Қаз дауысты Қазыбек бидің ескерткіші



Атақты Қаз дауысты Қазыбек би кім?

Қазыбек би
Қазыбек Келдібекұлы - 1667 жылы Сырдария өзенінің жағасында дүниеге келген (нақты туылған жері белгісіз) .
Балалық шағын Қаратау мен Ұлытауда өткізді.
14 жасында қазақ елшілерімен бірге, Жоңғар ханы - Сыбан Раптанмен келіссөздер жүргізуге
аттанды.
Өзінің батылдығының және шешендік өнерінің арқасында, халықтан ұрланған мүлікті елге қайтарып, тұтқындарды босатты. Оның шешендігіне таң қалған Сыбан Раптан, болашақ биді «қаз дауысты» деп атап, бұл ат Қазыбек бидің өмірінің соңына дейін сақталып қалды
Қаратау
Ұлытау
Сырдария

Қазыбек би қаз дауысты аталып кету себебі
Аңыз-әңгімеге сенсек, Қазыбек он төрт жасында Тәуке ханның белгілі би-батырлары бастаған елшілігіне ілесіп, алғаш рет қалмақ қоңтайшысы Цэван Рабданға барады. Қылышынан қан тамған қаһарлы қалмақ ханының алдында қазақ билері жасқаншақтық танытып, күмілжіңкіреп қалған сәтте жасөспірім Қазыбек: "Дат, тақсыр!" - деп жұлқынып алға шығады да:
Сен темір болсаң, біз көмірміз - еріткелі келгенбіз,
қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз.
Танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз,
танысуға көнбесең - шабысқалы келгенбіз.
Сен -қабылан болсаң, мен - арыстан - алысқалы келгенбіз,
тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз.
Бітім берсең - жөніңді айт,
бермесең - тұрысатын жеріңді айт!" - депті.
Жас баланың бұл сөздерінен батырлық пен ынтымаққа шақырған ізгілікті аңғарған қалмақ ханы әділдікке жығылып, өжеттігі мен шешендігіне риза болып: "Дауысың қаздың дауысындай екен, бұдан былай сенің есімің Қаз дауысты Қазыбек болсын", - деген екен.
Қазыбектің батылдығы мен шешендігінің арқасында елшілік жау қолындағы 90 тұтқынын босатып, елге олжалы оралған екен.

Жоңғар хандығына тағы да бірнеше рет дипломатиялық сапармен барған. Осындай сапарлардың бірінде, тұтқынға алынған Абылай ханды босата алды.
Қазыбек би Абылайды қазақ халқын біріктіре алатын адам ретінде қарастырып, оны азат ету үшін үлкен табандылық танытты.
Сондай-ақ, келіссөздердің нәтижесінде, Түркістан қаласы және қазақтың
32 елді мекені жаудан құтқарылды.
Қазыбек би
Тәуке хан Қазыбекті Орта Жүздің басты биі етіп тағайындаған.
Ол үш жүзді біріктіруге үлкен үлесін қосып,
жоңғар басқыншыларына қарсы жалпыұлттық
күресті
ұйымдастырған.
Тәуке хан
Абылай хан
Хандардың Қазыбек биге қандай қатысы бар?
Қазыбек би әз Тәуке ханның тұсында "Билер кеңесінің" мүшесі болған, Төле би, Әйтеке билермен бірге "Жеті жарғы" заңдар жинағын шығаруға атсалысқан. Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хан ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңес беріп отырған

Жас кезінен бастап, өзінің өткір ақыл-ойымен және терең білімімен ерекшеленген. Көптеген аңыз-әңгімелермен, мақал-мәтелдермен және нақыл сөздермен жақсы таныс болған.
Атақты би 1764 жылдың желтоқсанында Семізбұғы тауының етегінде 97 жасында қайтыс болды. Оның баласы Бекболат киіз үй салып, әкесінің денесін төрт ай бойы осында ұстады. Қар жауып болған соң, мәйітті Түркістанға жеткізіп, Ясауи кесенесінде жерледі. Қазыбек өмірінің барлық кезеңінде елімізді біртұтастыққа шақырды, хандар арасындағы алауыздықтарды шешіп отырды және көрші халықтармен өркениетті қарым-қатынасты орнатуға тырысты.
Семізбұғы тауы Қарағанды облысында
Қазыбек би Түркістандағы Ясауи кесенесіне жерленген.

Қазыбек ұрпақтары ата-баба жолын қуып, сөз ұстаған парасатты әділ қазы атанған. Баласы Бекболат, одан кейінгі Тіленші, Алшынбайлар да дүйім жұртты аузына қаратқан әділ де тура билер болған.
Белгілі әнші-композитор Мәди Бәпиұлы да Қазыбек бидің ұрпағы.
Қазыбек би ұрпақтары
Бекболат,
Қазымбет,
Базаргелді,
Барқы,
Сырымбет есімді бес ұл,
Маңқан (Қамқа) деген бір қыз туған.
Әнші-композитор
Мәди Бәпиұлы
Қазыбек би әкесі
Келдібек би

Қазақ шежіресі бойынша қазақ халқы
Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүзден құралған.
Жүз - қазақ халқының үш ру-тайпалық бірлестіктерінің ортақ атауы.
Қазыбек қай жүздің биі?
Орта жүзге арғын, найман, қыпшақ, қоңырат, керей және уақ рулары кірген. Әдетте халық аузында "Алты арыс ел" деп аталады.
Мақсұт Дәуітбаев жинақтаған "Қазақ шежіресі" еңбегінде 1917 жылға дейін Орта жүз рулары қыста Сырдария, Қызылқұм, Қаратау, Мойынқұм өңірлерінде, Балқаш көлінің солтүстігінде, жазда Тобыл, Есіл, Нұра, Торғай, Ертіс, Сарысу өзендері саласының алқабында, Орталық Қазақстанның кең байтақ даласында көшіп-қонып жүргені айтылады.
Үш жүздің өз төбе биі болған. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің бас биі еткен.

Қарағанды облысында бір ауданға,
Алматы,
Шымкент,
Түркістан,
Қызылорда қалаларында көшелерге Қазыбек би есімі берілген.
Тараз бен Астанада қазақтың әйгілі үш биі - Төле, Әйтеке және Қазыбектің ескерткіші орнатылған.
Қаз дауысты Қазыбек бидің ескерткіші Түркістан қаласында да бар.
Астана қаласындағы үш бидің ескерткіші
Түркістан қаласындағы Қазыбек бидің ескерткіші

«Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды. . . » Қаздауысты Қазыбектің
«Біз қазақ деген мал баққан елміз,
бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын деп,
жеріміздің шетін жау баспасын деп
найзаға үкі таққан елміз;
ешбір дұшпан басынбаған елміз,
басымыздан сөзді асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз,
дәм тұзын ақтай білген елміз,
асқақтаған хан болса,
хан ордасын таптай білген елміз.
Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды,
анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды.
Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз»
деп басталатын толғауы 78 жасында, 1743 жылы Қалдан Серен қолынан Абылайды босатуға барғанда айтылады.
Бұл ондаған жылдарға қазақ пен қалмақтың жаугершілігін ауыздықтаған кездесу болды.

Ойымызда не сақтадық? (сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жасайық)
“Біз мал баққан елміз” толғауын Қазбек би не жасында айтқан?

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz