Бастауыш мектеп жасындағы балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері



«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәні
Барлық мамандықтар үшін
Дәріс
5 тақырып. Жастардың жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктері

Жоспар:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері.
Жасөспірімдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері.
Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері

Мақсаты:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім және тәрбие жас ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру жөніндегі ағарту және тәрбиелеу жұмыстары, жасөспірім жасында білім алушылардың өмірлік проблемаларды щещу қағидалары студенттік жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру ерекшеліктерін оқып білу.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие негізін құраған нормативті құқықтық акт

2014 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бекітілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту жəне Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім: тəрбие жұмысы
Агенттікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар Білім жəне ғылым министрлігімен бекітілген «Тəрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне» қосылды. «Тəрбиенің тұжырымдамалық негіздері» Қазақстан Республикасының білім жүйесінде даму перспективаларын, басым бағыттарды, мақсаттарды, міндеттерді, бағалау белгілерін жəне тəрбие механизмін белгілейді. Бұл құжат барлық білім мекемелерінің тəрбие жұмысының жоспарларын əзірлеу үшін негіз болып табылады.


Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру - бұл үздіксіз процесс, оның негізгі бағыттары:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды сіңіру;
2) тиісті моральдық сенімдерді, қасиеттер мен сезімдерді қалыптастыру;
3) қажетті моральдық қажеттіліктер мен әдеттерді дамыту.

Мектеп жасына дейінгі балалар (3-6 жас)
Мектеп жасына дейінгі балалармен тәрбие жұмысының негізгі бағыттылығы - бұл олардың рухани-адамгершілік және әлеуметтік-мәдени құндылықтарды, қоғамда қабылданған жүріс-тұрыс қағидалары мен нормаларын қалыптастыру.
Кіші мектеп жасында (7-10 жас)
Бұл кезеңде балалардың сыбайлас жемқорлық пен оның залалы туралы дүниетаным сипатындағы түсінік пен ұғымның қалыптасуы маңызды.

Орта мектеп жасы - (10-14 жас)
Бұл жаста патриотизм, интернационализм, өз Отанын мақтан ету, елдің қоғамдық құрылымын құрметтеу, еңбек сүйгіштік, жауапкершілік, тәртіп, адамның азаматтық құқықтарын білу және құрметтеу сияқты тұлғалық қасиеттерді сіңірудің маңызы зор
Жоғары мектеп жасы (14-18 жас)
Жоғары сынып оқытушылармен жұмыс кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие жүйесінің басты міндеті білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сана-сезімін қалыптастыру болуға тиіс, ол сыбайлас жемқорлық әрекеттен саналы түрде бас тартуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие 4 басты компонеттен тұрады
Оқу процесі
Сынып сабағаттарын жүргізі
Қосымша білім беру жүйесі
Ақпараттық стендтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы біліммен қамту
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру сұрақтарын барлық деңгейдегі білім мекемелерінің оқу процессіне қосу:
мектепке дейінгі оқу мен тəрбие (балабақшалар)
бастауыш, негізгі жəне жалпы орта білім (жалпы білім беретін мектептер)
техникалық жəне кəсіби білім (колледждер)
жоғары жəне жоғары білімнен кейінгі білім (жоғары оқу орындары)

Мектепке дейінгі жəне орта білім
- Балабақшалардағы жоғары топтар
(«Əлеуметтік орта», «Таным»
білім беру салалары)
- Мектептегі бастауыш сыныптар
( «Дүниетану» пəні)
Өзінің жəне басқаның еңбегінің зейнетін қадірлеу
Адал еңбекті өмірді жақсартудың басты құралы ретінде қарастыру
Бар игілікті қоғам үшін қолдануға ұмтылу
Əр түрлі кəсіптердің маңыздылығын, олардың адамдардың өміріне əсерін түсіну
Мемлекеттік қызметтің мағынасын, оның басты құндылықтарын - адалдықты, тұрақтылықты, отаншылдық пен Отанға қызмет етуді түсіну
Құқық бұзушылықтарға қарсы келуге дайын болу тиіс

Мектептегі жоғарғы сыныптар
(«Адам. Қоғам. Құқық» пəні)
Сыбайлас жемқорлықты əлеуметтік қатер, кəсіпкерлікке барьер ретінде қабылдау
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелерін білу (оның ішінде əкімшілік жəне қылмыстық заңнама)
Кəсіптік этика туралы басты түсінік болу
Мемлекеттік қызметтің жəне сыбай ас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қағидаттарын білу
Қоғамға жат, сыбайлас жемқорлық көрінісеріне қарсы келе алу тиіс

Техникалық жəне кəсіби, жоғары білім
Кəсіби колледждердегі оқудың бірінші/екінші жылы
(«Құқық негіздері» жалпы білімдік пəні)
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың ережелерін білу
Сыбайлас жемқорлықтың болмысын, себептерін
жəне зардаптарын, сыбайлас жемқорлық əрекеттің құрамын түсіну
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін
əкімшілік жəне қылмыстық жауапкершілікті ажырату
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қағидаттарын, сыбайлас жемқорлықпен күресте көмектескен тұлғалардың қол сұғылмаушылық кепілі туралы білу

Жоғары оқу орындарындағы оқудың бірінші жылы
(« Құқық негіздері» жалпы білімдік пəні)
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың ережелерін жалпылай алу
Сыбайлас жемқорлықтың болмысын, себептерін жəне зардаптарын, сыбайлас жемқорлық əрекеттің құрамын түсіну
Жауапты лауазымды тұлғаларға арнайы талаптарды, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тəртібінің жəне этикасының қағидаттарын білу
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қағидаттарын, сыбайлас жемқорлықпен күресте көмектескен тұлғалардың қол сұғылмаушылық кепілі туралы білу
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жəне қылмыстардың, с ондай- ақ, оларды істегені үшін жауапкершіліктің ерекше өзгешеліктерін ажырату
Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдар қызметінің басты бағыттарын білу тиіс

2. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері.

Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру ерекшелігі
Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыруды құқықтық мәдени тәрбиеден бастаған жөн.

Құқықтық тәрбие - қоғам талабы

БҰҰ негізгі құжат ретінде қабылдаған, әлемдік қоғамдастық таныған «Бала құқығы туралы конвенция»

Рефлексия - бұл өз әрекетін сезіну және бағалау қабілеті. Бұл өте құнды қасиет.
Мектеп жасына дейінгі балалардың рефлекстік құрылымын дамыту тәсілдерінің бірі - баланың өзін әдеби персонажбен салыстыру арқылы өзін-өзі бағалауын қалыптастыру

Қызмет соңында мына тақырыптарға сурет салу конкурсын өткізуге
болады

Кіші мектеп жасындағы баланың елеулі тану қызығушылығын жандандыру, өз-өзіне сенімді болуына, ерік-жігерін, адамдарға қайрымды қатынас қалыптастыру, өзін Жер Шарының және өз елінің азаматы ретінде сезінуіне ықпал ету қажет.

Осылайша мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру тиімділігі рухани тәрбиелеудің жалпы жүйесі аясында төмендегі жағдайларда іске асыру мүмкін болады:
- балаларға адам құқығының ізгілік мәнін, оның міндеттерін, әрекет нормалар мен қағидаларын терең сезінуге мүмкіндік беретін тәрбиенің әртүрлі құралдары мен әдістерінің кешенін пайдалану;
- балалар тобының ізгілік сезімдері мен сыйластық қатынастарын көрсетуді ынталандыратын ахуал жасау;
- педагогтар мен ата-аналардың тәрбиелік ұмтылыстарының сабақтастығын қамтамасыз ету.

3. Жасөспірімдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері.

Орта және жоғары мектеп жасындағы балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру ерекшеліктері

Жасөспірімдерді (орта мектеп жасындағы) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеудің негізгі міндеттерінің бірі оларға қажетті білім беру болып табылады, олар балалардың:
- сыбайлас жемқорлықты танып-білуін үйренуіне (сондай-ақ оны басқа қылмыс түрлерінен айыруға;
- сыбайлас жемқорлық неліктен жамандықтың көзі екенін білдіретін уәжді ұғынуға;
- сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету мүмкіндігін көрсетуге көмектеседі.

Нақ осы орта мектеп жасы білім алушылардың құқықтық білімі жүйесін қалыптастыруда шешуші фактор ретінде қаралады, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары, бостандығы мен міндеттері олардың өзегі болып табылады.


Білім алушыларға бұл саладағы білімді тереңдетуге және нақтылауға мүмкіндік беретін үлгілік сұрақтар мен тапсырмалар, шығармашылық жұмыстардың тақырыптар және т. б. ұсыну да маңызды.
Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін құқықтық сана-сезімді қалыптастыру бұл кезеңдегі негізгі міндеті болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықтың қоғам мен мемлекет үшін қаупі туралы білімі бар азаматтың тұлғасы, сыбайлас жемқорлық көріністерін өз азаматтық құқықтарының бұзылуы ретінде қабылдайтын және бұл құқықтарды қорғауға дайын тұлға жоғарыда аталған барлық әрекетердің нәтижесі бола алады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сананы қалыптастыру жүйелі, мақсатты және үздіксіз процесс болуға тиіс. Білім алушылардың жалпы білім беру мектебі деңгейін аяқтауға жылжуына қарай олардың сыбайлас жемқорлық, оның көріністері, жауапкершілік шаралары туралы, сыбайлас жемқорлық құбылысын
орнықты түрде қабылдамау ұғымы қалыптасуы тиіс.

4. Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері

Студенттік кезеңді тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық-тық сана-сезімін қалыптастырудың сенситивтік кезеңі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы нұсқама - бұл адамның әрекетінен, іс-қимылы мен толқуынан көрінетін сыбайлас жемқорлыққа таңдамалы тікелей қарым-қатынасының интеграцияланған көрсеткіші.

Студенттік жастар - қоғамымыздың ең дамушы, серпінді, тез қимылдаушы бөлігі.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz