Абай жолы роман


Slide 1

“Абай жолы” роман-эпопея 4 томнан тұрады. І том - 1942 жылы ІІ том - 1947 жылы ІІІ том - 1952 жылы ІҮ том - 1956 жылы

«АБАЙДЫҢ ЖҰМБАҒЫ“ РОМАН-ХАМСАСЫ МЕН "АБАЙ ЖОЛЫ" РОМАН-ЭПОПЕЯСЫНЫҢ ҮНДЕСТІГІ

«Абай жұмбағы» роман-хамса 5 кітаптан тұрады.

Толғақ (Кенесары - Құнанбай - Қодар) .

2. Жұлдыз құрбандық

(Шоқан, Достоевский, Құдайберді) .

Қызғаныш (Халиолла, Михаэлис, Шәкәрім) .

4. Хақиқат мекені

(Саққұлақ шешен, Мұса мырза, Дологополов) .

5. Нұрсипат

(Мәшһүр Жүсіп, Әлихан Бөкейханов, Мағауия) .

Slide 2

Роман-эпопея мен роман-хамсаның айырмашылығы

Эпопея (грек - тудыру, жазу) -белгілі бір немесе бірнеше тарихи дәуірдің типтік оқиғаларын кең көлемде суреттейтін, бірнеше ұрпақ өкілдерінің іс-әрекеттерін ортақ идея мен бір тақырыптың арнасында, көркемдік тұтастықта баяндайтын прозалық кесек туынды. Эпопея 4 кітаптан тұратын шығарма.

М. Әуезовтің “Абай жолы” роман-эпопеясы қазақ әдебиетінің биік идеялық-көркемдік жетістігі саналады.

Хамса (бестік, бес дастан деген мағына береді) - Шығыс әдебиетінде, соның ішінде түркі тілдес халықтар әдебиетінде ертеден орныққан дәстүр бойынша бір-бірімен жалғас, сабақтас жазылатын бес дастан.

Рамазан Тоқтаровтың “Абай жұмбағы” роман-хамсасы.

Slide 3

Мұхтар Әуезов

«АБАЙДЫҢ ЖҰМБАҒЫ“ РОМАН-ХАМСАСЫНЫҢ

"АБАЙ ЖОЛЫ" РОМАН-ЭПОПЕЯСЫМЕН ҮНДЕСТІГІ

Туған күні

13 қыркүйек 1935

Туған жері

Павлодар қаласы, Павлодар облысы

Қайтыс болған күні

13желтоқсан 2000

(65 жас)

Азаматтығы

Қазақстан

Ұлты

Қазақ

Мансабы

Жазушы, филолог, журналист

Жанры

проза, публицистика

Марапаттары

"Абайдың жұмбағы» кітабы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығы (2002)

Сыйлықтары

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы

Рамазан Тоқтаров

Туған күні

28 қыркүйек 1897

Туған жері

(қазіргі - Абай ауданы, Абай облысы, Қазақстан)

Қайтыс болған күні

27 маусым 1961 (63 жас)

Азаматтығы

Ресей империясы → КСРО

Ұлты

Қазақ

Мансабы

прозаик, ақын, драматург, жазушы, ғалым

Жанры

роман

Марапаттары

КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949) Лениндік сыйлықтың лауреаты (1959)

Қазақстан ғылым академиясының

тұңғыш академигі (1946),

филология ғылымдарының докторы мен профессоры (1946),

Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957

Сыйлықтары

1957 жылы Ленин орденімен

Slide 4

«АБАЙДЫҢ ЖҰМБАҒЫ“ РОМАН-ХАМСАСЫ МЕН "АБАЙ ЖОЛЫ" РОМАН-ЭПОПЕЯСЫНЫҢ ҮНДЕСТІГІ

Рамазан Тоқтаров. 1957 жылы Алматыдағы шет тілдер институтының француз тілі факультетін, 1985 жылы Мәскеудегі Әдебиет институтының жоғары курсын бітірген. Павлодар облыстық газетінде қызмет істеген. 1960 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналында жұмыс істеген. Қазақстан Жазушылар одағының проза секциясының кеңесшісі, «Жұлдыз» журналы редакторының орынбасары, «Жазушы» баспасында редактор болып қызмет атқарған.

Шығармалары: 10 роман жазған

1. Ертіс перзенті. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1960;

2. Бақыт. Роман. А., «Жазушы», 1965;

3. Ертіс мұхитқа құяды. Роман. Дилогия. А., «Жазушы», 1968, 1969;

4. Иртыш впадает в океан. А., «Жазушы», 1972;

5. Терістік шұғыласы. Повесть. А., «Жазушы», 1974;

6. Тұлпардың сыны. Роман. А., «Жазушы», 1975;

7. Жердің үлгісі. Роман. А., «Жазушы», 1983;

8. Сусамыр. Роман. А., «Жазушы», 1985;

9. Таңбалы жарғақтың құпиясы. Роман. А., «Жазушы», 1990;

10. Абайдың жұмбағы. Роман. А., «Жазушы», 2000.

1915 жылы училищені аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. 1922 жылы күзде Ташкенттегі Орта Азия университетіне тыңдаушы болып оқуға түседі, 1923 жылы маусым айында Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің тіл-әдебиет бөліміне оқуға ауысады. 1928 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасына қабылданды. Проза

Абай жолы (Роман-эпопея)

Өскен өркен (Аяқталмаған роман)

Қараш-қараш оқиғасы (Повесть)

Қилы заман (Повесть)

Барымта (Әңгіме)

Бүркітші (Әңгіме)

Ескілік көлеңкесінде (Әңгіме)

Жетім (Әңгіме)

Жуандық (Әңгіме)

Қаралы сұлу (Әңгіме)

Қорғансыздың күні (Әңгіме)

Қыр әңгімелері (Әңгіме)

Қысқы түн (Әңгіме)

Көксерек (Әңгіме)

Кім кінәлі (Әңгіме)

Кінәмшіл бойжеткен (Әңгіме)

Оқыған азамат (Әңгіме)

Сөніп жану (Әңгіме)

Түнгі ауыл (Әңгіме)

Үйлену (Әңгіме)

Асыл нәсілдер (Әңгіме)

Татьянаның қырдағы әні (Әңгіме)

Хасеннің құбылыстары (Әңгіме)

Slide 5

ХХ ғасырдың 60-жылдары ұлттық əдебиетіміздегі жаңа бір кезеңнің бастауы болды. Бұл кезеңде əдеби жанрлар барынша дамыды. Проза жанрындағы елеулі ізденістер өз жемісін бергеніне осы кезеңде жазылған əр түрлі тақырыптағы романдар мысал. Проза жанры бүгінгі күн тақырыбы мен тарихи дəуір шындықтарын игере отырып, ұлт өмірінің шежірелі болмысын бейнелеп берді. Бұл салада 60-жылдары əдебиет əлеміне келген Ə. Кекілбаев, О. Бөкей, М. Мағауин, Т. Əбдіков, Қ. Жұмаділов, Д. Досжанов, Р. Тоқтаров есімдерін ерекше атауға болады.

Филология ғылымының докторы, əдебиет сыншысы Бақытжан Майтановтың айтуынша, жазушы Рамазан Тоқтаровтың шығармалары жаңашылдық сипатымен ерекшеленеді. Ендеше, Рамазан Тоқтаров «Абайдың жұмбағын» жазуға үлкен дайындықпен келген. Тоқтаров жазушы Мұхтар Əуезовтен шыққан «Абай жолы» романын негізге ала отырып, бес кітапты біріктіріп, жаңалығымен «Абайдың жұмбағы» атты роман-хамсасын қалың оқырманға ұсынды. Бұл шығарманы жазуда үлкен мəн бар. Себебі, туындыны оқи отырып, «Абай жолында» жазылмай қалған кейбір тұстарын байқаймыз жəне Абайдың өміріндегі айтылмай қалған маңызды оқиғаларды анық аңғарамыз.

Slide 6

Абай - ұлт тірегі, сарқылмас бай қазына. Біз Абайдың әлі де жұмбағы көп ғұлама қасиеттері мен құдіретін толық танып болған жоқпыз. Жазушы Рамазан Тоқтаров «Абайдың жұмбағы» роман-хамсасында ұлы ақын өмірі мен поэзиясының әлі ашылмаған қырларына, шетсіз, шексіз әлеміне бойлай отырып, Абайдың жұмбақ болуының кілтін, сырын, себебін іздейді. Ғұлама ақынның «Мен бір жұмбақ адаммын» деп кейінгі ұрпаққа үн қатып, өзінің жай адам емес екендігін айтып кеткені белгілі.

Сол себепті де Абай жұмбағын ашу үшін қаламгерге Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы негізінде ғылыми еңбектер мен мұрағат құжаттарына сүйене отырып, ақын өміріне байланысты жаңа материалдарды іздестіру, жұртшылыққа мәлім мағлұматтардың өзін қайта тексеріп, жаңа заман биігінен көз жіберу қажет болды. Бұл батыл қадамымен Р. Тоқтаров бүгінгі ұрпаққа роман-эпопеяда түрлі себептерге байланысты айтылмаған деректерді, уақыт тасалаған қаншама шындықты, ғасырлар тереңінде қалған оқиғалар мен тағдырлар сырын ашып, сол заманның ел өміріне әкелген өзгерісін, Абай өмірінің әлеуметтік, қоғамдық көріністерін кең қамтуға тырысқан.

Slide 7

Автор осы роман-хамсаны жазардан бұрын өзіне: «Ұйқысынан жаңа оянған марғау қазақ даласында Ибраһим Құнанбайұлындай теңдесі жоқ кемеңгердің дүниеге келуі кездейсоқтық па, әлде заңдылық па?

Бір Абайда сан кісінің саралы өмірі тұр. Абай қазынасы - біздің қолымызда болса, дана адамның өзінің өмірден не алғаны, қалай алғаны - жұмбақ. Ол жұрт көрмегенді көрді, жұрт сезбегенді сезінді.

Ал енді: қалай көрді, қалай сезінді, түсінік-түйсігі, қай дәрежеде қалыптасты?

Не нәрселерге көбірек әсерленді?» [1, 4] - деген сұрақтар қояды.

Slide 8

Осы сауалдарға жауап іздеу барысында Рамазан Тоқтаров өзіне дейін жазылған шығармаларға, зерттеулерге көңіл аудармай қойған жоқ. Бұл ретте, әрине, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы мен ғылыми еңбектері бірінші орында тұрды. Ең бастысы - дүние жүзіне әйгілі шығарманы қайталамау, ұлы ақын өміріне байланысты материалдарды іздестіру, жұртшылыққа мәлім мағлұматтардың өзін қайта тексеріп, жаңа заман биігінен көз жіберу қажет болды. Бірақ бұдан Мұхтар Әуезов дәстүрін мүлде ескермеді, аяқ асты етті деген ұғым тумайды.

2. Ұлы ақынды заман туғызады. Абай туралы сөз қозғағанда, ол өмір сүрген орта, қоғам, қоғамдық-әлеуметтік жағдайға міндетті түрде назар аударылады. Өйткені, Абайдың өмір тарихына, заманына, өскен ортасына зер салмай шындық шешілмейді.

3. З. Ахметов осы мәселеге байланысты ұлы Абай туралы: «Адамзаттың перзенті» атты мақаласында: «Заман, қоғамдық жағдай - ақын, жазушы творчествосының өмірлік негізі, түп тамыры» дей келіп, келесі бір тұста: «Ақын үлкен шығармашылық тұлға болып қалыптасып, жетіліп, кемеліне келуі үшін тиісті қоғамдық жағдай, аса зор дарын мен даналық, үздіксіз еңбек, ізденіс, міне, осылардың түйісіп келуі шарт» - деп пайымдаған еді [2, 420] .

Р. Тоқтаров Абайдың өмірге келген уақыты мен өмір сүрген дәуірін тарихи шындыққа сай суреттеуді көздеген. Романнан Абайдай дананың дүниеге келуінің өзі уақыты жетіп, әбден толысып, піскен толғақ екенін, ол бір ғана Ұлжан ананың емес, ол - заман мен дәуір толғағы, сол кезеңнің толғағы деп есептеуге болатынын байқаймыз. Романдағы «Халық қасиетін жоймау үшін дана тууы керек» деген Кенесарының сөзі Абайдай дананың дүниеге келуінің өзін кездейсоқ құбылыс емес, тарихи заңды құбылыс екенін көрсетеді.

Slide 9

Роман-хамсаның ұзақ сонар оқиғалары маң далада уақытша тіккен шатырын жығып, Арқадан ауғалы тұрғанда айтқан Кенесарының қоштасу сөзімен ашылады.

- Уа, кір жуып, кіндік кескен туған елім! Сарыарқа сары белім! Абылай атам ту тіккен, алты Алашқа кең жазира қоныс болған алтын босағам . . . Кер миықтым кеңестен, керторы атым жүрістен қалып барады. Жасанған жаудан емес, жағадан алған өз иттерімнен жеңіліп, мен кетіп барамын. Қош-қош, енді айналып келгенше. Жеңсек - қазы, өлсек - шейітпіз. Шашылған күлің мен жапырылған шалғының кейінгі өсіп-өнетін ұрпағыма көрінсін. Боз інгенім ботасынан, боздауық бура жетесінен қалып бара жатса да, үйелменім аман болсын! Абылайдай атағы жер жаратын ұл тусын Сарыарқамда. Сол бастасын халқымды салқар ұлы көшке. Есіңде сақта осы сөзімді, қайран ел-жұртым, қазағым! Мен кетпеспін біржола. Тірі болсам өзім, өлсем аруағым қайтып кеп қалар. Қош-қош енді . . . [2; 22] .

Осыдан сəл ғана бұрынырақ Кенесары ел тағдырын ойлап қамығып отырғанда, өзін-өзі жұбату үшін болса да жəне бір ауыз сөз айтып еді: «Халық қасиетін жоймау үшін дана тууы керек», - деген ол. Жаңағы қоштасу сөзінде сол ойын жаңғырта қайталап айтқан.

Хан Кененің жаңағы бір таусылып тұрып тəуба қылғандай көрегендік сөзі айна-қатесіз дəл келгендей екен. Дəл сол күні, Кенесарының қалың қолы қазақ даласының төскейінен төмен қарай жылжыған сəтте, Құнанбайдың екінші бəйбішесі Ұлжан ана қатты толғатып, үш күн, үш түн қиналғаннай кейін, шекесі торсықтай бір ұл туыпты. Қазақтың маңдайына біткен болашақ данагөйі ұлы Абай дүниеге осылай келген екен.

Slide 10

М. Әуезов роман-эпопеясында Абайдың балалық бейнесін он үшке шыққан кезінен бастап суреттесе, Роман-хамсада Абайдың нəресте сəби күнінен бастап, ес кіріп есейген жасөспірім кезіне дейінгі балғын балалық шағы соншалықты сүйкімді де тосын мінез-қылық ерекшеліктерімен, ешбір əсірелеусіз, ғажайып ертегі, аңыздарда кездесетіндей алып-қашпа қоспарларсыз, мамыражай маңғаз көңілдің ұстамды тілектестігімен əсерлі етіп баяндалады.

Міне, ол қырқынан шығар-шықпас шарана күйінде, тал бесікте үстіне төне еңкейген ананың ақ омырауын мейірлене еміп жатып, сол бір жылы жүзді кісінің бет-ажарынан көз айырмай, қас қақпай, қадала қарайды. Əлгі тəтті сусыннан ауық-ауық өзі татырмаса, бұл қыңқ деп дыбыс білдірмейді. Қасында анасы жоқ болса, жоғарыда шаңырақтан дөңгелектеніп көрінген көк аспанға немесе киіз үйдің жабығынан түскен жарық сəулеге қарап, тағы да тып-тыныш жатады.

Сегіз айдан аса бергенде ол бесіктен шығып, құйрығынан отырған кезде өз аяғынан тұратын болыпты. Бірақ ілгері қарай еңкейіп еңбектемепті. Бір халықтың болашақ данышпанын тағдыр жер бауырлап жорғалатқысы келмеген болар, ол бесігіне сүйеніп тік түрегелген бойда қаз басып ілгері қарай аттап кеткен дейді. Тілі жаңағыдай аяқтағаннан едəуір кешеуілдеп шыққан сияқты. Сондағы тағы бір оқшау мінезі - ол үйге келген адамның бет-жүзіне көз тоқтата қадалып, ұзақ уақыт қарайды екен [2; 23] .

Slide 11

Осыдан секем алған анасы Ұлжан бір күні оны Зере енесіне сыр қылып айтады ғой. Сонда өмірден түйгені көп ақылды қария бұл құбылысты өзінше түсіндіреді. Немересінің ақыл-есі кермей тұрғанда кісіге əуелі екі көзін тоқтатып алып қарайтын əдетін ол да байқап жүреді екен. «Мыйға қонатын ақыл ішке сəулемен, көз арқылы енеді. Сəуле - ақылдың азығы. Баланың есі кіре бастағаннан жыламайтыны, кісі жатырқамайтыны да содан, күнім!».

Соңғы кездері бала мінезінің бəрінен де күштірек таңырқатып жүрген тағы бір қылығы бар. Ол - кешкісін ауыл шетінен қып-қызыл боп туатын дөңгелек ай. Күндіз жоқ еді, жер шегінде кетпей қонақтап тұрып алған бұл не қылған жұмбақ шар. Өзі мұны «кел-кел» деп өзіне шақырғандай бола ма, қалай?

Толған айды бар ғажайып сəнімен тұңғыш көріп тұрған əсершіл сəби кішкентай саусақтарын көкжиекке созып:

« - Апа . . . əпе . . . əпе . . . », - дыбыс білдіреді. Соны əркім əрсаққа жүгіртіп, өздерінше жорамалдап жатқанда, анасы былай деп тоқтау айтады:

«Толған ай - баланың көңіліне орнаған тұңғыш жұмбағы. Аманат жаны аман болса, оны да түбі өзі шешеді» [2; 24] .

Slide 12

Осындай ерекше зерек зейін-зердесі арқасында ол бес жасында ауыл молдасының алдынан дəріс алып, тез арада хадим əліппесін игереді. Көп ұзамай Құранға түседі. Оның сыртында «Бозжігіт», «Құламерген мен Жоямерген» сияқты ертегі-хиссаларды да зуылдатып оқи беретін болады.

Бұл жасөспірім баланың сегізден тоғызға қараған шағы еді. Бір күні оған пейілі түсіп отырған əкесі қасына шақырып алып:

Балам, сені алдағы жаз оқуға апарам, - дейді. Содан кейін сəл кідіріңкіреп, толғанып отырып сөзін жалғастырады: - Ендігі жерде білекті емес, білімді алатын заман келе жатыр. Сен Семей шаһарындағы үлкен мешіт қасынан ашылған Ахмет-Риза хазіреттің медресінен оқып білім аласың.

Əке сөзі екі болмайды. Келесі жылдың жазында Құнекең Абайды Семей қаласындағы медресеге алып барып, оның хазіретіне өз қолынан тапсырған. Кетіп бара жатқанда əке өсиеті мынадай еді: »Балам он қой жарысса, біреуі озып келеді, ол емес жүйріктік. Қатарыңнан жарысып озба, бойыңнан өнер шығарып оз. Өнбейтін нəрселерге ұмтыламын деп, отыңды өшіріп алып жүрме» [2; 25, 26] .

Slide 13

Роман-хамсада Шоқанмен Абайдың алғаш кездесуі жасы сегізден тоғызға аса бергенде, өзінің айтуы бойынша, ақыл-есі кірген кезде, Құнанбай ауылында болған еді. Ат аяғы жетер жердегі игі жақсылардың біразы бас қосқан үлкен жиынға Шыңғыс Омбыдағы оқуын бітіріп, генерал- губернатордың қарамағында қызмет істеп жүрген баласы Шоқанды ерте келген. Сонда ол ауыл молдасынан сабақ алып, хат танып қалған бала Абайды ұнатып қалып, бойына үйір еткен. Оған өзі білетін біраз хиссалардан жатқа үзінділер айтқызып, өте риза болған. Оның келер жаз Семейге барып оқитынын естігенде, соған шын ниетімен қуанып, ағалық тілектестігін білдірген.

Келесі жылы қызмет бабымен Гасфортқа еріп, Семейге барған сапары кезінде, қасында Достоевский бар Шоқан Ахмет-Риза медресесіне шəкірт Абаймен екінші рет кездесті. Өзін алғаш көргеннен бері бір бүйірінен шықпай қойғанын айтып:

-Қалай оқуың көп пе, əлде тоқуың көп пе? - деп сұрағанда, Абай іркілместен:

-Сол екеуі де аздық етпесе, көптік қылмас деп ойлаймын, Шоқан аға, - деп ұшқыр жауап беретіні бар.

Сонда Шоқан оның қолынан алып, салалы ұзын саусақтарына сүйсіне қарап тұрып:

-Аздық етеді, бауырым! - дейді. Мұндағы оқуының үстіне орыстың оқуын қоса оқуға кеңес береді. Жарты əлемнің сонда тұрғанын айтады жəне соған Абайдың өз аузынан уəдесін алып кетеді [2; 29, 30] .

Абай мен Шоқанның кездесуі

Slide 14

Жазушы, əуезовтанушы-ғалым Тұрсын Жұртбайдың айтуы бойынша: «Негізі «Абай жолы» роман-эпопеясындағы кейіпкер Абай мен кейіпкер Құнанбайдың өмірі бір басқа да, тарихтағы Абай Құнанбайұлы мен Құнанбай Өскенбайұлының жеке өмірі бір басқа. Романды оқып отырып «егер, Құнанбай бөгет болмаса, Абай көксеген арманына жететін еді», деп ойлайсың. Бірақ бұл өмірлік те, тарихи да шындық емес. Абай, өзге балаларына қарағанда, еркін өссе де, əкесі орнатқан тəртіпке бағынған. Олар бір-бірімен өштесіп өмір сүрмеген. Абай сынды адам Құнанбайдай əкеге қарсы шыға ма? Мұндай қылық біздің ұлттық қасиетімізде жоқ. Бірақ Əуезов əке мен бала арасындағы тартысқа саналы түрде барған. Өзінің «Абай жолын» ақтап алу туралы мақалаларында: «Мен өзімнің романымда əке мен бала арасындағы қақтығысты негізгі тартыс етіп алдым. Абай - жаңа заман, Құнанбай - ескі заман. Екі заман тартысын əке мен баланың тартысы арқылы суреттедім», - дейді.

Бұл орайда жазушыны кінəлаудың реті жоқ. Өйткені Кеңес үкіметінің ол тұстағы идеологиясы сондай еді.

Slide 15

Абайдай дананың әкесінің де жай адам болуының мүмкін емес екендігі өзінен-өзі белгілі. Құнанбай баласының терең білім алуын, жастайынан ел ісіне араласып, алғыр, зерек болып өсуіне көп үлес қосқан. Қатал әке Абайды кішкентайынан өз жанынан тастамай, дау-дамайларға қатыстырып, әділ баға беруін, жеке ойы мен жеке көзқарасын қалыптастырып, би болуын қалайды, осылай ұлынан үлкен үміт күтеді. Сондықтан да Р. Тоқтаров өз туындысында Құнанбайды жан-жақты білгір, ақылды би етіп суреттейді.

Slide 16

Абайдың әдеби бейнесін толығырақ аша түсу үшін, сол заманда өмір сүрген игі жақсылар мен халық даналарының тигізген әсерлері де нанымды суреттеледі. Тарихи тұлғалардың өз есімдерімен енуі - «Абайдың жұмбағы» роман-хамсасының негізгі ерекшелігі. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының бастапқы «Ақын аға» нұсқасында Долгов, кейін Павлов деп түрлі себептерге байланысты өзгертіліп берілсе, «Абайдың жұмбағында» аты-жөндері ешқандай өзгертусіз сол қалпы сақталған. Р. Тоқтаров романында Долгополов бейнесі Абайдың пікірлесі, қамқоршысы, ақыл-кеңесшісі, бағыт берушісі ретінде суреттеледі. Дулат ақынның есімі де осындай тоталитарлық идеологияның салдарынан М. Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясында Барлас есімімен берілгені бәрімізге де аян. Роман-эпопеяда кездесетін таныс бейнелермен қатар, жаңа бейнелерді және тарихи шындыққа сәйкес келетін фактілерді суреткер тиімді пайдаланады.

Slide 17

Ұлы ақын айналасындағы халық мұңын жоқтаған ақын-жырауларымыз жайында, қол бастаған батырлар, ел басқарған хандар, сол кезеңде өмір сүрген ғалымдар мен ірі дарын иелері турасында Р. Тоқтаров өз романының «Толғақ», «Жұлдыз», «Құрбандық», «Қызғаныш», «Хақиқат мекені», «Нұрсипат» деген бес кітабында кеңінен суреттеп, заман бейнесін толық ашып көрсетуді мақсат еткен. Аты-жөндері кезінде аталмай қалған, немесе тоталитарлық саясат желеуімен бұрмаланған, өмірде болған адамдар жөнінде көптеген мағлұматтармен қатар, көркем суреттелген шындықты көруге болады. Қаламгер өз шығармасын жазу үстінде жинаған, оқыған, зерттеген, қорытқан фактілерін, тарихи деректерді көңіл елегінен, талғам таразысынан өткізіп барынша мол қамтыған. Соған орай жаңа кейіпкерлер санаты да романда мейлінше көп. Кенесары хан, Наурызбай, Ағыбай батыр, Үмбетей жырау, Тәттімбет күйші, сұлтан Шыңғыс Уәлиұлы, Мұса Шорманов, Ахмет-Риза хазрет, Абаймен тұстас өмір сүрген замандастары - Шоқан, Ыбырай, Достоевский, Құдайберді, Долгополов, Михаэлис, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп, Әлихан Бөкейханов, тағы да басқа тарихи тұлғалар “Абайдың жұмбағы” роман-хамсасының кейіпкерлері болып табылады.

Slide 18
Ұқсас жұмыстар
Есімдікті құрама баяндауышты есімді сөйлемдер
Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы арнайы мектеп-гимназия интернаты
Мұхтар Әуезов - қазақ әдебиетінің классигі
Абай жолы
М. Әуезовтің Абай жолы роман – эпопеясындағы кейіпкерлер келбет
Абай жолы. Сабақтың түрі
БІЗ ҮШІН ӘУЕЗОВ – ЕКІНШІ АБАЙ
МҰХТАР ӘУЕЗОВТЫҢ АБАЙ ЖОЛЫ РОМАН - ЭПОПЕЯСЫ ҚАЙ ЖЫЛЫ ЖАРЫҚҚА
М. Әуезов өмірі мен шығармашылағының зерттелу тарихы Қазіргі әуезовтану ғылымының бағытбағдары, соңғы зерттеулер
Абай жолы романындағы кейіпкерлер психологисы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz