Педагог - балалар ойынын ұйымдастырушысы
Презентация қосу
Педагог- балалар ойынын
ұйымдастырушысы.
Ойынның педагогикалық теориясының негізгі
ережелерінің бірі оны мектеп жасына дейінгі
балалардың өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыру норма
деп қабылдау. Педагогикада балалар бақшасының
өмірі түрлі ойындармен толы болуы керек деген ойды
белсенді түрде дамытқан Н. К. Крупская. Мектеп
жасына дейінгі балалар үшін ойынның ерекше
маңызын айта келіп, Н. К. Крупская: «…ойын олар
үшін – оқу, ойын олар үшін – еңбек, ойын олар үшін –
тәрбиенің парасатты түрі, ойын мектепке дейінгі
жастағы бала үшін –айналадағы дүниені тану тәсілі»
деп жазды. Педагогтың басты міндеті, Н. К.
Крупскаяның пікірінше, - балаларға ойын
ұйымдастыруда көмектесу.
Балабақшасында балалардың өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыру
түрі ретінде ғылыми негіздеу А. П. Усованың еңбектерінде бар.
Оның пікірінше, педагог бала өмірінің ортасында болуы керек,
болып жатқан жағдайды түсінуі тиіс, ойнап жүрген балалардың
мүддесіне еніп, оны түзетіп отыруы қажет. Педагогикалық
процесте ойын ұйымдастырушылық функциясын орындау үшін
педагогқа ойын арқылы оқыту мен тәрбиелеудің қандай
міндеттерін неғұрлым тиімді етіп шешуге болатындығын жақсы
түсінуі керек. Барлық топқа қатысты міндеттерді және жеке балаға
қатысты міндеттерді жоспарлаған жөн.
Егер ойын іс-әрекеттің басқадай бір түрімен тығыз байланыстырылса,
онда ойынның педагогикалық мүмкіндіктері артады.
Ойынды еңбекпен, бейнелеу және конструктивтік іс-әрекетпен
ұштастырған неғұрлым тиімді.
Педагог балалардың іс-әрекетін ойын түрінде ұйымдастыра отырып,
біртіндеп олардың белсенділігі мен ынталылығын дамытады, ойында
өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын қалыптастырады. Педагогикалық
процесте ойынды жан-жақты пайдалану оны мектепке дейінгі кезеңде
тұлғаны дамытудың объективті заңдылықтарымен сәйкестендіреді.
.
Сонымен, ойын балалардың өмірі мен әрекетін
ұйымдастыру түрі ретінде күн тәртібінде және
педагогикалық процесте тұтас өзінің нақты орнын
алуы тиіс. Балабақшада оқыту мен тәрбиелеу
бағдарламасында күн тәртібінде ойын үшін бекітілген
уақыт көрсетілген (ертеңгі жаттығу, серуенде,
күндізгі ұйқыдан кейін). Педагог балаларды
ынталандыру үшін, белсенділігін арттырып, жағымды
эмоция туғызу үшін қандай тәртіптік процестерді
ойын түрінде беру керек екендігін ойластыруы тиіс.
Ойынды дамытудың бұл кезеңі бірішінің аяғына – өмірінің екінші жылының басына келеді. Балалар күнделікті өмірден алған әсерін белсенді түрде бейнелей бастайды (қуыршақты әлдилейді, қонжықты тамақтандырады және т.с.с.). 3-7 жастағы
балалардың сюжеттік-рөлдік ойындарын терең зерттеу негізінде
Д. Б. Эльконин ойынды дамытудың төрт деңгейін бөліп көрсетіп, оларға сипаттама берді, оның пікірінше, бұлар даму сатылары да болады.
.
Бірінші деңгей. Мазмұнды ойындар – бірге ойнаушыға бағытталған
заттармен амалдар жасау.
Рөлдер бар, бірақ олар амалдарды анықтамайды, амалдардың сипатымен
анықталады. Ережеге сай рөлдер айтылмайды.
Амалдар біртекті және бірнеше қайталанатын операциялардан тұрады. Ойын
амалдар жағынан тек қоректендіру актілерімен шектеулі, олар логикалық
тұрғыда өзінің алдындағы амалдармен болғандағыдай, өзінен кейінгі
амалдарға жете алмайды.
Екінші деңгей. Ойынның мазмұны – заттар арқылы амалдарды орындау, бірақ
ойын амалдарының шынайылыққа сәйкес болуы бірінші кезекте тұрады.
Рөлдерді балалар атайды. Функциялар бөлінеді. Рөлдерді орындау онымен
байланысты амалдарды орындауға әкеледі.
Амалдарды орындау сапасы кеңейеді және амалдардың белгілі бір типінің
шеңберінен шығады. Амалдар логикасы өмірдегі ретпен, яғни нақты шындық
ретімен анықталады.
Үшінші деңгей. Рөлдің негізгі мазмұны рөлді және содан
туындайтын амалдарды орындау болады, олардың ішінен басқа
ойыншылармен қарым-қатынас сипатын беретін арнайы амалдар
бөлініп шыға бастайды.
Рөлдер айқын кезекке қойылған және анықталған. Балалар
өздерінің рөлдерін ойын басталғанға дейін атайды және іс-
қимылын бағыттайды. Амалдардың логикасы мен сипаты өзіне
алған роліне қарай анықталады.
Амалдар әртүрлі болады. Өзінің және жолдасының ойындағы
роліне байланысты жолдасына қаратып рөлдік сөз сөйлеу, бірақ
кейде кәдімгі ойыннан тыс қарым-қатынас та үзіледі.
Төртінші деңгей.
Ойынның негізгі мазмұны рөлде басқа балалар орындайтын басқа адамдарға
қарым-қатынаспен байланысты амалдарды орындау болады.
Рөлдер нақты белгіленген және айқындалған. Балалардың рөлдік
функциялары өзара байланысты. Сөйлеушінің сөзі оның өзі мен ойнайтын
адамның ролімен анықталатын рөлдік сипатта болады.
Балалар сюжеттік-рөлдік ойынын қалыптастырудың жоғары деңгейіне қол
жеткізу үшін балалардың ойын білігі мен дағдыларын, білімін және үлкендер
тарапынан алатын әсерін дамыту қажет.
Т. А. Куликова, П. Г. Саморукова атап көрсеткендей, сюжеттік- рөлдік
ойындарды дамыту екі бағытта жүреді: ойынды әрекет ретінде қалыптастыру;
ойынды балаларды тәрбиелеу және балалар ұжымын қалыптастыру құралы
ретінде пайдалану.
топқа бөлуге болады:
қосалқы әсер тәсілдері
ойын білігі мен дағдыларын дамытуға тура
басшылық тәсілдері.
Тура педагогикалық тәсілдер:
ойынға рөлдік қатысу, балалар келісіміне қатысу, ойын
амалының үлгісін көрсету, ойынның дайын сюжетін
ұсыну, ойынның дайын тақырыбын ұсыну, ойын
барысында кеңес беру, түсіндіру, алдағы ойын
мазмұны, ондағы рөлдерді бөлу жөнінде әңгімелесу,
көмектесу, ойыншықтар, атрибуттар таңдауға
көмектесу, рөлдік істерге үйрету.
Ойынды дамытудың авторлар ұсынған тәсілдерін шартты түрде екі топқа
бөлуге болады:
Балалар ойындарына тікелей араласпайтын қосалқы әсер тәсілдері сан алуан:
сабақта, серуенде, балалармен сөйлескенде, әңгімелескенде, кітап оқығанда,
суреттер мен иллюстрацияларды қарағанда балалардың қоғамдық өмір туралы
білімін байыту; нақтылы ойын әрекетінің құрылымы, оның мақсаты,
құралдары, амалдар реті, нәтиже, еңбек процесінде адамдардың өзара
әрекеттері мен қарым-қатынастары, өз араларында міндет бөлу туралы білімді
қалыптастыру; ойыншықтарды пайдалану, ойын жағдайын жасау; балалардың
өткен ойындардан көргендерін естеріне салу; ойынға ынталандыратын
бейнелеу, еңбек, конструктивтік іс-әрекетті ұйымдастыру.
С. А. Шмаков, педагог ойынды ұйымдастырғанда ұстанатын
негізгі принциптерін қарастыра келіп, ойынның өзіне тән
функцияларын орындауды қамтамасыз ететін негізгілерін
анықтады.балалар ойынға кіріскенде ешқандай мәжбүрлеудің
болмауы; әміршілдік ойынның мәніне қайшы келеді, өзара
сыйластықты қолдау маңызды. Балаларды ойынға ерікті түрде ғана
қатыстыруды қарастыру керек;
ойын динамикасын дамыту
принципі ойын ережесі арқылы
орындалады, олар сюжеттің
дамуына себепші болады; ойынды
белсенді ететін ойын бастамасын
мадақтау;
ойын атмосферасын туғызу принципі,
келіспеушілік туғызатын сәттерге жол
бермеу, ойын аксессуарларын кеңейту,
сәтсіздіктерге тренингілер өткізу, бала
ойындарының репертуарын кеңейту
ойын және ойыннан тыс іс-әрекетті өзара
байланыстыру принципі (балаларды
дамытудың көптеген процестерін тездетуші
бола тұрып, ойын құнды әрекеттер – еңбек,
эксперименттеу әрекеттеріне қарағанда
ойын екінші кезекке қалуы тиіс; мектепке
дейінгі мекемеде ойын – басқа әрекетке
көшу құралы);
қарапайым ойындардан неғұрлым
күрделі ойындарға көшу
принципі; баланы біржақты, қарапайым
ойындар аясында ұстау қауіпті, баланың өзін-
өзі көрсете алуына, қарым-қатынас орнатуына
көмектесетін ойынның неғұрлым күрделі
моделіне қарай ұмтылу қажет.
Назарларыңызға
рахмет
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz