Банкет - шай



Банкет-шай
Шайға шақыру немесе банкет-шай көп ғасырлық дәстүрге ие . xviii-xix ғ. Ғ. Кейбір елдерде шайға шақыру уақыты да анықталды. Англияда 17:00 (five о'clock tea ) . шай ішудің әдетте үш түрі бар:отбасылық мерекелерде қызмет көрсетуде мейрамхана мен кафеде ұйымдастырылатын банкет-шай; шай үстелі басындағы ресми қабылдау, жазда демалуда бақтағы шай ішу. Банкет-шай - иесі әйел адам болатын және әйелдер үшін жүргізілетін банкет түрі. Бірақ ер адамдар да қатысуы мүмкін. Бұндай банкетті түстен кейін, әдетте 16-дан 18 сағатқа дейін жүргізеді. Ұзақтығы 2 сағатқа дейін, қатысушылар саны 6-12 адам, одан көп болуы да мүмкін (30-40) .

Банкет-шайда қызмет көрсетуде 8-10 қонаққа екі даяшы есебімен даяшы саны анықталады. Банкет-шай үшін ашық жарықпен және ерекше интерьермен кішігірім ыңғайлы зал таңдалады. Залда дөңгелек немесе овал үстелдер қойылады, әр үстел басына 4-6 адам орналасуы мүмкін. Дөңгелек немесе овал үстелдер болмаса квадрат немесе тіктөртбұрышты үстелдер қойылады, олардың қасына орындықтар, жартылай кресло, банкеткалар, кішігірім дивандар қойылады. Үстелдерді зал ортасына немесе қабырға жанына орналастырады. Үстелдер арасындағы қашықтық қонақтар мен даяшы өтуіне жеткілікті болу керек.


Дастарқан етегін раушан гүлдестесі мен таспа бантымен безендіреді. 35х35см өлшемді майлықтарды дастарқанға сәйкес түстес таңдайды. Майлықтар түрлі-түсті болып, бірақ дастарқан гүлімен үйлесуі мүмкін. Егер банкет-шайға жылтыратылған үстел қолданса, онда дастарқан жаймайды, арнайы дастарқан жаюға арналған майлықтар қолданылады. Банкет-шайға дастарқан жаю үшін десертті тәрелке, десертті және жеміс аспаптар, коньяк және ликерға арналған мадера рюмкалары, шампанға арналған бокалдар, фужерлер, шай және кофе шыны-аяқтарын, қант салғыш және қантқа арналған қысқыштар, лимонға арналған науалар, лимонға арналған шанышқылар, тосап салуға арналған кішкентай вазвлар мен розетка, жемістер мен кондитерлік өнімдер салуға арналған вазалар, салып алуға арналған аспаптар қолданылады.


Шай үстеліне тәтті тағамдар (бисквит пен бұлғанған кілегей, алма салынған блинчик, толтырылған алма, балмұздақ, суфле, крем, самбук және т. б), тосап, кәмпиттер, шоколад жинағы, бәліш, торт, пирожное, кекстер, печенье, бисквит, жемістер, жидектер қойылады. Салқын сусындарды минералды және жеміс суы; алкогольді сусындардан минералды және жеміс суы; алкогольді сусындардан - десертті шараптар, ликерлер, коньяк болуы мүмкін. Егер банкет-шай белгілі-бір мерекеге орай ұйымдастырылса, үстелге шампан ұсынылуы мүмкін. Бұл жағдайда үстелге шампанға арналған бокалдар қойылады.

Банкет-шай түрлері

Шайға дастарқан жаю нұсқалары тәтті тағамдарды ұсыну әдісіне байланысты: I нұсқа - тәтті тағамдарды тасып ұсынады және қонақ десертті тәрелкелерден тұтынады. Даяшы дастарқан жайғанда әр қонаққа кішкентай десертті тәрелке қояды, оң жағына десертті пышақ пен қасық, сол жағына десертті шанышқы мен десертті тәрелке мен пирожныйға арналған шанышқы қояды, десертті тәрелкеден кейін жеміс аспаптары қойылады. Мадера рюмкасын десертті пышақ жүзіне қарсы қояды. Қонақтың оң жағына шай қос шәйнекпен берілген жағдайда тәрелкесімен шәй шыны-аяғын қояды. Шыны-аяқ сабын солға қаратып қояды. Кішкентай тәрелкеге сабын оң қаратып шай қасық қояды. Шыны-аяқ астына кішкентай тәрелкеге кішкентай дөңгелек қағаз майлық төселеді. Десертті тәрелкеге раушан, орама, конфет немесе сақиналы білек түрінде бүктелген мата майлық қойылады.

II нұсқа - тәтті тағам, мысалы суфле кішкентай десертті тәрелкеде, ал мусс-креманкада ұсынылады. Бұл жағдайда үстелге әрбір қонақ алдына бос орын қойылады. Тағамды еуропалық әдіспен ұсынады. Десертті шанышқы мен десертті пышақпен десертті тәрелкені қонақтың сол жағына үстел шетінен 15-20см қашықтықта қояды. Десертті тәрелке алдына немесе аспаптар үстіне бүктелген майлық қойылады. Ортасына мадера рюмкасын, оның ортасына жеміс аспабын қояды. Қонақтың оң жағына кішкентай тәрелкесімен және шай қасықпен шыны-аяқ қойылады. Кез келген дастарқан жаю нұсқасында жемістерге арналған тәрелкелерді 4-6 данадан жеміс салынған ваза жанына қояды.

Үстел ортасына плато вазасын қояды, онда порцияға бөлінген торт, десертті қалақшасымен салынады. Үстелге вазаға салынған орамсыз кәмпиттер мен печенье қойылады. Бәліш тәрелкесіне қойылған шыны немесе хрусталь вазаға тосап салады және салып алуға арналған қасығы болады. Бірнеше түрлі тосапты менажницада қоюға болады. Тосап салынған ваза немесе менажница қасына 4-6 данадан резеткалар қойылады. Шоколад жиынтығының қақпағын алып, онв томен қаратып үстелге қояды, үстіне қақпағына белгілі-бір бұрышпен шоколад ассортиін қояды. Ең соңында үстелге шарап, науада лимон екі мүйізді шанышқымен қояды.

БАНКЕТ- ШАЙ

Шайды екі әдіспен ұсынады:самаурынмен немесе қос шәйнекпен (аққұман және шәйнек) . Самаурынды подноста негізгі үстелге қабылдау иесінің сол жағына немесе негізгі үстелге жақындатып қойылған қосалқы үстелге қояды. Алдын-ала демделген шаймен фарфор шайнек пен шыны-аяқтарды самаурын жанына қояды. Қабылдау иесі (хозяйка) қонақтарды қарсы алады. Қонақтар үстел басына отырған соң, даяшылар тәтті тағамдар, содан кейін шарап ұсынады. Егер екі түрлі шарап ұсынылатын болса, шарап ұсынатын даяшы сол жақтан шарап бөтелкесін көрсетеді де, таңдау жасалған соң қонақтың оң жағынан құяды. Қызмет көрсетуді сыйлы қонақтардан бастайды, содан кейін жасы үлкендерден және қалғандарына қызмет көрсетеді. Креманкаға салынған десертті тағаам бәліш тәрелкесінде және оған десертті қасық сабы оң қаратылып қойылып беріледі. Қонақ алдына оң жақтан оң қолмен ұсынылып қойылады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz