ДНҚ құрылымы, Чаргафф ережесі және жартылай консервативтік репликация механизмі


Slide 1

Дезоксирибонуклеин қышқылы репликациясының механизмі. Чаргафф ережесі

Қылышбек Айзат

БГ-31

Slide 2

дезоксирибонуклеин қышқылы.

ДНҚ- тірі организмдегі тұқым қуалайтын ақпараттарды сақтай отырып, оны келесі ұрпақтарға жеткізетін күрделі құрылысты молекула.

Slide 3

ДНҚ - ның ашылуы:

Фридрих Мишер

(1844-1895)

Швейцария биохимигі

1868 жылы жасуша ядросында ақуыздардан басқа қосылыстар болатынын анықтаған. оны ядродан (латынша «nucleus» - ядро) тапқандықтан нуклеин қышқылы деп атаған.

Slide 4

Чаргафф ережесі:

1940 жылдың аяғында америкалық биохимик Э. Чаргафф (1905 ж. т. ) әр түрлі организмдердің ДНҚ молекуласына талдау жасап, оның құрамындағы А мен Т, Г мен Ц негіздерінің молярлық мөлшері тең екенін көрсетті (бұны Чаргафф ережесі деп атайды) . ‎

Slide 5

ДНҚ-ның үш сатылы құрылымының кеңістіктік моделін алғаш рет 1953 ж. америкалық ғалым Д. Уотсон (1928 ж. т. ) мен ағылшын биологы Фрэнсис КрикФ. Крик (1916 ж. т. ) жасады. ‎ Модель бойынша ДНҚ молекуласы қос тізбектен құрылған. Қос тізбек бір-бірімен азотты негіздер арасында пайда болатын сутекті байланыстар арқылы жалғасады. ‎ Бұл қос тізбекті негіздерге комплементарлық (ұқсас) принцип тән, яғни аденинге әдетте тимин, ал гуанинге цитозин сәйкес келеді. ДНҚ-ның бір-біріне қарама-қарсы бағытталған екі спиральді полинуклеотидті тізбегі бір осьті айнала оралып жатады. Осы жаңалықтары үшін Уотсонға, Крикке және Уилкинске Нобель сыйлығы берілді (1962) .

Френсис Харри Комптон Крик

Джеймс Дьюи Уотсон

Slide 6

ДНҚ-ның өздігінен екі еселенуі (репликация)

Уотсон мен Крик моделінің көмегімен ДНҚ-ның өздігінен екі еселену (репликация) қасиеті ашылды.

Екі еселену кезінде комплементарлы орналасқан азотты негіздердің сутекті байланысы үзіліп, ДНҚ жіпшелері екіге ажырайды да, екі ұқсас спиральді ДНҚ тізбегі пайда болады.

ДНҚ-ның екі еселенуінің мұндай процесі жартылай консервативтік деп аталады, себебі жаңа түзілген ДНҚ молекуласында бір тізбек бұрынғы болады да, екінші тізбек жаңадан түзіледі. Осының нәтижесінде организмнің барлық клеткаларындағы генетик. материал өзгеріссіз қалады.

Slide 7

Азотты негіздер:

Slide 8

РНҚ-ның ДНҚ-дан айырмашылығы

ДНҚ

Белгілер

РНҚ

2

Жіпшелері

1

Ядрода

Орналасуы

Ядро мен цитоплазмада

ДНҚ-полимераза

Ферменті

РНК-полимераза

А, Т, Г, Ц

Нуклеотидтері

А, У, Г, Ц

Дезоксирибоза

Қанты

Рибоза

Генетикалық ақпаратты сақтап зат алмасу процестерін қадағалау

Қызметі

Генетикалық ақпаратты тасымалдау және нәруыз биосинтезі


Ұқсас жұмыстар
Хромосома құрамындағы ДНҚ молекуласының құрылымы және оның репликация механизмі
Нуклеин қышқылдары (ДНҚ және РНҚ): құрылымы, функциялары және репликация механизмдері
Хромосомалық ДНҚ-ның молекулалық құрылысы және ДНҚ репликациясының молекулалық механизмі
Генетикалық ақпараттың молекулалық негіздері және микроорганизмдердегі ДНҚ репликациясының механизмі
ДНҚ репликациясының молекулалық механизмі мен қатысушы ферменттері
Эукариоттық ДНҚ-полимеразалар және ДНҚ репликациясының молекулалық механизмі
E. coli хромосомасының репликациясы: механизмдер, ДНҚ-полимераза және репликация моделі
Нуклеин қышқылдарының тұқым қуалаушылықтағы рөлі: ашылуы, дәлелдері, құрылымы мен Чаргафф ережелері
ДНҚ мен РНҚ құрылымы, репликациясы және генетикалық функциялары
Дезоксирибонуклеин қышқылының құрылымы, түрлері және репликация мен транскрипция механизмдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz