Тіс қатарларының ақауларының жіктелуі


Slide 1

Тіс қатарларының ақауларының жіктелуі.

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ Ортопедиялық және балалар стоматологиясы кафедрасы Тіс протездерін дайындау технологиясы бойынша дәріс

Slide 2

Мақсаты

Таныстыру:

«Ақау» терминіне жалпы түсініктеме беру

Тіс қатарларының ақауларының жіктелуі

Slide 3

«Ақау» дегеніміз ағзаның бір органынан айырылуы, ал стоматологияда тіс қатарының тістерінен айырылуы.

Тіс қатарының ақауы дегеннен көрі В. Н. Копейкин «екіншілікті тістен айырылу» деген дұрыс деп есептейді.

«Екіншілікті тістен айырылу -вторичная адентия» дегеніміз тіс қатарында бір немесе бірнеше тістерінің жоқтығы.

Тіс ұрығы дамынуының бұзылуын (тістен нағыз айырылу-истинная адентия) немесе тістің шығуының кешігуі (кідіруі-ретракция)

Slide 4

Тіс қатарлары ақауларының негізгі белгілері (симптомдары)

Тіс қатарының біркелкілігінің бұзылуы.

Тіс қатарының екі топқа бөлінуі-жұмыс істейтін және істемейтін.

Қалған тістер парадонтының қызметтік зорығуы.

Тіс қатарының окклюзиялық беткейінің ауытқуы.

Шайнау және сөйлеу қызметінің бұзылуы.

Тістерді жоғалтуына байланысты шықшыт буынындағы өзгерістердің пайда болуы.

Шайнау бұлшық еттерінің қызметінің бұзылуы.

Эстетикалық көрінісінің (қалпының) бұзылуы.

Slide 5

Тіс қатарлары ақауларының «Kennedy»-бойынша жіктелуі

1-ші сынып. Тіс қатарының екі жақты ақауы (азу тістерінің жоқтығы)

2-ші сынып. Тіс қатарының бір жақты ақауы (бір жақ азу тістерінің жоқтығы )

3-ші сынып. Тіс қатарының бір жақты немесе екі жақты шектелген ақауы (азу тістерінің жоқтығы)

4-ші сынып. Алдынғы тістердің болмауы

Slide 6

Кеннеди бойынша тіс қатарының ақаулары 1 сынып 2 сынып 3 сынып 4 сынып

1-ші сынып. Тіс қатарының екі жақты ақауы (азу тістерінің жоқтығы)

2-ші сынып. Тіс қатарының бір жақты ақауы (бір жақ азу тістерінің жоқтығы )

3-ші сынып. Тіс қатарының бір жақты немесе екі жақты шектелген ақауы (азу тістерінің жоқтығы)

4-ші сынып. Алдынғы тістердің болмауы

Slide 7

Е. И. Гаврилов бойынша тіс қатарларының ақауларының жіктелуі: 1 - Тіс қатарының бір және екі жақты азу тістерінің болмауы; 2 - Тіс қатарының шектелген бір және екі жақты азу тістерінің немесе алдынғы тістердің болмауы; 3 - біріктірілген ақаулар; 4 - бір тісі қалған тіссіз жақ;

Slide 8

Е. И. Гаврилов бойынша тіс қатарының ақауларының жіктелуі.

1 - бір жақты сонғы ақау (соңғы тістердің жоқтығы) ; 2- екі жақты соңғы тістердің жоқтығы; 3 - бір жақты шектелген азу тістердің жоқтығы; 4 -екі жақты шектелген азу тістердің жоқтығы; 5 - шектелген алдынғы тістердің жоқтығы; 6 - біріктірілген ақаулар; 7 -жақтың бір тісі қалған ақауы;

Slide 9

Тіс қатарының ақау себебінен екі топқа бөлінуі а -тістердің қызмет етуші тобы б - тістердің қызмет етпейтін тобы

Slide 10

I-ші сынып ақауында алмалы-салмалы пластиналық протездер, тіреп-ұстап тұратын доғалы протездер қолданады. Олардың құрылымы сақталған тістердің санына, тістің сауыт бөлігінің биіктігіне, альвеоларлы өсіндінің жағдайына және қатты таңдайдың қалпына (формасына) байланысты болады.

Slide 11 Slide 12

Бірінші және екінші азу тістен айырылғанда ақаудың көлемі үлкейе түседі, ал онымен қатар алмалы протездің базисінің көлемі де үлкейеді. Сүйір тістерден (біреуінің өзінде) айырылғанда алмалы пластиналық протезді қолданудың көрсеткіші көбейеді, доғалы протезді қолданудың көрсеткіші азаяды. Бұл жағдайда тірек тістер ретінде алдынғы күрек тістерді қолдануға тура келеді, ал ол бұл тістердің босаңсуына әкеліп соғуы мүмкін.

Slide 13

Бұл клиникалық жағдайда (сүйір тістен айырылғанда) тіреп-ұстап тұратын протездердің құрылымында көптүйінді (многозвеньевой) кламмерінің құрылымын тістердің ауыз немесе вестибулярлы беткейіне құрастыру қажет.

Slide 14

ДОҒАЛЫ протездерді ауыз қуысында тірек болатын тістердің жеткілікті кезінде, екіншілікті тістерден айырылудың алдынғы кезеңдерінде қолдану керек. Тістерден айырылған сайын тіс қатарындағы тіссіз аралық үлкейіп алмалы-салмалы пластиналық протез салудың көрсеткіші кеңейе түседі.

Slide 15

Әдебиеттер:

1. Бушан М. Г. Патологическая стираемость зубов и ее осложнения. Кишинев, 1979.

2. Копейкин В. Н. , Демнер Л. М. Зубопротезная техника. М., 1993. с. 197-209.

3. Щербаков. А. С. Гаврилов. Е. Н. Трезубов. В. Н. Жулев. Е. Н. Ортопедическая стоматология. М. Мед. 1998г. 395-411

4. Курляндский В. Ю «Ортопедическая стоматология», М. Медицина, 1977. с. 265-286.

5. Гаврилов Е. И., Щербаков А. С. «Ортопедическая стоматология», М., 1984. 304-309.

6. Хватова В. А., Курляндский В. Ю. К вопросу этиологии и патогенеза неврологических симптомов при снижении "высоты прикуса".

7. Каламкаров Х. А. "Ортопедическое лечение патологической стираемости твердых тканей зуба". М. 1984.


Ұқсас жұмыстар
Тісжақ ауытқуларын анықтау әдістері. Клиникалық тексеру және антропометриялық өлшеулер
Тісжақ ауытқуларының жіктелісі
Кламмерді бекіту
Тістің флюорозы
ҚАТЕ БІРІКТІРІЛГЕН ЖАҚ СҮЙЕКТЕРІНІҢ СЫНУЫН ЕМДЕУ
Тіс техникалық лаборотория
Тіс қатты тіндерінің өлеттенуі
Цирконий тотығың қаңқасының қалындығы
Тіс жақ аномалиалары, даму себептері және профилактикасы
Тіс щеткасын дұрыс пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz