйік, буынның таюы. Жабық жарақатқа -
терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, бұлшық еттің
жаншылуы, аяқ - қолдың буыннан шығуы, сүйектің жабық
сынуы.
2. Жедел және созылмалы жарақаттар. Жедел дегеніміз
ағза ұлпасында бір сәтте қатты әсер ету нәтижесінде пайда
болған зақымдану. Созылмалы дегеніміз аз күштің көп
мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған зақымдану.
3. Тікелей және тікелей емес жарақаттар. Тікелей
жарақаттар соққы тиген жерде пайда болады. Тікелей емес
жарақаттар, ағзаның басқа жерінде пайда болған
жарақаттар.
4. Қайтымды және қайтымсыз жарақаттар.
Жарақаттың себебі - механикалық факторлар (соғылу, ауыр
салмақты плитаның астында қалу, биіктен құлау).
Зардап шегушiнiң ауруын азайту үшiн мына
тәсiлдер қолданылады:
1. Зардап шегушiнiң үстiн жауып, салқындап
қалмауын қадағалау.
2. Сынғанда иммобилизация жасау (жақтау қою).
3. Зембiлге жатқызу.
4. Құрғақ, сұйық заттарды қолдану (полиэтилен
қалтасына салынған мұз, қар, мұздай су) жүйке
жүйелерiн механикалық тiтiркенуден қорғайды,
iсiгiн және жарақаттың қабынуын азайтады.
5. Дәрi-дәрмектен амидопириндi 0,5 г., анальгиндi
0,5-1,0 г., ацетилсалицил қышқылын 0,5-1,0 г
мөлшерiнде қолданған дұрыс.
6. Тасымалдағанда ауруханаға көп селкiлдетпей,
ұқыпты түрде жеткiзген жөн.
Денеден қан көп кетсе немесе ағза салқындаса,
шаршап қалса, тасымалдағанда қосымша зақым
келтiрiп алса, тасымалдағанда көлікпен
селкiлдесе, ауруын басатын дәрi берiлмесе, адам
естен танады. Мұны жарақаттық шок деп атайды.
Мұндай жағдайда әуелi алғашқы көмек көрсетiп
алу керек. Қан ақса, тез уақытта тоқтату керек.
Егер кеуде жотасы үңiрейiп тұрса, ондай
жағдайда герметикалық таңғыш салады. Ал сүйек
сынса, сүйек қозғалып кетпейтiндей етiп таңады,
зақымданған болса, онда ыстық кофе мен шай
беру керек. Жарақат қай жерде болса да, ол түрi
мен ауырлығына қарай жанға батады. Ауру қатты
болған сайын зақым алған адамның хал-жағдайы
нашарлайды, ауруы асқынады.
Жарақаттанудың түрлері
Күйік Үсік Сынық Улану
Қан кету
1.Күйік-теріге қайнап тұрған су,өте ыстық
бу,қызған металл бұйымдары,шарпыған
от,сондай-ақ электр тоғы әсер еткенде
пайда болатын күйік жарақат түрлеріне
жатады.
Күйік
Термиялық Химиялық
Термиялық күйік-көптеген қарулар:от
шашқыш,өртенгіш бомба және басқа да
түрлерімен жараланудан пайда
болады.Тері және тері асты қабатының
зақымдану тереңдігіне қарай 4 дәрежеге
бөлінеді:
Химиялық күйік-теріге қышқылдар
(концентрлі сірке,азот,тұз,фосфор
қышқылдары),сілтілер (күйдіргіш
натрий,күдіргіш калий, сөндірілмеген
әк)және басқа да заттардың әсерінен пайда
болады.
-І дәрежесі күйік-орнының қызаруы,кішкене
ісінуі,қызаруы,күйген жердің ауруымен сипатталады.3-
5 күннен кейін тері қабықтанып жазылуы басталады.
-ІІ дәрежелі күйік-сарғыш,түссіз сұйықтық толған
бөртпелердің пайда болуы және терінің ісінуімен
сипатталады.ІІ дәрежелі күйіктердің жазылуы 10-15
күнге созылады.ІІ дәрежелі күйіктерді тек
медициналық мекемелерде емдеу қажет.
-ІІІ дәрежелі күйік-барлық зақымдалған терінің бір
бөлігінің немесе толығымен жансыздануымен
сипатталады.Күйіктің бетін қара немесе сұр түсті
қабыршақ жабады.
-ІV дәрежелі күйік-тері,сонымен қатар тері асты май
қабаты,сіңір,бұлшық ет,кейде сүйектің де
жансыздануымен сипатталады.Күйік беті қара түсті
қабыршақпен жабылады.ІІІ және ІV дәрежелі күйік
кезінде іріңдеу процесі қатар жүреді.Жансызданған
ұлпалар (некроз) бөлініп,15-20 күнде түсе
бастайды.Күйіктің жазылуы баяу және өте созылмалы
болады.
Күйген кезде көрсетілетін алғашқы көмек-І-ІІ
деңгейдегі күйік кезінде көмек суланып ісінуге
қарсы бағытталған болуы керек,бұл үшін күйген
жерді суық сумен,мұзбен салқындату
керек,кейін құрғақ қатты таңғышпен таңып
тастау қажет.ІІ-ІІІ дәрежелі күйік кезінде
вазелині бар стерильді таңғышпен таңып тастау
керек.ІV дәрежелі күйік кезінде стерильді
таңғыш таңып дереу емханаға немесе күйік
орталығына жеткізу керек.
Химиялық күйік алған кезде күйікті көп
мөлшердегі сумен немесе марганецті қышқыл
калийдің әлсіз ерітіндісімен жуу
керек.Қышқылдардан болған күйіктерді ас
содасының әлсіз ерітіндісімен,ал сілтілерден
болған күйікті-бор қышқылының 2-4%-ды
ерітіндісімен немесе сірке суының әлсіз
ерітіндісімен жуған дұрыс.
2.Үсік-адам қатты аяз кезінде шалдығады.Әсіресе,дененің
ашық жерлері:аяқ-қол,мұрын,құлақ,бет үсікке көбірек
шалдығады.Бұл жағдайда үсіген жерлердегі тері ағарады
және шымырлайды.
Үсіктің 4 дәрежесін анықтайды.
-І дәрежелі үсік-жылынғаннан соң қатты аурумен
сипатталады,тері қара-көк немесе қошқыл-қызыл түсті
болады және ісік пайда болады.Жағдайдың түзілуі 2-3
күннен кейін ғана болады.
-ІІ дәрежелі үсік-тері қара-көк немесе қоңыр-қошқыл
түсті болады,оның үстінде 2-3 күн бойы мөлдір сұйықтық
толған көпіршіктердің пайда болуымен сипатталады.
-ІІІ дәрежелі үсік-терінің және оған жақын ұлпалардың
жансыздануымен сипатталады.
ІV дәрежелі үсік-терінің және жұмсақ ұлпалар мен
бұлшық еттердің және сүйектердің жансыздануымен
сипатталады.
Үсіген кезде көрсетілетін алғашқы көмек-үсіген адамды
дереу жылы бөлмеге кіргізіп,жылытқыш қойып немесе
жылы ваннаға отырғызу керек,бұлардың температурасы
алғашында +22+25 градустан аспауы керек.
3.Сынық-бұл кенеттен қатты бір күштің
әсерінен сүйектің жартылый немесе
толығымен тұтастығымен
бұзылуы,әдетте,сүйек сынған кезде күштің
әсерінен оның айналасындағы жұмсақ
ұлпалар зақымданады.Сіңірлердің,жүйке
тамырларының үзілуі де болады және
айналасындағы барлық жұмсақ ұлпалар
зақымданады.
Сынықтар
Ашық Жабық Толық Жартылый
Сынған кезде көрсетілетін алғашқы жәрдем-ең
бастысы зардап шегушіні толық
тыныштандырып,денесінің зақымданған бөлігін
қозғалмайтындай етіп байлау керек.Ол үшін таңғыш
қалақ,ал ол болмаса қолда бар мата,тақтай
қолшатыр,бір бау шыбық алып оларды бинтпен
орайды да,солар арқылы қозғалтпайтындай жағдай
жасайды.
Жарақат-тері тұтастығы бұзылмай,ұлпалар мен
мүшелердің зақымдануы.Ол адам денесінің белгілі
бір аймағына жарақаттанушы фактордың тез және
қысқа уақытта әсер етуінен пайда болады.
4. Улану-көбінесе газдан улану,пеш жаққанда
улану,түрлі заттардан улану, тұрмыстық улы химиялық
тұншықтырғыш заттардан улану, улы өсімдіктермен
улану, саңырауқұлақтардан улану
болып табылады.
5.Қан кету деп-зақымданған қан тамырлардан қанның
ағуын айтамыз.Қан кету көбінесе адам бейнесінің
бөліктері немесе мүшелері механикалық
зақымданғаннан кейін болады
Қан кету
Қолқа тамырдан қан кету , көк тамырдан қан
кету,қыл тамырдан қан кету,
паренхиматоздық болып бөлінеді.
Қан кетуді тоқтату тәсілдері:
-қысып тұрып байлам салу
-жгут салу
-қолқа тамырды бармақпен сүйекке қысып
ұстау
-қол-аяқты буыннан барынша бүгу (егер жара
буынның жанында болса)
-жараланған жерді көтерінкі орналастыру.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Общая хирургия, В.К.Гостищев
2. Интернет www.google.kz
3. С.В. Петров - Общая хирургияС.В. Петров - Общая
хирургия 2002г
4. Т. Қасенов Қ.Дүрмәнов, Жалпы хирургия,1992 жыл.
Алматы.
5. М.Мырзабеков. Жазатайым жарақат алсаңыз.
Алматы, 1987 ж.
6.О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов,
У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова. Аурудың алдын алу
және сақтандыру бойынша орысша-қазақша
терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 ж.
7. Шаңырақ: Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы:
Қаз.Сов.энцикл. Бас ред., 1990 ж.
Назар аударғандарыңызға
рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz