Жұлдызды топология желілерінің кемшіліктері


Slide 1

Желілер және телекоммуникациялар

Slide 2 Slide 3

Компьютерлік желі - бір-бірімен мәлімет аламаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің және принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.

Slide 4

Телекоммуникация құралдарымен байланысқан компьютерлер жиынын компьютерлік желі деп атаймыз.

Мәліметтерді тасымалдау жылдамдығының (желінің өткізу қабілеті) өлшем бірлігі 1 секундтағы биттер саны мен (бит/с) және еселік мәндері мен (Мбит/с, Гбит/с), сонымен қатар кейде 1 секундтағы байттар санымен (байт/с) және оның еселік мәндерімен (Мб айт /с, Гбайт/с) анықталады.

1 байт /с = бит/с = 8 бит/с;

1 Кбит/с = бит/с = 1024 бит/с;

1 Мбит/с = Кбит/с = 1024 Кбит/с;

1 Гбит/с = Мбит/с = 1024 Мбит/с.

Slide 5

Желілер мынадай қасиеттеріне қарай жіктеледі:

географиялық қамтылу аймағына қарай;

өндірістік бөлімдер көлеміне (масштабына) байланысты;

топологиясына - бір-бірімен байланысу схемасына немесе құрылымына қарай;

басқарылуына байланысты.

Slide 6

Географиялық қамтылу аймағына қарай келесі түрлерге бөлуге болады

PAN (Personal Area Network) - персоналды желі, бір иегерге тиісілі түрлі құрылғылардың өзара әрекеттесуі үшін қажет.

LAN (Local Area Network) - жергілікті желі, қызмет көрсетушілеріне шығуына дейін тұйық инфрақұрылымы болады. «LAN» термині кішкене офистік желіні де, жүздеген гектар аймақты алатын үлкен зауыт деңгейіндегі желіні анықтай алады. Шетелдік негіздерде тіпті жуықталған бағалау береді - радиусы алты милге жуық (10 км) болатын желілер. Жергілікті желілер жабық типті желілер болып табылады, бұл желіде өздерінің кәсібіне байланысты жұмыс істейтін, тек қолданушылардың шектелген тобы ғана рұқсатты ала алады.

CAN (Campus Area Network - кампустық желі) - жақын орналасқан ғимараттардың жергілікті желілерін біріктіреді.

MAN (Metropolitan Area Network) - бір немесе бірнеше қала шегіндегі мекемелер арасындағы қалалық желілер, көптеген жергілікті есептеуіш желілерді байланыстырады.

WAN (Wide Area Network) - глобалды желі, үлкен географиялық аймақтарды алатын, ішіне жергілікті желілермен қоса, телекоммуникациондық желілер мен құрылғылар да кіреді.

Slide 7

PAN(Personal Area Network) - персоналды желі, бір иегерге тиесілі түрлі құрылғылардың өзара әрекеттесуі үшін қажет.

Slide 8

LAN (Local Area Network) - жергілікті желі, қызмет көрсетушілеріне шығуына дейін тұйық инфрақұрылымы болады. «LAN» термині кішкене офистік желіні де, жүздеген гектар аймақты алатын үлкен зауыт деңгейіндегі желіні анықтай алады.

Slide 9

CAN (Campus Area Network) - жақын орналасқан ғимараттардың жергілікті желілерін біріктіретін кампустық желі.

Slide 10

MAN (Metropolitan Area Network) - бір немесе бірнеше қала шегіндегі мекемелер арасындағы қалалық желілер, көптеген жергілікті есептеуіш желілерді байланыстырады.

Slide 11

WAN (Wide Area Network) - глобалды желі, үлкен географиялық аймақтарды алатын, ішіне жергілікті желілермен қоса, телекоммуникациондық желілер мен құрылғылар да кіреді.

Slide 12 Slide 13

Желі топологиясы дегеніміз - компьютерлердің, кабельдердің және желінің басқа да компоненттерінің физикалық орналасуы.

Желі топологиясы (ағылш. network topology) - есептеу желісіндегі машиналардың физикалық конфигурациясы, яғни қандай түйіндер жұбы өзара байланыса алатынын көрсететін физикалық жалғастыруды (немесе түйіндер арасындағы логикалық байланысты) бейнелеу.

Қандай да бір топологияны таңдау келесіге әсер етеді:

қажетті желілік жабдықтардың құрамына

желілік жабдықтардың сипаттамасына

желіні ұлғайту мүмкіндігіне

желіні басқару тәсіліне

Slide 14

“Жұлдыз" тәрізді топология - барлық тораптары орталық бір тораппен жалғасқан желі топологиясы.

Жұлдыздар топологиясының артықшылықтары:

жаңа компьютерді қосу оңай;

орталықтандырылған басқару мүмкіндігі бар;

Желі жеке компьютерлердің ақауларына және жеке компьютерлердің ажыратылуына төзімді.

Жұлдызды топология желілерінің кемшіліктері:

Хабтың сәтсіздігі бүкіл желінің жұмысына әсер етеді;

Жоғары кабельді тұтыну.

Slide 15

“Сақина" тәрізді топология - әр торап басқа екі тораппен қосылған және барлық тораптар бірге сақина құрайтын желі топологиясы.

«Сақина»-кабель өзіне қосылған компьютерлермен сақинаға тұйықталған. «Сақинаның» «Жүлдызшадан» бір ерекшелігі-оған барлық желілік компьютерлер арасында үзіліссіз жол қажет, өйткені желінің бір жері істен шықса, бүкіл желі тоқтап қалады. «Сақинаның» осал жері-бір компьютердің істен шығуы желіні түгелдей тоқтатады. Желі конфигурациясын өзгерту үшін оның жұмысын тоқтатуға тура келеді.

Slide 16

"Шина" тәрізді топология - барлық тораптары жалпы бір сызықтық ақпараттық арнаға қосылған компьютер желісінің архитектурасы.

«Шина» - кең қолданылатын қарапайым топология. Барлық компьютерлер 6ip кабель бойымен қосылып сызықтық құ­ры­лым құрайды. Сигналдар желінің барлық компьютерлеріне бір­дей жіберіледі. Олардың шағылысуын болдырмау үшін кабель соңына терминаторларды жалғайды. Деректерді 6ip уақытта тек 6ip компьютер жібере алады. Желідегі компьютерлер саны өскен сайын оның өткізу жылдамдығы төмендейді.

Slide 17

Басқарылу тәсіліне қарай желілер былай жіктеледі:

БІР ОРТАЛЫҚТАН БАСҚАРЫЛАТЫН ЖЕЛІ, МҰНДА БІР КОМПЬЮТЕР-СЕРВЕР ЖЕЛІ ЖҰМЫСЫН БАСҚАРАДЫ. Сервер - арнайы программалық жабдықтама орналасқан дискілерінің көлемі үлкен, әрі қуатты компьютер. Желідегі басқа қарапайым компьютерлер жұмыс станциялары деп аталады. Жергілікті желілер көбінесе бір сервер арқылы басқарылады.

БІР ДЕҢГЕЙЛІ КОМПЬЮТЕРЛЕР ЖЕЛІСІ (БІР РАНГЫЛЫ) - МҰНДА ЖЕЛІНІ БАСҚАРУДА БАРЛЫҚ КОМПЬЮТЕРЛЕР ТЕҢ ҚҰҚЫҚТЫ БОЛЫП САНАЛАДЫ. Басқаша айтсақ, кез келген машина мәлімет алмасу үшін бір-бірімен сәйкес келетін программалармен жабдықталған. Олардың барлығы да желіні кезектесіп басқару ісіне араласа алады.

Slide 18

БІР ОРТАЛЫҚТАН БАСҚАРЫЛАТЫН ЖЕЛІНІ «Клиент - сервер» желісі деп те айтады: Клиент - өзіне қызмет көрсетуді сұрайтын объект (компьютер немесе программа) . Сервер - басқаға қызмет көрсе-тетін объект.

Slide 19

Бір жергілікті желіде бірнеше ерекшеленген (выделенный) сервер болуы мүмкін. Оларда мәліметтерді таралған түрде өңдеу (распреде-ленная обработка) жүзеге асырылады. Атқара-тын қызметіне қарай серверлердің бірнеше типтері болады:

Файлдық сервер;

Баспа сервері;

Қолданбалы программалар сервері;

Мәліметтер базасы сервері;

Коммуникациялық сервер, т. с. с.

Slide 20

Бір орталықтан басқарылатын жергілікті компьютер желісі (шиналық топология) :

Мұнан әрбір компьютердің (жұмыс станцияларының) тек сервер арқылы ортақ принтерді пайдаланып, ортақ дискідегі мәліметтерге қол жеткізіп, басқа желілермен байланыса алатынын көреміз.

Slide 21

қызмет саласына қарай: банк желісі, ғылыми мекемелер желісі, университет желісі, т. б. ;

жұмыс түріне байланысты: коммерциялық немесе тегін желі, корпоративті және жалпы мақсаттағы желілер;

Желілерді жіктеудің басқа да түрлері бар, мысалы:

атқаратын қызметіне байланысты:

есептеу желісі - берілген мәліметті өңдеу тәсіліне қарай басқару есептерін шығаруға арналған;

информациялық желі - тұтынушылардың сұранысы бойынша әр түрлі мәлімет алуға арналған;

аралас желі - есептеу және информациялық функциялар қатар орындалатын желілер, т. б.

Желінің негізгі программалық және аппараттық компоненттері

Желі құрамындағы негізгі элементтер:

Компьютерлер: (ПК; ноутбуктер; мэйнфреймдер) .

Коммуникациялық жабдықтар: (коммутаторлар; маршрутизаторлар; байланыс арналары) .

Операциялық жүйелер: (Windows; Novell NetWare; Unix) .

Желі қосымшалары: (желілік принтер; желілік диск; мәліметтер базасы) .

Slide 22

Желілік технология - компьютерлік желі құруға қажетті стандартты протоколдар мен солардың жұмысын жүзеге асыратын программалық-аппараттық құралдар жиыны.

Протоколдар (хаттамалар) - мәлімет тасымал-даудың алдын ала бекітілген заңдылықтары мен ережелері жиыны, яғни мәлімет беру/алу кезінде екі компьютер арасында тағайындалған келісімдер жиыны.

Slide 23

Ethernet және Token Ring технологияларының салыстырмалы сипаттамалары

Сипаттамалары

Ethernet

Token Ring

Мәлімет тасу жылдамдығы

10 Мбит/сек

16 Мбит/сек

Топология

Шина/Жұлдыз

Жұлдыз/Сақина

Қатынасу тәсілі

Кездейсоқ

Маркерлі

Мәлімет тасу ортасы

Коаксиал, есілген қоссым, оптоталшық

Есілген қоссым, оптоталшық

Желінің максималды ұзындығы

2500 м

4000 м

Желі тораптарының ең үлкен ара қашықтығы

2500 м

100 м

Желі тораптарының ең үлкен саны

1024

260

Slide 24

Компьютерлік желілерге қажет жабдықтар

Байланыс арналары мен интерфейстер

Желілік карта (Сетевая карта)

Қайталауыш (Repeater)

Концентратор (Hub)

Көпір (Мост-Bridge)

Коммутатор (Switch)

Маршрутизатор (Router)

Slide 25

Байланыс арналары

Slide 26 Slide 27

Интерфейстер

RJ-45 интерфейсі

BNC интерфейсі

Slide 28

Желілік карта

Желілік карта желі операциялық жүйесі арқылы келген командалар мен мәліметтерді қабылдап, оларды бір стандартты форматқа түрлендіріп, оны картаға жалғанған кабель арқылы ары қарай жібереді. Әрбір картаның айрықша өз нөмірі болады.

Slide 29
Ұқсас жұмыстар
Желі топологиясы
Жергілікті желі
Телекоммуникациялық желілер
САҚИНА ТОПОЛОГИЯСЫ
Мәліметтер базасы сервері
Ethernet Wi-Fi/1EEE 802.11b стандарты.Сымсыз желідегі логикалық топология. Стандартты тополгия және бөлінетің аумақ IEEE 802.x стандарттардың структурасы
Компьютерлік желілер жайлы жалпы түсініктер
Шойын және метал емес газ құбырлаы
Локальді желі
Жұлдыз топологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz