Тез жылыту


Slide 1

Ұлпаны үсітіп алған кезде суық әсер етеді - буындардың ұзақ мерзімді спазмасы кейінгі тромбозбен ұлпадағы трофикалық бұзушылықтарға әкеледі. Үсу қоршаған ортаның температурасы 0 °С-тан төмен болған кезде болуы мүмкін. Саусақтарды үсітіп алу ең жиі кездеседі, одан азырақ - құлақ, мұрын, бет, табан. Тез болғанда, ауа ылғалдығы көбірек болса, соншалықты температура төмен болады. Мас болған кезде үсік жиі кездеседі. Сондай-ақ ол ағзаның жалпы суық тиюіне әкеліп соғады. Алкоголь әсерінен және жылуды тез беруден тамырлардың кеңеюімен түсіндіріледі. Ауыр үсік және ағзаның салқындауы кезінде ағзада ентікпе, тахикардия, АҚ түсуі мүмкін.

Үсіктің бастапқы кезеңінде үстіңгі қабаттағы үсіген жер ақшыл, салқын, сезімталсыз болып келеді. Науқас үсіген жерін сезе алмай қалады.

Үсік

Slide 2

Жылытқан кезде қатты ауыра бастайды және көзге көрінерлік ұлпадағы зақымдар үсу деңгейіне байланысты көріне бастайды:

І деңгей - тері көгеріп кетеді;

ІІ деңгей - мөлдір сұйықтықпен толытырылған тері көпіршіктері;

ІІІ деңгей - көгерген тері, ісік пайда болады, көпіршік қанды сұйықт ықпен толады, терінің өлуі пайда болады;

ІҮ деңгей - терінің өлуі және сүйекке дейінгі тереңдіктегі барлық ұлпа зақымданады, бір аптадан кейін - ылғалды немесе құрғақ қағыну.

Slide 3

Үсік деңгейі:

Slide 4

Қалтырап тоңу-бірінші дәрежелі созылмалы үсік болып табылады. Қоршаған ортаның температурасы 0°С-тан жоғары болса да, қайталанбалы суықтың әсерінен дамиды. Оған әкеліп соқтыратын факторлар: ылғалдылыө, жел, қан айналымының бұзылыстары. Қалтырап тоңуға дененің ашық жерлері ұшырайды: бет, қолдың ұы. Зақымдалған аймақтың терісі көкшіл, кейде қызарған, сезімталдығы төмендеген, ісінген, қатайған, ұстағанда мұздай, жылтырады, ауырады. Ауру дерматит, дерматоз, сырылу, ойық түрінде дамуы мүмкін және консервативті емге көнбейді. Қалтырап тоңу көктемде және күзде қайталанады, әсіресе қыста жиілігі артады

Slide 5

Патогенезі

Slide 6

Үсікте тіндердердің бұзылысы маңызды орын алады. Тіндердің некроздалуы суықтың әсерінен емес, қан айналымның бұзылысына байланысты: спазм, реактивті сатысындағы қан тамырлардың парезі(капиллярлар мен ұсақ артериялар), қан ағысының баяулауы, қанның формалық элементтерінің стазы, тромб түзілісі.

Салқын температура

Қан айналым баяу

Қан элементтері стазы

Спазм

Тромб

Slide 7

Эндотелий ісінуі

Некроздалған тін

Slide 8

Компенсация. ОЖЖ қозуы (гипоталамо-гипофизарлы-бүйрек үсті безі жүйесі, қордағы майлар мен гликоген ыдырауы) . Макроэргиялық тотығу процесіне байланысты термогенез бірден жоғарылайды. Осымен қатар артериоланың спазмы мен тіндік қан айналым төмендеуіне байланысты жылу алмасу төмендейді.

Slide 9

Декомпенсация. ОЖЖ мен эндокринді бездердің жасушаларының зат алмасуының таусылуы. Энергетикалық қордың таусылуы, микросомальды субстраттардың тотығуының төмендеуі. Антиоксидант жүйесімен бақыланбайтын липидтің сутегілік тотығу өнімдерінің жоғарылауы. Жасуша мембранасының өткізгіштігі бұзылады. Артерия тамырының тонусы төмендейді, венаның дилатациясы, ортаңғы капиллярлы қысымның төмендеуі.

Жүрек жұмысы төмендейді. Бүйрек арқылы катиондардың көптеп шығуы натрий, калий, кальций иондарының концентрациясын төмендейді, су-электролиттік тепе- теңдік бұзылады. Гипоксияның тереңдеуінен сүт қышқылы жиналып метаболизмдік ацидоз дамиды.

Slide 10

Классификация

Реактивтіге дейінгі кезең

үсік жарақатынан жылынуға дейін жалғасатын кезең

(Т. Я. Арьев 1966) ауырсыну пайда болу сатысы

І сатысы

Үсік дамуының басталуы

Ауырсыну сезімінің болмауы немесе аздаған ауырсыну

ІІ сатысы

Үсіктің дамуы және төменгі температуранң тіндерге әсері

жоқ

ІІІ сатысы

Жылытудан кейінгі уақыт

Міндетті түрде болады

ІV сатысы

Демаркация процессінің дамуы және тері жамылғысы мен төмен температура әсер еткен тіндердегі грануляция процессі басталатын уақыт

Алғашқы күндері ауырсыну болады, кейін тек байлап-таңу кезінде ғана болады.

Slide 11

Реактивтік кезең

Жылытудан кейін дамиды, оған гипоксия, қабыну, тіндердің некрозы тән. Үсіктің клиникалық дәрежесін 12-24 сағаттан кейін немесе кейбір жағдайларда одан да жай уақытта анықтауға болады.

Slide 12

Клиникасы Үсіктің I дәрежесі

Ауыру сезімі: шаншып және күйдіріп

Терінің бозаруы, сипағанда салқындауы болады.

Буындардың сырқырауына, әр түрлі парестезиялар

Ағзаны жылытқаннан кейін зақымдалған аймақ қызғылт-көкшіл, кейде бүкіл тері ақ түсті, ісінген, қышу және ашу сезімі байқалады

Терінің сыртқы түрінің өзгеруі табанда немесе қолда біркелкі болады

Жазылу уақыты: 5-7 күн

Slide 13

Үсіктің II дәрежесі

Ауырсыну сезімі үсіктің I дәрежесіндей, бірақ қарқынды. Ауыру сезімі 2-3 күн сақталады

Терісі қызғылт-көкшіл түсті

Мөлдір көпіршіктер алғашқы 2 күнде, кейде 7-8 күнде пайда болады.

Көпіршіктер құрамы мөлдір, консистенциясы желе тәрізді, түбі алқызыл түсті, фибринді жабындымен жабылған

Сезімталдығы төмендейді

Егер, екіншілікті инфекция қосылмаса, онда зақымдалған аймақтың жазылуы шамамен екі аптаға дейін созылуы мүмкін

II-ші дәрежелік үсуде некроз көріністері болмайды.

Грануляциялар мен тыртықтар түзілмейді.

Slide 14

Үсіктің III дәрежесі

Терінің терінің және оның астындағы жұмсақ тіндер қабаттарының некрозы дамиды

Тері түсі көкшіл-қызғылт, сипағанда салқын

Ісіну

Жарылған геморрагиялық көпіршіктер анықталады

Зақымдалған аймақты бөліп туратын демаркациялық сызық, 7-10 күндері пайда болады

Slide 15

Үсіктің IV дәрежесі

Некроз теріні ғана емес, терең жатқан тіндерді және сүйектерді де зақымдайды.

Тері қарайған

Бастапқыда ісінулерді, содан соң мумификацияны байқауға болады

Сезімталдығы жоқ

Айқын көрінетін демаркациялық сызық 12-14 күндері пайда болады.

Slide 16 Slide 17

Үсік кезіндегі алғашқы көмек

Зардап щегушіні ең жақын жылы жерге жеткізу

Суық басқан аяқ-киімін, шұлығын, қолғабын шешу

Жедел жәрдем көмегін шақыру

Slide 18

I дәрежедегі үсік кезінде

Усік шалған жерлерді қолмен, жеңіл ысқылау арқылы, жұқа матамен, немесе үрлеп терісі қызарғанша жүргізу керек.

Мақталы-дәке таңғышын салу.

Slide 19

II-IV дәрежелі үсік кезінде

Тез жылыту, массаж немесе ысқылау жасау керегі жоқ!

Зардап шеккен тері бетіне жылысақтағыш таңғыш салыңыз! (дәке, мақтаныны қалың қабаттап, қайтып дәкені қабаттап, сыртынан клеёнка немесе созылатын мата орау керек!) .

Үскен аяқ-колды қолда бар заттармен бекітеді (тақтай, фанер бөлігі, картон), сосын таңғыш устінен байлам салады!

Slide 20
Ұқсас жұмыстар
Жану көзі
ВАКУУМ - СУБЛИМАЦИЯЛЫҚ КЕПТІРГІШТЕР
Көшетхана ұғымы
Қан айналым баяу
Зақымдалған аяқ - қолдың терісі Реактивті кезең
ҒИМАРАТТАР МЕН ИМАРАТТАРДЫ ЖЫЛЫТУ
Ғимараттарды жылумен қамдау жүйелері
Атмосферамен алмасатын жылу
Үсік шалу
Үсудің кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz