Тәуелсіздік тақырыбындағы өлең мазмұнын талдау: төрт сөйлем әдісі, көркемдік тәсілдер және лексикалық талдау


Slide 1

1-тапсырма

«Төрт сөйлем» тәсілі арқылы өлең мазмұны туралы пікірлеріңді білдіріңдер.

Пікір. Өлең мазмұны туралы пікірлеріңді бір сөйлеммен жазыңдар.

Дәлел. Пікірлеріңді бір сөйлеммен дәлелдеңдер.

Мысал. Пікірлеріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңдер.

Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңдар.

Slide 2

Өзіңді тексер!

Пікір. Ақын өлеңде тәуелсіздік алған кезде алты жаста болғанын жырына арқау етеді.

Дәлел. Алып қорғанның құлағанын көрдім,

Небәрі алты жасымда. Ақынның өлең жолдарынан өршіл, рух байқалады.

Мысал. … Тәуелсіздік ше?

Ол - менің тегім, ұлдарыма оны дарыттым.

Өлең жолдары арқылы ақынның елін шынайы сүйетінін жеткізеді.

Қорытынды. Қазақ елі алғаш Тәуелсіздігін алғанда, еңкейген қариялар мен әжелер көзіне жас алды. Ақын бала да болса сол кезеңге куә болғанын жеткізеді.

Slide 3

Кейіптеу - табиғат құбылыстарын жандандырып, адам кейпінде суреттеу.

Мөлдіреген «Жетімкөл» көкке қарап,

Мөлдіреген көз жасын тыя алмай тұр. (М. Мақатаев, «Аққулар ұйықтағанда»)

Метонимия (алмастыру) - өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздерді бірінің орнына бірін алмастыра қолдану.

Үйі мәз боп қой сойды,

Сүйіншіге шапқанға. («Абай, «Мәз болады болысың»)

Гипербола (ұлғайту) - затты не құбылысты шамадан тыс ұлғайтып көрсету.

Литота (кішірейту) - затты не құбылысты кішірейтіп көрсету

Slide 4

Астында мінген тарланның

Тұрпатына қараса,

От орнындай тұяқтан (гипербола)

Оймақтайы қалыпты. (литота)

Етектейін еріннен (гипербола)

Екі елісі қалыпты. (литота)

Қиған қамыс құлақтан

Бір тұтамы қалыпты. (литота)

Жалбыраған жалынан

Жалғыз қарыс қалыпты. (литота)

Бір құшақтай құйрықтан (гипербола)

Бір уыстай қалыпты. (литота)

Slide 5

6-тапсырма.

1) Берілген үзіндідегі қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіріңдер.

Алып сөздерді айта алғанын көрдім, Ат төбеліндей халықтың.

* * *

Аңыз ұнаған

Жаралған Күннен ұл жайлы!

* * *

Тәуелсіздік ше?

Ол - менің тегім, ұлдарыма оны дарыттым.

2) Бодандық, бұғау, кісен, темір шымылдық, құлдық сөздерінің синонимдерін тауып, мағынасын талдаңдар.


Ұқсас жұмыстар
Жай сөйлем түрлеріне арналған жаттығулар мен талдау
Төлеген Айбергенов: өмірі, шығармашылығы және өлең құрылымына талдау
М. Дулатұлы мен Ғабит Мүсіреповтің ана тақырыбындағы шығармаларын талдау
Экономикалық талдау - кәсіпорын тиімділігін арттырудың ғылыми әдісі
Қаржылық коэффициенттер әдісі: талдау әдістемесі мен негізгі көрсеткіштері
Салалас құрмалас сөйлем: түрлері, синтаксистік талдау және практикалық жаттығулар
Иммуноферменттік талдау (ИФА): принциптері, сэндвич-әдісі және қолдану салалары
М. Жұмабаевтың Батыр Баян поэмасындағы көркемдік тәсілдер
Дамыта, модульдік, жобалау және сатылай кешенді талдау оқыту технологиялары: салыстырмалы талдау
Бастауыш сыныпқа арналған сөйлем тақырыбындағы саяхат сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz