Мейіргер ісі пәнінде интерактивті оқыту әдістері және заманауи технологияларды қолдану


Slide 1

Тараз-Болашақ жоғары медициналық колледжі.

ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРІ.

Мейіргер ісі негіздері пәнінің оқытушысы Мурзахметова Д. Б

Slide 2

Оқытудың интерактивті әдістері.

Оқытудың интерактивті әдісі: заманауи технологиялар оқытуды қызықты әрі тиімді ететін интерактивті оқу материалдарын жасауға мүмкіндік береді. Виртуалды шындық, онлайн курстар, ойын тәсілдері және т. б. сияқты интерактивті оқыту әдістерін пайдалану материалды жақсырақ меңгеруге және студенттердің ынтасын арттыруға ықпал етеді.

Slide 3

Интерактивтi әдiстiң мақсаты - тек ақпаратты беру ғана емес, студенттер жауаптарды өз бетiнше табу дағдысын меңгерту.

Slide 4

Интерактивтi сөзi - ағылшын тiлiнен аударғанда, inter - аралық, бiрнеше, action- әрекет дегендi бiлдiредi. Өзара әрекеттестiк әдетте, белгiлi бiр мәселенi шешу, ол шешiмнiң тиiмдiлiгi туралы әңгiмелесу, талқылау түрiнде өтедi.

Slide 5

Интерактивті тақтаны пайдаланудың ең тиімді тұсы - уақыт үнемдеу. Ол арқылы оқу материалдарын жасау және дайындауға уақыт салыстырмалы түрде аз кетеді. Яғни, оқытушы жаңа сабақты, жаңа ақпаратты тікелей тақтадан көрсетіп, өңдеп, сақтай алады. Сондай-ақ, бейне, аудио, сурет пен мәтінді қоса алғанда оқытудың әртүрлі форматтарын оңай әрі жоғары сапада қолдануға болады. Студенттерде интерактивті тақтаны қолдана отырып, өз жобаларын, презентацияларын көрсетіп, өз шығармашылықтарын еркін әрі креативті жеткізе алады.

Slide 6

Психолог-ғалымдардың айтуынша, оқушылар білімді төрт түрлі жағдайда алады екен:

• дайын білімді қабылдап алу

• зерттеу барысында жаңалық ашу

• әр түрлі жағдайда әсерді сезіну

• синтез арқылы бұйым құрастыру немесе өнім жасау.

Slide 7

Қазақстан әлемдік білім сатысына көтерілуге бет алып, жаңа бетбұрыс жасап отыр. Бұл - XXI ғасыр талабы. Қазіргі ғылым мен техниканың қарқынды дамыған кезеңінде әрбір адам үздіксіз ізденуге, өмір бойы білім алуға міндетті. «Өмір - өзен» деп айтатын болсақ, сол өзен ағысынан қалып қоймауымыз қажет. Қaзіргі зaмaндaғы ұстaз aлдындa тұрғaн бaсты міндeт рухaни жaн дүниeсі бaй, oй өрісі дaмығaн жoғaры білімді, зaмaн тaлaбынa сaй бeлсeнді ұрпaқ тәрбиeлeу.

Slide 8
Ұқсас жұмыстар
Интерактивті оқыту әдістері: түрлері мен қолдану қағидаттары
Қазақ тілі пәнінде ақпараттық-коммуникативтік және интерактивті технологияларды енгізудің әдістемесі мен тиімділігі
Мейіргер ісінің заманауи теориялары мен әдістері
Интерактивті оқытудың заманауи әдістері мен технологиялары
Химия пәнінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Онлайн режиміндегі интерактивті сабақтарды ұйымдастыру әдістері және интерактивті тақтаны қолдану
Физика пәнінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту
Көркем еңбек сабақтарындағы заманауи әдістер: АКТ, сыни ойлау және интерактивті оқыту
Ақпараттық мәдениет: компоненттері және білім беру саласындағы заманауи цифрлық технологияларды қолдану
Жедел медициналық көмек пен мейіргер ісі саласындағы зерттеуді сыни шолу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz