Басқарудың классикалық әкімшілік мектебі




Презентация қосу
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университеті

Тақырыбы:

Басқару ғылымының негізгі мектептері

Орындаған:Тұрғаналиева Анель Қуанқызы (ҚТӘ-11
мамандығының 1-курс магистранты)
Қабылдаған:Мұханбетчина Ахлима Габдиловна
Пед.ғылым.кандидаты, доцент
Мазмұны:

1.Ғылыми басқару мектебі.
2.Ф.Тэйлордың өндіріс сапасын арттыру
ұстанымдары.
3.Басқарудың классикалық/әкімшілік
мектебі.
4.А.Файольдің ұсынған басқарудың 14
қағидасы.
5.Сандық әдістер мектебі.
6."Шухарт-Деминг" циклі.
7.Педагогикалық басқару.
• Басқару мәселелерін ғылыми тұрғыдан қарастырудың
маңызын ашқан алғашқы мамандардың бірі - Фредерик
Уинслоу Тэйлор (1856-1915) (американ инженері,
менеджмент теориясы негізін салушы) болды.

• Оның басты еңбектері – «Фабриканы басқару» (1903),
«Ғылыми менеджмент принциптері» (1911),
«Конгресстердің арнайы комиссия алдында көрсету» (1912).
Филадельфиядағы оның зиратының басына

• «Ғылыми менеджмент атасы» деп жазылған.
Фредерик
Уинслоу Тэйлор • Ол ғылыми басқару мектебін (1885-1920 жж.) құрды.
(1856-1915)
Ғылыми басқару мектебінде (1885-1920 жж.)
басқару көзқарастарының негізі – оның өз заңдары,
ғылыми әдістері, формулалары, қағидаттары болуы тиіс, ол
өлшеулерге, оңтайландыруға, жүйелі есепке алуға негізделуі
керек.

Ол өндірістегі жұмысшылардың сапасыз еңбегінің
себептерін:
жұмысшылардың жоғары нәтижелерге жетуге
ынталандырудың жоқтығы;
басқаруды нашар ұйымдастыру;
жұмысшылардың еңбектің тиімді әдістерімен
қаруланбағандықтарын анықтаған.
Фредерик Тэйлор өндіріс сапасын арттыру үшін төрт
негізгі ұстанымды ұсынды:

• өндірістің ғылыми негіздерін анықтау;
• қабілеттеріне сәйкес атқарушыларды дұрыс іріктеу;
• еңбек үдерісінің анықталған операцияларының негізінде
атқарушыларды оқыту және жаттықтыру;
• әкімшілік пен атқарушылардың арасындағы тығыз
ынтымақтастық.
Басқарудың классикалық немесе
әкімшілік мектебінің негізін салушы:
Анри Файоль (1841-1925). - француз
инженері.

1888 жылы ол банкротта тұрған компанияны жетекшілік етуге алды және
отыз жыл уақытта оны Францияның ең озат кәсіпорындары қатарына
қосып, өзінің көп жылғы бақылауын қорыта келе, Файоль «әкімшілдік
теориясын» құрды.
Оның бұл тақырып бойынша алғашқы мақаласы 1900 жылы шықты, ал
«Жалпы және өнеркәсіптік басқару» кітабы 1916 жылы жарық көрді.
• А.Файоль Парижде әкімшілік зерттеу орталығын басқарды. Ол өзінің
тұжырымдалған қағидаларының әмбебап және тәжірибелік негізде де
барлық салада: экономикада, басқару қызметінде және
ұйымдарда, әскерде және флоттарда қолданылатынын дәлелдеді.

• Анри Файоль әкімшілік функцияны талдай отырып, оның негізгі
бес элементтерін бөліп көрсетті:
- жоспарлау,
- ұйымдастыру,
- басшылық ету,
- үйлестіру,
- бақылау.
• 1. Еңбекті бөлу – қызметкерлердің өз міндеттерін атқаруға мамандандырылуына
негізделген еңбекті бөлу, бұл жұмысты сол мерзімде мөлшерін артығырақ етіп, тиімді
орындауға мүмкіндік береді;
• 2. Билік пен жауапкершілік. Билік шешім қабылдау және өкім беру мүмкіндігі ретінде
олар үшін жауапкершілік артуды меңзейді;
• 3. Тәртіп. Ұжымда бекітілген еңбек қатынастарын құрметтеуді және оларды сақтауды
меңзейтін тәртіп.
• 4. Дара басшылық. Қызметкер тек қана бір ғана тікелей бастықтан бұйрық алуы тиіс;
• 5. Басшылықтың бірлігі. Қызметкерлер тобы бірыңғай бір жоспармен әрекет етіп, бір
мақсатта жетістікке бағытталуы тиіс;
• 6. Жеке мүдделердің жалпы мүддеге бағыныштылығы. Бір жұмысшының немесе
қызметкерлер мен жұмысшылар тобының мүдделері ұйым мүддесінен асып түспеуі тиіс;
• 7. Қызметкерді мадақтау. Қызметкерлер еңбегі әділ бағалануы (материалдық және
матеиалдық емес тәсілдер арқылы) тиіс;
• 8. Орталықтандыру және орталықсыздандыру. Орталықтандыру және
орталықсыздандырудың ара қатынасы ұйым қызметінің тиімділігін қамтамасыз ететіндей
болуы қажет;
• 9. Басшының иерархиясы. Ұйымды басқарушы лауазымды тұлғалардың нақты иерархиясы
болуы тиіс. Бірақ бұл иерархия қатып қалған құрылым емес, ол қажет жағдайда өзгеріп отыруы
тиіс;
• 10. Тәртіп. Әрбір адамға - өз орны, әр адам –өз орнында.
• 11. Әділдік. Әкімшіліктің бағынушыларға әділдігі мен сыйластығы. Мейірімділік пен
төреліктің үйлесімділігі;
• 12. Қызметкерлер құрамының тұрақтылығы. Кадрлардың жоғары ағымы ұйым нәтижелігін
кемітеді. Кадрлардың тұрақсыздығы нашар менеджерден.
• 13.Ынтагерлік. қызметкерлердің ынтасы – жұмыстың тиімділігін артырады және жанында
жұмыс атқаратын адамдарды да ынталандырады, ұйымға күш пен қуат береді;
• 14. Қызметкерлерді біріктіру (корпоративтік рух-дем). Қызметкерлерді біріктіру оларға үлкен
қауым мүшелері екенін сезіну мүмкіндігін беріп, қатыстылықты қажетсіну, бірлік – ортақ күш.
Сандық әдістер мектебі.
Нақты ғылымдардың дамуының салдары ретінде пайда
болды, ол өндірістегі үдерістердің, қызметкерлердің еңбек
қызметінің күрделенуінің әсерінен пайда болды.
Статистикалық әдістер кәсіпорынды басқарудың нақты,
сандық деректерін пайдалауға, өнім сапасына әсер ететін
мәнді, маңызы бар және мәні жоқ, маңызды емес себептерді
айыруға мүмкіндік береді.
Уолтер Эндрю Шухарт (1891-1967) –
атақты американ ғалымы, сапаны басқару
теориясы туралы кеңесші.

Ол «Өндірілетін өнім сапасын
экономикалық бақылау» атты еңбегі
статистикалық әдістерді енгізу және жария
ету саласына негіз болды.
Уи́ льям Э́двардс Де́минг
(1900-1993)

• Ол, Э́двард Де́минг ретінде танымал. — американ ғалымы,
менеджмент бойынша статистик және кеңесші.
• Ол Шухарттың циклін дамытты, оның циклін әлемге әйгілі
«Шухарт-Деминг циклі» ( PDSA или PDCA: жоспар, жүзеге асыру,
тексеру, әрекет) деп атайды. Сондай –ақ сапаны арттыру, басқару
мәселелері, сапа менеджменті Демингтің ұстанымдарында (14)
көрсетілген.
• 1. өнім мен қызмет көрсету сапасына бағытталған мақсат тұрақтылығы;
• 2. жаңа философия. Жапонияда басталған жаңа эконономикалық дәуірдің философиясы;
• 3. сапаға қол жеткізудегі жаппай бақылауға тәуелділікті тоқтату;
• 4. ең төмен бағамен сатып алу тәжірибесімен қоштасыңыз;
• 5. сапаны арттыру, өнімділікті арттыру, шығындарды азайту үшін әр үдерісті жақсартыңыз;
• 6. тәжірибеге кадрларды даярлау және қайта даярлауды енгізіңіз;
• 7. көшбасшылықты жариялаңыз;
• 8. кәсіпорын үшін барлығы жұмыс істеулері үшін қорқыныш, үрейлерді жойыңыз;
• 9. кедергілерді жойыңыз;
• 10. бос ұрандардан, жаңа тапсырмалардан бас тартыңыз;
• 11. еркін белгіленген тапсырма мен сандық нормаларды жойыңыз;
• 12. жұмысшыларға өз еңбегін мақтан тұту мүмкіндігін беріңіз;
• 13. білім алу мен өзін-өзі жетілдіру деген ынтаны мадақтаңыз;
• 14. сапаны арттыру ісіне берілгендік пен жоғары басшылықтың әрекеттілігі қажет.
Педагогикалық менеджмет -білім беру процесін
басқарудың теориясы, әдістемесі және
технологиясы.

Педагогикалық менеджмент – бұл қағидалардың,
әдістердің, ұйымдастырылған формалардың,
технологиялық әдіс жинақтарының қызметін
көтеруге және дамытуға бағытталған
педагогикалық жүйелерді басқару.
• Білім беру — тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның
танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам
мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты
- қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және
олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол
жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге
келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру
процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі,
ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.

• Білім беру жүйесінің басты міндеттері — ұлттық және жалпыадамзаттық
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды
қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпке үйретуге бағытталған біліммен
қамтамасыз ету болып табылады. Білім беру оқыту мен өз бетінше іздену
негізінде жүзеге асырылады.
• ҚР Білім заңы бойнша (2007 ж.15 тамыз)
білім беру – имандылық, зияткерлік, мәдени, тәндік
жағынан дамыту және кәсіби құзыреттілікті
қалыптастыру мақсаттарында жүзеге асырылатын
тәрбиелеу мен оқытудың үзіліссіз процесі.

Ұқсас жұмыстар
Басқарудың классикалық немесе әкімшілік мектебі
Ғылымит менеджмент мектептері
Ғылыми менеджмет мектептері
Менеджмент мектептері
Менеджмент туралы ғылымды қалыптастыру және дамыту
Мектеп басқарудың педагогикалық жүйесі және нысаны ретінде
Педагогикалық менеджмент ұстанымдары
Менеджмент басқару туралы ғылым
Ғылыми менеджмент мектептері туралы
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҮЙЕСІ. БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
Пәндер