Қала мәдениетінің дамуы


Slide 1

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы АҚ

“Қазақстан тарихы және әлеуметтік - қоғамдық пәндер “ кафедрасы

Презентация

Тақырыбы:XIV ғасыр - XVIII ғ. ғ . бас кезіндегі Қазақстанның қалалық мәдениеті

Шымкент -2023жыл.

Орындаған:Қуанышбек Заңғар

Тобы: ВМ-СҚБ-03-23

Қабылдаған:Қабыл А. Ә.

Slide 2

Жоспар:

І. Кіріспе. Қала мен даланың өзара байланысы

ІІ. Негізгі бөлім:

1. Қала мен дала мәдениеті

2. Қазақстанның түрлі аймақтарындағы қалалардың құрылымы

3. XVIIғ. -XVIII ғ. басында мәдениеттің кері кетуі

ІІІ. Қорытынды:

ІV. Пайдаланған әдебиеттер.

Slide 3

Қала мен даланың өзара байланысы.

Көшпелілер мен отырықшы халықтардың арасында тығыз байланыс болған. Бұл байланыс бірде жаугершілік, бірде арагүдік қақтығыстар, алым-салық түрінде болса, ал көпшілік жағдайда бейбіт қарым-катынас, сауда, айырбас түрінде іске асты. Көшпелі мәдениет пен отырықшы өркениеттердің жиі, тығыз араласуына Ұлы Жібек сауда жолындағы калалар үлкен әсер етті. Көшпелі және отырықшы шаруашылық-мәдени тұрпаттың өзара әсері, әсіресе олардың шекаралық аймақтарында күшті жүрді. Көшпелілер мен отырықшылар шаруашылық-экономикалық, мәдени байланыстары арқылы бір-бірінің мәдениетін байытты.

Slide 4

Қалаларда діни мекемелер үшін құрылыстар, ел билеушілеріне арналған үйлер, су құбырлары салынды. Қалалар өсті, олардың өзіндік ерекшеліктері болды. Қала үш бөліктен тұрған:

Қамал(Бекеніс) -қаланың орталық бөлігі. Онда патшаның және әкімшілік басқару орындары, қала билеушісінің сарайы орналасқан.

Шаһарстан-билеушілер, ақсүйектер, діни қызметкерлер және қаланың бай халқы мен қолөнершілері тұрған бөлік.

Рабат-қолөнер шеберханалары орналасқан қала бөлігі. Осы кезде салынған көне қалалар бір-біріне ұқсамайды.

Қазақстан қалалары әкімшілік, қолөнер, сауда-экономикалық орталық болумен қатар, ғылым мен мәдениет ордасы қызметін атқарған. Бұл қалаларда әлемге әйгілі Әбу Насыр әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Яссауи сияқты ғалымдар өмір сүріп, еңбектерін жазған.

Қалаларда сәулет өнері дамып, архитектуралық ескерткіштер, мешіттер, медреселер, кесенелер көптеп салынды. Х-ХІІ ғасырлар аралығында салынған Бабаджа Хатун, Айша бибі кесенесі, Қарахан кесенесі, Сырлытам кесенесі, Тараз, Отырар, Баласағұн қалаларындағы моншалар - сәулет өнерінің тамаша туындылары болып табылады.

Қала мәдениетінің дамуы

Slide 5 Slide 6

Энеолит кезеңінде шаруашылық-мәдениеттің далалық түрлері қалыптасып, мыңдаған жылдар бойы сақталып келді. Жылқышылардың мекені бірнеше аумаққа бөлінеді. Олар алғаш рет ерекше сәулет тәсілдерін қолдана отырып ағаш құрылыстар сала бастаған. Жартылай жертөле үйлер ағаштан, балшықтан, ат сүйектерінен, ағаш қабықтарынан, жер қыртысынан тұрғызылған. Үйлердің ауданы 120 шаршы метрге дейін жетеді. Олар көп бұрышты әрі тіреусіз өте мығым етіп, бір-біріне қабыса бой көтереді. Бұдан ботайлықтардың құрылыс ісіндегі шебер әрі тапқыр әдістерін көреміз. 1983 жылдың жазында ежелгі тұрғынжайдың үстіне ежелгі Ботай тұрғынжайы салынды.

Дала мәдениетінің дамуы

Slide 7

VI ғасырдан бастап Қазақстанның оңтүстігінде егіншілікпен айналысқан халықтар өздері тұрған мекен-жайларының орнына қалалар сала бастады. Қазақ жеріндегі алғашқы қалалар Оңтүстікте, Жетісу өңірінде және Орталық Қазақстанда пайда болған. Қалалар қолөнер, зат айырбастау және сауданың дамуына байланысты пайда болды. VІІ-XIII ғасырларда жол бойында Аспара, Талхиз, Мерке, Құлан, Исфиджаб және басқа қалалар салынды. Қала қамалдарының жеке билеушісі әсем оюлы өрнектермен, ағаш, бедерлі қыш суреттермен әшекейленген кең сарайларда тұрған. Қалалар қолөнер мен сауданың орталығы болды. Қалалар шет елдермен, қала маңындағы дала көшпенділерімен алыс-беріс саудамен айналысты. Қалаларда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарынан теңгелер табылды. Яғни, саудада теңгелердің пайдаланылғанын көрсетеді.

ІХ-ХІІІ ғасырдың бас кезінде аталған аймақтар мұсылман мәдениетінің ықпалына түсті. Осы өңірлерде көптеген жаңа қалалар салынып, құрылысында өзгерістер байқалады. Жетісу маңындағы Талғар қаласы орман және мұнаралы жолдармен қоршалып, орам-орам болып салынған. Талғар қаласында жүргізілген қазбадан сүйектен жасалған шахмат фигуралары табылған.

Қазақстанның түрлі аймақтарындағы қалалардың құрылымы

Slide 8

Отырар - бесбұрыш тәріздес төбе. Өлшемдері: оңт. жағы - 380 м, оңт. -батысы - 145 м, батысы - 400 м, солт. -шығысы - 380 м және шығысы - 350 м. Төбенің ең биік жері іргесінен 18 м. Жалпы аумағы 200 га. Қала дуалмен қоршалған. Оның солт. -шығыс және шығыс жақтағы құрылыстары жақсы сақталған. Негізгі төбені айналдыра қазған орлардың орны бар. Қаланың үш қақпасы болған. Орт. қақпа оңт. жағына орналасқан. Археологиялық қазба жұмыстары қала орнындағы мәдени қабаттарды анықтап, олардың қай уақытта болғанын, құрылыс орындарын кезеңге бөліп, талдау жасауға мүмкіндік берді. Қаланың мәдени қабаты 16 м. Ол 7 мәдени қабаттан тұрады.

Отырардың құрылымы

Slide 9 Slide 10

XVII-XVIII ғасырларда қазақ халқы мәдениетінің өркендеп, дамуына феодалдық соғыстар кедергі болды. Бұл феодалдық талас-тартыстар мен соғыстар кесірінен қалалар мен егіншілік алқаптар талқандалып, іске жарамсыз болып қалды. Бұл жағдайлар мәдени дамудың да біршама бәсеңдеуіне әкелді. Әсіресе XVII-XVIII ғасырлардағы Жоңғар шапқыншылығы қазақ халкының мәдениетіне ауыр зардабын тигізген болатын. Далалықтардың көші-қон бағдарламаларының быт-шыты шықты. Қазақтар шұрайлы мал жайылымдарынан айырылды. Жетісудағы және Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы бір кезде гүлденіп тұратын жасыл жазиралар енді қараусыз қаңырап бос жатты. Көршілес мемлекеттермен сауда-саттық байланысы да уақытша үзіліп қалды. Бірақ ең ауыр азапты қайғы-қасірет туған-туыстар мен жақын жандардың қазасы болды. Шәкәрім Құдайбердіұлының келтірген деректері бойынша, қазақтардың үштен екі бөлігі қырғынға үшыраған. Енді бір бөлігі құлдыққа сатылып кеткен. Халық ашаршылыққа душар болды. Өлмей аман қалу үшін қайыңның сөлін ішкен. «Қайың сауған» деген сөз содан қалған. Тірі қалғандар басқыншыларға шектен тыс ауыр алым-салық төлеп тұрған. Қазақ хандығының халқы елдің әр түрлі алыс аймақтарына, тіпті шекаралас жатқан шет мемлекеттерге де тарап, босып кетті. .

XVIIғ. -XVIII ғ. басында мәдениеттің кері кетуі

Slide 11

XVIIғ. -XVIII ғ. басында мәдениеттің кері кетуі

Slide 12

Қорыта келгенде, бұрынғы қала мен дала мәдениетінің әртүрлі даму саласындағы жақсы жағы мен дамытылған тұстары қазіргі кезде біздің заманымызға да көптеген септігін тигізіп жатыр. Сонымен қатар, ол әрі қарай да ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып заман талабына сай өзгеріп отырады. Оған мысал келтіретін болсақ, көне замандағы монша құрылыстары сол заманның бейнесі болғанымен оны әрі қарай дамыту, сақтау мәдениеттік дамудың бір бөлігі болып табылады. Сол мәдениеттік дамудың арқасында тарихымыз ешқашан жоқ болып кетпейді. Дегенмен, XVIIғ. -XVIII ғ. басындағы Жоңғар шапқыншылығы нәтижесінде мәдениеттік дамуымыз ұзақ мерзімде кідіріп қалды. Бірақ қазақ хандарының ықпалымен тарихымыз бен мәдениетіміз осы кезеңге дейін жетіп отыр.

Қорытынды:

Slide 13

Пайдаланған әдебиеттер:

Тлеужанова М. К. Қазақстан тарихы. Т. 2 : оқу-әдістемелік кешені / М. К. Тлеужанова, А. Ж. Садуақасова. - Алматы : ЭСПИ, 2023. - 312 бет.

Отырар. Энциклопедия. - Алматы. «Арыс» баспасы, 2005. 3. Қазақ мәдениеті.

Кәрібаев Б. Б. Қазақ хандығының құрылу тарихы. - Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2014. - 520 б.

Жұмақаева Б. Д. Қазақстан тарихы 65-бет

"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы«

Slide 14

1) Мал бағудың көшпелі түрі қалыптасты: А) Тас дәуірі В) кейінгі палеолит С) мыс-тас дәуірі D) темір дәуірі Е) қола дәуірінде;

2) Жер - жерде даладағы дәстүр бойынша кімдердің өкілдерін хан сайлаған?


Ұқсас жұмыстар
Орхон ескерткіші
Көне түріктердің рухани мәдениеті және Ұлы Жібек жолы
Отандық мәдениеттің даму тарихы
Ежелгі Тараз қаласы
Қалалық мәдениеттің дамуы
ХV ғ. екінші жартысы – ХVІІІ ғ. бас кезіндегі қалалық мәдениеті
ХІІІ ғ-ХУ ғ. бірінші жартысында қалалық мәдениеттің дамуы
Орталық Азияның өзіндік мәдениеті
Жетісудың қалалары туралы
Қауыншы мәденитеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz