Көшпелі мәдениет



Контент-талдау
Орындаған:Қуанышбек З.
Тобы:ВМ-СҚБ-03-23
Қабылдаған:Қабыл А. Ә.
«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндері» кафедрасы
Тақырыбы: Ұлы Жібек жолының ежелгі дәуірі мен ортағасырдағы маңызы
Шымкент - 2024 ж.

Ұлы Жібек жолы - «Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») - Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шыңжаң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman) 19 ғасырда ұсынған.

Ұлы жібек жолы тарихы
Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хан патшалығының Хан Уди патшасы Жаң Чянды батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған. Жаң Чян қазіргі Ферғана, Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге барған. Жаң Чянның сапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс жолына айналдырған. Осыған орай саудагерлер де «Жібек жолында» ат ізін суытпаған. Жаң Чян батыс өңірге және Орта Азияға Қытайдың жібек өнімдерін ала барған;ал, елге қайтарында барған жерлерінің тауарлары және батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан. Жаң Чянның сапары қытайлықтардың батыс өңір мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік берді. Ал Жаң Чян барған жерлердегі халық та Қытайдың өнімдері мен мәдениетіне қатысты түсінігін анағұрлым тереңдетті. Осылайша, бұл жол гүлденіп, көркейе бастады. Шығыс пен батыстың аралығындағы дәнекерге айналып, өркениеттерді өзара тоғыстырды. Осы жолды қорғау және дамыту мақсатында, Қытайдың әр дәуірдегі патшалары жол бойына қарауыл қойып, әскер тұрғызды.

Қала-дала байланыстары
IX-XII ғасырларда қалыптасқан қала мәдениеті жағдайында қолөнер мен сауда дамыған кезде отырықшы өркениет көшпелілердің экономикалық қарым-қатынастарының қажетті құрамды бөлігіне айналды. Бұл кездегі көшпелілер мен отырықшылардың қарым-қатынасы қалаларды жаулап алудан бастап, қарапайым айырбаска дейін түрлі сипатта болды. Бұл кездегі қала мәдениетінің өсуі, мүлік теңсіздігінің күшеюі көшпелілерді қызықтыра түсті.
Жүздесу мен тілдесу және алыс-беріс байланыстары б. з. дейінгі III-ІІ-мыңжылдықтарда басталған. Бадахшан тауынан лазурит және Хотан маңындағы Яркендария өзенінің жоғарғы жағынан нефрит кен орындары табылып, оларды өндіре бастауға сәйкес бұл байланыстар реттеліп, жөнге келтіріледі. Б. з. дейінгі І-мыңжылдықтың орта кезінде Қара теңіз өңірінен Дон бойына, содан Онтүстік Орал өңіріндегі савроматтарға, Ертіске, одан әрі созылып Алтайға, жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлі алқабын мекендеген агрипейлер еліне кететін Дала жалы жұмыс істей бастаған еді.

Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара байланысы

Мәдениеті
Жібек жолы бойынан әртүрлі жердегі ескерткіштерді қазған кездері мәдениеттердің дамуын және өзара бірін-бірі байытуын дәлелдейтін көптеген материалдық дәйектер табылған: бишілер мен биші әйелдерді, маскалы актерлерді, түйе үстіне жайғасып отырған музыкалық ансамбльдерді бейнелейтін Тан дәуірінің терракот пен лекциясы - осының айғағы. Мұнда көптеген артистердің бет-бейнесінен Орта Азия халықтары өкілдері екені көрініп тұрады. Пенджикенттің, Варахша мен Топырақ қаланың және Шығыс Түркістанның қалаларындағы салтанат залдарында сақталып қалған қабырға суреттерде азшылар мен актерлер бейнеленген

Сауда
Жібек жолы әуелгі кезде қытай жібегін шетелдерге шығаруға қызмет еткен. Сосын реті келген кезде Рим мен Византиядан, Үндістан мен Ираннан, Араб халифатынан, кейінірек Еуропа мен Русьтен оснау күре жолмен мирри мен ладан, жасмин суы мен амбра, кардамон мен мұсқат жаңғағы, женьшень мен питонның өті, кілемдер мен маталар, боялар мен минералдық шикізат, гаухар мен яшма, янтар мен кораллдар, пілсүйегі мен балық сояулары, құйма мен алтын, ұлпандар мен теңгелер, садақ пен жебелер, семсеп мен сүңгілер т. б. көптеген заттар әрлі-берлі тасылып жатқан. Жібек жолымен сауда салу үшін Ферғананың атақты тері қан болып шығатын сәйгіліктері мен араб арғымақтарын, түйелері мен пілдерін, мүйізтұмсықтар мен арыстандарды, ілбіс пен жайранды, қаршығалар мен тауықты, тоты құстар мен түйеқұстарды алып жүрген.
Жібек жолы арқылы жүзім, шабдалы мен қауындар, бұрыш, қалампырлар, қант, көкіністер мен жемістер, түрлі көктер әлемгі таратылған.
Дегенмен сауданың басты жиһазы жібек екен. Алтынмен бірге ол халықаралық алюта болған, оны хандар мен елшілерге тарту еткен, жалдамалы әскерге жалақы етіп берген, мемлекеттік қарызды сонымен төлеген.
Керуен жолымен тасылатын жібек пен басқада тауарлардың бір бөлегі қазақ даласының қалаларында қалып отырған. Археологиялық олжалар - соның айғағы.

Қолөнер
Қолөнер айтарлықтай дамыды. Қолданбалы өнер - дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдарын жасайтын ұсақ өндіріс. Қолөнершілер негізінен табиғи шикізаттарды пайдаланып, қарапайым еңбек құралдарының көмегімен көркем композицияның шешімімен тұрмысқа қажетті мүліктер, музыкалық аспаптар, қару-жарақ, құрал-саймандар жасайды.

Қазақстанның түркі дәуіріндегі ортағасырлық сәулет ескерткіштері
Қазақстанның Түркі дәуіріндегі сәулет ескерткіштері архитектуралық қызығушылықты ғана емес, сонымен қатар терең тарихи және мәдени маңызға ие. Олар осы жердің бай және көп қырлы тарихының айғағы болып табылады және әртүрлі мәдени және діни ағымдардың қазақстандық мәдениеттің қалыптасуына әсерін көрсетеді. Сонымен қатар, олар болашақ ұрпақ үшін мәдени мұраны сақтау мен құрметтеудің маңыздылығын атап көрсетеді.

Мәдени мұралар
Қорқыт ата кесенесі (VIII-IX ғ-да Сыр бойында өмір сүрген) - ақын, асқан күйші, аңыз кейіпкері. Қорқыт өз өмірінде үш хан тұсында (Инал, Көл-Еркен, Қаңлықожа) уәзірлік қызмет атқарған. Қорқыт әлеуметтік заң негізін жасап, ата-баба мекенін ұйық деп білу, оны сыртқы жау шабуылынан қорғау, жер- суды белгілі бір тәртіппен пайдалану, т. б. салаларға бөліп қарап, халық арасында туындаған кикілжіңдерді әділ шешіп отырған. Сырдария жағасында 1950 жылға дейін жергілікті халық қобыз атасы Қорқытқа теліген мазар тұрғызған. Қорқыт мазарын 19 ғасырда Ә. А. Диваев пен И. А. Кастенье зерттеді. 19 ғасырдың аяғында Қорқыттың сүйегі басқа жерге көшірілген. Сырдария арнасының ауытқуынан Қорқыт мазарының қалдығы 1960 жылы шайылып кетті. 1980 жылы Қызылорда облысындағы Жосалы ауылынан 18 км жердегі байырғы Қорқыт ата мазары орнынан Қорқыт ата ескерткіші қайта тұрғызылды.

Мәдени мұралар

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі
Сарайшық кесенесі

Оңтүстік Қазақстан және Жетісу қалалық мәдениетінің гүлденуі
VI ғасыр екінші жартысында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан, Кореядан Қара теңізег дейін созылып жатқан орасан зор көшпелі империя Түрік қағанатының құрамына енеді. VI ғасырдың соңғы кезеңінде Ұлы Жібек жолының Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды қамтитын учаскесі өзгеше жанданып, осы аймақтың қалалық мәдениетін өркендетуге көп көмегін тигіеді. Жетісуда ол бірқатар қалалық ортаоықтардың тууына әсер етсе, Қазақстаннның оңтүстігінде қалалардың тез көркеюіне себепші болады. Орта Азия арқылы Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуға келген сауда жолы ХІV ғасырға дейін, қашан ішкі қырқыстар мен соғыстар қала мәдениетін аздырып-тоздырғанға дейін, Қытайға баратын теңіз жолы игеріліп, бұрынғы көне жолдың жұлдызы сөнгенге дейін жұмыс істейді.

Ұлы жібек жолындағы қазақстандық трассалар
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz