Ежелгі дәуірде



Смағұлов Нұржан Қанатұлы география пәні мұғалімі

География 9 сынып
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ГЕОГРАФТАРДЫҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
9. 1. 1. 1 география ғылымының дамуына үлес қосқан қазақстандықтардың зерттеулері туралы баяндайды;

ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫН ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ КЕЗЕҢДЕРІ
Кезең
ОҚИҒАЛАР
Ежелгі дәуірде
Қазақстан территориясы туралы алғашқы мәліметтер
Орта ғасырларда
Араб және түркі саяхатшылары қазақ жері туралы құнды деректер қалдырған. Олар Орталық Азия мен Қазақстан елдерінің табиғаты, халқы, қалалары, сауда жолдары туралы материалдар жинады.
XVI-XIX ғасыр
Орыс саяхатшылары қазақ жері туралы құнды деректер қалдырған. Қазақстан табиғатын жеке құрамдас бөліктер бойынша зерттеу кезеңі (геологиялық, гидрологиялық, топырақтық, ботаникалық, зоологиялық) .
XX ғасыр
Осы кезеңдегі Қазақстан табиғатын зерттеу республика экономикасының дамуымен, табиғи ресурстардың жаңа түрлері мен көздерін іздеумен байланысты.
Қазақстан аумағының жаңа дәуірде зерттелуі
Қ. И. Сәтбаев (1899-1963) Орталық Қазақстанды ұзақ жылдар зерттеуінің нәтижесінде Жезқазғандағы аса бай мыс кенінің қорын ашуға мүмкіндігін берді.
1939 жылы арнайы География секторы құрылып, оны ғалым Н. Н. Баранский басқарды. Ол Қазақстанды 5 экономикалық ауданға бөлді.
1946 жылы Қазақстан Ғылым академиясы құрылды.
1950 жылы «Қазақстан» атты монография шығарылды.

Антикалық кезеңдегі (ерте кездегі) зерттеулер
Геродот (б. з. б. V ғ. ) Каспий теңізінің тұйық алап екені, шығысында шексіз жазық өңірі жатқаны туралы баяндаған. Еңбектерінде Жайық, Жем, Еділ өзендері туралы мәліметтер келтірген.
К. Птолемей (б. з. б. 90-160 ж, ІІ ғ) . Сырдария, Әмудария Каспийге құяды деген. Арал теңізін (Оксиан) картаға түсірген.
Страбон (б. з. б. 63-24 ж) Каспий теңізін тұйық алап емес, Солтүстік мұхиттың шығанағы деп, ал Арал теңізін Каспийдің шығанағы деп есептеген. Сырдария мен Әмудария туралы дұрыс мәлімет қалдырған.

Әбу Насыр Әл-Фараби қазақ жеріндегі қазіргі географиялық атаулардың қалыптасуына үлес қосты, астрономиялық зерттеулері (күн сағат, т. б. ) қазақ жері туралы мағлұматтарды толықтыра түсті.
Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрк» деген еңбегінің географиялық маңызы зор болды. Ғалымның қолжазба күйінде сақталған дүние жүзінің «дөңгелек картасына» қазақ жеріндегі көптеген нысандарды түсірді. Сонымен қатар ол Қазақстандағы географиялық атауларды табиғат жағдайларымен байланыстырып түсіндіруге тырысты. Қазақстан мен Орта Азия аумағында болған кейбір тарихи оқиғалар жайында (мәселен, Ескендір Зұлқарнайын жорығы туралы) құнды мәліметтер келтіріледі.
Елюй Чу - Цай (1219) мен Чань Чунь (1221) Іле-Талас өзендерінің аралығындағы елдер туралы мәліметтер жинаған. Талас, Сырдария өзендерінің табиғат жағдайларын сипаттаған.
Махмуд аль-Кашгари

XVI-XIX ғ Қазақстан территориясын зерттеу
Зерттеуші
жыл
Зерттеу аймақтары
ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІ
П. П. Семенов-Тян-Шанский
1856-1857
Семенов-Тян-Шаньский (1827-1914) Еуропалық ғалымдардың ішінде Тянь-Шаньды зерттегендердің алғашқысы, 1856-1857 жылдары Орталық және Солтүстік Тянь-Шаньға Хан-Тәңірі массивіне дейін барды.
«Первая поездка на Тянь-Шань»
Н. А. Северцов
1857-1879
Н. А. Северцов (1827-1885) 1857-1867 жылдары Арал теңізін, Сырдарияның төменгі ағысын және Қаратау жоталарын зерттеді.
«Путешествие по Туркестанскому краю»

XVI-XIX Қазақстан территориясын зерттеу
И. В. Мушкетов
XIX
ғ
И. В. Мушкетов (1850-1902) Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауының кұрылысын зерттеген. Әулиеата (қазіргі Тараз) қаласының маңын, Ыстықкөлді зерттеді. Сонымен қатар Ілені, Күнгей және Теріскей Алатауды бірнеше жерден басып өткен.
«Түркестан»
Л. С. Берг
1862-1914
Л. С. Берг (1876-1950) Солтүстік Қазақстандағы тұзды көлдерді, Арал теңізін зерттеген. Берг Арал теңізі мен Балқаш көлі балықтарын зерттеді. Алынған ғылыми мәліметтері оның үш томдық «КСРО және көрші елдер тұщы су балықтары» (1948-49) деген кітабына енді.
Геоботаника

XVI-XIX ғ Қазақстан территориясын зерттеу
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835, Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Құсмұрын жері - 10 сәуір 1865, Көшентоған, Жетісу) - қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы.
1835-1865 Жоңғар Алатауы мен Іле өңірін зерттеген. Балқаш пен Алакөлдің ұқсастықтарын дәлелдеген. Орталық Азия мен Шығыс Түркістанның карталарын жасаған. Оның редакциясымен «Балқаш көлі мен Алатау жотасы аралығының картасы», «Құлжа қаласының жобасы», «Ыстықкөл экспедициясының қорытындысына қосымша карта» т. б. дайындалған.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов

https://shoqan. kz/kz/bio/bio-exp/

Қазақстан аумағының жаңа дәуірде зерттелуі
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz