Қазақстан тарихы (10-сынып): Ұлы Даланың тарихи-географиялық сипаттамасы

«Ұлы Дала»: тарихи-географиялық сипаттамасы (1 сабақ) Қазақстан тарихы, 10-сынып
№49 мектеп КММ
Нұржанова Мадина Абсадиковна
Нұрсұлтан қаласы, Білім беруді жаңғырту орталығы
Оқу мақсаты:
10. 1. 2. 1 - картаны пайдаланып «Ұлы Дала» тарихи-географиялық аймағын анықтау.
Сабақтың мақсаты:
«Ұлы Дала» мен «Еуразия даласы» ұғымдарының айырмашылығын анықтау; Ұлы Даланың географиялық сипаттамасын түсіндіру.
Үй тапсырмасы:
«Ақиқат/Жалған» әдісі арқылы үй тапсырмасын қайталау
Хорезм - Сыдарияның төменгі сағасында орналасқан ірі аймақ Ақиқат/Жалған
Маргуш - б. з. б. ХҮІІІ-ХІІІ ғ. қола дәуірінде, Орталық азияның оңтүстігінде Мурғаб жазирасында Маргуш қалалық мәдениеті пайда болды. Ақиқат /Жалған
Соғды - Әмудария мен Сырдария аралығында пайда болды. Ақиқат/Жалған
Ферғана - теңіздің ортасында орналасқан аралАқиқат/ Жалған
Шығыс Түркістан - Тянь-Шань тауынан басталып шығысқа ағатын Тарым өзені алқабындағы Ақиқат\Жалған
Тірек сөздер. Экологиялық орны Әскери-cаяси тарихы Тілдік топ Көлік дәлізі
“Ұлы Дала” ұғымының тарихи-географиялық сипаттамасы
Ұлы Даланың маңызды тарихи-мәдени мәндері
Топтық жұмыс. Сабақты тереңдете меңгерту мақсатында оқушыларға топтық тапсырма беріледі.
Топтық тапсырма арқылы Ұлы Даланың маңызды тарихи мәндерін анықтау. Оқушыларға зерттеу сұрақтары беріледі.
1-топ Ұлы Даланың экологиялық орнын анықтау
2-топ Ұлы Дала тарих алаңына қалай әсер етті?
3-топ Өзара ықпалдастық аймақтары қандай?
4-топ Ұлы Дала қалай ашық кеңістік алаңына айналды?
Топтық тапсырмаларды орындау үшін берілетін критерийлер:
- тарихи деректерді қолданады;
- деректерді толығырақ сипаттайды
- ойларын жүйелі ұсынады
Жеке жұмыс. Картамен жұмыс
Дескрипторлар:
- Картадан атаулы аймақтарды көрсетеді;
- Картада аймақтардың шекарасын белгілейді.
Сабақты қорытындылау мақсатында «Ыстық орындық» әдісі қолданылады.
Бір оқушы ортаға қойылған орындыққа отырады. Ыстық орындық иесіне оқушылар кезекпе-кезек сұрақтарын қояды.