Реакцияға қатысқан қажетті заттардың массасын, зат мөлшерін есептеу




Презентация қосу
8-сыныпта үйірме жұмыстарын
ұйымдастыру әдістемесі
Химия пәнің жаңа буын оқулықтары
“әдістемелік нұсқау”, “жұмыс дәптерлері”
және есептер жинағымен бірге беріліп отыр.
Оқулықтардағы жаттығулар, есептер әр-түрлі
денгейлерде. Бұл тапсырмаларды орындау
нәтижесінде оқушы өз білімін шынайы
бағалайды. Сонымен бірге тақырып бойынша
типтік есептер шығару дағдысы қалыптасады.
8-сынып жаңа буын оқулығы бойынша есептер
шығару әдістемесі ұсынылып отыр. Бұл
әдістемеге енген есептердің күрделігі әр турлі
сондықтан, деңгейлі тапсырмалар, оларды
құру критерийлері берілген. Оқушы білімін
бағалауда, жаңа тақырып бекітуде сан
есептердің маңызы зор. Есеп шығарып
машықтанған оқушы кез келген сыннан
қиналмай өтеді, білім мен білік нығайады.
Химия ғылымының негізі 8-сыныпта қолданылатындықтан оқушының логикалық ойлау қабілетін
дамытып, есеп шығаруға баулу қажет. Оқулықтын теориялық білімін баянды етуде, ой өрісін кеңейтуде
химиядан сандық есептеу шығарудың манызы зор. Есептерді шығару үшін математикалық амалдар
қолданылады. Оқушылардың теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге машықтандыру.
Үйірме сабақтарының міндеттері: ғылыми деректерден, ұғымдардан, зандармен теориядан
тұратын химия ғылымының негізін меңгеру; Химиянын ғылыми маңызын ащу арқылы
оқушыларға дидактикалық көзқарас қалыптастыру; оқушылардың логикалық ойлау қабілетін
дамытуға жасампаздық іс-әрекет экологиялық мәдениет қалыптастыруына жәрдемдесу.
Химияның факультативтік сабақтары. Оқушылардың қабілеті мен икемділігі ескерілмей біріңғай бағдарламалармен
оқытылған кездің өзінде кейбіреулерінің жеке ғылымдар саласына деген құштарлығы, көбірек білгісі келетіні
байқалап жүрді. Осындай оқушылар үшін 1966 жылдан бастап факультативтік сабақатр ұйымдастырылады.
Бұлардың кәдімгі сабақтан айырмасы тереңдетіп оқитын факультативтік пәндерді оқушылардың өздері тыңдайды.
Химия екі түрлі факультативтік курстар өткізу
ұсынады. Бірінші-орта мектепте өтілетін
химияның салаларынан білімді тереңдету
факультативтері, олар; «жалпы химияның
негіздері», «Органикалық затардың құрылысы
мен қасиеттері». Екінші – химияның халық
шаруашылығы қолданылумен байланысты
арнайы факультативтер: «Өнеркәсіптегі
химияң, “Ауыл шаруашылығындағы химия»,
«Химиялық анализдің негіздері».
“Атом – молекулалық ілімнің тарихы. Химияның негізгі ұғымдары мен заңдарың тақырыбының мақсаты – ғылыми атоммистиканың шығу мен
дамуы жөніндегі оқушылардың білімін кеңейту. Осы мақсатты орындау үшін ежелгі атомистика, М.В. Ломоносов және Дж. Дальтон атомистикасы
туралы кең түсінік беріледі. «Атом» және «Химиялық элемент» ұғымдарының байланысы ашылады. «Элемент» ұғымы дамуының кезеңдері
сараланады. Тақырып периодтық заңның химия ғылымын, ғылымның дамудағы мәнін баяндаумен аяқталады. Келесі «Атомдармен молекулалардың
құрылысы» тақырыбында «химиялық элемент» ұғымы дамытылып, бұрынғыдан гөрі дәләрек анықтама беріледі, элементтердің бір-біріне айналуы
жөнінде түсінік қалыптастырылды.
Атомның құрылысы негізгі курстағыдан гөрі толығырақ айтылып, s – және p – деңгейшелерінен басқа f және
d деңгейшелердің электрондармен толу ерекшеліктері түсіндіріледі. Электрондардың орналасу ретін
көрсететін формулалар жазылады. Химиялық байланыстардың түрлері, түзілу механизмдері тереңірек
сипатталады. Жиынтық қосылыстардаға химиялық байланыстың табиғаты қарастырылады.
Үшінші — “Химиялық кинетика және тепе-теңдік” тақырыбы химиялық реакциялардың жүру заңдылықтарын баяндауға
арналған. Жаңадан әрекеттесуші массалар заңы және Ле – Шателье принципі өтіледі. Осылардың тұрғысынан химиялық
реакцияларды жылдамдығына әсерін тигізетін жағдайлар және химиялық тепе-теңдіктің ұғысу жағдайлары қарастырылады.
Катализ туралы ұғым кеңінен талданады. Активті малекулалар және активтендіру энергиясы туралы жаңа ұғым беріледі.
Төртінші тақырып дисперстік жүйелерге арналған. Мұнда коллоидты ерітінділердің құрамы, оның бөлшектерінің құрылысы, қасиеттері
және түрлері (лиофильді, лиофобты) ғылыми сарамандық маңызы коллоидты жүйелердің тұрақтылығы жөніндегі мәселелер толық
қарастырылады. кәдімгі ерітінділердің қасиеттері Рауль заңы, эбуллиоскопия; криоскопия және осмос бойынша түсіндіріледі.
Электролит ерітінділерінің қасиеттерін түсіндіру үшін С.Аррениус теоремасымен біріге қазіргі заманның теорялары пайдаланылады.
Бесінші — “Химиялық энергетикаң тақырыбында
оқушылардың термохимия негіздерінен алған
білімдері кеңейтіледі. Реакцияның жылу эфектісі,
заттардың түзілу жылуы, химиялық реакция кезінде
бөлінетін жылу ұғымдарын пайдаланып есептеулер
жасалады.
Алтыншы — «Бейметалдар химиясы» тақырыбында бейметалдар түзетін жәй заттардың,
сутекті және оттекті қосылыстардың құрылысы мен қасиеттері сипатталады, заттардың
құрылысы мен қасиеттерінің арасындағы тәуелділік ашылады.
Жетінші — «Металдар химиясы» тақырыбында металл атомдарының құрылысы,
кристалл торлары, қасиеттері, құймалар, қазіргі техникадағы металдардың алатын орны,
электрохимияның негіздері баяндалады.
№1. “Бастапқы химиялық ұғымдар” тарауы.
Күрделі зат құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлесін анықтау алгаритімі;
Күрделі заттын формуласын жазу;
Құрамындағы химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массасын (Ar) анықтау;
Күрделі заттың салыстырмалы малекулалықмассасын (Mr) есептеу;
Химиялық элементтердің массалық үлесінің формуласы.
№2. Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер.
1. Реагенттердің не өнімдердің біреуінің берілген мақсаты немесе мөлшері бойынша қажетті зат массасын не мөлшерін анықтау алгаритімі;
2. Химиялық реакция теңдеулерін құру, теңестіру;
3. Реакцияға қатысқан қажетті заттардың массасын, зат мөлшерін есептеу;
4. Есептің шарты бойынша берілген зат массасын не зат мөлшерін зат формуласының үстіне жазып, анықтайтын затты “х”-пен белгілеу;
5. Іздеп отырған зат мөлшерін формула немесе пропорция арқылы анықтау.
№3. Құрамында қоспасы бар заттарға арналған есептерді шығару алгоритімі:
1. Химиялық реакцияның теңдеуін құру;
2. Формулалардың үстіне берілгенін жазу;
3. Формулалардың астына берілген мөлшерін жазу;
4. Есептеуге қажетті заттардың Mr; M; m анықтау;
5. Қоспаның ассасын анықтау;
6. Бастапқы заттың таза массасын есептеу;
7. Реакция өнімінің массын есептеу.
№4. Берілген заттың артық массасын анықтау алгоритмі:
1. Химиялық реакция теңдеуін құру;
2. Есептеуге қатысты заттарыдың формуласының үстіне берілген шаманы жазу;
3. Зат формулаларының астына мөлшерін көрсету;
4. Әр заттың есепке қажетті Mr; M; m анықтау;
5. Мөлшері келе зат бойынша өнімнің массасын есептеу.

Ұқсас жұмыстар
Эквиваленттің молярлық массасы
Есептерді шешу жоспары
Титриметрлік талдау
Гравиметриялық анализдеу әдістері
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯДА
Реакция жылдамдығы
Титрлеу түрлері
АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯ
Ерітіндінің нормальді концентрациясын есептеу
Химиялық реакция жылдамдығына температураның әсері
Пәндер